МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» САБАҚТАРЫНДА ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

Султан.А., «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  

мамандығының 1-курс магистранты, Философия және

саясаттану факультеті,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Ғылыми жетекші: Құдайбергенова Ә.М.,

педагогика ғылымдарының кандидатты

 

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты жолдауында әрбір азаматтың жолдауы дамуы-оның жеке табысы мен қоғамның алға өрлеуіне байланысты делінген. Сондықтан, білім беруде замана талаптарына жауап беретін жаңаша жетістіктер қажет [1].

     Егеменді еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік деңгейге жетуі үшін жасалынып жатқан талаптар нәтижесінде 12-жылдық білім беру жүйесіне көшуде терең білім , ізденімпаз, іс-әрекеті шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән береді. Ал, 12 жылдық жалпыға  міндетті орта білім беру стандартындағы бастауыш сатысының негізгі мақсаты-оқушының даралығын ашу және оқу әрекетін игеру [2]. Демек, жас ұрпақты әрекет негізінде тәрбиелеу талабын негізге ала отырып, жекебас тұлғасын тәрбиелеуде  оқу әрекетінің мол мүмкүндіктерін тиімді пайдалану жүйелі мақсатты жұмысты талап етеді.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке- ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады”- делінген [3].

     Қазақстан Республикасының білім берудегі дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты- қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тимді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген [4]. Оны жүзеге асыру- бастауыш мектептерде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізетін оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

     Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы – жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруды қамтамасыз етудің қажетті шартының құралы, сонымен қатар оқу әрекетін игеру, оқушылардың даралығы, жалпы білімдік біліктілігі, дағдысы болып табылады.

    Танымдық қызығушылық – жеке тұлғаның маңызды білімді меңгеру түрі, шығармашылық әрекеті мен белсенді ынталандырушысы болып саналады. Сонымен бірге, танымдық қызығушылық сезімнен ойлауға өтуге, өздігінен ізденуге үйретеді.

      Оқушының интелектісі дамуының іргетасы оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі.Сондай- ақ, баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдердің бірі. Оқушылардың маңызды ерекшеліктері олардың айналадағы өміріне, адамдарға, оқиғаларға, деректерге қызығушылық танытуы болып келеді.

     Оқытудағы танымдық қызығушылық мәселелерін Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, М.Я.Гальперин, С.Л.Рубинштейн, Д.И.Божович, А.В.Петровский т.б. зерттеулерінде қарастырған.

Отандық ғалымдар Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, Н.Д.Хмель, М.Ә.Құдайқұлов, А.Е.Әбілқасымов, Қ.К.Жанпейісов, А.П.Сейтешов, Ә.М.Мұханбетжанов, Р.С.Омаров, А.С.Мустояпова, Т.И.Қоқымбаева, т.б.өз зерттеулерінде таналым жөніндегі идеяларын, уақытқа үйлесімді танамдық  қызығушылығын қалыптастыру, өзбетімен білім алуы дағдылардың қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген.

Қазіргі кезде еліміздің экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайына сай, қоғам өмірінің барлық салаларында өзін-өзі жетілдіріп, өзін жан-жақты дамытатын, білімді, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының            “Білім беру туралы” Заңында ғылым мен практика жетістіктерін жеке адамды дамытуға, шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін, интеллектін дамытуға бағыттау міндеттері көзделген. Демек, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқыту үдерісін жетілдіру, оқушылардың ізденімпаздығын, дербестігі мен шығармашылығын дамыту өзекті мәселе болып отыр.                                             

Қазақстан мектептерінің түлектері өзгермелі өмірдің жаңа тұжырымдамалары мен үрдістерін қабылдауға дайын болуы, саналы таңдау жасауға, сондай-ақ өзінің бүкіл өмірі бойында өзгермелі жағдайларға икемді болуға үйрену және бейімделе білуі тиіс.                       

Соған байланысты қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Себебі, оқыту үдерісін жетілдірмей, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын жеке тұлғаға білім беру мүмкін емес.                                                  

Білім беру – адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін ұрпақ тәрбиелеу және оқыту үдерісі болып табылады, ол білім беру ісін жетілдіруге, сақтауға және оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуын қамтамасыз ету мақсатында мәдениетті жаңа ұрпақ тәрбиелеуге, тұлға мен қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық және физикалық жағдайын үнемі жетілдіріп отыруға  бағдарлануы тиіс.            Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үдерісі барлық саласында көрініс табады.Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үдерісін белсендіру жолдары оқушылардың қызығушылығын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болсын қызығушылықпен уәждемелеуге ( мотивация) бағытталады. Білімді демократияландыру мен ізгілендіру оқушы қызығушылығын негізгі орынға қояды.              

Оқушы өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музикалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Нақтырақ айтсақ, қызығушылықтың қай түрінде болмасын (эстетикалық, музыкалық,  т.б.) танымдық компонент бар. Әйтседе танымдық деп қызығушылықтың ерекше түрін- оқуға, ғылымға, білімді жинақтауға қызығушылықты айтады. Ол адамның әр нәрсеге әуестенуінен байқалады. Болмыстың қандай да бір саласын терең меңгеру үшін, оған танымдық қызығушылықты көрсету қажет.                                  Танымдық қызығушылық категориясы бірқатар психологиялық-педагогикалық еңбектерінде қарастырылған (Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Г.И.Щукина және т.б.) [5];. Мәселен, қызығушылықты қалыптастыруда Н.К.Крупская қоршаған ортаны және балаға жақсы танымал деректер мен құбылыстарды, білімді меңгеруде зерделі көз қарасқа тәрбиелейтін мақсатты сананы тірек ету қажеттігіне тоқталады          . С.Т.Шацкий қызығушылықтың психологиялық негізіне белсенді іс-әрекетке деген қажеттілікті жатқызады. Бұл қажеттіліктен көзқарастар, ой-пікірлер, дағды, іс-әрекеттер, қызығушылық туындайды. Балаларды баурап алатын құбылыстар ақыл-ойға, эмоцияға, күш-қуатқа нәр береді, ал бұл болса олардың іс-әрекетінде көрініс табады. С.Т.Щацкийдің қызығушылықты іс-әрекетке тәуелді етіп көрсетуі қызығушылық теориясына қосқан елеулі үлесінің бірі болды, алайда іс-әрекеттің рөлін және баланың оқу барысындағы өзіндік тәжірибесін әсерлеп көрсету күнделікті меңгерілетін білімнің рөлін жете бағаламаушылыққа әкеледі.                           

