Аға оқытушы
Арыстанова Ш.С., 106-12 студенті Джумаділ С.
Шымкент
қаласы, Қазақстан
Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ АСПАПТЫҚ МӘДЕНИЕТІНЕ
БАУЛУ
Қазақ дәстүрлі музыкасын,
мұзыкалық аспаптарын жоғары денгейде жаңғырту,
өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып,
ұлттық санасына деген көзқарас оңғарыла
бастады. Президентіміз Н.Назарбаев: «Тарих толқынында» атты
еңбегінде «Алдағы міндет ұлт мәдениетінің
ұлы тұлғасын кезеңдік бұрылыстарда тарих
сахынасына «шығара» білуде болса керек» екенін рухани
мұраларымыздың құндылықтарын жете түсінген
кезде, біз кімбіз және дүниеде қандай орын бізге
тиесілілігіне жауап бере аламыз [1].
Ұлы Абай өмір
шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың
рөлін былайша суреттеді: «баланы жастайынан көркемдікке баулуда
үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет,
өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың
әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің
әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен
хабардар болып жатады». Әсемдік сыры, биік мұратталғандары,
көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік
ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер т.б.
мәселелерді көтере келіп, эстетикалық тәрбиенің
негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар жасады. Ойшыл ақын жеке
адамның эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын
қарастырады [2].
Қазіргі
таңдағы мектепте музыка сабағында оқушыларды
аспаптық мәдениетке баулудың басты мақсаттары мен
әдістері қарастырылған. Сабақ барысында оқушылар
аспаптық мәдениетті сонымен қатар, шешендік айтыс, жыр-терме,
ән айту, суырып салма ақындық өнерімен танысады.
Эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл-күй
арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.
Аспаптық мәдениетті меңгере отырып, шығармашылық
қабілеттерін қалыптастырады.
Қазір мектепте
тәрбиеленіп жатқан балаларды
қазақ музыка мәдениетінің асыл мұрасымен
таныстырып, тәрбиелеу мәселесі бүкілхалықтық іс болып отырғаны баршаға
мәлім.
Қазақ
халқы - ежелден ән, күй, терме, жырау, айтыс өнерлеріне
құштар ұлттың бірі. Халқымыздың
қарапайым музыкалық (домбыра, қобыз, шертер, жетіген,
шанқобыз, саз сырнай т.б.) аспаптарының үнінен
қазақ ұлтының өз ерекшелік бояуы мен сазы, кең
байтақ жерінің тынысы мен дыбысы сыр шертіп, әндетіп, сыршыл
сезімдерінің таңғажайып құбылыстарымен
ұштасып жатқанын сезіну қиынға түспейтіні
ақиқат.
XX ғасырдан бастап қазақтың халық музыкасы
ғылыми негізде саралана бастады. И.В.Коцых, В.А.Успенский, А.В.Затаевич,
Қ.Жұбанов қатарлы зертеушілердің, жинаушылардың
тамаша еңбектері берідегі П.В.Аравин, А.Жұбанов, Б.Г.Ерзакович,
Б.Сарыбаев, Ш.Жақанов, Б.Қарақұлов қатарлы
ғалым, зерттеушілердің, жинаушылардың, еңбегіне
ұласып, ғылыми арна құрады. Әсіресе, А.В.Затаевичтің
«Қазақ халқының 1000 әні» (1925) және
«Қазақтың 500 әні мен күйі» (1931) атты
жинақ кітаптарының жарық көруі халқымыздың
музыкалық мұрасы рухани әлеміміздегі айрықша
құбылыс екенін әйгіледі. А.В.Затаевич жинақтары
мазмұны жағынан көне заманнан XX ғасырдың 30-шы
жылына дейінгі қазақ халқының музыка
мәдениетінің антологиясы болып табылады.
Қазақ халқының аспаптық музыкасының
тарихын, болмысын зерттеуде жасаған П.В.Аравиннің еңбектері
ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол «Новые материалы о Курмангазы»
(«Құрманғазы туралы жаңа деректер»), «Казахская
домбровая музыка» («Қазақтың домбыра музыкасы»), «Переменная
структура домбровых кюев» («Домбыра күйлерінің
құбылмалы құрылымы») мақалаларымен қатар
«Жанры казахской инструментальной музыки» («Қазақ аспаптық
музыкасының жанрлары»). Бұл еңбектерде күйдің
ладтық құрылысы, дыбыс қатарының ерекшеліктері,
ырғақтық құрылымы, күй
композициясындағы кульминациялық аралықтары, ХІХ
ғасырдағы орыс ғалымдарының қазақ
халық музыкасына байланысты зерттеулері мен жазбалары жайлы өз
пікірін, тұжырымдарын ортаға салған.
З.Жанұзақованың «Қазақ
халқының аспаптық музыкасы» атты этнографиялық
күйлер жинағында домбыра, қобыз, сыбызғы
күйлерінің авторлары, күйлердің сан алуан
тақырыптық мазмұны және Құрманғазы,
Түркеш, Байсерке, Ықылас, Сармалай, Сейтек, Сүгір және
т.б халық композиторларының
күйлернің ноталары
көрсетілген [3].
