п.ғ.к., доцент Досанова
А.Ж.
магистрант Кунтубаева Г.О.
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
ҰЛТТЫҚ
САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА
МАҢЫЗЫ
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына ұсынып отырған жолдауларына
сай, тұлғаның ұлттық сана-сезімін
қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда өзекті болып
отыр. Ұлттық құндылықтарды
құрметтейтін тұлғаны тәрбиелеу,
қалыптастастыру үшін оның ұлттық сана-сезімі
қапыптасуының психологиялық механизмдерін анықтау
бүгінгі күннің талабынан шығады.
Тұлғаның бойынан табылатын қасиеттердің
бәрі ұлтқа да тән, себебі ұлт жеке
тұлғалардан құрылады. Сондыктан әрбір қоғамдағы
тұлғаның ұлттық сана-сезімі ашық,
имандылығы берік, адамгершілігі жоғары болса, ол ұлт рухани
мәдениеті жоғары ұлт болып есептеледі. Бүгінгі
таңда фиософиялық педагогикалық және
психологиялық ғылымдардың негізгі зерттеу мәселесіне
айналған ұлттық сана-сезімді карастыруды оның
түпкі генезисін анықтаудан бастауды кажет етеді.
Уақыт талабымен өмірге қайта оралған
халықтық педагогиканың озық дәстүрлері
бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала
бастады. Халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелерін
этнография, этнопсихология, педагогика ілімдерімен қатар этнология,
шығыстану, этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты.
Сол себепті халық педагогикасының бұлақ бастауы –
көне наным-сенімдердің тәрбиелік сипаты басты назарға
алынады. Оның асыл арналарын қоғамдық сананың
түрлері мен категориялары арқылы жүйелеудің
маңызы зор. Қоғамдық дамудың алғашқы
сатыларында тәрбиелік ой-сана көне наным-сенімдермен аралас
көрінеді. Оны ғылым тілінде халық педагогикасының
синкреттік (толық дамыған жағдайы) белгісі деп атаймыз.
Халықтың тәлімгерлік тәжірибесі өзінің
синкреттік белгілеріне қарай екі салаға жіктеледі. Олар:
идеологиялық және жанрлық синкретизм [1,14].
Ұлттық тұлғаны
өмірдің белсенді субъектісі жэне даралық
тұрғысынан зертгеуде этностык жаңсақ нанымдардың
құрылу және пайда болу мәселелері – қазіргі тәжірибелік
психологиядағы ең маңызды бағыттардың бірі.
Осыған байланысты психология ғылымының алдында
тұлғаның тұтастай құрылуы факторларын,
зандылықтарын ұғыну, оның ішкі және
әлеуметтік белсенділігі көздерін дамудың интегралдық
компоненттері ретінде жаңсақ нанымдардың калыптасу, даму
генезисін анықтау және танымдық іс-әрекеті барысындагы
өзгеру процестерін көрсету бүгінгі талапқа сай
ұлттық тұлғаның өзіндік ұлттық
санасының қалыптасу негізін ашу болып табылады.
Игі әдеттердің өмір қолданысына
айналуы – әдет-ғұрып, оның біржола өмір
заңдылығына айналуы – салт-дәстүр деп аталады.
Яғни дәстүр – қолданылмалы іс-әрекет. Ол
қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің
«нұсқауынсыз» еркін мәжбүрлікпен орындалады.
Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің
толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы, қыз
ұзату, үйлену тойлары толысып жаңарды да, ал
«әмеңгерлік», «атастыру» салты бірте-бірте өмірге
қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы
салт-дәстүрлердің ұлттық санаған
сіңіп, біржола заңдастырылуы – салт-сана деп аталынады.
Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан
салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының
дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың
қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық
абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу
дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады.
Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың,
салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін
тәрбиелік мәні зор [2,174].
Ұлттық тәрбиеден қағажу
қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де
кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың –
халықтық қалпың» дегендей, өз
жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін
ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен
қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар
құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке
танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері,
ортақ мұралары, тұрмыс-тіршілігіндегі керемет
салт-ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты
жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде
маңызды міндет атқармақ. Қазақ
халқының рухани тіршілігінде, қарттарды
құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық,
жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау,
әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.
«Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ
халқының негізгі мінез-құлқы. Қазақ
халқында тым ертеден келе жатқан көптеген
әде-ғұрыптар бар [3,22].