Баланың жалпы дамуы мен ойлау әрекетінің сапасын жақсартып, дамытуда қызығушылықтың маңызын Л.С.Выготский да  ашып көрсетеді. Ол баланың ойлау қабілетін белсендендіретін және оған қажетті бағдар беретін, қажеттілігі мен қызығушылығын оятатын қорғашы себептерге (мотив) тоқталады[6]. Ғылымның пайымдауынша, бала қабілетінің дамуы оның алға тез жылжуымен  шектелмейді, ол оның жас мүмкіндігіне сәйкес келетін іс-әрекет түрлерін терең  меңгере алуына, білім қорына және алған әсерлеріне байланыстты болады. Баланы қоршаған ортадағының бәрі қызықтырады,  ол бойындағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, қолынан келетін іс-әрекет түрлеріне белсене араласады, өзінің әрі қарай  дамуына жол ашады. Сөйтіп, қоршаған орта және іс-әрекет түрлерімен белсенділікпен жан-жақты танысу тек қана дамыған қызығушылықтың негізінде ғана мүмкін болады.Егер психологтар мен педагогтардың пікірлеріне сүйенсек, қызығушылық баланың ой-өрісінің кеңейіп, тәжірибесінің молаюына әсер етеді, білімнің жетіліп, ақылының толасуына мүмкіндік туғызады.

Зерттеулерге сүйенсек, танымдық қызығушылық білім алу қалыптасады. Білім алу- бұл, бір сөзбен айтқанда, балалардың оқыған пәндері туралы түсініктері. Дегенмен, оқушының барлық пәнге бірдей қызығушылық танытуы сирек кездесетін жайт. Ол көбінесе бір салаға немесе әр пәнге бағытталуы мүмкін. Осыған сәйкес, қызығушылық ұғымын бала бойында көрініс беруіне қарай былайша сипаттауға болады: қызығушылық танымдық қызығушылық бір пәнге (бір нәрсеге) қызығушылық. Демек, оқушылардың қандай да бір нәрсеге немесе бір пәнге қызығушылығы да сатылап қалыптасады, мұны жоғарыда аталған зерттеулер нәтижесі дәлелдейді. Егер зерттеу проблемасымен байланыстыра әңгімелесек, оқушыда алдымен өзін-өзі тану пәніне жағымды эмоциялық көзқарас (әуестік), содан кейін мазмұнды эмоциялық көзқарас (әуестену) соңында танымдық қызығушылық пайда болады.  

Өзін-өзі тану пәнін білуге – қызығушылықтың алғашқы сатысы, яғни оқушы  өзін- өзі тану пәніне жағымды көзқараста болады. Бұл сатыда бала өзін-өзі тану пәнін танып-білуде белсенділік көрсетпейді, өзін-өзі тану пәні ұнағанымен, өздігімен дербес оқып білуге талпынбайды. Әйтсе де бұл сатыда бала өзін-өзі тану танымдық тұрғыда назар аударғанымен, қызығушылық танытудың өзі оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік бар екендігін меңзейді. Демек, білуге әуестік оқушы санасы мен іс-әрекетінің бастапқы бағытталу сатысы болады.                                                  

Оқушының өзін-өзі тану пәнін білуге әуестіктен біртіндеп онымен әуестенуге көшуі- қызығушылықтың екінші сатысы. Бұл сатыда оқушының өзін-өзі тану пәніне деген қызығушылығы ойлау, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, сияқты әр түрлі психологиялық үдерістермен айқындалады. Қызығушылық балалардың танымдық іс-әрекетін белсендендіреді, өзін-өзі тану пәнін талдауға, әңгімелеуге, салыстырмалы суреттеме беруге дағдыландырады. Баланың да білуге деген құштарлығын арттырады. Алайда жұмыстың бәрі мұғалімнің тікелей жетекшілігінде жүзеге асады. Бұл сатыда қызығушылықты қалыптастырудың терең де, мағыналы негізінің қалауына мүмкіндік туады. Сөйтіп, баланың өзін-өзі тану пәніне әуестенуі танымдық қызығушылыққа ауысады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақыстан халқына арналған «Жаңа онжылдық-жаңа эканомикалық өрлеу-Қазақыстанның жаңа мүмкіндіктері» (2010) атты Жлдауы.- www.e.gov.kz сайты.

2.    Қазақыстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер.-Астана,2006.-63 б.

3.    Қазақыстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Жоба // Егемен Қазақыстан, 30 желтоқсан. 2003

4.    Қазақыстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Қазақыстан Республикасының Презид

5.    Божовыч Л.И. Проблемы формирования личности. Избр. Психологические труды.-М.: Воронеж, 1995.-352 c.

6.    Выготский Л.С.Педагогическая  психология /под. Ред В.В. Давыдова.-М.: Педагогика, 1991.-480с