Бірлік Бидай
Қарағанды облысы Нұра
ауданындағы Байтуған ауылының Байтуған
ЖОББМ, Қазақстан
Бала тәрбиесіндегі ата-ана
рөлі
Бүгінгі қоғам мүддесіне
лайықты жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат
тәрбиелеп өсіру - негізгі мәселенің бірі болып отыр.
Осы орайда еркіндік елдің ертеңін баянды ету бағытында
жүзеге асырылып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды
ескере отырып дайындалған білім, ғылым саласындағы ресми
құжаттар тәжірибиеде қолданылуда.
Президент Н.Ә.Назарбаев білім және
ғылым қызметкерлері арасында өткен съезде білім беру
жүйесінің қалыптасуында негізгі орынды оқу сапасын
жоғарылату және мамандарды даярлау мәселесі алатынын атап көрсетті.
Бүгінгі ұрпақ жаңа ғасырдың белсенді
жаңа тұрмыс- салты бойынша өмір сүруі қажет. Бала
бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік ақыл-ой, танымдық сана
сезімді қалыптастыру салауатты тәрбие беру, жаңаша
құруды керек етеді. Дүниенің терең де нәзік
сырын сезіне алатын жас ұрпақты тәрбиелеу әр
адамның ғана емес бүкіл қоғамның борышы.
Әрбір ата-ана өз перзетінің
әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және
кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің
жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын
тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын
білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік
сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана
ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды,
берілген тәрбие сенімді және негізді. Бала тәрбиесінің
алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы,
өз отының басындағы тәрбиесі, тілі.
Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана»,
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей,
есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды,
ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың
салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген
үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде
әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана
баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың
мейірлі мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе
ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке
таңытыды. Ана тәрбиесі ұлылық дәнін себеді.
Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп шығады.
Бала – ата-анасының игі істерінің
жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – ата-ана үшін
күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай
жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға
мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларныың
көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман
әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір
ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өіне мейрімді,
еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық
алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала
тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ.
Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса,
қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатына
ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат. Бала
тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген
халық даналығын ұмытуға ешкімнін хақысы
жоқ. Сондықтан, «бала жас, әлі ешнәрсені білмейді,
өсе келер бәрі түсінеді», – деп қарау – барып
тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат,
әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты,
күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны
қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да
алмастыра алмайды. Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие
ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге
келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның
құндылығын қабылдату, ұрпақтың,
ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін
бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз
қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен
ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі,
ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз
орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі.
Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып,
бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында
бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз
сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың
жақсылығы мен дәулетінің қызығын
көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат
тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде
қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр
ететін жолынан өтуге тиіс. Шариғатта да алтын ұя – отбасы
жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші
дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына
берілген аяулы аманат.» Бұл ғажайып құдайшылдық
аңықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр
үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы
өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз
нәресте кезінен бастап бақытты балалы шақ, жеке
шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін
отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында
жүзіп бара жатқан қайыққа тенесек, оның
қос ескегі – әке мен ана дер едік.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Бакреденова А.
Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін
оқыту методикасы [текст]/ А.Бакреденова,Б.Баймуратов,1992-148с.
2 «Балабақшада
оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы»бойынша
әдістемелік нұсқау[текст]/(балабақша
тәрбиешілеріне арналған)/дайындаған Б.Баймуратова,1982-208с.
3 Дүкенбаева
Ғ.Х. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу[текст]/Ә.Х.Дүкенбаева,1992-60с.
4 Молдагаринов А.
Қазақ ойындары [текст]балаларға
арналған/А.Молдагаринов,2007-48с.
5 Тіл дамытуды
ғажайып әлемі[текст]Дидактикалық материал,2002-71с.
6 Бәтібаева
С.Ғ. Қазақстанда қазақ
балабақшаларының қалыптасуы мен
дамуы(1946-2001)[текст]/автореферат С.Ғ.Бәтібаева 2004-27с.
7 Капенова А.І
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың
қарым қатынас сөйлуін қалыптастыру[текст автореферат]/
Капенова А.І. 2004-30с.