Асетова
Ж.Б., Төлендина Г.Т.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Педагогика теориясындағы бастауыш
сынып оқушыларының дүниетанымдық
қөзқарастарын қалыптастыру мәселесі
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының
қоғамдық өмірінде жүріп жатқан
демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік
шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды
көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе
түсуде. Сол талаптардың бірі — оқушының
дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім
мазмұнын жетілдіру. Білім —дүниетанудың кәусар
бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын
дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат,
қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат,
қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат,
қоғам арасындағы байланысты және олардың
үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап
оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені
дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының
таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін
оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы
олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу
әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте
сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып,
ой-өрісі кеңейеді.
«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы»
саласында көптеген күнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ
ғалымдардың (СБ.Крымский, Б.М.Кедров, Ә.Нысанбаев,
А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.)
еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес,
бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен
шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан
бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең
алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің
әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдейді [1].
Өйткені қоршаған заттар мен құбылыстар жайында
білім алып, оны нақты қабылдау барысында оқушылар
әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты
не кұбылысты көру әрекеті арқылы түрі,
түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну
әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын
және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты
бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды
салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне,
осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар
затты не құбылысты қабылдайды және оларда ғылыми
ұғымның негізі қаланады.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту
арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мөселесі
қойьшып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға
табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде
олардың дүниетанымын калыптастыру үшін дүниетануды
оқытуда қолданылатын дидактикалық материалдардың
жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Жеке
тұлғаның дүниетанымы, кең көлемде
алғанда, әлеуметтік ортамен иманды-адамгершілік
қарым-қатынаста болумен, оның салт-сананы,
бағыт-бағдарды сыртқы ықпалдар әсерімен
қабылдап, ішкі жан дүниесінен өткізіп, өзінің
өмірлік іс-әрекетіне, қызметіне берік ұстаным етуімен
қатар, ынта - жігерін болашаққа негіздеп, өз
іс-әрекетін басқара білуді дағдыландырады.
Жеке
тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына
да қоғамның рухани-мәдениетінің даму
деңгейі мен салт санасы ықпал етеді. Жеке тұлғаны
жан-жақты қалыптастырудағы ауқымды орын алатын
компоненттердің бірі - дүниетаным [2].
Философиялық
әдебиеттерге жасаған талдау дүниені сезіну, дүниені
қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені саралау
сияқты дүниетанымды тұтас бейнелеудің нысандарын
тағы бір қырынан көрсетіп береді. Аталған
көзқарастар арасындағы айырмашылық белгілі бір
субъектінің дүниені бейнелеу деңгейін ұғыну
ерекшелігінде жатыр. Сонымен қатар, дүниені сезіну, дүниені
қабылдау деңгейінде дүниені көріп білу сана
құрылымдары арқылы анықталады. Олар дүние
құбылыстарын «елеп-екшелеп адам үшін мәні барларын
ғана санаға өткізеді. Сөйтіп, адамнын ақыл-ойы,
ынта-жігері, тілегі түптеп келгенде арман-мұраты көрініс
тапқан нақты бір құбылыстың бейнесін
қалыптастырады. Бұл тұрғыдан қарастыру
философтарға дүниетанымды жеке бастың (индивидтің)
қоршаған дүниеге деген көзқарастарымен,
әмоциялық-сезімдерін, сондай-ақ, теориялық
қабылдау тәсілдерін бейнелеп, басқа да
құрылымдарды біріктіруші ядро деп (В.С.Овчинников, Т.И.Ойзерман,
А.Т.Спиркин, М.Орынбеков,
Ж.Әбділдин, Қ.Бейсенов, т.б.) қабылдауға
мүмкіндік туғызады.
Философ-ғалымдар
І.Ерғалиев пен Ғ.Телібаев өз еңбектерінде
ұлттық дүниетаным туралы: «... Адамның дүниемен
байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда
қалыптасқандықтан, дүниетанымның
ұлттық белгілері болады» - дей келе, ежелгі қазақ
дүниетанымның түрлеріне астрономиялық болжамдар мен
тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар,
аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызады [3].
Басқа да
көптеген ғалымдар тәрізді біз де дүниетаным
сананың жеке, құрамдас бөлігі емес, оның негізгі
ядросы, бастауы деп санаймыз. «Дүниетаным сананың ядросы болып
табылады, ол қоршаған орта құбылыстарын
қабылдауымызға көмектесетін призма тәрізді» - деп
Ә.Нысанбаев атап көрсетті [4.Б.3].
Соңғы кездері
қазақ дүниетанымының қалыптасу кезеңдсрі
жайында көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.
Олардың қатарында Ж.Алтаев, С.Ақтаев, А.Қасабеков,
М.Орынбеков, Т.Ғабитов, О.Сегізбаев, Ж.Молдабеков және т.б.
атауға болады.
Философ-ғалымдар
І.Ерғалиев пен Ғ.Телібаев өз еңбектерінде
ұлттық дүниетаным туралы: «... Адамның дүниемен
байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда
қалыптасқандықтан, дүниетанымның
ұлттық белгілері болады» - дей келе, ежелгі қазақ
дүниетанымның түрлеріне астрономиялық болжамдар мен
тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар,
аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызады [3].
