БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕП ӨМІРІНЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Таубаева Ш.Т., педагогика ғылымының докторы, профессор;

Жанатова А., әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 4 курс студенті,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 

Мектепке келу әр баланың өміріне өзгеріс енгізеді. Мектепте оқуды бастау оның барлық өміріне үлгі. Мектепке дейінгі шақта оның өмірінде ойын маңызды болса, енді ол шектеулі және көптеген талаптар, міндеттермен толықты: енді бала күн сайын мектепке барады, жүйелі және күш сала еңбектенеді, күн режимін сақтайды, мектеп өмірінің түрлі ережелері мен нормаларына бағынуы, мұғалімнің талабын орындауы, сабақ үстінде нақты мектеп бағдарламасымен айналысуы, уақытылы үй тапсырмасын орындауы- оқу жұмысында жақсы жетістікке жеткізеді. Көптеген «болады», «болмайды», «тиісті», «дұрыс», «дұрыс емес» деген сөздер бірінші сынып оқушысына әсер етеді. Бұл ережелер сол мектеп өмірін ұйымдастыруға, баланы жаңа оқу әрекетіне баулуға арналған. Талап және ереже кейде баланың қызығушылығын жояды. Бұл талаптарға бала бейімделуі керек.[1]

Әлеуметтік- педагогикалық аспектіде бейімделу дегеніміз- өзгермелі микроәлеуметтік орта жағдайында неғұрлым барабар мінез- құлық түрлерін қалыптастыру болып табылады.

Мектепке бейімделе алмау ұғымы бірнеше мағынада болып, мысалы «оқуға бейімделудің бұзылуы» (В.В. Ковалев), «оқушы тұлғасының мектептегі оқуда орныққан, өзгеріске түсетін шарттарына бейімделудің бұзылуы» (М.Ш. Вроно), немесе «баланың әлеуметтік- психологиялық және психофизиологиялық міртебесінің мектептегі оқу жағдайының талаптарына сәйкес келмейтінін дәлелдейтін белгілерінің жиынтығы»        (С.А. Беличева) және т.б. деген түсініктер береді.[2]

Баланың оқу процесіне,мектепке бейімдеру 2-3 аптадан алты айға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың индивидуалдық ерекшеліктері; басқалармен қарым- қатынасындағы ерекшеліктері; оқу орынның типі және баланың мектеп өміріне дайындығының деңгейі. Бұл жерде балаға ересектердің, яғни ата-  анасының қолдауы қажет.

Америкалық психолог У. Глассер: «Егер баланың тұлғалық сұраныстары отбасында ашылмаса, онда ол міндетті түрде мектепте ашылуы тиіс. Өмірлік жетістікке қол жеткізу үшін бала мектепте отбасында жетпеген қатынастарды, яғни құрдастарымен өзара ықыласты қарым- қатынасты, ересектермен қарым- қатынасты, өзара сенім мен түсіністік секілді ықпалдарды алуы тиіс. Өзімен өзі қалған жалғыздықтағы бала немес ересек ешуақытта да рухани қанағаттанушылықты сезінбейді. Осы тұста мектеп жалғыздықтан құтқарудың немесе жеңілдетідің тамаша ортасы болып табылады. Мектеп баланың өзіне деген сенімінің артуына және өз бағасын жоғарылатуды қалыптастыруға мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етеді. Сондықтан мектептегі сабақ баланың өмірінде кездескен қиыншылықтарын академиялық тұрғыдан болсын, әлеуметтік сипаттағы болсын мәселелерін өз бетінше шеше алатындай, дағдыларды қалыптастыратындай етіп ұйымдастырылуы тиіс»,- деген болатын. [3]

Баланың мектеп өміріне бейімдеудің психологиялық дайындығын қалыптастырудың  бірнеше кезеңдері жобаланған:

Бірінші кезеңнің мақсаты психологиялық дайындықтың эмоционалдық және тұлғалық компонеттерін қалыптастыру. Бұл кезеңде баланың өзін- өзі ұйымдастыруы жүзеге асады, олардың танымдық белсенділігі тұлғалық мәнді иемденеді- «бастапқы тұлғалық орнығуды қалыптастыру» болып табылатындықтан осындай мақсат туындады. Бұл кезеңде шешілетін негізгі міндеттер: балаларда психологиялық танымдық іс- әрекеттер мен өз бойында тұлғалық қасиеттердің дамуына жағымды түрткілер қалыптастыру; мұғалімге, оқу іс- әрекетіне, мектепке деген қызығушылық, жағымды қарым- қатынас пен түрткілерді қалыптастыру. Аталған міндеттерді шешудің негізгі құралы ретінде мектепке шолу жасау, мектеп және сүйікті ұстаздар жайлы әңгімелер айту, көркем әдебиеттер оқу, мектеп туралы суреттер көру, мектепке қажетті заттар туралы жұмбақтардың шешімін табу, ән тыңдау, тақпақтар жаттау, оқу, білім алу, ақылды болу туралы айтылған мақал- мәтелдермен танысу. Аса маңызды ролге ие М.А. Панфилованың  «Жақсы- жаман», «Мектепке барар жол» ойындары. Себебі балалар бұл ойындар барысында оқудың қажеттілігін сезініп, оқу іс- әрекетіне қажетті дағдыларды дамыта алады.[4]

Балалардың мектепке дайындығы ата- аналардың қатысуынсыз жақсы нәтиже бермейді. Сол себепті ата- аналарға отбасында оны қалыптастыру үшін ұсыныстар нұсқауланған кеңес қажет:

1.    Баланың мектепке, оқу іс- әрекетіне, мұғалімге деген оң көзқарасын қалыптастыру.

2.    Отбасында мектепке деген оң көзқарас қалыптастыратын жағдай орнату, соның ішінде:

a)    Мектеп туралы балалармен бірге көркем әдебиеттер оқу;

б) Мектеп туралы, өзіңіздің мектептік жылдарыңыз туралы, алғашқы ұстазыңыз жайлы айтып беру;

в) Ата- аналардың мектептік жылдардан қалған суреттер, сызбалар, мақтау қағаздарды қарау, көру;

г) Мектеп, мектептегі өмір жайлы телебағдарламалар тамашалау;

3.    Ешқашан баланы мектеппен қорқытпау.

4.    Балаларда қарым- қатынас дағдыларын дамыту.

5.    Алғаш мектепке барған баланың оқуға деген ынтасы мен қалауы болуы шарт. Ол- оқуға барғысы келу керек.

6.    Оқуға деген ынтасы бар, өз қатарластары, мұғалімімен қарым- қатынасқа түсуге дайын дені сау бала- өте жақсы және табысты бірінші сынып оқушысы.

Екінші кезеңнің мақсаты балалардың мектепке психологиялық дайындығының интеллектуалдық құрамдас бөлігін қалыптастыру. Психологиялық танымдық процесстерді ары қарай жетілудіру, дүниетанымды кеңейту, оқу іс- әрекет элементтерін қалыптастыру осындай мақсатты туындатты. Бұл кезеңдегі шешілетін негізгі міндеттер мыналар: қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеуді дамыту; дүниетанымды кеңейту; балаларда танымдық белсенділікті дамыту; уақыт пен кеңістікте бағдарлауға үйрету; оқу міндеттерін бөлу қабілетін қалыптастыру; қол саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту. Бұл міндеттерді шешудің негізгі құралы дамыту сипатындағы сабақтар: кешенді, тренингтер, мәселелік жағдайаттар.

Балалармен жұмыс жасау барысында сұрақтар мен тапсырмалардың қайсысы ойлау және танымдық белсенділікті шақырады:

a)    Ұқсастық пен айырмашылық орнатуды талап ететін (кітап және дәптер, шырша мен қайың, ит пен мысық және т.б.)

б) Әрекет түрлері және алынған нәтиже туралы түсіндірмені талап ететін (сендер қалай түлкі пішіндейсіңдер?тапсырма орындай барысында не білдің?)

