Шеттілдік білім берудегі мәдениетаралық қарым-қатынастың рөлі

 

Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы. Абай атындағы ҚазҰПУ

Арнайы мақсаттағы шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы

Шангереева Ш.Т.

 

Резюме

В данной статье рассмотрена рольмежкультурной коммуникации в иноязычном образовании. Политические, экономические и культурные связи с другими странами свидетельствует о важности изучения иностранного языка и определяет его основные цели.В условиях глобализации необходимо не только знание иностранных языков, но и культурных особенностей представителей той или иной страны. Сегодня возникла реальная потребность в специалистах, владеющих иностранным языком, способных к осуществлению иноязычного межкультурного и межличностного общения как в профессиональной, так и непрофессиональной сферах деятельности.

            Ключевые слова:Межкультурная коммуникация, интерпретация, категоризация, аккомодация, параметры культуры, характерные стереотипы, дискурс, коммуникант, речевое общение, лингвистические исследование.

 

Summary

This article considers the role of intercultural communication in foreign language education. Political, economic and cultural ties with other countries shows the importance of learning a foreign language and defines its main objectives. In the context of globalization requires not only language skills but also cultural characteristics of the representatives of this or that country. Today there is a real need for specialists who speak foreign languages, are able to implement foreign language intercultural and interpersonal communication in professional and non-professional fields.

Keywords: Intercultural communication, interpretation, categorization, accommodation, culture parameters, typical stereotypes, discourse, communicant, communication, linguistic studies.

 

Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады.Жаһандануға түбегейлі бет бұрған бүгінгі қоғамда әлемдік аренадағы өзара экономикалық, қоғамдық-саяси, әлеуметтік қатынастармен қатар ұлтаралық, мәдениетаралық қатынастар да аясын кеңейтіп, нығаюда. Осы бір әлемдік үдерістен кеш қалғысы келмегендер бүгінде ел игілігіне еңбек ету мақсатында шегара асып білім алып, тіл меңгеруде. Қоғамда өз орнын тауып, өзге ұлтты тереңірек білу үшін тек оның тілін біліп, сол тілде сөйлей білу жеткіліксіз екендігін өмір өзі дәлелдеді.

            «Мәдениетаралық қарым-қатынас» термині тар мағынасында әдебиетте 1970 –  жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады. Қазір мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммуниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды. Мәдениетаралық қарым-қатынас қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап «экзотикалық» аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі тарыла бастады әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды.[1] Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді. 

        Мәдениетаралық қарым-қатынас зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты. Мәдениетаралық қарым-қатынас саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған.[2] Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты. 

            Тілдік қатынаста мәдениетаралық өзара іс-әрекет бар екенін не білдіреді? Әртүрлі мәдениет өкілдері алмасатын хабарларды сипаттайтын не? Ол қандай коммуникативтік контекстерде байқалады? Түсінбеушілік, жете түсінбеушілік қалай болады, тілдік ерекшеліктер мен механизмдердің қайсысы түсінбеушіліктің орнын толтыруға мүмкіндік береді немесе бермейді? Жасалынған лингвистиқалық тақырыптардың ішінде түрлі коммуникативтік стильдерді өз тобының ішінде және тыс қолданылуында зерделеу психологияға тақау тұр. Аккомодацияның психологиялық ұғымы сөйлеу екпіні, тиісті лексиканы (шетелдікпен сөйлесекенде, баламен т.с.с. әңгімелескенде) таңдау, қарапайымдандырылған немесе күрделендірілген грамматикалық құрылым сияқты коммуникация параметрлеріне қолданылады. Аккомодацияның позитивті (әңгімелесіп тұрған адамның ыңғайына бейімделу) немесе негативті (әңгімелесушіден өзгеше стильді ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің үлесі туралы айтар болсақ) аккомодацияның бағыты бір топтың басқасына көзқарасына қатысты болады. Қатынастар құрылымына  жақсы-жаман, төмен-жоғары, жақын-алыс межелері енеді Сөздің өзінің және сөздің болмауы ретінде үндемеу функциялары сияқты қарама қарсылықтар ерекше қарастырылады. Мәселен, Европа мәдениеттерінде, шала таныс немесе тіпті бейтаныс адамдармен араласқан жағдайда үндемеу әдепсіздік болып саналады.[3] Үнсіздік жайлап алмас үшін әртүрлі, мысалы, ауа райы жайлы әңгіме қозғайтыны сондықтан. Мысалы, поездің купесінде жолаушылардың сөйлесіп отыратыны сол себепті. Солтүстік Американың үндістерінің Атапаск мәдениетінде таныс емес адамдармен әңгімелесу құпталмайды ол қауіпті саналады. Әбден біліп танып алмағанынша бейтаныс адаммен  тіл қатыспайды.  Европа мәдениетінде қалыптасқандай әңгімелесу жақынырақ танысудың амалы болып саналмайды.   

       Лингвистикалық зерттеулердің екінші маңызды бағыты соңғы он жылдықтарда коммуникативтік қызмет үшін орталық кейбір интегралды үрдіс ретінде дискурсты зерделеудің қарқынды дамуымен байланысты. Дискурс сияқты құбылыстың күрделілігі мен көп қырлылығы мен олардың тұлғаларына ықпал ететін факторларды бөлуге талпыныс дискурста бар тілдік (грамматика мен лексикадан өзге) факторлардың өзін зерделейтін бірқатар бағыттардың дамуына соқтырды. Прагматикалық факторлар шегінде мәдени сипат факторлары айқындалды [4].

            Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады.[5] Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Мұның өзі коммуникацияның  мынадай түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл  мақалада  мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.

         Жаңа заман  талаптары  шетел  тілін  оқытушы  ұстаздардың алдына жаңа міндеттер   қойып отыр.  Осыған орай шетел тілінде қарым - қатынасқа түсу  бұрынғыдай  белгілі бір пәннің,  уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдениетаралық  байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани  құндылықтарына  құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға  таныстыру  мәселесіне  бағытталып отыр.  Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, оқушының бойында мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы зор.Өйткені шетел тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде оқушылардың бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т.б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына»лекция, 2011ж. 

2.Коммуникативное поведение в структуре национальной     культуры// Этнокультурная специфика языкового сознания. - М., 1996. –  С.97-112 27.Беспалько В.П.

3.Ощепкова В.В. Язык и культура Великобритании, США, Канады, Новый Зеландии. "Издательство ГЛОССА – ПРЕСС". М: издательство "КАРО". Санкт-Петербург.2004. –  Браун П., Левинсон С., „Принцип вежливости“ 1999.-10-12 б

4.Есенова Қ.Ө., Ныязбекова К.С. Лексикалық бірліктердің прагматикалық мәні, мақала.

5.Беляев Б.В. Новое в психологии обучения иностранным языкам в кн. Психологические и психолингвистические проблемы владения и овладения языком. М., 1969. – 232 с.