п.ғ.к., доцент Тлегенова К.А.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

 

магистрант Кунтубаева Г.О.

 «Тұран-Астана» университеті, Қазақстан

 

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ МАМАНДАР БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Тұлғаның ұлттық сана-сезімі – индивидтің өзінің белгілі бір әлеуметтік этностық қауымдастыққа жататындыгын сезінуі және идеяларында, көзқарасында, сезімінде, эмоциясында, көңіл-күйінде көрінетін қоғамдык катынастар жүйесінде аңғаруы. Бұл қасиеттер адамның тұлғалық тұтастығының нәтижелік көрсеткіштері. Олардың адам бойында қалыптасу жолын оның құрамына кіретін компоненттерді анықтау арқылы белгілей аламыз.

Этностық нанымдар ұлттық сана-сезімнің бастапқы анықталу көзі болып табылады. Себебі олар адамның ішкі бағытын, таптаурынын, өзіндік бағыттылығын, іс-әрекеттегі мотивациялық жүйесін реттейтін компонент. Адамның ұлттық тұлға ретінде қалыптасуын, оның ұлттық сана-сезімінің даму деңгейін анықтау үшін жаңсақ нанымдардың дамуы мен қапыптасу негізін белгілеу қажет.

Ал қазіргі заманда ұлт патриотын тәрбиелеу жұмысында оның бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. Сол себептен этностық жаңсақ нанымдардың генезисін ашу, оның іс-әрекеті барысындағы қалыптасу динамикасын анықтау – бүгінгі тандағы психология ғылымдарындағы көкейтесті мәселе.

Н. Дәулетов халықтық тәрбиені белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесі деп түсінеді [1.142 ]. Академик Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасына қарағанда халық педагогикасы әлдеқайда біртекті. Халық педагогикасымен халық тәрбиесінің арасында, тәрбиелеу өрісіндегі идея мен шындықтың арасында педагогикалық ой мен педагогикалық практиканың арасында тікелей бір мағыналы сәйкестік жоқ [2.41].

Осыдан келіп шығатын қортынды «Халық тәрбиесі – бұл педагогикалық практика, тәрбиелеу өрісіндегі өмір, шындық, ал халық педагогикасы – бұл халық білімінде жүзеге асқан идея, педагогикалық ой» [3.97] .

Ал, «халық педагогикасымен» қатар «этнопедагогика» дейтін де ұғым бар. Осы екеуінің арақатынасы қандай бұлар синоним ұғымдар ма, әлде қайсысы білім қайсысы ғылым, әлде басқаша ма деген сауалдар туындайды.

Қазақстан Республикасы әлемдегі көпэтносты ұлттық диаспоралы мемлекеттердің қатарына жатады. Сондықтан біздің мемлекеттегі келелі мәселелердің бірі – ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі. Ал, ұлтаралық қатынаста ұлт өкілінің өз халқының мәдениетін, тарихын, әдебиетін, тілін білуінің, халкының дінін анықтауының маңызы зор. Міне, осы құндылықтар этностық жаңсақ нанымдардың генезисін анықтауға мүмкіндік береді және тұлғаның ұлттық сана-сезімінің дамуына әсер ететін негізгі әлеуметтік факторлар болып есептеледі. Бұл мәселелерді еңбектің концептуалдық және тәжірибелік бөлімдері айқындауға мүмкіндік береді.

Еліміздің белгілі педагог – ғалымы Қ. Жарықбаев академик
Г.Н. Волковтың осы екі ұғымының ара жігін анықтап көрсеткен ойларын қостайды [4.102].

Г.Н. Волковтың пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностың отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі ғылыми жүйеге нақты түспеген, атаулары мен принциптері анықталмаған ілім білімдерінің қарапайым саласы [5.29].

Қ. Жарықбаевтың пікірінше «халық педагогикасы» - бұл тәлім-тәрбиелік ғылымының алғашқы баспалдағы, ол тәрбие туралы ілім-білімдердің, ой-пікірлердің жиынтығы [4.62].