Қазақ халқының
салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне
қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше
оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық
салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық санасын
қалыптастыруға мол үлесін қоспақ. «Баланы жастан»
демекші, жастардың санасына халқымыздың тәрбие негізі,
асыл қазынасы – салт-дәстүрлерін дұрыс жеткізе білсек,
ертеңгі күні олардан зор ұлтжанды қазақ азаматы
шығатынына кәміл сенуге болады.
Қазақта ертеректе жазу-сызу онша дамымай,
адамдардың көбі сауатсыз болған кезде көпшілік арасында
ауыз әдебиеті кең тараған болатын. Ауыз
әдебиетінің ішінде, әсіресе фольклор, поэзия айрықша
орын алды, және аңыз-әңгімелер,
мақал-мәтелдер, шешендік сөздер де жоғары дамыды.
Қазақтың
мәдени құндылықтарының ішінде өте
жақсы дамыған ұлттық өнер болатын.
Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті
өмір салтына байланысты. Себебі өнер халықтың
тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды.
Әрине, өнердің түрі өте
көп, соның ішінде күнделікті тұрмыс
қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға
болады. Оның ішінде – ағаштан, теріден істелінген ыдыс-аяқ;
жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп,
алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша
тоқу, киіз басу т.б. Мұнан басқа қазақ
ұлтының рухани мәдениетіне байланысты – сөз
өнері, сәулет өнері, күй өнері, сән
өнері, бейнелеу өнері сияқты өнердің басқа
да түрлері өте көп [4,264].
Ұлттың рухани мәдениетін дамытуда
музыка өнерінің алатын орны ерекше. Себебі музыка халық
өмірінің әр кезеңінің тыныс-тіршілігінен хабар
береді. Халық ән-күйдің әуен-сазы арқылы
өзінің күнделікті өмір салтын, тарихи
уақиғаларды келесі ұрпаққа осы өнер
арқылы жеткізіп отырған.
Бүгінгі қазақ ұлты –
бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала
халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты –
бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы
бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты –
өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып,
сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық
жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет
құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел”
ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық.
Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор,
ұлт лидері деп таныған Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың
тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік
бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері
елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін
қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр.
Мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған
ұлттық мүдде, ұлттық ұстаным жатыр [5].
Қазақ халық педагогикасында
ұлттық сананың маңызды бір бөлігін
ұлттық қадір құрайды. Бұл ұғым
адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің
алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі
адамның өзінің үнемі қадірінің болуын ойлап
әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін
көрсетеді. Бұл ұғымның сезімдік реңкі
басым. Яғни, адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті
сезінуі болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың өзінің
белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді.
Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның
әрекетіне әсер етеді. Бұл – дүние жүзіндегі
елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет.
Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен
үндес болып келеді.
Ұлттық қадір, ұлттық
мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі
қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық
қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне
мұрындық болатын психологиялық күйдің
жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық
психологияның құрамына енетін ұлттық сезім деп
аталатын кешеннің құрамдас құрауышы есебінде
қарастырылады.
Қазақ халқында ұлттық
сананы қалыптастыратын факторларға мыналарды жатқызады:
халықтың басынан өткерген тарихы; ұзақ жылдар
бойы айналысқан шаруашылық түрі; төлтума
мәдениеті; ақпарат алмасу тілі;
салттары
мен дәстүрлері; түрған жерінің табиғаты
және климаттық жағдайлары; діні;
әлеуметтік-демографиялық жағдайы [6].
Бұл аталғандардың
соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп
өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт
сақталады. Соған сәйкес бұл ұғымдар да халықтың
санасына әбден орныққан болып табылады, оны өзгерту
өте қиын және ұзаққа созылады.
Қазақи сана өз
ғұмырнамасында әлемдік тәжірибе жинақтаған,
мойындаған озық тәжірибелер кеңістігіне,
сондақ-ақ жалпыадамзаттық құндылықтар арнасына
жеке үлесін қосып отырды. Ол көріністердің халық
тұрмысында нақты қажеттілікке жаралуы
тәлім-тәрбие құралының негізгі
қағидаларына байланысты болмақ. Қазақ
дүниесіндегі адамзат перзенті үшін үлгі боларлық
құндылықтардың бірі – халықтың
қонақжайлылық қасиеті деуімізге болады.
