Педагогика/ Проблемы
подготовки специалистов
Өмірбек Нағима
№52 мектептің математика пәні
мұғалімі
Сүттіқұдық ауылы,
Жаңақорған ауданы,Қызылорда облысы
Нәтижеге бағытталған
білім сапасын арттыру жолдары
Еліміз мәртебесінің
биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел
болашағы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне
тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, халқымыздың
барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де
қанық ел тізгінін ұстай білетін ұрпақ
тәрбиелеу ұстаздар қауымына сеніп тапсырылып отыр. Қазіргі
заманғы білім беруге қойылатын басты талап-оның сапасын
арттыру. Ал, берілген білім сапалы болуы үшін:
1.Мұғалім теоретик
болып қана қоймай, ол баланың психологиялқ
ерекшеліктерін жете білуі және бейімділік қабілетін анықтай
білуі керек.Білім беру процесі тәрбиемен үнемі ұштастырыла
жүргізілуі тиіс.
2.Білім беру процесінде
баланың іскерлік қабілетін қалыптастыру үшін ата-анамен
байланыс ұдайы жүргізіліп отыруы керек. Ата-анамен кездесу
барысында баланың үйде қанша уақытын және
қалай сабақ оқуға арнайтынын біліп отыру және ол
жөнінде ата-анамен ашық пікірлесіп отыруы қажет.
3.Мұғалім өз
пәнін қызықты етуі үшін түрлі
әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруі және оларды тиімді
қолдана білуі қажет.
Білім берудің мақсаты
- жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған
терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде
өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін
іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Жеке тұлғаны
қалыптастыруда баланы оқыта отырып, оның еркіндігі мен
белсенділігін қалыптастыра отырып, оның шығармашылық
қабілетін аша білу-әрбір ұстаздың міндеті болып
қала бермек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге
асыру үшін бүгінгі күн талабы - оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру
қажет.
Қазіргі білім беру саласында
оқытудың жаңа технологияларын зерттеп, оқып-үйреніп,
оларды меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін
емес.
Қазіргі заманғы
оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
-оқыту
мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми
негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің
жоғары сапалы болуы;
-оқу процесінде
қарым-қатынастың еркін болуы;
-оны үнемі
жетілдіріп,толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы орайда өз
тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу
үшін алдыма мынадай мақсат қойдым: дүниетанымы
кең, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, шығармашылық
қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма мынадай міндеттер қойдым:
-жас ұрпақтың
қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық
ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз әрекеттеріне сыни
тұрғыдан қарауға баулу.
Мұғалімнің
шығармашылық жұмысы алғашқы сабаққа
даярлығынан басталады, яғни өтілетін сабақтың
жоспарын құру, оның өткізу әдістемесін жасау, оқушылардың
қабілеттері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрациялық, техникалық
құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану.
Мұғалімнің осы
шығармашылық әрекеті арқылы оқушының
шығармашылық қабілеті қалыптасады. Оқушыны
шығармашылық ойлауға, шапшаңдыққа, икемділікке,
тапқырлыққа баулу ол мұғалімнің әр
сабағында қалыптасып отыруы тиіс.
Оқушы
шығармашылығы үнемі сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан
қолдау тауып отыруы тиіс. Мұғалімнің ең
үлкен міндеті-шығармашылық бағыт-бағдар беріп
отыруы. Шығармашылықпен айналысуы үшін жеке дара оқушы
емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласуы үшін
мүмкіндік туғызу, өзара шығармашылық
қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату қажет.
Оқушының
шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік
әрекеттері арқылы арқылы дамиды. Ойлауға
үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім
мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру
қажет.
Мұғалім бұл
жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы
емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық
істердің ұйтқысы болуы тиіс.
Оқушылардың пәнге
қызығушылығы:
1.Жақсы
ұйымдастырылғын сабаққа байланысты. Әр
сабақ алдыңғы сабақты қайталамайтындай етіп
ұйымдастырылуы керек, яғни әдіс-тәсілдерді
түрлендіріп отыру қажет.
2.Сабақта мәселелік
жағдай туғызып отыруға да байланысты. Мәселенің
шешімін табу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті
нығайып, кез келген мәселені шешуге үйренеді.
3.Сыныпта тек жақсы
оқитын оқушылармен жұмыс істеп қана қоймай, барлық
баланың дамуына қолайлы жағдай туғызып, қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуінің ойластырылуына да байланысты.
Оқушыны оқыта отырып,
қабілетсіз оқушы болмайтынын, оқушылардың дара
қасиеттерін аша білуге болатынын жаңашыл ұстаз түсінеді
және өзінің жас ұрпақ бағбаны
болатындығын сезінеді.
Жаңа әлем
болашағын даярлайтын жаңашыл ұстаз атану
үшін,әрбір мұғалім:
-өз білімін ұдайы, табандылықпен
жетілдіріп отыруы;
-тапсырылған іске
жоғары жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарауы;
-өз мәдениетін
жетілдіріп отыруы;
-педагогтік, психологиялық
білімін жетілдірумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер
пайдалана білуі керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі
жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны
көбейеді. Мұғалім қай пәннен сабақ
бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты
кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Жаңа әлемдегі әрбір мұғалімнің
алдында білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге
оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын
өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім
түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан жақты даму
үшін балаға
мұғалім ғана көмектесе алады.
Математика - оқушылардың
ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі
пән. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын
және шығармашылық қабілеттерін
дамытуға,табиғат заңдылықтарын толығымен
түсінуге ықпал жасайды. Оның мақсаты: жаңа
ақпараттық дамыған қоғамда оқушыларды
белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындау. Бұл
мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық
технологияларды сабақ беру процесіне пайдалану қажет.
Сондай-ақ түрлі
инновациялық технологияларды тиімді пайдалану да математика пәнін оқытуда өз жемісін
бермек.
Оқулықпен жұмыс
істей білу, бұл да оқушылардың есте сақтау, ой
белсенділіктерін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. «Түртіп
алу» әдісінде оқушы белгіліден белгісізге қарай көше
отырып, сол белгісізді өз бетінше табуға ұмтылады. Өз
бетінше өз ойларымен жасалған еңбек оқушыны
шыңдайды, есте сақтау қабілетін арттырады.
«Венн диаграммасын» қолдана
отырып, оқушы бір нәрсені екінші нәрсемен салыстыруға, олардың
өзіндік ерекшеліктерін айқындай білуге дағдыланады.
Қорыта айтқанда, XXI
ғасыр әлемдік «ашық ақпараттық»
қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы - бұл
«ақпараттық ғасыр» ордасы. Оның негізі - өз
бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби
мәдениетті меңгерген бәсекеге қабілетті маман. Жаңа
ақпараттық технологиялар, мультимедиалық өнімдер - бұл
оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді жаңа
шешімдер таба алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің
бірден-бір жолы.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Математика және физика»
№5, 2011 ж, №6-2009 ж
2. Интернет желісі