«ҚАРҚАРА КӨТЕРІЛІСІНДЕГІ БАБАЛАР ЕРЛІГІ –
ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ,
ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ»
Алиев Дастан
Амангелдіұлы, Алматы облысы,
Райымбек ауданы,
Жалаңаш ауылы,
«Ж. Ермегияев
атындағы орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі,
тарих пәнінің
мұғалімі
Елдің
елдігін, халықтың халықтығын танытатын белгінің
бірі аумалы – төкпелі сәттерде өмір жүгін қалай
көтере алғандығы болса керек.
Көпшілік
1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы туралы
әңгімеге қанық. Ол туралы дерек көздері де
өте мол. Әйтсе де Жетісудағы 1916 жылғы ұлт –
азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі –
Қарқара көтерілісі әлі де ұдайы ізденісті, тозбас
төзім, қайрат – қажырды жұмсай отырып,
шындыққа тиянақты, тыңғылықты зерттеу
жүргізуді қажет етеді:
Қозғалыстың
100 жылдығына орай жалпақ жұртқа тағылым
боларлық тарихы айтылуы керек. Қазақта «тақыр жерге
шөп шықпайды» деген сөз бар. Албан елінің маңдайына
біткен Райымбек, Саурық сынды батырлардың ізін жалғастырушы –
Жәмеңке, Ұзақ, Әубәкір,
Тұрлықожа, Серікбай сияқты т.б. көптеген
бабаларымыздың елге құрметі, ұлтқа ілтипаты, ата
– баба өнегесіне адалдығы жастарға өнеге
боларлық. Оларға өткендегі нәрсе өткенмен бірге із
– түзсіз жоғалып кетпейді, бүгінгі – кешегінің
жалғасы, өткеннің салдары, болашақтың себепшісі,
өмірде ғайыптан пайда болатын ешнәрсе жоқ, кешегі мен
бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі бәрі де бір – бірімен
табиғи да, тарихи да тұрғыдан байланысты дегенді
ұқтыру керек. Осы орайда таным деңгейінен зерделеп, зерттеп
қарасақ Қарқара көтерілісі – тәуелсіздік
бастауы болғанын ұғамыз. Бұл патша
үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы соңғы
әрі мықты қарсылық еді.
М.Әуезов,
С.Байжанов, С.Қожабеков, К.Нұрпейісов, Ә.Алыбаев,
С.Тәнекеев, Ж.Тұрлыбайұлы сияқты зерделі
жандардың тірнектеп жиған деректерінің бәрі алыста
қалған сол оқиғаны барлап, бүгінге адам кешеден
келетініне көңіл аудартады. Соған байланысты, біздің
мақсат – жаңа ұрпаққа бабалар рухын қайта
егу, өртеңге егу, ұлы бабаларының кемерлі шараларынан
кермек дәмді болса да шәрбат татқызу.
Мұндай тау
тұлғалы азаматтардың еңбегін, ерлігін зерделемейінше
бүгін мен болашақтың бағыттарына байыпты барлау
жасалмайды да. А.Байтұрсыновтың Г.Н.Потанинге «Ұл туып
ұлы жолда қызмет етсе, онан зор ұлтқа бар ма ырыс»
деген арнауы Албан елінің ары мен алдаспанындай, намысы мен
наркескеніндей болған, Албан көтерілісінің барысында суырылып
шығып, ешқандай сотсыз, азаптап өлтірілген 138 адамның
барлығына да қатыстыдай.
Өз тізгінін
өзі ұстамай, еркі мен тағдырын жат жұрттың
қолына беріп қойған елдің қашан да бір
мұңы артық. Қазақ халқы соңғы
бірнеше ғасырда әлеуметтік әлемет пен ұлттық
езілудің дәмін толық татқан ел. Ресей
патшалығының тойымсыз, обыр озбырлығының қандай
бәлекетке душар еткенін тарихтың ұзына бойында сан
соқтырған қаншама қайғылы оқиғалардан
білеміз. Отар аймақтарды тежеп, ішкі әлемін тонап,
құлдық психологияны мойындатқан патщалық
Ресейдің «бөліп ал да, билей бер» саясатының салқыны
қазақ халқының артта қалуына әкелді. «Жығылған
үстіне жұдырық» дегендей оған енді 1916 жылғы 25
маусымдағы патша жарлығы қосылды. Көп
зұлымдық, сан қорлық ел ішіне бітеу жарадай
қатып, жүрегін ызаға кернетті. Жара қанша болса, кек те
сонша өлшеусіз еді.