Басқа да
көптеген ғалымдар тәрізді біз де дүниетаным
сананың жеке, құрамдас бөлігі емес, оның негізгі
ядросы, бастауы деп санаймыз. «Дүниетаным сананың ядросы болып
табылады, ол қоршаған орта құбылыстарын
қабылдауымызға көмектесетін призма тәрізді» - деп
Ә.Нысанбаев атап көрсетті [4.Б.3].
Соңғы кездері
қазақ дүниетанымының қалыптасу кезеңдсрі
жайында көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.
Олардың қатарында Ж.Алтаев, С.Ақтаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков,
Т.Ғабитов, О.Сегізбаев, Ж.Молдабеков және т.б. атауға болады.
Жас өспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруга
алдыңғы қатарлы қазақ жазушылары мен
ақындарының өмірді, табиғатты, адамды, коғамды
паш ететін шығармалары да түбегейлі әсер етеді.
І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты атақты
ақын-жазушыларымыздың әрбір туындысы
дүниетанымдық негізде жазылған. Әсіресе,
І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» поәмасында
қазақ жері табиғатының сұлулығы, онда
кездесетін көптеген жануарлар мен өсімдіктердің сипаты
көркем берілген [5].
Жас өспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруга
алдыңғы қатарлы қазақ жазушылары мен
ақындарының өмірді, табиғатты, адамды, коғамды
паш ететін шығармалары да түбегейлі әсер етеді.
І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты атақты
ақын-жазушыларымыздың әрбір туындысы
дүниетанымдық негізде жазылған. Әсіресе,
І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» поәмасында
қазақ жері табиғатының сұлулығы, онда
кездесетін көптеген жануарлар мен өсімдіктердің сипаты
көркем берілген [5].
Зерттеушілер дүниеге
көзқарастың негізгі түрлерін атап көрсетеді: күнделікті (біріктірілген) дуниеге
көзқарас дегеніміз, әлем туралы кездейсоқ, жүйеленбеген,
дәстүрлі ойлардың формасы болып саналады (әлемді
түйсіну, әлемді қабылдау, әлемді тану); әлемге діни
көзқарас детеніміз - әлемді табиғи
қалпынан тыс бастау алуымен байланыстырып танып білуі, әрі
құндылық пен көңіл-күй-бейнелік форма
негізінде көрініс алуы
(танып-білу тұтастығы және ақиқаттың
адамға түйсіну, қабылдау, еске түсу және
әмоция түрінде әсер етуін негізге алу) [6.Б.44].
Жоғарыда
айтылған пікірлер және педагогикалық, психологиялык
еңбектердегі деректер бойынша мынадай ой түюге тура келеді: оқушыларға бастауыш сыныпта өздерін
қоршаған дүниеден жан-жақты білім беру қай
қоғамның болса да алдында тұрған басты
міңдеттердің бірі болды. Бірақ, бұл талап өз
мәнінде тиімді әдістемелік деңгейде жүзеге аспады.
Оның басты себебі, бастауыш сыныпта берілетін білім
мазмұнының үнемі өзгеріске ұшырап отыруы
және осы пәнді оқытуға арналған ғылыми
әдістемелік еңбектің болмауы еді; оқушыларға
берілетін білім қоршаған ортадан, табиғаттан,
қоғамнан алшақ кете алмады. Бірақ, осыларды
оқытуда тек көрнекі-сөздік әдісінің басым орын
алуына байланысты оқушылардың ізденушілігін дамытатын,
белсенділігін арттыратын, шығармашылығын қалыптастыратын жұмыс
түрлері мен әдіс-тәсілдері өте аз қолданылды; қоршаған
орта, табиғат, қоғам тынысы жайындағы күнделікті
ақпараттарды сабақта пайдалану арқылы білім беруді жергілікті
жағдаймен байланыстыру жағы төмен болды.
Оқушылардың дүниетанымы үнемі
мұғалімнің айтқанын тыңдау, күнделікті кездескен
табиғат заттары мен құбылыстарын көріп байқау
арқылы азды-көпті жүзеге асқанымен, жоғарыда
айтылған себептерге байланысты олардың білімдерін ғылыми
түрғыда жүйеге келтіру жағы жетіспеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Шукина Г.И.
Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся.-
М:Педагогика, 1988. - 208 с.
2. Әбішев Қ. Философия. - Алматы: Ақыл
кітабы, 1999. – 256 б.
3.
Философия және мәдениеттану.
//Құраст. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабеков. - Алматы: Жеті
жарғы, - 272 б.
4. Нысанбаев Ә. Қазақ философиясы. - Егемен
Қазақстан, 2006. – 28 қазан. – Б.3.
5.
Жансүгіров І. Таңдамалы шығармалары. –
Алматы:Жазушы, 1988. – 236 б.
6.
Мұханбетжанова
Ә.
Дүниенің
ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық
- әдіснамалық негіздері. - Атырау, 2002. - 246 б.