Кутжанова А. К.
Қарағанды облысы Нұра
ауданындағы Кертінді ауылының М.Сүлейменов атындағы
ЖОББМ, Қазақстан
Мұғалім
мамандығы – барлық мамандықтың анасы
Еліміздің
әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы
адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты
дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті
мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі
үлес қоса алады. Қоғамымыздың
қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті,
әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал
осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың
ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі
мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің
алатын орны зор.
Білім берудің
өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік
процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді
даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру
процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз.
Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент
жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін
меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз
педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік
білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де
жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік
мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа
мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік
құндылығын, оның қоғамдағы орны мен
рөлін тереңірек қарастырған жөн.
Сан-алуан
мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы
«адам-адам» жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай
жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык
иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с.
мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады
ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның
қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог
мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының
мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол
мақсаттарға жетуге бағыттау.
Адамзат тарихында мұғалім
мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі
-оның қай елде болмасын ең кең
таралғандығы.
Мысалы, Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші
түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап
айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог
мамандығының қоғам дамуы үшін аса
қажеттілігінің, зор маңыздылығының
көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа
қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп
мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык
мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын
жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді
педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде
педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны
жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің
дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби
кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын
күшейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек
болашаққа ғана бағытталған.
Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң
болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің
нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы,
мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір
іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен
соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне
байланысты бағаланады.
Биіктік. Тереңдік. Осы бір ұғымдар ұстаз
сөзімен тығыз байланысты. Көкейде «неге?» деген сауал
туған болар? Оған берер жауабым төмендегідей.
Мұғалім – мұхит тұңғиығындай
терең білімді адам. Оның білігі мен білімі тайызда емес,
тереңде. Тереңдік ұғымының ұстаз
сөзіне тән болу сыры осында жатыр. Ал енді биіктік турасында
сөз етсем, Ана да, дана да,
ақын да, хакім де – бәрі-бәрі сол ұстаздан
тәлім алады. Сондықтан ұстаздық – бар мамандықтан
биік. Осыдан келіп, биіктік ұғымының ұстаз сөзіне
тән екенін көруге болады. Бұлақ
көрсе, көзін ашып, бала жанының бағбанына
айналған ұлағатты жандар турасында айтқанымды қуаттай түсу үшін
көреген ойлы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының мына бір
сөзін тіліме тиек етпекпін. "Ұстаздық – ұлы
құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз
тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз
өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай
ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін
ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”. Бұл – бұлтартпас
ақиқат. Қазақта
«Бір кісі құдық қазса, мың кісі су ішеді» деген
қанатты сөз және бар. Жер бетіндегі барша мамандық
иелерін білім нәрімен сусындатып,
зейінін ашатын, сан салалы ғылым сырын ұқтыратын бірден-бір мамандық иелерінің
педагогтар екеніне ешкім дауласа қоймас, сірә! Сананы саралап, ақылмен ойлап
қарасақ, қашанда ұстазы жақсының
ұстамы жақсы болады. Бақташысына қарап мал
өспеуші ма еді? Сол сынды «ұстазына қарап бала өседі».
Мектеп мұғалімінің өнегесін көрген әр
шәкірт біліммен қанатын қатайтып, табиғат заңына
бағынып, білім ұясынан қияға қанат
қаққанда, ғылым ордаларындағы қандай да бір
оқытушылардың алдына барары хақ. Өздері таңдаған
мамандықтың иесі болу
үшін де кәсіби білім, білік дағдысын қалыптастыруы,
оның теориясын меңгеруі қажет-ақ. Ал оны қайдан
алмақ?! Әрине, белгілі ғылым докторларының,
профессорларының, кандидаттарының, оқытушылардың
көмегімен игермек. Сөйтіп, жоғары оқу орнынан
кәсіби біліктілік алып шығады. Сайып келгенде, қандай да
болмасын бір мамандыққа педагогтар арқылы ғана
қол жеткізе алады. Онсыз мүмкін емес. Мұғалім мамандығы – барлық
мамандықтың анасы. Бұл – ешқашан өзгермейтін заңдылық. Ол –
бар мамандықтың көшбасшысы. Әркез солай бола бермек!
Әдетте «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді
тербетеді» дегенді айтамыз. Осының негізінде «Ұстаз әлемді
білім бесігінде тербейді» деген ой менің санамда жаңғырады да
тұрады. Бойда бар
күш-қуаттарын, Алла сыйлаған таланттарын ұлт
ұрпағының білім алуына, таным көкжиегінің
кеңи беруіне, егемен еліміздің өсіп-өркендеу жолына арнап
келе жатқан біз сөз етіп отырған мамандық иелері лайым
кәсібінен берекет тапқай!