Педагогические  науки/6.Социальная педагогика

 

Жосалбаева Г.М., СР-21к тобының студенті

Исина С.С., аға оқытушы, педагогика және психология магистрі

Кулмурзина Л.Қ., Қаражал қаласының жастар ресурстық орталығының директоры

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономиалық университеті, Қазақстан

 

АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ- НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕ

 

Тәрбие көп ғасырлық тарихына сүйене отырып, жан-жақты, ұдайы, үдересті жетіліп, толыстап отыратын динамикалық процесс. Қоғамның әрбір тарихи даму кезеңіне сәйкес тәрбиенің жаңа мақсаттары мен міндеттері белгіленіп, жүзеге асырылады Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн. Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа- адамгершілік- рухани тәрбие беру.Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.Рухани- адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетістіктерін зер салып талдау керек.Адамгершіліктің негізгі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады.Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің  өзге де формалары, бұл сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық- экономикалық құндылықтары жатады.Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.

Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...»  «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға»- деген мақалдардан көруге болады.Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы.Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі .Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ұрпақ тәрбиесі- келешек қоғам тәрбиесі.Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.

 Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу – әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымының, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру.

Адамгершілікке тәрбиелеу деген ұғымды педагогикалық энцеклопедияда: «Адамгершілік- мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту,моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процессі» деп анықтама берілетін болса, Қазақ энциклопедия сөздігінде: «Адамгершілік тәрбиесі- мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруға және адамгершілік сезімі, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға бағытталған жалпы азаматтық тәрбиенің құрамдас бөлігі» деген анықтама береді;

Қоғамдағы күрделі өзгерістер жастардың тұлғалық сипатына мынадай талаптар қояды: өз денсаулығын сақтап  нығайтуда салауатты өмір салтын өмірлік қиындықтарды тәжірибені игеруге тиіс. Қорыта келе, жастар әлеуметтік қатынастардың мәдениетін меңгеріп, оны өмір талабына сәйкес жетілдіріп отыруы маңызды.

Тәрбие жеке тұлғаны мақсат бағыттылы басқару процессі, әрі жастарды жан-жақты дамытуды қамтамасыз ететін мектепте іріктелген тәрбие жұмыстарының жүйесі.  Қазақстан Республикасы бүкіләлемдік білім кеңістігіне енуді мақсат етуіне орай, мектептегі білім беру саласының түбегейлі өзгеріске түсуі жастардың тәрбиелік, мәдени деңгейін әлемдік жетістіктер деңгейіне көтеруді қажетсінеді. Осыған орай, қазіргі заман жастарын тәрбиелеу мақсаты ізгілікті, білікті, мәдениетті, өзіндік өмірлік ұстанымы бар, қарым-қатынас мәдениеті жетілген, өз өмірін құруға, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бейім жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.

Рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі сонау адамзат қауымы қалыптасқан кезеңнен бері қарай өзінің өзектілігін кемітпеген тақырып. Осыған байланысты рухани-адамгершілік туралы көптеген ғалымдар, ойшыл ғұламалар өз көзқарас пікірлерін қалдырып отырған.

Адамгерішліктің қайнары мен адамгерішлікті жетілдіру тәжірибесі сонау өткен ғасырлардан тамыр алған. Егер, Аристотель адамгершілік табиғатын тануда жақсы әрекет көрсетуге міндетті емес, жақсы мен жаманды айыра білу үшін ең алдымен, моральдық, орнықтылық, эмоционалдық еріктілік сенім қажет десе, Платон мен Демокрит гумандық қалыптасу мәселесін мемлекеттің аса бір тапсырмасы ретінде қарастырады.

Көрнекті шығыс ойшылы Әл-Фараби мұраларында адамгершілік идеяларына өте үлкен мән берген. Ұлы ғұлама өзінің «Әлеуметтік-этниалық тракттар» атты шығармасында адамгершілікке: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күш болып екеуі біріккенде- бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады, қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның өзінің және оның әрекеттерінің абзалдығында және жетілгендігінде деген мағынада айтамыз. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгілікті, қайырымды адам боламыз»,- деген анықтама береді. Біз өмір сүріп отырған қоғамда адамгершілік екінші бір адамға жақсылық жасап, көмек көрсетуден тұрады деген ұғым қалыптасқан, ал Әл-Фараби жоғарыда айтылған ойларында адамгершілік адамның өз басынан, өз басына, өзіне деген өзіндік ізгі көзқарасынан бастау алу керек дейді.

Тәрбие ұлылар өсиетін сақтай отырып, олардың рухани адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші бірден бір құрал. Мәселен, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибелері мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарым қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру осы тәрбие арқылы жүзеге асырылады. Яғни, жеке тұлғаның дүниеге деген өзінідік көзқарасы, ізгілік, адамгершілік, эстетикалық т.б. қасиеттері тәлім тәрбие арқылы қалыптасып, жетіліп отырады.

Тәрбиенің түрлері көп. Дегенмен, тәрбие атаулының негізі адамгершілік тәрбиесі. Жалпы адамгершілік тәрбиесі жас ұрпақтың адамгершілік сана сезімін, мінез құлықын қалыптастыруды қамтиды. Сөйтіп, ол жас ұрпақ бойына адалдық пен шыншылдық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау мен ибалылық, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық жомарттық, ізгілік пен достық сияқты ізгі қасиеттерді жинақтайды.

