Педагогические
науки/
5.Современные
методы преподавания.
Тәңірбергенова Қ.Е.
Ағылшын тілі және француз тілдері оқытушысы, «Шет тілі»
меңгерушісі
Жүні Динара, Жүмаділ Сымбат
БА-13-9/1 студенттері
Ғ.Мұратбаев
атындағы гуманитарлық-технологиялық колледжі
Пазылова А.А.
Университет «Сырдария»,
Жетісай, Қазақстан
АҒЫЛШЫН
ТІЛІ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТҮРI
Белсенді оқу түлерi туралы
сұрақтар шетел тiлiн оқыту әдiстемесiнiң
бiрден-бiр жетiлдiрiлгенi болып табылады. Сонымен бiрге бұл
сұрақ көптеген келiсiлмеген және аяғына дейiн
құрылмаған аспектiлерден тұрады, авторлар бұл
белгiлерге әртүрлi атаулар айтады. Кейбiр авторлар
психологиялық табиғатына қарай оқу түрлерiн
ажыратады: психологиялық ерекшелiктер процесiн ойлау қабiлетi:
аудармалы – аудармасыз, аналитикалық - синтетикалық;
алғашқы кезең басқа авторлар олардың орындалу
жағдайына қарай: өз бетiмен немесе өзiндiк емес, дайындалған
– дайындықсыз; оқылғандардан: экстенсивтiк – интенсивтiк
және т.б .
Қазiргi кезеңде белсенді оқуға
үйретуде С.К.Фоломкинаның классификациясы кең таралған.
Бұл классификация бойынша дауыстап оқу және iштей оқу
түрлерi бар. Бұл оқу түрлерi өзiндiк механизмдерi
бойынша ажыратылады: дауыстап оқу перцептивтiк дамытуды және
тiлдiң артикуляциялық тобының сыртқы айтылуын
ұстанса, iштей оқу – перцептивтiк тобын дамыту және iшкi
артикуляция бойынша.Оқудың бұл түрлерi
әртүрлi оқу функцияларында орындалады. Бiрiншi – оқыту
құралы болып табылады, екiншiсi – оқыту мақсаты болып
табылады. Оқуға үйретудегi үлкен табыс үшiн
барлық мүмкiн нұсқаларды сәйкестендiре
қолдану керек. Дауыстап оқу. Дауыстап оқу шетел тiлiн
оқытуда үлкен мағынаға ие. Дауыстап оқу
тiлдiң дыбыстық жүйесiн меңгеру болып табылады.
Белсенді оқу техникасы жазылғанды дұрыс
дыбыстауды, әрiптiк-дыбыстық құрылымның
шапшаңдығы мен дәлдiгiнiң сәйкестiгiн, оқу
ережесiнiң қолданылуын, тiлдiк материалды меңгерудi болжауды,
сөйлемдердi синтагматикалық бөлудi игеру және
оның дұрыс дауыс ырғағына сай оқуды
қарастырады. Осы оқу техникасы элементтерi дауыстап оқу
және iштей оқуды сипаттайды.
Ағылшын тілі сабағында белсенді оқу үшiн
материалдар бағдарламалы немесе бағдарламасыз болуы мүмкiн.
Мысалы, оқытудың бастауыш кезеңiнде негiзiнен пайдалысы –
дауыстап оқытудағы қиындықтарды жеңiлдету:
дайындалған, жаттықтырылған, сыныптық, өз бетiнше
және хормен, аудармасыз, синтетикалық. Шетел тiлiн дауыстап
оқуды үйретудiң бастауыш кезеңiнде – басты
құрал оқу техникасын дамыту. Оқытуда дауыстап оқу
бақылау рөлiнде және мәнерлеп оқуда басты
құрал болып табылады.
Сол уақытта дауыстап оқу тiл дамытуда өз бетiмен
жұмыс түрiнде көрiнедi, өзiндiк тiлдiк және ойлау
мiндеттерi қолданылады:
а) оқылған тiлдiң әрiптiк – дыбыстық
меңгерiлуi үшiн;
б) сөйлемдердегi синтагма элементiн бiрiктiрiп дамытуды бiлу
үшiн;
в) оқу темпiн шапшаңдату үшiн (оны сөйлеудiң
шапшандық мүмкiндiгiне жеткiзу);
г) болжау мүмкiндiгiн дамыту үшiн; д) түсiнiктiң
дәлдiгiн оқыту және бақылау үшiн;
Дауыстап оқу қазiргi кезеңде мектептерде материалдарды
ауызша өтуде пайдаланылады. Ол сондықтан да ауызша тiлге
жақын.
