Мамырова
Анар Тұрғановна, Тұрсынбаев Абай Закирович
Діни тәрбие беру
және оның мәні мен
мазмұны
Діни сауаттылықтың
негізі мектептен басталуы тиіс. Діни сауаттылықты ендірту
үдерісінде 2009 жылдан бастап орта мектептердің 9 сыныптарына
енгізілген «Дінтану негіздері» факультативтік сабағының орны
ерекше. Пәннің енгізілуінің біршама жағымды
жақтарын айқындауға болады. Алайда, «Дінтану негіздері» курсы
6,7,8 сыныптардан бастап енгізілсе оқушылардың діни
сауаттылығының қалыптасуына біршама ықпал беретіні
ақиқат. Оқушылар курстың соңында әлем
халықтары арасында діни сенімдер мен діндердің пайда болуы,
орнығуы мен дамуы, діннің мәнін, оның адам өмірі
мен қоғамдағы алатын орнын, мақсаты мен мұратын
түсіне, ажырата алу, өзін және жақындарын деструктивті
және радикалды діни ағымдардың ықпалынан
қорғай алу, өзгенің діни танымына құрмет
сезімі мен өз сеніміне құндылық қатынасы
және жоғары адамгершілік қасиеттер мен ізгілікті
дүниетанымға ие тұлға болып қалыптасып
шығуы тиіс. Орта білім беру мекемелерінде, құқық
қорғау, медицина орталықтарымен жылдық бірлескен
іс-шаралар жоспарлары әзірленетіні белгілі, сол сияқты
облыстық Дін істері департаментімен әр мектептің бірлескен
жылдық іс-шаралар жоспарлары құрастырылса
мәселенің түйінді проблемаларының тікелей шешілуіне
ықпал етеді.
Қазақстан
Республикасы зайырлы мемлекет, Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесі зайырлы сипатқа ие. 2011 жылы 11 қазанда
қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»
Заңының 3 бабы, 4 тармағында «діни білім беру ұйымдарын
қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен
тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген
және зайырлы сипатта болады» деп көрсетілген. «Білім туралы»
Заңының 3 бабы 1-4 тармағында «білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі білім
берудің зайырлы сипаты болып табылады» деп нақтыланған. Біз,
яғни білім беру мекемелері ешқандайда діни ұйымдардың
ішкі ісіне араласпаймыз, ал діни ұйымдар неге зайырлы болып табылатын білім
ошақтарының ішкі ісіне араласып, өздерінің діни атрибуикасын
қолдануды
Жастар бойындағы жаман
қылықтарға қарсы күресетін иммунитет – діни,
рухани-адамгершілік және моральдық ұғымдар. Діни
тәрбие адам бойындағы ар-намыс, Отанға деген
сүйіспеншілік сезімдерін оятады. Мектеп қабырғасынан
оқушыларымызды діни, саяси сауатты, толыққанды жетілген
тұлға етіп тәрбиелеп шығарған жағдайда
ғана діни фанатизмнің қауіпінен арашалауға болады. Діни
сауаттылықты қалыптастыру – заман талабы екендігін естен
шығармағанымыз абзал.
Дүниетаным
мәселесін қарастырғанда ең алдымен бұл
сөздің лексикалық құрамдас бөліктеріне
назар аударған жөн. Ол екі сөзден құралған:
дүние және таным (дүние, көзқарас). Демек,
дүниетаным дегеніміз адамның санасының спецификалық
түрі, оның қоршаған ортаға көзқарасы
және осы ортада өзінің орны туралы түсінігі.
Әрине, қоршаған ортада байланысып жатқан
өзгерістерге, процесстерге қатысты әр адамның
өзіндік ойы, көзқарасы болады. Бірақ бұл
көзқарастардың сапалық деңгейі әр
түрлі болады: күнделікті өмірге тиісті, сана-сезімге
негізделген - тұрмыстық, теориялық түсінікке
негізделген - ғылыми дүниетаным. Сонымен қатар бұл
көзқарастарды толықтығына, мазмұндылығына,
тереңдігіне қарай одан әрі талқылауға болады. Мектеп
тәрбиесі жайында сөз қозғағанда ғылыми
дүниетаным, оның тереңдігі, толықтығы,
кеңдігі негізге алынады. Бұл жағдайда дүниетаным
сөзін қалай түсінуге болады? Ж.Б.Қоянбаев және Р.М.Қоянбаева жазған «Педагогика»
атты еңбегінде дүниетанымға келесідей анықтама береді:
«Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы
адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған
шындыққа және өзіне қатынасы туралы
көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы
көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік
позициясын, олардың сенімдері, мұраттары таным жэне іс-әрекет
принциптері, құндылық бағдарламалары». Ал,
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында
«қоғамдық сана мен жеке адам санасының ең
жоғарғы деңгейі», - деген. Ол өзінің
қызметі мен мәдени міндеті бойынша адамның біртұтас
дүниедегі бағдарларының кешені болып табылады.
