ӘОЖ
372.878
МУЗЫКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ТАНЫМДЫЛЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН
ДАМЫТУ
Р.Т.Сырайлова, А.Ыдырыс 106-12 тобының студентті
Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институт Шымкент,
Қазақстан
Резюме
Авторы
в статье рассматривают о развития позновательных октивностий школьникав на
уроке музыки.
Summary
Authors
considers the questions of development the cognitive activity of students oh
the musical classes
XX
ғасырдың 70-80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге
бағытталған, оның балаға арналғаны,
оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына
бағытталған әдістемелік зерттеулердің көлемі
көбейді. Оқыту процесіндегі радикалды өзгерістердің
қоғамдық және педагогикалық сананың
қалыптасуына Ж. Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж. Бруннер, Ж. Ганье, С.
Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж. Пиаженің
айтуынша, мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау
керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана
қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш
адамды әзірлеу керек». Белсенділік деген (интенсивтендіру,
мығымдық) оқушының іс-әрекеті мен пәнімен
«қосылғандағы» дәрежесін анықтайды.
Оқушылардың белсенділіктің дағды-біліктерін
меңгеруі.
Белсенділік - бұл оқытушының белгілі
мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды,
көлемді оқу қолданылатын және
қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын,
шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі
оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен
шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде
қолдануға бағытталған. Бұл ой
еңбегінің құлдырау және тоқтап
қалудан сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған
жүйе.
Белсенділіктің негізгі мақсаты-оқушылардың
белсенділігін қалыптастыру, оқу-тәрбиенің саласын
көтеру. Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің
мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып
отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде
қарайды, ал біреулер - сапа, жекелік білім деп ұғады.
Берілген мәселеге «танымдық әрекет» және
«танымдық белсенділік» ұғымдарының енуі тек
әрекетті бірлікте қарайтын болсақ онда бұл
жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты,
себебі оқушылардың кез-келген әрекеті ойламды шешімді болуы
керек.
Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі -
терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны
өңдеуге М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов,
М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова
үлестерін қосты[1].
Оқытудың әдістемелік белсенді негізі болып,
танымдық ілімі болып табылады. Танымдықтың мақсаты -
жеке тұлғаның санасындағы белгілі
нақтылығында. Тәжірибелік және рухани әрекетте
жеке тұлға өзін қоршаған әлемге
әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен
мақсаттарына сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды.
Бұл танымдық процестің ең жалпы үлгісі. Алайда,
белсенді-танымдықтың ерекшелігінің мәні неде екенін
түсіну үшін, субъектінің санасында танымдық нақты
әлемнің көрінісінің екі деңгейінің барын
(репродуктивті және продуктивті) бірінен-бірі танымдық
процестің жүріп отыру айырмашылығы бар екенін атап кету
керек.
Репродуктивті танымдылық деңгейінде
(оқыту материалы) сырт қабылдауға берліген күйінше
қабылданады. Кейбір зерттеушілер реподукцияны бір енжар нәрсе
сияқты қарайды, әрине ол шындыққа
ұласпайды. Білім мен әрекеттің әдістерін
меңгеруде оқушылардың мақсатты бағытталған
әрекеті, окушылар жағынан әр уақытта белсенді болып
келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі
болады. Сонымен бірге әрекеттің басқа мәліметтері болуы
мүмкін (Т.И. Шамова)[2].
Дидактикалық көзқараста бұл әрекет
бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет
қайталануы, әртұрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау
арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі -
бұл продуктивті, белсеңді танымдық. Бұған
тән ең алдымен, оқушының оқыту материалына деген
өзгешілік қатынасы. Осының барысында, тек қана
оқыту ықпалы өзгермейді, сонымен бірге, оқыту
мақсатына субъект-оқушы да өзгереді. Белсенді танымдық
кезінде оқушы оқып-үйреніп жатқан материалдың
мазмұнына жаңа сұрақтар қояды, оның мәселесін
қалыптастырады, оны шешуге жаңа әдістер іздейді. Таным
оқушылардың құбылыстар туралы терең білуге
ғана емес, оны ерекше ұғынуға, меңгеріп
жатқан білімге және танымдық процеске қатынасына
бағытталған. Белсенді танымдық әрекетте, яғни,
тек білімді, білік пен дағдыны меңгеру қалыптаспайды, сонымен
бірге танымның нәтижесі мен құнды қатынастар
пайда болады.