Ұлы
бабаларымыздың бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің: «Біз
қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге
соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт –
береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп
найзаға үкі таққан елміз... Атадан ұл туса
құл боламын деп тумайды1...» деген философиялық
толғауы бүкіл қазақ халқының, соның
ішінде көнтерілі, молқолды, момын Албан елінің де қадір
– қасиетін, мақсат – мүддесін, тыныштық сүйгіш
табиғатын, сонымен қатар ерлігі мен елдігін де сипаттаса
керек.
1.Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар жинағы, //
Алматы «Жазушы»., 2 – том 120 бет.
Ежелден
батырлық пен ерлік рухы сіңген топырақта өмір
сүріп келе жатқан Албан елінің
азаматтары екі жағдайда
ғана қолдарына қару алды. Олар: туған жерді жат
жерліктердің шапқыншылығынан қорғау және
бостандық үшін күрес.
1916 жылы ұлт
тағдыры тәлкекке түскен қилы заманда елім, жерім,
ұлтым деп еңіреген Жәмеңке, Ұзақ,
Әубәкір, Ыбырай, Серікбай сияқты т.б ұлтжанды
бабаларымыз ұлт намысына қамшы болар аталы сөз айтып,
қалың елдің қамын жеп бастарын бәйгеге тікті. Біз
осы ататегімізде бар ұлтшылдық, елжандылық қасиеттерді
ұрпақтар бойына сіңіруге тиіспіз. Бұлар жайлы
ақын:
Жәмеңке,Ұзақ
батыр, Серікбайлар,
Кәрібоз,
Жаңабайлар дарыны елдің.
Күйеді
ойлағанда ішім оттай,
Алтыны бірің
емес, бәрің елдің деп жырласа1. Б.Момышұлы:
«Өткенін білмеген, одан тәлім, ғибрат алмаған
халықтың ұрпағы тұл, келешегі -тұрлаусыз»
деген екен.
Осы орайда Албан
елінің қасиеті мен қасіретін қатар өрбіткен
М.Әуезовтың әйгілі «Қилы заман» еңбегінің
желісімен жүріп отырып, балалардың ұлтжандылық сезіміне
түрткі болар тұстарға тоқталайық.
Әуелде 1916
жылға дейін олардың өмірі елеусіздей, халық назарына
ілінбей, шаңы білінбей өтіп жатқан сияқтанғанымен,
былай қарасақ ұсақ – түйек саналатын
олардың мінез – құлқына оқушылар ойлы
көзбен қарап, байыбына барса олардың өзі үлкен
сырлар ұқтырып, толғандырады, ойға шомдырады,
тұрлаулы тұжырымдар жасауға жетелейді. Олардың
жақын – жуықтарымен әңгімелесу, архив материалдарымен
танысу, көнекөздердің ауызекі мәліметтеріне
сүйену, Қарқара көтерілісінің әлі де
ашылмаған көп сырын, айтатын жаңалығын алдыға
тосуы мүмкін. Қазіргі жаңа дәуірдің
сәулетті тіршілігінде өсіп келе жатқан оқушыларды
«Қилы заманды» оқи бастағанда көркем табиғат
келбеті сүйсіндірсе, оқиға барысында олар бозғылт
тұман арасынан қарауытқан өткен дәуір
сұлбаларын танығандай, түстегендей болары сөзсіз. Кеше
жайында оқушыларға дұрыс бағдар берудің
құндылығы – өткен өмірді бүгінгі күн
тұрғысынан дұрыс бейнелеп, көне тарихтың
шаңды парақтарын қағып әкеп, алға тартуда,
олардың назарын аудартуда.
Патша жарлығын
жеткізген Ақжелкенің жарлығына Әубәкірдің
«Бірнәрсе деуден бұрын елге тілдессек екен, Бұл арада
жиналған халық осыны тілейді2» деуі, ел сөзін
ұстаған азаматтардың ел ниетін білуге ұмтылуы,
асығыстық танытпай халық пікірімен санасуы «Қалың
елі болмаса ерлер жетім екендігін3» (І.Жансүгіров)
ұғындырады.
Дуалы ауыз
қария Жәмеңкенің «Бас амалдайтын күн емес,.. Бір
біздің амандығымыз кімге тұлға болады?
Қамалған елге біз сөйлемесек кім сөйлейді?» деп
жұрт алдындағы жауапкершілікті мойындарына алуы да «етігімен су
кешетін ерлердің» ісін танытып тұр.
Ал суырылып
көп сөйлемейтін, сөйлесе кесіп айтатын
Ұзақтың әрекетін оқушыларға ой
салудың, ойлантудың құралы деп білу керек.
«Елдігіңе сын Албан баласы! Жер тіреген шал болсақ та
қатарыңнан қалар деме, жалтарады екен деме4» деген
Жәмеңкенің жан айқайы ел үмітін
ақтаған, сүйіндірген тірлік болғанын бүгінгі
ұрпақ жан жүрегімен түсінуі тиіс. Айттөбе мен
Қабан Қарағайдағы жиындар көтерілістің ірге
тасын орнықтырды. Ал Подворковтың қайыра шақыруына
келгенде ел ағалары жасқанбай сөйлеп
ұлықтың жүрегін шайлықтырды.
Тұрлықожа ақсақалдың ақ патшаның
әділдігінен тайып, қарашасын бұзып алғандығын,
жағдай түзеледі деген үміттің кесіліп,
жұрттың төзімін тауысқанын:
...Солдат алмаймын
деп еді, одан танды;
...Алымды алды,
артық алды;
Жерді, суды алды. Ел
екі сөйлеген патшаға наразы. Халықтың шыдамы таусылды.
Бала бермейміз мал алсын, әйтпесе астына ат, қолына қару
берсін5 – деген қатты даусы елдің айызын қандырып
қана қойған жоқ, кернеп тұрған ашуды ел
ұранымен тасқындата білді: Бұл ұрпаққа
ұран боларлық ойлар еді. Бұл шешімді байлау тұс –
тұстағы Албан жұртына лезде жетті.
К.Байшығанұлы.
Қайтейін жалған дүние..., // Алматы «Тоғанай Т».,2008
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар жинағы, //
Алматы «Жазушы»., 2 – том 127 бет.
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар жинағы, //
Алматы «Жазушы»., 2 – том 127 бет.
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар жинағы, //
Алматы «Жазушы»., 2 – том 127 бет.
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар жинағы, //
Алматы «Жазушы»., 2 – том 161-162 бет.
Асыдағы
Қызылбөрік руы көтеріліп, Верныйдан келген уезд
бастығының көмекшісі Хлыновский әскерлерімен қоса
таяқ жеп, жағымпаздар көмегімен әрең бас
сауғалады. Ол өз
бастықтарына «Сөгетіде
соғыс басталды. 100-200 кісі әскер, пулемет жіберіңдер»-
деген жедел хат жіберуге мәжбүр болды1. Бұл
қазақтың «Көп қорқытады, терең
батырады» дегенінің
айғағы.
Шырғанақтан
Ыбырай баба: «Уезд болмақ түгілі жандарал болса да2» деп
қызулы, өтімді сөздер айтып көпті соңына ертті.
Қауым жаяу болса да даланың өртіндей жаланып тұрды.
Бұл қалың Албанның басшысыз емес екендігін танытты.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп білетін қазақ үшін
мұндай сөздердің намысты жанитын құдіреті бар
екенін ұрпаққа өз жөнінде жеткізе білудің
де жөні ерекше.
«Еркек тоқты
құрбандық» деп ел амандығын сұраған
Көпбай Шырғанақта: «Төбемізге құй
қазса да шыдадық. Енді елдің елдігі, намысы үшін
орыстың айдауына барып қырылғанша туған жерімізде
біріміз қалғанша соғысып өлейік. Ел туы
жығылмасын» деп ашынуы да бүгінгі ұрпаққа
сабақ боларлық. «Тамшы тасты да теседі» деген ой мұнда да
айтылып тұр. Мұның бәрікөп қырсықтан,
көлденең бәледен құтылудың жолы –
елдің бірлігі, бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып, ынтымақпен әрекет ету деп шақырып
тұрған жоқ па?
-
Жәке бала берсек қайтеді...
Сіз бен біздің баламыз ол
іспескіге кірмейді ғой,- деген Рақымбайға
-
Әй,
Рақымбай! Мен жетпістің желкесіне келген Жәмеңкемін.