Күй - елмен бірге жасап келе жатқан
мұра. Оны қазақ тарихы мен мәдениетінен тыс қарастыруға
болмайды. Мектеп оқушыларының халқымыздың күй
мұрасына деген ынта-ықыласы ерекше. Олар көркем
күйлерді үйренгенше асығып, кейде маза бермейтін кездері де
болады. Осының бәрі қазақ күйлерінің
ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе
жатқандығының белгісі.
Ата-бабаларымыз күй өнері саласында мәңгі
өлмес рухани мұра жасап, кейінгі ұрпаққа
сарқылмас қазына қалдырды. Аспатық дәстүрлі
өнер өз болмысында қарапайым түрде
ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса отырып, жас
буынның талпынысына орай, өзінің баяу дамуымен біздің
заманымызға да жетті. Дәстүрлі өнердің ең
бір басты ерекшелігі-жеке адамның қайғы-қасіретін,
қуаныш сезімдерін дәл жеткізе алатындығын айта кетуіміз шарт.
Яғни, бүгінгі таңдағы бағыттың кәсіби
музыка өнері мен дәстүрлі музыка мәдениетін бітістіріп
тұрған негізгі шарт оның түп-тамыры, табиғаты,
өнер бастауы бір екендігінде.
Қазіргі кезеңде аспатық өнер ұлттың
дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Қазақ
Ұлттық музыка академиясы, Құрманғазы
атындағы Ұлтық консерваторияда, институттарда
(музыкалық білім
мамандығында) еліміз бойынша көптеген колледждерде
қаншама болашақ мамандар
білім алуда. Жастардың ерекше сезіммен аспаптық
мызыкаға назар аударуы, оған қызыға түскендігі
байқалады.
Музыка
өнерінің көрнекті зерттеушісі, әйгілі сазгер Д.Б.Кабалевский
«Балалар музыканы нақ мәнінде қабылдап, ол туралы терең
ойға беріле алғанда ғана ол өзінің
эстетикалық-танымдык және тәрбиелік рөлін атқара
алады» дейді [4]. Тәрбиенің
пәрменділігі мектептің балаға
мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен
әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалақты
қамқорлық жасауына байланысты. Ал оған музыка сабағы
бірден-бір негіз бола алады.
Оқушылардың
бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық
(қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік,
кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз
қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара
қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық
қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы
адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін,
ауылын, отанын сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке
осы музыка сабағы арқылы күй-халық мәдениетіне
баулудың бірден-бір құралы.
Қазіргі танда музыка өнерінің түрлерін,
олардың әрқайсысының жалпы ерекшеліктерін жаңаша
технологияға салу - бүгінгі күн талабы. Музыкалық білімді жүйелі түрде дамыту барысында
ұлттық сана иірімдері айқындала түсуде.
Мектептерде музыка тарихына жете назар аударылып, оқушының музыка
жөніндегі тірек білімдеріне нақты кәсіптік білім талаптарын
қойып отыр. Мысалы, музыка тілінің құралдары (нотаны
меңгеру, дыбыстық жүйе, ырғақ,
қарқын, динамика, тембр т.б.) бөлініп,
өмірбаяндық мағлұматтар, жекелеген авторлық
шығармалардың туу тарихы, шебер орындаушылардың
музыкалық шығарма мазмұнына өзіндік стиль, мәнер қосу
жақтары талдатылып үйретілуде. Біріншіден, оқушылар күй
жанрларын мақсатты, жүйелі меңгеру арқылы,
өздерінің музыкалық білім қорын жетілдіруге
мүмкіндік алады. Екіншіден, оқушылар күйдің
көркемдік бейнелілігінен құнды адамгершілік,
эмоционалдық-рухани әсер алып, олардың мазмұндарына
еліктейтіндей бейнелер тауып, музыкалық-рухани сезім,
талғампаздық қажеттерінің қалыптасуына
жағдай жасалды. Үшіншіден, игерген музыкалық білім қорын
практикада пайдалана алатындай мүмкіндіктер дамытылып отырды.
«Әрбір
адамның туған анасынан басқа төрт анасы, туған
тілі, туған жері, туған дәстүрі, туған тарихы
болуы керек» - деп М.Шаханов айтқандай, өз елінің тілін,
дінін, руханимузыкалық мәдениетін білген адам, біртіндеп
әлемдік мәдениетті үйренеді [5].
Бұл қасиет ананың әлдиімен, әженің
ертегісімен, отбасында әңгімелермен бала бойына дарытыла отырып,
музыка сабағында кеңінен жалғасса, сол арқылы
ата-бабаларымыздың асыл музыкалық мұрасына
қызығушылық пен сүйіспеншілік тәрбиеленеді деп
ойлаймын.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.Назарбаев Н. Тарих
толқынында. –Алматы: Атамұра, 1999. -5-6 бет.
2.Құдайбердиев
Ш. //Абай. -1994. -№9. -10бет.
3.Жанұзақова
З. Қазақ халқының аспапты музыкасы. -Алматы, 1996.
-158бет.
4.Жұбанов А. Ән-күй сапары. -Алматы, 1976. -87 бет.
5.Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары.
-Алматы, 1978. -24бет.