Танымдық белсенділік жеке тұлғаның
әрекетінде қалыптасады.
Бұл ұғымдардың арасындағы қарым-қатынасты
шамалы тура келгендік қатынас деп білуге болады. Бұл танымдық
белсенділік оқытудың
интенсивтендіруі мен мәнін белгілейді. Бұл танымдық
әрекетте қалыптасып анықталады, бірақ бұл
кұбылыстар (ұғымдар) ұқсас деген нәрсе
емес. Танымдық белсенділіктің құрылымында жеке
тұлғаның сапасы ретінде келесі компоненттер ерекшеленеді: оқу тапсырмаларын
дайындауға әзірлік; өзіндік ерекетке ұмтылыс; тапсырма
орындаудағы саналылық; оқытудың жүйелілігі;
жекелік деңгейді көтеруге ұмтылыс т.б.
Оқушыларды оқыту мотивациясының тағы бір
маңызды жағы белсенділікпен байланыста болады-бұл дербестік,
оқыту анықтамасымен байланысқан, әрекет
құралдары, үлкендердің және
мұғалімнің көмегінсіз оқушылардың
өздерінің іске араласуы. Танымдық белсенділік пен
оқушылардың дербестігі ажырамайтын зат: белсенді оқушылар,
әдеттегідей көбіне дербес; оқушының жеткіліксіз жекелік
белсенділігі оны басқалардан бірте-бірте дербестіктен айырады.
Оқушының оқу - танымдық әрекетін,
танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жақтарын
анықтап, сонымен қатар танымдық әрекет – шәкірттің
білімге деген өте белсенді болыун тұрақтайды. Ақыл-ой
белсенділік адамның әрекетке көшуіне ықпал береді, қатынасын өз бетінше
әрекет етуге дайын оқушының танымдық белсенділігі
өз кезегінде қабылдау, ест есақтау, ойлау, қабылдау
түйсікке қарағанда күрделі процесс, ол түйсіктер
арасындағы белгілі ес - адамның ақыл - оймен тығыз
байланысты күрделі үрдіс, заттар мен
құбылыстардың байланыс - қатынастарының миымызда
жалпылай және ойлау формалары - ұғым, пікір және ой
қорытындысы деп үшке шәкірттің қиял
қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай алу
қабілетін тәрбиелейді.
Сондықтан оқу барысында оқушының таным
белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше жұмысын үш
дәрежеге бөліп қарайық:
1 - Дәреже
- жаңғыртушы белсенділік - шәкірттің материалды
жадылап, қайталау;
2 - Дәреже
- түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын
зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен жұмыс жасау;
3 - Дәреже
- белсенділіктің шығармашылық дәрежесі -
оқушының тапсырманы еркін түрде дайындау.
Сонымен, оқудағы белсенділік:
- оқушының
іс-қимыл жағдайы дербестік әрекетке өздігінен
икемделудің сапалық көрінісімен;
- мотивті
және белсенді оқу-танымдық әрекеттің
қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- оқу-танымдық
әрекеттің интеллектуалдық сипаты;
- оқу
танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
Қазіргі таңдағы жаңа педагогикалық
технолгиялар және қазақ ұлттық педагогикасы
негізінде оқушылардың музыкалы эстетикалық талғамын
қалыптастырудың
маңыздылығы және нәтижелігі арта түседі,
егер:
-
қазақ ұлттық педагогикасы арқылы
оқушылардың
музыкалық білімін дамыту
ерекшеленсе;
- музыка
пәні мұғалімінің ғылыми теориясы мен педагогикалық идеяларын қазақ ұлттық негізде
ұштастыратын болса;
-
қазақ
ұлттық педагогикасын
дамыту талдаулар.
