Оқу үрдісін тиімді басқаруда компьютерлік модельдеуді қолдану

 

Жайдақбаева Л.Қ., Абуова Б.Ж.  Тоқтарова А.Б.

 

Тиімді басқарудың негізін қалаушы Ю.К.Бабанский оқу үрдісін қарқынды басқару "мұғалім мен оқушының оқу еңбегінің  өнімін уақыттың әрбір сәтінде жоғарылату"- деп анықтама береді [1].

Педагогикалық зерттеулерде оқу үрдісін қарқындату мәселесі туралы  түрлі көзқарастар бар. Соған қарамастан уақыт өткен сайын жаңа әдістермен толықтырылуда. Кейбірі материалды меңгеруге кететін уақытты үнемдеуге байланысты болса,  енді кейбірі меңгеруге тиісті материалдың көлемінің ұлғаюына қарамастан жедел, әрі оңай  меңгерудің әдіс тәсілдерін ұсынады. Оған оқу жұмысының өсуі,  оқушылардың ойлауын дамыту және оқу танымдық іс әрекетінің әсерінен ынталандыру сияқты мәселелерді қоса қарастырады.

«Оқу үрдісін қарқындату мен оқып үйренетін ақпараттың көлемінің көптігі оқушыға ауырлық  жасамайтындай болу үшін оқытудың тиімді басқару жағдайын , яғни екі тарап бойынша «мұғалім-оқушы» қатынасы жоғары болуы қажет. Сондықтан тиімді басқару мен интенсивтендіру бір бірімен байланыста қарастырылуы, педагогикалық жұмыстарды ғылыми негізде ұйымдастыруда қажетті  шарт. Оқу үрдісін  қарқындату тиімді басқару шеңберінде болуы тиіс» - деп көрсетеді әдіскерлер.

Ю.К.Бабанскийдің  оқу үрдісін қарқынды басқару анықтамасына сәйкес - мұғалім мен оқушының оқу еңбегінің  өнімін уақыттың әрбір сәтінде жоғарылатудағы білім сапасын жоғарылату ды былайша түсіндіруге болады.

Оқу үрдісін қарқындату мысалында 10-11сынып геометриясындағы компьютерлік модельдеуді қарастырайық. Оқыту барысы оқу-зерттеу іс-әрекеті жағдайында құрылған . Атап айтқанда:

ü     Мақсатқа бағытталған

ü     Оқуға деген мотивті күшейту

ü     Білім беру мазмұнын ақпараттандыру

ü     Оқытудың белсенді әдістері мен түрлерін қолдана отырып, оқу ісі барысын жеделдету

ü     Мақсатқа сәйкес оқу жұмысына дағыландыру

ü      Компьютерлер мен басқа да жаңа оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

Оқу үрдісін қарқындату, оның деңгейінің жоғарылауы мақсатқа байланысты. Оқу мақсаты  бұл белгілі бір нәтижеге бағытталған жұмыс. Егер оқушының іс-әрекеті нәтижеде жетістікке жетуге бағытталса бұл оқытудың түрі мақсатқа бағытталған делінеді. Компьютерлік моделдерді оқып үйрену мен зерттеу өз кезегінде оқу жұмысымен қатар, оқушыларды өз бетінше жағдайға байланысты мақсат қоюға дағдыландырады.

Модельдеуге байланысты есепті шешу барысында  кейде жаңа материалдың элементтері енгізілуі де мүмкін. Кейде қарапайым әдіспен шешуге келмейтін немесе күрделі  есептер де болуы мүмкін.

Бұл жағдай оқушыға компьютерлік модельдеуді қолданып есеп шешудің басқа жолдарын іздеуге түрткі болады, сонымен бірге бір есепті шешу жолында келесі материалды оқып үйренеді.   Бұл іс-әрекеттің жаңа қырларын ашады, оқушы өз бетінше жаңа білім алуға ұмтылады. 

Сондай-ақ  оқушы «оқу оқиды»  нәтижесінде қойған  мақсатына жетуге ұмтылады. Сонымен қатар компьютерлік моделдеуді қолдану - оқытудың мақсатын жоғарылатады. Ол өз кезегінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырады. Ал егерде компьютерді демонстрация құралы ретінде қолданса, дайын слайдтарды көрсету т.б., танымдық септүрткі оқу іс-әрекетінің мазмұнына байланысты кері әсерін көрсетеді. Оқу үрдісіне компьютерлік модельдеудің кіріктірілуі үздіксіз білім жетілдірумен қатар тақырыптың практикалық мәнін ашуға, оны өзекті мәселелермен байланыстыруға, теориялық білімін практикалық іс-әрекеттеқолдана алуына мүмкіндік жасайды. Бұл айтылғандар оқушының стереометрия курсын оқып үйренуге қызықтырып, оқып үйренуге тиісті құбылыстар мен нысандарды түйсініп қабылдауға септігін тигізеді.

Оқу материалын меңгерілуін қамтамасыз етіп, оқушыны жұмысты жақсы істеуге ынталандырады, үлгермеушілікті болдырмауға мүмкіндік жасайды. Компьютерлік модельдеу оқушылардың жалпы оқулық  білімі мен біліктерін қалыптастыруға бейімдеп, оқушлыларға үлкен көлемді ақпараттарды меңгеруге мүмкіндік береді. Компьютерлік модельдерді құруда оқушылар көбінесе геометриялық фигураларды қолданады.  Күрделі геометриялық сызбаларда, қажет емес бөліктерін шатастырмас үшін көрсетпей ақ жасырып қою,берілген есепті шығаруға қажетті сызбалар жеткіліксіз болған жағдайда көрінбей тұрған тұстарына көңіл бөлу сияқты жұмыстар жасай алады.

Алғашында қандай да бір программалық ортада компьютерлік модельдеуді  оқу процесіне ендіру  оқушылардың оқу уақытын алады. Бірақ бұл уақыт оқушылардың өз бетімен білімді игеруімен, есепті шешудің басқа да тәсілдерін таба алуымен алмасады. Бұл қажетті ақпараттың көлемінің ұлғаюына байланысты бір сабақта шығарылатын есептер  санының артуына алып келеді.

Қорыта келгенде жаратылыстану бағытындағы мектептердің 10-11сыныптарында оқу үрдісін қарқындату үшін компьютерлік модельдеуді қолданудың маңызды зор.  Компьютерлік модельдеу оқып үйренген ақпараттың көлемінің ұлғаюымен қатар оқу үрдісінде оқытуға қатысты дидактикалық және психологиялық    шарттар негізінде,  оқушыларды ынталандырады,  оқу-танымдық іс-ірекетін белсендіреді.  

Компьютерлік модельдермен жұмыс жасау арқылы оқушылар өз бетінше геометриялық фигуралардың қасиеттері мен белгілерін аша отырып, дайын немесе өздері құрған моделдерді зерттей отырып, ой қорытулар жасайды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды \Сост.М.Ю.Бабанский. – М.:Педагогика 1989.

2.Әбілқасымова, А. Е.    Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / А. Е. Әбілқасымова. - Алматы : Бiлiм, 2005. - 272 с.

3.Далингер В.А. Методика учащихся стереометрии посредством решения задач: Учебное пособие /В.А.Далингер. – Омск: Изд-во ОмГПУ, 2001. – 365с.

4. Коджаспирова Г. М., Коджаспиров А. Ю. Педагогический словарь., 2003 г.

5.Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К  / Методика преподавания информатики.  М.: 2001. — 624 с.

6.Пак Н.И. О технологии компьютерного моделирования в образования/ 1994. - №1 – 47-53