Осынша жасқа келгенде өз балам үшін бүкіл Албан баласын
ақ патшаға байлап бере алмаймын! Ол дүниеге Албан
жұртының қарғысы мен көз жасын байлап кете
алмаймын – десе,
Ұлықпен келісімге келуге үгіттеген
ағасы Түнқатарға Ұзақтың:
«Ұлыққа қай қылығым жағушы еді
менің? Жер үстінде жүрме, үніңді шығарма,
қатын бол дейді. Соның бәріне бас ие берейін бе?...
Өлтірсе де жағаласпай қол қусырып өл дейсің
ғой. Өйтетін болсам, әкем Саурықтың
әруағынан садаға кетсем болмай ма?! Жоғал көзіме
көрінбей, дүниеқор, арамсирақ. Албан атынан, Саурықтың
зәрінен садаға кеткір!... Осы жолда өлемін4»- деп
ашу шақырады. Осы жайлы оқығанда әлі де еңбегі
жинақталып, жариялана қоймаған, жұрт жете тани
бермейтін М.Жылқайдаровтың «Тентегіңнен болмаса
тепеңкөктен, ешқашанда тумайды ғасыр әні» дейтін
өлең жолдары ойға оралады.
Иә,
бұл – Абай айтқан «Атаның ұлы емес, адамның
ұлы болған» асыл азаматтардың тұғырлы
тұлғаларын танытатын сәттер. Бұл жастарды
адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке тәрбиелеуге мысал
боларлық жайттар. Мұндай азаматтық түйіндер жас
ұрпақтың көкірегіне көшіп, кеудесіне сыр, зердесіне
ой ұялататынына дау жоқ. Оған айғақ бір кезде
С.Сейфуллин:
Көк
шыбықтар көбейсе тал боп жетіп, Көркейер сонда бақша
қайғы кетіп.
Я, алла!
Жеткіз сорлы жастарды, Деп тіледім, шыбықтардан үміт етіп, - деп
патшадан түңіліп, жастарға үміт артып еді. Үнемі
жастарға сын көзімен қарайтын аға ұрпақ
1986 жылы ақын үмітінің алдамағанына көз
жеткізді. Бұл ата – баба ерлігінің,
намысқойлығының ұрпақтар бойынан көрініс
табуы еді. Бұл тамырында қазақтың қаны бар
жастардың жылдар өте келе ширауы, ширығуы еді. Бұл
ұрпақтар арасындағы үзілмей келе жатқан
сабақтастықтың үлгісі, елдің ертеңі –
сенімді қолда болатынына көз жеткізу еді.
Көптің
арқасына түскен салмақты көтеру үшін тобын жазбай
жалғыз аттарына дейін баптап, шашырамай жалаулы найза астына біріккен ер
– азамат ел басына күн туғанда ел намысы үшін бас
амандығын құрбандыққа шалды. Қару емес,
қажыр алатынын дәлелдеді. Бұл өлмес өнеге емес
деп ешкім айта алмас. Өздері мерт болардың алдында айтқан
сөздері ше? Жәмеңкенің қан майданда
қарсыласып жастығын ала өлмегеніне өкініш білдіруі;
Тұрлықожаның «Елге сәлем айт; береке, ынтымағынан
айырылмасын» - деуі, Ұзақтың «тірі қалсаң Албан
баласына сәлем айт: Арман жоқ. Ел үшін...5» деген
сөздері тегін сөйлемейтін тектілердің ойларына еріксіз назар
аудартады.
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар
жинағы, // Алматы «Жазушы»., 2 – том 194
бет.
Қарқара айбаты, Құжаттар мен
материалдар жинағы // Алматы, «Өлке» 1991ж, 104 бет
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар
жинағы, // Алматы «Жазушы»., 2 – том 195
бет.
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар
жинағы, // Алматы «Жазушы»., 2 – том 143
бет.
Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар
жинағы, // Алматы «Жазушы»., 2 – том 145
бет.
