Педагогические науки / Научная мысль информационного века

 

п.ғ.к., доцент Абилкасимова Г.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Кәсіптік оқыту» мамандығының магистранты Джумасаева Р.К.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

Педагогикалық практиканың ролі

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050», «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын әрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимисттік көзқараспен болжамдап, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз.

Жоғары оқу орнының алдында тұрған ең басты міндет - кәсіптік оқыту мамандарын кәсіби тұрғыда бағыттылығын қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі танда, жоғары оқу орнын бітіруші түлектер дербес еңбек жолында бірқатар қиындықтарға жолығатындары тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда практика түрлерін барынша жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр.

Педагогикалық практика кәсіптік оқыту педагогының кәсiби даярлығы жүйесiнде мынадай маңызды қызметтер атқарады: оқытушылық; дамытушылық; тәрбиелiк; диагностикалық. Осыған орай кәсіптік мектептегі педагогикалық практика университеттегi теориялық оқыту мен студенттердiң оқу-тәрбие мекемелерiндегi өзiндiк жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттердi алғашқы, әрi өте құнды педагогикалық iс-әрекет тәжiрибесiмен қаруландырады, теориялық бiлiмдердi бекіту мен тереңдету құралы ретiнде қарастырылады.

Педагогикалық практиканы дамыту функциясы студенттерде педагогикалық ойлауды шығармашылық іздену қабілеттерді дамытуды қажет етеді. Педагогикалық практиканың тәрбиелік функциясы студенттердің саяси теориялық сенімдерін педагогтық қызметке балаларға деген сүйіспеншілігін баулуды талап етеді. Кей авторлар бұдан басқа практиканың тағы бір функциясы диагностикалық функцияны бөліп көрсетеді. Бұл функцияның мәні студенттердің педагогикалық практикада мұғалімдік мамандыққа даярлығы мен жарамдылығының шамасы байқалып анықталады. Сондай-ақ педагогикалық практиканың комплекстік сипатын еске алу, яғни методикадан, психологиядан, мектеп гигиенасынан берілген тапсырмаларды орындау үшін студенттер түрлі оқу тәрбие жұмыстарын ұштастырып іске асыру қажет.

Педагогикалық практика кезінде болашақ педагогтың білім алушы:

-      мұқтажын сезінуі;

-      қарым-қатынас психологиясын меңгеруі;

-      әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы;

-      ата-анамен байланысының күшеюі;

-      білім алушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі;

-      еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады.

Осы бастама кейін тәжірибеде, мұғалімдік қызмет барысьінда өз жалғасын табады.

Педагогикалық практикада студенттердің атқаратын жұмысы кешенді сипатта болады және педагогикалық практиканың бірінші курстан бастап соңғы курстарға дейін үздіксіз сипатта болуы да практиканы дұрыс үйымдастырудың принциптері болып табылады. Осы бағыттарда студенттердің білімдерін шығармашылықпен қолдану жағдайларын ескердік. Өйткені педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің:

- кәсіби шеберлігі мен педагогикалық іскерлігін дамытуды, өздігінен білімін, дүниетанымын жетілдіріп отыруға дағдыландыруды, тәрбие әрекетіне шығармашылық көзқарасын қалыптастыруды көздейді;

- оқу-тәрбие барысында алған теориялық білімдерін тереңдетіп бекітеді және педагогикалық нақты тапсырмаларды шешуге, пайдалануға үйретеді. Демек, кәсіби шығармашылықты дамытуға байланысты жұмыстардың жүргізілу түрлері мен әдіс-тәсілдерін үйренуге, әдістемелік даярлықты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың студенттерді оқыту-тәрбиелеудегі орны бүгінгі танда көкейтесті мәселе болғандықтан, біз тек студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жағына ғана арнайы зерттеу жүргіздік. Болашақта студенттердің педагогикалық қабілетін дамыту, практиканың түрлеріне байланысты жеке-жеке арнайы зерттеулер жүргізілуі қажет деп санаймыз.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. – Орталық Қазақстан, 2012. - №213-214 (21417).

2. Абилкасимова Г.К. Высшее профессиональное образование. Современные аспекты международного сотрудничества, Испания (Валенсия). «Международный журнал экспериментального образования» №11 (часть 1), 2015. – С. 41 – 43.

3. Васильев Ю.К. Теория и практика подготовки будущих учителей к осуществлению политехнического образования: автореф....докт.пед.наук.: - М., 1979. - 42 с.

4. Дүйсенбаев К.А. Развитие содержания профессионально-педагогичес-кого образования учителя труда в вузе. - Алматы: Ғылым, 1995. - 350 с.

5. Коканбаев С.З. Педагогические основы непрерывного образования педагогов профессионального обучения в условиях образовательного комплекса «школа-колледж-вуз»: автореф....докт.пед.наук.: 28.02.2007. - Қараганды, 2007. - 44 с.