Педагогические науки/Современные методы преподавания

 

Кулейменов А.Ж., Жунусова А.Ж., Кулейменова Л.М.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

Саран қаласы, №4 Жалпы білім беретін орта мектеп,

Қазақстан Республикасы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті,

Қазақстан Республикасы

 

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА  ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер –  бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан  сол деңгейде болады. Сондықтан  ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның  жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген[1].

Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен  жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім  оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің  сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.

Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни  білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің  талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату  мақсатында жаңа технологияларды менгеру  қажеттілігі туындап отыр.

Биология сабақтарында жаңа технологияларды меңгерудің тиімділігі: 
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-біліктілік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену.

Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан-жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерімінің көрсеткіштері, оқу міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша қоғам мен мемлекеттің алдында, олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері тұр. Олардың көптеген себептері болуы мүмкін. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан-жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды. Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызықғушылығына байланысты. Психология мамандарының айтуы бойынша оқудағы үлгермеушілік себептерді оның категорияларына байланысты бөлуді міндет етіп қойған. Ол оқу пәндерінің саны мен үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 2 түрін бөліп көрсеткен[2].

Соның ішінде  сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық қабілетінің артуын , өзіне деген сенімділігін, яғни олардың білім, білік, дағдыларының арттыру мәселесін айтқым келіп отыр.

Биология сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде: пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту қабілетін құру оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек көрсету кезінде қолдануға болады. Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу мұғалімнан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. Биология пәнінен үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізуге болады. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке дара жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту керек. тапсырмалардың түрлері өте көп, сол тапсырмалардың түрлерін орындату арқылы білім сапасын жоғарлату қажет. Биология сабағы ауызша сабақ болғанымен кейбір күрделі тақырыптарды бала көз алдына елестете алмайтын тақырыптарда кездеседі.Сондықтан ең алдымен тапсырамаларды меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек. Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Қазіргі инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор[3]. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді. Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана өзін-өзі дамыта алатын, өзін-өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады. Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе — жеке тұлғаның қабілетін ашу.  Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы олардың бойынан, адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды белсенділікті, қабілетті тұлғаны  жоғары мәдениеттілікті көре аламыз.

Әдебиеттер:

1.                 К. Өстеміров. Қазіргі педагогикалық технологиялар. -Алматы,   2007.

2.                 Г.М. Аманова Өзекті мәселелер мен озық технологиялар. –А.: 2009.

3.                 С. Абенова. Заманауи білім. –Алматы, 2011.