Педагогика/ Проблемы подготовки
специалистов
Кулымбетова Калила
№110 мектеп-лицейдің
математика пән мұғалімі
Жаңақорған
кенті, Қызылорда облысы, Қазақстан
Ойлауды
дамытудың озық әдістері
Мемлекеттік
білім беру саясатында мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін
жетілдіру проблемасы басты орынға ие болады. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі-маңызды мәселенің бірі.
Білім сапасын
арттыруда Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту»
әдісін математика сабағында қолданып отырамын.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме
беру емес, керісінше, оқушылардың біліміне, мүмкіндігіне,
сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған
жұмыстар беру арқылы дамыту. Деңгейлік тапсырмалар бойынша
оқушылар өзі-өзі таниды, сезінеді, оқушылардың
қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі.
Сондықтан
оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдету
үшін оларды іздендіру керек. 1-деңлейлік тапсырмалар білімнің
ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес,
бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай болады. 2-деңгейлік тапсырмалар түрленіп,
күрделене түседі. Оқушының ойлау қабілетін
жетілдіруге тапсырмалар беріледі. 3-деңгейлік тапсырмалар
оқушылардың логикалық ойлау дәрежесінің
жоғары болуымен ерекшеленеді. 4-деңгейлік тапсырмалар дарынды,
ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады.
Деңгейлік тапсырмалар сабақтың мазмұны мен сапасы
артады, оқушы өз қызметін талдау жасайды, қорытынды
шығарады, өз-өзіне баға береді,
жаңалыққа ұмтылады.
Психологтардың
айтуынша «бала жұмыстың көптігінен емес,
көңілсіздігінен шаршайды». Ал көңілсіздік бірсарынды
қайталаудан шығады. Сондықтан сабақты түрлендіре
отырып, деңгейлік тапсырмалар берілсе, зерігу мен өз күшіне
сенбеушілік жоғалады.
Мысалы,
5-сыныпта «Санды және әріпті өрнектер» тақырыбын
өткенде ұйымдастыру кезеңінде оқушылар зейінін
шоғырландыру мақсатында «Кестеде не қалып кетті?», «Ойлан,
тап» деген сипатта ұжымдық не топтық тапсырмалар беруге
болады. Үй тапсырмасын барлық оқушыдан тексеріп
үлгеру-әр оқушының жауапкершілігін арттыратын міндет.
Сондықтан өзара тексеру, арнайы бекітілген оқушылар
арқылы тексеру нәтижесінде қанша оқушының
тапсырманы орындамаай келгенін ғана емес, неліктен орындамаай келгенін де
білуге болады. Түсінбеген ортақ кемшіліктер тақтада не ауызша
талданады.
Осы
уақыт арасында оқушылар бос отырып қалмас үшін
тақтаға жаңа тақырыптан бірнеше өрнек жазып
қойып, айырмашылығын тауып отыруға тапсырма беріледі.
Үй тапсырмасын жылдам тексеру үшін сәйкестік тесті т.б.
тәсілдерді қолдануға болады. Сонан соң «Топқа
қалай бөлдің? Неге сүйендің? Әр топты
қалай атар едің?» деген сұрақтар арқылы
жаңа сабақтың мазмұнын ашуға болады. Білімді
бекіту, пысықтау мақсатында оқулықтан деңгейлік
тапсырмалар орындалады. Ал шығармашылық кезеңінде
мәтіндік есеп құрастыру бағытында бәріне
ортақ деңгейлік тапсырмалар беріледі. Есепті дұрыс
шығарып, мазмұнды есеп құрастырғандар, жалпы
сынып еңбегі бағаланады. Үйге тапсырма беруде барлық
оқушыға оқулықтан ортақ тапсырма беріледі, екінші
жеке оқушыларға қабілеттеріне қарай деңгейлік
тапсырмалар беріледі, үшінші құрастыру бағытында
деңгейлік тапсырмалар беріледі және танымдық
қабілеттері мен логикалық ойлауын дамытуға арналған
тапсырмалар оқулықтан не қосымша кітапшалардан
оқушылардың қалауына орай тапсырылады.
Математикаға
арналған электрондық оқулықтар оқушылардың
қызығушылығын туғызып, оларды білім
олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмысын
жүргізуге үлкен пайдасын тигізіп отыр. Онда әр жаңа
тақырып түсіндірілген соң, есепті шығару үлгісі,
тапсырмалар, тест нұсқалары беріліп отырады. Ал тест жұмысын
әрбір оқушы жеке орындап, дұрыс не дұрыс еместігіне
«тексеру» тетігі арқылы көз жеткізе алады және интерактивті
тақтада тор көзде есеп шығару төменгі сыныптың
қызығушылығын оятып, сабаққа белсене қатысуына
ықпалын тигізеді. Сондай-ақ әлем кітапханаларымен байланыс
жасауға зор мүмкіндік жасалған.
Оқушыларды
зерттеу, бақылау барысында оқушылардың математика
сабағына қызығушылығын туғызу үшін
және бұл ғылымды меңгерту үшін үш шарт
орындалу қажеттігін ұғындым:
1.Оқушы
бұл ғылымның қажеттілігін түсіну керек. Ол
үшін пәнді өмірмен байланыстыра отырып жүргізу
қажет, яғни тұрмыстық мәтіндік есептер
құрастыру, оны практикамен ұштастырып отыру керек.
2.Оқушының
бұл ғылым жайлы фундаменті қаланбаса, оқушының
қызығушылығы жойылып, пәнге
немқұрайлылықпен қарайды. Мұндай жағдайда
деңгейлік тапсырмаларды ойын ретінде бере отырып, олардың
өзіне деген сенімін туғызу қажет, яғни «сен де жасай
аласың немесе сенің де қолыңнан келеді» дей отырып, оны
сабаққа тарту керек.
3.Негізгі
сынып оқушылары білімнің қажеттілігін сезініп емес,
бір-бірімен бәсеке ретінде не үздік оқушы болу үшін, ал
сирек жағдайда қызығушылықпен оқиды.
Сондықтан бұл сыныптарда математика пәнін өту барысында
ойын элементтерін пайдаланып, логикалық сұрақтарды енгізу
арқылы, жарыс сабақтар ұйымдастыру барысында
оқушылардың жүйелі ойлай алу негіздерін дамытуға
болады. ҰБТ-де де қазір логикалық сұрақтар
көптеп қамтылуда.
Қорыта
келгенде, қазақта «жылжымаған су, ойланбаған ми сасиды»
деген мақал бар. Брехт айтқандай, «өркениеттің негізгі
мақсаты - ойлауға үйрету» дегендей әрбір пән мен
сабақты барлық оқушы беймәлім дүниеге
тереңдей еніп, тапсырма, құбылысты салыстыра, талдай отырып,
жорамал, тұжырым жасау арқылы ортақ ережені, негізді өз
бетімен байқап, ойлап табуы тиіс.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Баймаханова
С. Деңгейлеп саралап оқыту. Қазақстан мектебі. №10,
2004
2.Мейірманқұлова
Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы, «Үш
Қиян», 2005.