Ол жеке өз алдына ғылым бола алмайды, өйткені оның өрісі тар, әрі теориялық астары жоқтың қасы, ол қарапайым тәжірибенің деңгейінде тұрған феномен. Ал этнопедагогика болса – бұл ғылыми педагогиканың жеке бір саласы, мұның өзіндік ғылыми атаулары, белгілі принциптері бар.

Қ. Жарықбаев «халық педагогикасы» ұғымының синонимдеріне «халықтық тәрбие», «халық тәлімі», «қазақ тағылымы», «ұлттық тәлім-тәрбие» т.б. осы тәріздес ұғымдарды салыстырып пайдалануға қарсы. Оның пікірінше «халық педагогикасын» жоғарыда келтірген ұғымдардың баламасы деу қате. Бұларда өзіндік мағынасы бар. «Тәрбие» ұғымының қолданылу аясы «тәлім», «тағылым» ұғымдарынан әлдеқайда ауқымды, яғни логика ғылымының тілімен айтсақ тәрбие кең мағыналы текті ұғым да, ал қалғандары одан мән-мағынасы бар түрлі сипаттағы ұғымдар[4.36]. 

Халық педагогикасына академик А.Э. Измайлов мынадай анықтама береді: «Халық педагогикасы – ұрпақтан ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатырған халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесі жемісінің жинақталып және іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматының, дағдылардың жиынтығы» [6.73]. 

Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзіндік көрінісін беріп отыр.

Ал, халық педагогикасын зерттеуде орасан зор үлес қосқан ғалым-педагог Г.Н. Волков халық педагогикасы ұғымына мынадай анықтама береді: «Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-ғұрыптарында, ырымдарында, балалардың ойындары мен ойыншықтарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Бұл әдетте, ауызша таралады. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсатының, міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-құралдарының, тәсілдерінің жиынтығы мен өзара байланысы» [7.208].

Қазақ халқының педагогикасының тереңінен тамыр тартқан арналарын зерттеген Қ. Жарықбаев «этнопедагогиканы» ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған тәлімгерлік тәжірибесін зерттейтін ғылым ретінде таныса, С. Қалиев «халық педагогикасы» деп сол халықтардың ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелердің жиынтығын айтады.

К. Қожахметова «этникалық» деген ұғымды тәрбиелеу және оқыту саласында дәстүр, тіл этникалық сана-сезім ерекшелігінде материалданған, этноерекшеліктерге, белгілерге зейін қою деп есептейді [8.211].

Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас ұрпақты ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсідерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде, оның ішінде жас ұрпақтың бойында ұлттық сана қалыптастыруда халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.

Әрине, жастар бойында ұлттық сана қалыптастыруда тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жөн.

Ұлттық сана қалыптастыруда маңызды роль атқаратын халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б. ерте заманнан бастап, жас өспірімдердің ой-өрісін, зеректігін, ұлттық құндылықтарын дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы ретінде қолданылып келді.

Ұлттық сананы қалыптастырудың үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-дәстүрі болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өміоде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады.

Қорыта келгенде, халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік – барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі – әдеп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп – ұлттық сананы қалыптастырудың өзекті арқауы десе де болғандай.

Әдебиеттер:

1. Есенжолова С.Д. Этнопедагогика. Учебная программа. – Алматы: КазГНУ им. Аль-Фараби, 2008. – 142 с.

2. Бабанский Ю.К. Педагогика: Учебное пособие. - М: Просвещение. 1983, 4с.

3. Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы. /Оқу бағдарламасы. –Жамбыл. 1992, 97 б.

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдарламасы. – А.: РБК. 2013, 102 б.

5. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения, п/р А.И.Пискунова, - М: Педагогика, 1982, 29 б.

6. Блонский П.П. Избранные педагогические и психологические сочинения. - М: Педагогика. 1979, 73 с.

7. Педагогическая энциклопедия. - М: Советская энциклопедия. 2005. - 208 с.

8. К. Қожахметова. Ұлт тағдыры мен қыз бала тәрбиесі – біртұтас. //Ұлт тағылымы. – 2013, №4, 15 б.