Сейілханов А.А., Қарабаева Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

МҰРАГЕРЛЕР МӘНСАБЫ

(Дулат Исабековтың «Мұрагерлер» драмасына талдау)

Драматругия – қолдан құрастырылатынқұрақ көрпе емес. Ол- кісіге төсеніш ете салар ұсақ ойлардан биік тұрған, таза сүзілген адамзат сана- сезімінің мөлдір тұнбасы. Айналасы екі сағатқа ғана ықшамдалған сахналық оқиғаның осындай екінің бірі байқай бермес ой- шұқыры жетіп артылыды. Сондай ой – шұқанақтарынан «аман өтіп», жоғарыдағы айтылған асау жанырдың жалынан ұстап келе жатқан жанкешті жазушымыздың бірі – Дулат Исабеков. Оның қаламының ұшынан дүниеге келген дүниелерінің жаныры сан қыйлы. Трагедия, драма, мелодрама, комедия деп бөле- жармай, қоғам, өмір, орта ұсынған кез келген мәселелерді болсын сахна төріне лайықтауға келгенде қолтаңбасы әбден қалыптасқан Дулат Исабековтің сүрлеуін бірден танисыз. Замандастар бейнесі – драматург Д. Исабековтің өмірлік дастаны, мәңгілік тақырыбы. Соның бірі «Мұрагерлер», драмасы. Бұл шығарма Қазақстанның көптеген театрларында атап айтсақжоғары деңгейде Қызылорда облыстық Нартай Бегежанов атындағы драма театрында, Талдықорған облыстық Бикен Римова атындағы тетрларда сәтті қойылды. Біз бүгін олардың бәріне тоқтамай қазақ театрларының қарашаңрағы әкем театрдағы КСРО халық артисі Сәбира Майқанова қатысқан қойылымын тілге тиек етпекпіз.

Иә, драма желісі,  сахнада өтіп жатқан оқиғалар көбімізге ежелгі таныстардай әсер етеді. Осындай жұпыны аласа үйді, бір үйде жалғыз қалған кемпірді қаланың шет жағынан талай рет көрген сияқтымыз. Жалғыз бауырың тірісінде бір рет те көруге жарамаған, тіпті ол қайтыс болғанда келмеен, енді оның мұрагері ретінде үйіне иелік етуге көктен түскендей сап ете қалған қараниет әйел мен оның ар ұяттан жұрдай көркөкірек, тоғыашар, бірақ қулық сұмдыққа келгенде алдына жан салмайтын күйеуі де өзіміз өмірде әр жерден көріп қалып жүрген арам пиғылдылар. Пьеса авторы жазушы әрі драматург Дулат Исабеков  адамдарға, жақсылыққа сенгіш адал ниетінен, ақ жүрегеінен басқа қорғанышы жоқ кемпір мен өз бастарының пайдасы үшін неден болса да тайынбайтын ашқарақ жандарды адамгершілік атты сын көпірінің үстінде жекпе-жек кездестіру арқылы көрермен көкірегіне ой тастайды. Сол адамгершілік пен арсыздықтың айқасынан туындаған психологиялық ситуация барған сайын ширыға түседі. Жазушының бұл драмасында «Дермене» повесінен басталып,  «Әпке» пьесасында  жалғасын тапқан, бүкіл дерлік творчествосының өзекті арқауы болып келе жатқан адамгершілік, парасаттылық проблемасына суреткер ретінде зер салады. Әсіресе үлкеннің кейінгі, ұрпақты кішіні үлкендерді қадірлеп, қамқор болуы, бұл орайда тұнықты лайлаушы алаяқтарды өлтіре әшкерелеп, тоғышарлыққа қарсы белсене күрес қажеттігін көлдеңінен тартады. Иә, драмада салмақты проблема көтеріп отыр, кейбіреулердің адамгершілікке жат, заңға да үйлесімсіз қылықтарына тосқаулы қою мәселесі орынды қойылған. Оларға деген лағнет пен үкім қарт ананың ашу-ызаға толы назасы арқылы айтылады. Тегінде өмірден қайтқан адамның артындағы мүлкіне таласу сияқты жағымсыз әдет қай халықтың да дәстүріне жат. Бірақ, жиіркенішті дертті көрсее отырып, конфликтінің содан туындатқан автор «Арымнан жаным садаға» деп, адалдықты бәрінен де жоғары қоя білген халықтық психологияның тазалығын сақтауға үндейді.

 Спектакль басталысымен-ақ көрермен жүрегін әлде бір сезім сыздатады. Ол-жанашыр жандарынан жұрдай болып  жалғыз қалған анаға дейін аяушылық. Бұл сезім екі ұлы соғыста мерт болып, қызы мен күйеу баласынан және айырылып, тағдыр талқысынан тап болған жанға қиянат жасаушылардың қылығын көргенде күшейе түседі. Олардың өз арамыздан табылғанына  ызаңарта түседі.

 «Мұрагерлер» - жас режиссер Сәулебек Асылхановтың қазақ өнерінің қара шаңырағындағы алғашқы спектакльдерінің бірі. Тұтастай алғанда, режиссер драматург шығармасының өзіне тән көркемдік ерекшелігін шебер ашып, үлкен проблемамен қоя білген.  Спектакльдің аяқталуы күшті әсерлі көрініспен бітеді.  Алғашында жан ашырыңызбыз деп келгендерден кейінірек зәбір көре бастағанда жабырқау мен назадан  кей сәт қиял биігіне көтерілетін ана тумаған немересін күтетінді шығарған еді.  Енді драма желісі шарықтау шегіне жеткенде пәтер іздеп көрген бейтаныс жігітті «Немерем келді, мұрагерім осы» екі қолын жая тұра ұмтылады.  Ардагер аға ұрпақтың мұрагерлері анау туыспыз деп жүрген алаяқтар емес, бөтен болса да көңілі, ниеті таза, осы жастар деген ұғымды беретін бейнелі көрініс. Сөйтіп, тағы бір жаңа спектакль өмірге келді.  Көтерген проблемасы маңызды адамгершілікті қастерлеуге үндейді. Ұлттық тәрбиені жақсарту, тоғышарлыққа қарсы күресті күшейту мәселесімен үндестік тапқан туынды.

 

Әдебиет:

1.       Әшірбек Сығай –Толғам, «Өнер» баспасы, 2004ж.

2.       Дулат Исабеков- Пьесалар жинағы, Фолиант, 2005ж.