Балаларда ойлау икемділігін дамыту үшін келесі мәселелік жағдайаттар қолданылады: «Ұнайды- ұнамайды. Нені ауыстырса болады?». Жұмбақ- тапсырмалар, қалжың- тапсырмалар, фигураларды құрастыру ойлауды дамытады.

Дүниетанымның кеңеюіне, танымдық сферасының дамуына түрлі ойындар мен жаттығулар: назар аудар («Өткізіп алма», «Не өзгерді?», т.б.); түрлі есте сақтауға арналған («Кім көп сурет есіне сақтайды?», «Ассоциалы- бейнелік есті дамытамыз», «Сурет салу арқылы есте сақтаймыз»); қиял («Аяқталмаған сурет», «Сиқырлы бала бақша», т.б.); сөйлеуді дамыту («Сөйлемді аяқта», «Қалып қалған сөзі тап», т.б.); ойлау («Төртіншісі артық», «Болады- болмайды», «Бір сөзбен айт», т.б.); Балаларды кеңістікте және уақытты бағдарлауды үйретуде мынадай ойындар «Бұл не?», «Қайсысы жақын, қайсысы алыс», «Суретте не шатасқан?», т.б.

Тапсырмаларды орындау балаларға оқу іс- әрекет элементтерін ұғынуға көмектеседі: мұқият тыңдау мен дәл нұсқаумен жүру, іс- қимылын ережеге бағындыру, өзін- өзі бағалау, өзін- өзі қадағалауды жүзеге асыру. Сондықтан да сабақта балалардың белсенділігін қалыптастыру маңызды тәрбиелік міндет.

Сонымен қатар, 1-ші кезеңде көрсетілген мұндай жұмыста ата- ана мен тәрбиешілердің орны бөлек. Тәрбиешілерге «Балаларды мектепке дайындау барысында олардың ерекшеліктерні ескере отырып тәрбиелік- білім берушілік жұмыс ұйымдастыруға» арналған нұсқаулар жеткізіледі. Ата- аналар үшін психологиялық практикалық «Балаларда зейін, ес, логиканы дамыту» жұмысы жүргізіледі. Мұнда ата- аналар ойындар, жаттығулар қатарымен танысады, ары қарай практика жүзінде өз балаларына қолдану үшін.

Мұнда біз балалардың мектепке бейімделуі үшін психологиялық дайындықтың маңызды екенін көрдік.

Г.М. Чуткина өз зерттеулерінде балалардың оқу процесіне, мектепке бейімделуінің үш деңгейін атап көрсетеді:

 

Бейімделу деңгейі

Сипаттамасы

Бейімделудің жоғары деңгейі.

 

Оқушының мектепке көзқарасы жағымды, ұсынған талаптарды адекватты түрде қабылдайды; оқу материалын жеңіл меңгереді; ынталы, ұқыпты, нұсқауларды, мұғалімнің түсіндірмелерін бар зейінімен тыңдайды; сыртқы бақылауды қажет етпей- ақ тапсырманы орындайды; сыныптастары арасында беделді орынға ие.

 

Бейімделудің орташа деңгейі.

 

Оқушының мектепке көзқарасы жағымды, оның сабаққа қатысуы теріс мазасыздануы шақырмайды; егер мұғалім сабақты көрнекілікпен және жете мазмұндап берсе, оқу материалын түсінеді, ересектің тапсырмасын, тапсырысын, нұсқауларын оның бақылауы кезінде ғана орындайды; өзіне қызықты іспен айналысқанда ғана жинақталған болады; тапсырманы адал ниетпен орындайды, сыныптастарының көбісімен дос.

 

Бейімделудің төменгі деңгейі.

 

Оқушының мектепке көзқарасы жағымсыз; денсаулығынаа жиі шағымданады; басыңқы көңіл- күйді көрсетеді; тәртіп бұзуы байқалады; мұғалім түсіндірген оқу материалын көріністі меңгереді, балаға үнемі бақылау қажет болғандықтан өз бетімен жұмыс істеуі қиынырақ; демалыс үшін ұзартылған үзілістерге жұмысқа қабілеттілігі мен зейінін сақтайды; енжар, сыныптастары арасында жақын достары жоқ.