Оқу-тәрбие үрдісінде қазақ
ұлттық педагогикасы құралдары арқылы оқытуда сабақ
мазмұндарын халық педагогикасымен байланыстырып демократиялық
бағытта оқушыларының
музыкалық білімін дамыту
басты идеяға алынды.
Қоғамдық құбылыс ретінде мәдениет
ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын
құндылық. Сол себепті мәдениетті игеру - өзара
бағыттаушы үрдіс. Мәдениет дайын ақпаратты жай
қабылдау барысында емес, тұлғамен қарым-қатынас
орнату немесе сөйлеу кезінде беріледі.
Мәдениет бұл қашанда
ынтымақтастықтағы шығармашылық, мәдениетті
жеткізу құралы қайталанбас тұлға және
тұлғалық қарым-қатынас субъекті.
Мәдениет және іс-әрекет тарихи
қалыптасқан қатынас категориясы. Мәдениет
«іс-әрекеттің әмбебап сипаттамасы», бағыттылықпен
приоритетті түрлерді айқындап, бейне тудыру мен тірегі, ал адам
ондағы субъект. Ғалымдардың пікірінше мәдениет
адамның өзгеруі мен шығармашыл тұлға ретінде
қалыптасуы.
Музыкалық білім беру ісін мәдениет моделі ретінде дамыту
мақсаты оның үйлесімділігі мен тұтастығын
қамтамасыз етеді. Музыкалық білім беру саласындағы зерттеулер
осы бағытты айқындайды. Мұндай бағытқа Булатова
Е.А. мынадай сипаттама береді: бұл интегративті тәрбие беру
жүйесі, музыкалық жасампаз да ізгілікті мәнін рухани практикалық тұрғыда тану
үрдісі, ол тұлғалық құндылықтар
ұстанымдарды мәдениетпен қоғамға деген
эстетикалық қатынастарға теңестіру[3].
Демек, музыкалық білім беру тұжырымдамасындағы
мәдениет өз табиғатында әмбебапты, өйткені онда
әртүрлі көркем өнер бағыттары мен ағымдар
ұштасқан, ол өз
мезгілінде музыка өнерінің коммуникативтік қызметін
айқындайды.
Басқаша айтқанда мәдениет тұжырымдамасы
көркемдеу эмоциялау тәсілдері мен жолдарын анықтап, саналы да
бағытты әрекеттер заңдылықтарын айқындап,
оқыту мен тәрбие беру үрдісін танытады да
тұлғалық іс-әрекетті дамыта отырып, өнердегі
шығармашылықтың
бастамасы болмақ.
Жасөспірімдерді ән айту өнеріне
тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, солғұрлым
нәтижелі болатыны дәлелденген шындық. Ән салу адам
жанының сұлулығына, ой мен ақыл кабілетінің арта
түсуіне тікелей әсер етеді, тіпті баланың физиологиялық
дамуына да септігін тигізеді.
Ән үйретпес бұрын, оқушыларды денесін бос, тік
ұстауға, басты қалай ұстап, ауызды қалай ашу
керектігін, яғни денені ұстау қалпын анықтап
үйрету қажет. Сосын демді қалай дүрыс алу керектігі
айтылуға тиісті. Әннің түрі мен екпініне байланысты
іштен дем алу өнерінің еркін қалыптасуы ұстаздың
тиянақты еңбегіне байланысты дамиды. Демді әннің
аяғына дейін жеткізе білу, яғни ауаны үнемді пайдалану -
әнші шеберлігінің негізі деуге болады. Демді ұзақ
шығаруға сүйене отырып, дауысты дыбыстарды
дөңгелете алуға дағдыландыру - әнші
тәрбиелеудің басты мақсаты. Ән үйрету кезінде
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйретіп,
дикцияға көп мән берілгені жөн.
Әдебиеттер:
1. Новые
исследования в пихологии и возрастной физиологии. -
М.: Педагогика, 1990.
2. Қазақстаның
музыка мәдениеті мақалалар мен материалдардың
жиынтығы.- Алматы, 1997.
3. Булатова
Е.А. Музыкально-эстетическое образование в социокультурном развитии личности. -
Екатеринбург, 2001 г .- 145с.