Қонақжайлылық – ұлттық тәрбиенің
айнасы іспеттес. Қазақтың қонақты күту
мәдениеті тым ежелден қалыптасқан. Қазақтар
үйге келген бөтен адамды «құдайы қонақ» деп
қабылдаған, ол дәстүрді жақсы ырымға
жорыған. Сол себеппен өмір мәйегіндегі басқа
дүниелер тәрбиенің көмегі арқылы жүргізіліп
өзінің қағидасын қалыптастырады.
Өскелең ұрпағын еңбекшіл
болуға баулуды мақсат еткен халық тағылымы – шынайы
этнотәлімдік қағида. Еңбек әрекетінің
адамзат өркениетінің эволюциялық даму
заңдылықтарының бірден-бір қозғаушы күші
болғаны белгілі. Қазақ қауымының мал
шаруашылығының дамуы мен қалыптасуына әлемдік
деңгейде ерекше үлес қосуымен бірге, мал атаулысын
«төрт түлік - қазына» деп санап, оны ән мен
жырға, батырлық эпостаға қоса білуі – шын
мәнісінде табиғат пен адам арасындағы тылсым
гармониялық байланыстың үлгісін көрсетіп отыр.
Ұлттық сананы қалыптастыруға
тікелей ықпал ететін ұлттық тәлім-тәрбие десек,
оның негізгі қағидалары:
- қонақжайлылық, сыпайылық,
мейірбандылық, әдет-ғұрыптарды қастерлеу,
үлкен адамдарды сыйлау, бата-тілектерді дәріптеу;
- парасатты, қанағатшыл, елжанды және
отансүйгіш болып өсу, қайратты, әділетшіл,
адалдық қасиеттері бойына сіңірген тұлға болу;
- тыйым сөздер мен ырымдарды сақтау
және қастерлеу;
- тәлім-тәрбиенің біртұтас
этнокомплексті түрде жүргізілуі;
- денсаулықты шыңдау және
тазалықты (гигиенаны) сақтау, салауатты өмір салтын
қалыптастыру;
- үлкенді өнеге тұту, кішіге ізет
көрсету, ұлттық қазыналарды қастерлеу,
өсиеттер мен аманаттарға назар аудару [7,12].
Халықтық
құндылықтардың адам жандүниесінің ішкі
рухани қазынасы екенін сезген қазақи сана,
өскелең ұрпағының бойына аталмыш ұлы
сезімдерді сіңіруді басты мақсат еткені – ұлттық
тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларына жатады. Ал
бұл өз кезегінде ұлттық сананы қалыптастырады.
Қорыта келгенде, халықтың
ғасырлар бойы жинақталған тәлімдік-танымдық
әрекеті ұлттық тәрбие түрлерін
қалыптастырады. Тәрбие түрлері мен ата таным
ерекшеліктерінің әлемдік классикалық
педагогикағылымдары атап көрсеткен тәрбие теориясы мен білім
тарихына байланысты педагогикалық технология тәжірибелер
қағидаларымен ұштасқаны – халық
педагогикасының қоғамдық құбылыс екенін
байқатады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің қағидалық
ғибраттарын ұлттық дүниетаным, ұлттық сана
тұрғысынан тарату аталған ой-тұжырымдармен шектелмеуі
тиіс. Осы айтылғандармен қатар қазақ халқына
тән батырлық, намысшылдық, ұлтжандылық,
имандылық, ілкімділік, дәнекерлілік, көпшілділік,
қанағатшылық, тәубашылдылық, төзімшілділік
сияқты асыл қасиеттердің ұлттық сананы
қалыптастырудағы маңызын одан ары зерделей түскеніміз
абзал.
Әдебиеттер:
|
1. Бөлеев Қ.
Көшеров Н. Қазақ этнопедагогикасы. /Оқу
бағдарламасы. –Жамбыл, 1993, 14 б. |
|
2. Қалиев С., Молдабеков Ж.,
Иманбекова Б. Этнопедагогика. - Астана, 2013, 174 б. |
|
3. Қожахметова К.Ж. Казахская
этнопедагогика: методология, теория, практика.
– А.: Ғылым.1998, 22 с. |
|
4. Боданов Ж.Қ., Бөлеев
Қ. Қазақтың халық педагогикасы. – Жамбыл, 1993.
264 б. |
|
5. Пірәлиев С.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие
процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби
бейімделуі //Қазақстан жоғары мектебі, №2, 2014. |
|
6. Ұзақбаева С.А.,
Қожахметова К.Ж. Жоғары мектеп студенттеріне
этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы. – А.: Өнер.
2008. -185 б. |
|
7. Ұзақбаева С.А. Тамыры
терең тәрбие. - А.: Білім. 2005, 12 б. |