Педагогика. Современные  методы  педагогики

Орманова  Гульназ  Байгазиевна 

             Ж.Жапаров  атындағы  орта мектеп

              мектепке дейінгі шағын орталықтың 

                   дене  шынықтыру  пәнінің мұғалімі 

Мектептегі  дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі

         

           Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің  салыстырмалы  түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық  міндеттер де шешімін  табады.

        Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын  айтатын  болсақ, біріншіден,  бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. «Дене тәрбиесі» дегеніміз - ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – ден қасиеттерінің тәрбиесі.

   Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын. Дене тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар. Дене дамуы – адам организмі формаларымен  қызметінің индивидуальды өмір барысындағы өзгеру процесі.

      Мектеп ұйымдарында дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу:

• Апталық жоспар.

• Айлық жоспар немесе әр тоқсанға арналған жоспар.

• Жылдық жоспар.

      Осы жоспарлар негізінде тақырыптқа байланысты дене шынықтыру сабағының жоспар – конспектісі міндетті түрде болуы керек. Сабақ жоспарын құрудың бірнеше нұсқасы қолданылып жүр.

       Жылдық жоспарлау – бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдарымен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай – ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде  және  бір ізгілікте дене шынықтыру жыттығуларын қолдана отырып, көзделген мерзімде мерзімде оқу-тәрбие жұмыстарында мейлінше жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.

        Есепке алу – бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алу негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге, жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға, оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

       Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б.тәрбиелер дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басыынң жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

     Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдігінен көрінеді, мұның өзі жалпыға бірдей  қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді.         Сабақ процесінде балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық  нормалардың  қалыптасуын бақылау  қажет. Ол қарапайым формада баланың өз қимыл-әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда мұғалімнің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындылығы, қимылды дұрыс  орындағанын мақұлдауы, кемшілік жөнінде ескерту жасауы, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беруі маңызды рол атқарады.

       Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген, денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның  бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігіне ең алдымен пән  мұғалімі сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау  мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымлыдық, кішіпейілдігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Сабақ процесінде мқғалімнің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рол атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, мұғалім  көрсеткен дене жаттығулары көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың асем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі  мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектерін тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік ой қосуға, сондай-ақ өз ойларын ойлап үйретеді.

        Сабақ өткізу әдістемесі. Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп алу негізінден жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, смабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін кешенді және  күнтізбелік  жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады.

      Сабақтың типтері. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды, қимыл қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған  бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастығы топта өткізіледі, әсіресе, 1-4 сынып  кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді  бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек.

      Сабақтың  мазмұны мен  құрылымы. Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан  туындайтын және  балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттығулары сабақтың мазмұныны құрайды. Дене жаттығулары мазмұны  жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті бағдарламаның жүргізілу  жүйелілігін  сақтау, сондай –ақ балалардың жасына байланысты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет.

      Дене шынықтыру сабақтары – балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.

       Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені  жаттықтыру  сабақтарының  әр түрлі формаларын, сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді.