Педагогика. Проблемы подготовка специалистов

Берікбаева Шолпан Ерболатқызы

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан

Болашақ кәсіптік оқыту педагогінің инновациялық іс-әрекетке даярлаудың жолдары

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қоғам өмірінің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. «Сендердің әлемдік білім ордасында оқып, әлемдік қаржы орталықтарында еңбек ететін боласыңдар. Біз сендердің алаңсыз білім алып, қалаған кәсіптеріңнің шыңына жетулерің үшін барлық жағдайды жасадық. Бүкіл еңбегімізді, ерік-жігерімізді ұрпақтың болашағы үшін сарп етудеміз. Тәуелсіздік жылдарындағы ең қиын кезеңге қарамай қолға алғанымыз – ол жастарға білім беру»,-деді Мемлекет басшысы [1].

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің басты мақсаты- білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазіргі білім беру саласындағы педагогика ғылымында «инновациялық білім», «инновациялық даярлық», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық технология», «мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығы» және т.б. жаңа ұғымдар пайда болды.

Инновациялық іс-әрекет – педагогикалық еңбектің сапасын арттыратын оқу-тәрбие процесін жаңа бағытта құру бойынша түбегейлі өзгерістермен ерекшеленетін жаңаша іс-әрекет. Педагогтың инновациялық іс-әрекетке даярлығы дегеніміз –педагогтың инновациялық педагогикалық технологияны игеруі және оның өз іс-тәжірибесінде іске асыруына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны меңгеруі.

Педагогтерге инновациялық білім берудің негізгі міндеті-оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияның ерекшеліктерін ескере отырып кәсібитүрлендіре алу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық талдау жасай алу, өзінің жеке технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру[2].

Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру оларға жүйелі инновациялық білім беру арқылы жүзеге асады.

Біріншіден,болашақ кәсіптік оқыту педагогінің инновациялық білімді қайдан, қандай көлемде алатындығы айқындалады, қойылған мәселе шешіледі, оны шешудің тиімді жолдары қарастырылады.

Екіншіден, болашақ кәсіптік оқыту педагогінің кәсіби білімдерін үнемі жетілдіруді, жаңартуды қажет ететіндіктен,  инновациялық іс-әрекетке дайындау мазмұны анықталады.

Үшіншіден, инновациялық білімді меңгерген педагог өзінің теориялық алған білімін өз іс-тәжірибесіне енгізуге алғашқы қадамын жасауы тиіс. Бұл мәселе педагогтің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудыңшешімін табады.

Төртіншіден, педагогтің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудағы педагогикалық инновация мен инновациялық іс-тәжірибелердің мазмұны ашылады.

Бесіншіден, педагогтің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру бағытындағы жаңажеке авторлық курстар, педагогикалық оқулар мен арнайы семинарлар, теориялық-тәжірибелік ғылыми конференциялар, педагогикалық тренингтердің мазмұны сараланады және жүзеге асырылады.

Алтыншыдан, педагогтің инновациялық іс-әрекетке педагогикалық технологияны меңгеруі бойынша әдістемелік жұмыстар жаңа бағытта жүргізіледі.

Жетіншіден, педагогтің инновациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша инновациялық-технологиялық жұмыстардың мазмұны айқындалады.

Сегізіншіден, педагогтің инновациялық технологияны әдістемелік жетілдіруі бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты айқындалады.

Тоғызыншыдан, инновациялық біліммен қаруланған, инновациялық іс-әрекетке педагогикалық технологияның ерекшеліктерін диагностикалық саралаған, өз кәсібі жағдайында өзгертулер енгізе алатын, жоғары нәтижеге қол жеткізетін қазіргі заманғы педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге педагог даяр болады.

 Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын оқыту мен тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалану арқылы кәсіби білім сапасын арттырумен қатар, қоғамның жігерлі кәсіп иесін, бүгінгі студент тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Қорыта айтқанда, болашақ кәсіптік оқыту педагогінің жаңашылдық, жаңа технологияны оқып-үйрену, меңгеру арқылы өзінің кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани келбетінің қалыптасуына әсер ету, өзін-өзі дамытып, оқыту мен тәрбие процесінде жаңа жолдар табу.

 

Әдебиеттер:

1. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам». Егемен Қазақстан, 2015.

2. Абдраманова Г., Таженова С., Примбетова А. Болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастыру // Молодой ученый. - 2015. - №1.1. - С. 92-93.