Какбаева Ү. А.

Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Кертінді ауылының М.Сүлейменов атындағы ЖОББМ, Қазақстан

Ұстаздық –ұлы құрмет

 

Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.

Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы

Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.

Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.

Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты.

Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег.

 «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»,-деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай бұл мамандықты игеріп алып кету үшін алдымен оны барынша жақсы көру қажет екен. Мұғалім-балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық сана-сезім, дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбие сіңіруші адам. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет жеңіл емес екенін сезіне де, әрі түсіне білдім. Білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат- жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалықбілімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Яғни қазіргі мұғалім оқушыларға заман талабына сай білім беру үшін алдымен өзі жаңалыққа құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген жан болуы керек. Оқушылардың ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру қажет. Елімізде барлық мектептер компьютерленіп жатыр. Оқушылардың ақпараттануы үшін барлық жағдайлар жасалуда.Қазіргі заман компьютерлік  ақпараттандырылған заман екенін ескерсек, жердегі болып жатқан хабардар  туралы интернет арқылы минутында мағлұмат алып отырған  жастарымызды бір нәрсемен таңқалдыру, оған жаңа сабақ айтып, өзгені тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес екенін аңғаруға болады. ХХІ ғасырдың ұстазы осыған сай  болуы керек. Ал, ұстаздың ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен біліктілік қажет. Сондықтан да  мен үнемі талмай, еңбек етіп, жаңалықтарға ұмтылып жастарға қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім беріп келемін әрі бермекпін де. Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана-мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»- деген пікірін ұстанып, үздіксіз қоғаммен бірге дамып, үнемі ізденуші бола бермекпін. Маған өз мамандығым өте ұнайды. Информатика  кез келген адамның ойын, ақылын ретке келтіреді. Бұл пән қиын пән болып көрінгенімен оның өзінің ерекшеліктері мен қызықтары да толып жатыр.Мен балалармен жұмыс жасағанды қатты жақсы көремін. Әр бала өз бетінше жеке тұлға, әр қайсысына жекеше қарым-қатынас қажет. Олармен жұмыс жасау үшін талмай ізденіп оқу қажет екенін білсем де, мен оқушыларды, мектепті бір күн көрмесем көңілім жай таппайды. Мектеп, оқушылар, ата-аналар менің бар байлығым.Ұстаз-жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адамғана ұстаз бола алады.Өз ойымды «Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген сөзімен қорытындылағым келеді.