Дүниетаным - ақиқатты рухани практикалық
тұрғыдан игеру жүйесі. Соның ішінде білім мен сенім
жиынтығы, адамдардың адамгершілік мұраттары мен
әлеуметтік мінез-кұлқы реттегіштері, саяси бағдарлар,
қоршаған ортаға деген психологиялық және
эстетикалық көзқарас дүниені түсіну және
дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады.
Дүниетаным — жеке адам
және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік
қалпы жайлы ұғымдардың жиынтығы,
дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі.
Дүниетанымға
Э.И.Моносзан мынадай анықтама берген:
«Дүниетаным -дегеніміз жалпыланған көзқарастар
жиынтығы, оның құрамына қоршаған табиғи және
әлеуметтік ортаға байланысты ойы, сенімі мен мұраттары
жатады. Ол жалпылама адамның өмірлік бағыт-бағдарын
белгілейді». Ал, Н.К.Гончаров бұл мәселені кеңірек
талқылады, ол дүниетанымды «тұлға білімінің
жиынтығы», «оның көзқарастарының жүйесін»,
«оның қоршаған орта мен айналасындағы адамдарға
деген ойын білдіруін», «сенімдердің жиынтығы» түрінде комплексті қарастырды.
Бұл
жерде дүниетаным деп адамның білім жүйесін, оның
көзқарастарын, сенімдері мен мұраттарын өз бойында
жинақтайтын сананың ерекше бір түрі. Ол адамның
табиғат пен қоғамның дамуына, саясатқа,
өмірдегі мақсатына деген негізгі ойларды жинақтап, белгілі
бір салаға салады.
Бұл
анықтама дүниетаным мәнін ғана ашпай, оның
құрылымы жайында да түсінік береді. Оның негізгі
құрылымдық компоненттері болып а) ғылыми білім
жүйесі, ә) көзқарастары, б) сенімдері, в) адам мұраттары.
Өз кезегінде бұл компоненттерді 2 топқа жіктеуге болады:
- объективті
(ғылыми білім жүйесі)
- субъективті (көзқарастар,
сенімдер, адам мұраттары)
Білім: объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол
тәжірибиесі. Білім арқылы жеке адам табиғатының
және қоғам құбылыстарының объективтік
жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми
дүниетаным қалыптасуының және дүниетанымы
дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр
адамның көзқарасына, сеніміне айналады. Дегенмен, кейбір
адамдардың білімділік деңгейі жоғары болғанымен
олардың дүниеге көзқарасы дұрыс
қалыптаспаған, яғни жалғыз білімнің өзі
ғана дүниетанымның кепілі емес. Бүл жайында немістің
атақты ақыны Иоган Гете былай деген екен: «Менің білетінімді
өзге де білуі мүмкін бірақ, мұндай жүрек
жалғыз менде ғана». Адамның білімі оның
дүниетанымына айналуы үшін, субъективті қасиетке ие болуы
керек, адамның көзқарасы мен мұратына айналуы тиіс.
Көзқарас жеке адамның табиғи және әлеуметтік
құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.
Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі
көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай
проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе,
ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен
деп тұжырымдайды.
Көзқарас,
әрине, дүниетанымға үлкен әсерін тигізеді және
де оның іс-қимылдарына, құлық тәрбиесіне де
әсер етпей қоймайды. Дегенмен, кейбір жағдайда адамда
түсінік пен көзқарас дұрыс қалыптасқанымен,
ол іс-әрекетпен нақтыланбайды. Мысалы, бір ұры өзге
адамның жекеменшігіне қол сұғу дұрыс емес
екендігін біле түра өз ісін ары қарай жалғастыра
береді. Адамның дүниетанымы сеніммен нақтыланғанда
мүндай жағдай туындамас еді.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын
идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік
позициясының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын
сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі,
шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру;
Адам мұраты жеке түсінудің жоғары
кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары,
өмірге ұмтылушылығы. Мұрат айналадағы
өмірді жетілдіруде және қоғамның
әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін
оятады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1
Ержанова Ұ. Тілдегі қазақтар
дүниетанымы. //
Ұлағат. №7-2006
2
Гулзыхан А. Қазақтардың
дүниетанымы - А: Қазақ университеті, 1999
3
Ғаббасов С.
Халықтық
педагогиканың
негіздері. Алматы, 1995.