Елге мұра,
ұрпаққа ұран боларлық үлгі
қалдырған бабаларымыздың төккен қаны, көрсеткен өнегесі
текке кетпеді. Олардың «Қилы замандағы» -
адамгершіліктің, ерліктің алып арнасын құрап, тектілік
пен тазалықтың үлгісін баршаға паш етіп
тұрғанын оқушыларға жеткізе білсек, сол ата –
бабаларға да, өз дәуірінің рухани жүгін
арқалап, Қарқара қаһармандарын қазақ
көгіне көтерген М.Әуезовтей дара жазушыға да бас иіп,
ата – бабалар рухына тағзым еткен болар едік.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде шыбын
жанын құрбан еткен жастар рухы қалғып кеткен
қазақты ұйқысынан оятып қана қоймай, ұлт
ретінде ұйыстырды да. Ұлттық рух жаншылып, ел намысы
табанға тапталған тұстарда бой көрсеткен екі
қозғалысты 70 жыл уақыт бөліп тұрса да,
араларында сабақтастық бар. Елбасына күн туған
шақта 1916 жылы Серікбай бабамыз айтқандай «Елдің сөзін
сіздерге бергендегі іздегені де қалың елдің елдігін
көрсететін жол тапсын дегені ғой» деп, елдің дуалы ауыз
азаматтарға артқан үміті ақталып, олар
жұдырықтай жұмылып айрандай ұйыды. Ұзақ
«Қазаққа ұлық дәрі емес» деп кесімді
сөзін айтып, ұлықтың жүрегін шайлықтырып,
көптің арқасына түскен салмақты көтеруге
күш салуды ұйымдастырса, одан тура 70 жыл өткен соң,
1986 жылы жастар жанар таудай атқылады. Оған да міне 30 жыл толды.
«Қилы заман» аға буынның
асыл қасиеттерін құрметтеуге, тарихтан тағылым
алуға, атаның ұлы болмай, адамның ұлы
болуға үндеп тұрғандай. Ұлы жазушының
шығармасындағы көтеріліс басшылары жайлы пікірді
оқығанда, М.Иманжановтың Б.Бұлқышевтың
майданда қаза тапқанын естігенде жазған
толғауындағы «Кейінгі ұрпақ ... сенің
сөзіңді ешқашанда ұмытпақшы емес» дегені
ойға оралады. Тектілік пен тазалықтың үлгісін
көрсетіп, өз халқына деген сүйіспеншілік танытып,
елінің мүддесін сатқандармен келіспей, өз
жұртының бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен
есімдер, «Қайран ерлер болмаса ел – жетім» екенін ескертіп
тұрған жоқ па?
Уақыт
бұл кезеңдерді өшіріп тастай алмайды. Ол халықтың
санасында тәуелсіздікке дейін де сақталған, әлі де
сақталады. Біз қазір олардың рухына ілтипатпен тағзым
етіп келеміз1.
Халықта
«Кемеңгерлер халық қалауымен тумайды, тарих қалауымен
туады» деген сөз бар. Сол тарих қалауымен артына «бала
өлгенше шал өлсін» деп ұрпаққа ұран,
жастарға өнеге боларлық ұлағат
қалдырған, тарлан тартқан қария сөзі баянды тарих
бабалардан басталатынына көз жеткізеді. Олар атқарған істер,
ел үшін жасалған қадамдар ата жолының шексіз,
даңғылдары мол, үлгісі дархан екендігін
ұғындырады. Соны ұққанда ғана намысы
шақпақ тастай, жігері қайрақ тастай, жиған –
тергені көл дариядай ұрпақтар өседі.
Қарқара
көтерілісі жайлы жазу бір қарағанда оңай сияқты.
Өйткені жалпақ жұртқа танымал тақырып. Алайда
оқиға туралы ой толғау – әрі қиын, әрі
жауапты міндет. Өйткені оған дәлдік пен ақиқат
қажет.
Қарқара айбаты К.Нұрпейісов // Алматы, «Өлке» 1991ж 15 бет
Пайдаланылған әдебиеттер:
Деректер жинағы
Қарқара айбаты, Құжаттар мен
материалдар жинағы // Алматы, «Өлке» 1991ж
Шығармалар:
1.Әуезов М. Қилы заман // Шығармалар
жинағы, // Алматы «Жазушы» 2 – том
2. Жұртбаев Т. Бейуақ // Алматы
«Қазақстан» 1990ж
3. Тәнекеев С. // Алматы «Қазақстан»
1990ж
Анықтамалықтар
ҚСЭ., Жетісу көтерілісі // 4 том, 1974, 438 –
439 беттер
Баспасөз материалдары
1.
Қаупынбаев Т. Дәнек пен дәйек, //
Өркен,1993ж. 13 ақпан
2.
Хантәңірі газетінің әр
жылдардағы номерлері