Iштей оқу. Iштей оқу – оқушылар меңгеруге тиiстi
оқу түрi болып табылады.Оқушыларды әртүрлi
әдебиетердi оқуға, газеттiк және ғылыми –
көпшiлiк мақалаларды оқыту – басты тапсырма, шетел тiлi
мұғалiмiнiң алдына қойылған басты мәселе.
Қазiргi кездегi әдiстемеде оқу сапасын көтеру
мақсатында мынадай оқу түрлерi бар:
Дұрыс оқу:
- сөз iшiнен әрiптi, жеке буынды не жеке бiр
сөздi қалдырмай оқу; кейбiр буынды не жеке сөздi
қайталамай оқу;
- кейбiр дыбыстардың, сөздердiң орнын
ауыстырмай оқу;
- мәтiндегi сөздердiң мағынасына
қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап
оқу;
Түсiнiп оқу:
- сөз мәнiн ұғынып оқу;
- сөйлемдегi сөздердiң байланысын айырып
оқу;
- ауыспалы мағыналы (кекету, күлу,
сықақтау) сөздердi дауыс ырғығына сай оқу;
Шапшаң
оқу:
- оқу темпiн (қарқынын) тездетiп,
жылдамырақ оқу;
Мәнерлеп
оқу:
- әуендi – сазды ерекшелiктердi сақтап оқу;
- ой-екпiнiн дұрыс қойып оқу;
- кейiпкердiң көңiл – күйiн сезiне
оқу;
Бұл
мәтiнмен мынадай жұмыс түрлерiн жүргiзудi талап етедi:
- түсiнiксiз жеке сөздер мен сөз
тiркестерiн,
- жеке сөйлемдердi,
- тұтас мәтiндi талдау;
- жоспар жасау;
- мәтiннiң негiзгi ойын, идеясын;
- мәтiннiң кейiпкерiн;
- мәтiннiң желiсiн т.с.с. анықтау.
Ағылшын тілі сабағында
белсенді оқыту оқушылардың бiлiм, бiлiк дағдыларына
қойылатын бұл талаптар өзара тығыз байланыста
болғандықтан, бiр – бiрiмеи ұштастыра жүргiзiледi .
Оқу мазмұнын ашуда
оқытудың барлық әдiс – тәсiлдерi пайдаланылады:
-
балалардың оқу – таным
әрекетiн ұйымдастыру және оны iске асыру әдiстерi;
-
оқу – таным әрекетiне
түрткi (мотивация) жасау, әсер ету әдiстерi;
-
оқу – таным
әрекеттерiнiң тиiмдiлiгiн тексеру әдiстерi.
Оқушылардың
оқуға қызығушылығын арттыру мен
шығармашылық қабiлетiн қалыптастыру мақсатында
мынандай сабақтар: бiрiккен сабақ, жаңа сабақ,
қайталау, бекiту, жаттығу, сондай-ак сахналау (кейiптендiру),
саяхат, бәйге, жұмбақ, ойын т.с. жүргiзуге болады.
Сыныптан тыс оқу негiзгi
оқудан бөлiнбейдi. Себебi оның мақсатының
өзi – сыныптағы оқуды толықтыру болып табылады.
Сабақта өткізілетін
әр түрлі жұмыс түрі оқушылардың
мотивациясын көтерумен бірге әдістемелік деңгейін
жақсартады. Ағылшын оқулықтарын пайдалану барысында
ағылшын тілі сабақтарының бірнеше үлгілері берілген.
Белсенді оқыту әрекетiнiң мақсаты
мен мотивi - қиындықтарды жеңiп, белгiлi бiр нәтижеге
қол жеткiзу. Ал оқу процесiндегi нәтиже дегенiмiз
ақпаратты нақты әрi терең түсiну және
мазмұнын айта бiлу. Мектепте шетел тiлдерiн белсенді оқыту
процесінде ауызекi сөйлеу сияқты оқу да мақсат не
құрал түрiнде қолданылады: бiрiншi жағдайда
оқушылар оқуды ақпарат қабылдау ретiнде
меңгерулерi керек. Екiншiден, оқуды тiлдiк және материалдарды
өте жақсы меңгеру үшiн үйренуi керек.
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Пути оптимизации
преподавания иностранных языков. (Тезисы докладов). Алматы- 1981.
2. Ярмухамедова С.М. О
новых формах индивидуализации обучения в высшей школе. Алматы- 1992.
3.Артемов.В.А. «Шетел
тілін оқытудың психологиясы», Москва, 1969. 5-бет.
4.Пассов.Е.И, «Орта мектептегі
шет тілінің сабағы», Москва Прсвещение,1991-жыл, 12 бет.
5. Жанпейісова М.М.
Модульдік оқыту технологиясы студентті дамыту құралы ретінде.
- Алматы, 2002.