 

 

Г.М. Чуткина бойынша бейімделудің жоғары деңгейін қалыптастыратын шартты факторларды атай кеткен жөн: толық отбасы, әкесінің және шешесінің білімдерінің жоғары деңгейлігі, отбасындағы тәрбиенің дұрыс әдістері мен отбасындағы ішімдіктен (әкесінің) болатын қақтығысты жағдайлардың жоқтығы, мұғалімнің балаларға деген жағымды қатынасы, мектепке оқуға деген функционалды даярлығы,ересектермен қарым- қатынас жасау барысында қанағаттануы, құрбыларының тобында өзінің жағдайын адекватты түйсінуі.

Ал бейімделудің төменгі деңгейіне мына факторлар тізбегі әсер етеді: отбасындағы тәрбиенің дұрыс емес әдістері, мектепке оқуға функционалды дайын емес, ересектермен қарым- қатынаста қанағат алмау, құрбыларының тобында өзінің жағдайын адекватты емес түйсіну, әкесінің, анасының білімдерінің төменгі деңгейі, отбасындағы ішімдіктің салдарынан жиі қақтығысты жағдайлардың болуы, толық емес отбасы, мұғалімнің балаларға қарым- қатынасының жағымды стилі.[5]

Сәтті бейімделудің қандай белгілері бар: біріншіден, баланың оқу процесіне қанағаттануы, оған мектепте ұнайды, ол қорқыныш пен сенімсіздікті сезінбейді, екінші белгі- бала қаншалықты оқу бағдарламасын меңгергендігіне байланысты. Егер мектеп қалыпты және оның дәстүрлі бағдарламасы болса, ол бала оқу барысында қиындық сезсе, оны қиын кезде қолдап, жайбасарлығын сынамау қажет. Бұл жерде барлық балалар әртүрлі екендігін ескеру қажет. Егер мектепте бағдарлама күрделі және шет тілін оқуды ұсынса, бала үшін мұндай жүктеме мөлшерден тыс еместігіне тиянақты түрде көңіл бөлу қажет. Егер де мұны уақытында түзетпесе, баланың денсаулығында қиындықтар басталуы мүмкін. Сәтті бейімделудің келесі белгісі- оқу тапсырмаларын орындаудағы баланың өзбеттілік дәрежесі, тапсырманы орындауда өзі әрекет жасағаннан кейін ғана үлкеннің көмегіне жүгінуі. Көп жағдайда ата- аналар балаға сас жігерлікпен көмектеседі, бұл әрине қарама- қайшы әсер тудырады. Оқушы сабағын ересекпен бірлесе дайындауға және өзбетімен сабақ қарамауға дағдыланып кетеді. Бұл жағдайда балаға бірден ересек көмегінің мүмкін болар шекарасын көрсетіп, оны біртіндеп азайту қажет.

Сонымен балаға оқу үдерісіне мектепке бейімделуде қалай көмектесу керек?

Бұл жағдайда ең тиімді көмек- өмірге деген, күнделікті мектептегі әрекетке деген, оқу үдерісіне қатысатын барлық тұлғаларға (бала- ата- ана- мұғалімдер) деген жағымды қарым- қатынас.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.    Бірінші сынып оқушысының психологиясы/ Махитова А.// Мектептегі психология.- 2008. -№5 20-21б. 

2.    Александровский Ю.А. Состояния психической дезадаптации и их компенсация.-М.: Наука, 1976. –с. 42-46.

3.    Маклаков А. Г. Общая психология: Учебник для вузов. — СПб.: Питер, 2011. — с. 3—7.

4.    Панфилова М.А. Лесная школа: Коррекционные сказки и настольная игра для дошкольников и младших школьников.- М.: ТЦ Сфера, 2002.

5.    Чуткина Г.М. Психологические проблемы общения учителя с подросткам. М., 1984.