Жалпы адамгершілік тәрбиесі жас ұрпақтың адамгерішлік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Солайша ол жас ұрпақ бойына адалдық пен шыншылдық, кішіпейілдік, үлкенді сыйлау мен ибалық, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық жомарттық, ізгілік пен достық сияқты ізгі қасиеттерді жинақтайды.

Жастарға ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілікті білім беру болса, адамгершілік тәрбиесі ұрпақты құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу болып табылады. Мұндай жағдайда балада адамгершілік түсініктердің алдын ала дамуының мәнісі өмірлік жағдайда баланың қажететінен шығатындай білім қорын жинақтауы. Сондықтан бала өмірде кездесетін таныс, таныс емес жағдайларға даяр болуы қажет. Жинақталған адамгершілік түсініктер қоры балаға жаңа жағдайларда өзін көрсете білуге бағыт бағдар береді. Адамгерішіліктік, тәрбиелік адамның қоршаған ортасына ең алдымен еліне, еңбекке және адамдарға әрекет арқылы қарым қатынас дегеніміз, адамның білімінің, жан толғаныстары мен практикалық істерінің жиынтығы. Адамгершілік тәрбиенің аталмыш қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі білім беру жүйлері мен білім беру мазмұны жаңару жолында. Оның басты себептері әлемдік өркениетке ілесе отырып, елімізді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу идеясы болып отыр. Мұндай күрделі де, жауапты мақсатқа қол жеткізу үшін, көптеген міндеттер туындайды. Ол міндеттер: жастарды ұлттық мәдениетке бейімдей отырып, әлемдік мәдениетті меңгеруге баулу; ана тілін жетік білу, өзге тілдерді меңгеру, өз тілін өз елінің мәдениетін өзгелерге таныта алу; Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық нәсілдік толеранттылық қасиет қалыптасыру арқылы еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа өз үлесін қосу; салауатты өмір салтын қалыптастыру және т.б. Осылардың ішіндегісі бүгінгі күні кімді де болса толғандырмай қоймайтын, жоғарыда айтылып кеткен, рухани адамгершілік мәселесі. Өйткені бүгінгі таңда рухани адамгершілік тәрбиесінің өзектілігі күнен күнге арта түсуде.

Оқушылардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін мектептің тәрбие саласында жүйелі де кешенді жұмыстар жүргізуі қажет. Ол үшін ең алдымен мектептің педагогикалық жүйесін тұтас педагогикалық үрдіс ретінде қарастыру мектепте рухани адамгершілік тәрбие беру жолдары бойынша ата аналармен жұмыс жасау, оқу проессінде интерактивті әдіс тәсілдерді пайдалану, мектеп кітапханасының мүмкіндігін жетілдіру, оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарыс,  дебат, оқырмандар конференциясын өткізу, рухани адамгершілік тақырыптағы әдеби шығармалар мен ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау, сол сияқты қазіргі таңдағы ең көп пайдаланатын компьютермен жұмыс жасауды қолға алу деп ойлаймыз. Сонда ғана мектеп оқушыларын адамгершілігі мол, рухани адамгерішілігі жетілген  жеке тұлға етіп қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Күнделікті өзгеріп жатқан осынау кездегі тәлім тәрбие әр балаға жеке адам ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, сезімі, еркі, өзіндік әрекет жасай білетін бағыт бағдары бар қабілетті тұлға екенін ескере отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыру керек деп ойлаймыз:

·                        жастардың білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру; олардың ақыл ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын арттыру, өмірлік мақсат мүддесін айқындауға, жеке  басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;

·                        Ата бабамыздан келе жатқан ұлттық мұраны қадірлеп, санасына сіңіру, сол арқылы ұлттық менталитет қалыптастыру;

·                        Бәсекеге қабілетті азаматтарды тәрбиелеу үшін дарынды жастарды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан жақты жағдай жасау;

·                        Жаһандану үрдісін бағалай білетін, жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін азаматты тәрбиелеу;

·                        Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан жақты эстетикалық тәрбие беру, әдемілікке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету.

Рухани адамгершілік тәрбиесі адамның ізгі қасиеттерінің жиынтығын құрайды және адамның адамшылық іс әрекетіне қайшы келмейтін, өз елінің мақсатын көздей отырып,  ел арасында толеранттылық сыйласымыдылықты сақтау барысында жеке тұлға бойында рухани адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етеді, адам қоғамның дұрыс бағытта дамуы мен жеке тұлғаның толық жетілуіне байланысты іс әрекеттердің, қасиеттердің бәрі рухани адамгершіліктің мазмұнын анықтайды, ал ол құндылықтар дүниесінің құрамын толықтырады. Рухани адамгершілік тәрбиедегі педагогикалық бір шарты, оқу тәрбие жұмыстарының өмірімен тығыз байланыста жүргізілуі. Балалардың өзін өзі ұстауы, сөйлеу мәнері барлығы рухани адамгершілікке тәрбиелеу шарты болып қалыптасады. Бала бойындағы қасиеттер ажырамас бөлігі, инабаттылық негізі қалыптасып, өмірге көзқарасы өзгереді. Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақтан тұтса, ұстаздың, ата ананың да болашағы зор болмақ. Жеке тұлғаны адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге адамдармен достық мейірімділік, басқаны түсіну, біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез құлқы мен пікіріне төзімділік таныту жетелей түседі. Рухани адамгершілік, тәрбиесін ойындар жүргізу, әңгіме өткізу, түрлі әңгімелер құрастыру, көрген фильмдерін талдау арқылы іске асыруға болады.

Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. «Сөзді кішірейтіп айт», «Кәне сөз іздейік», моншақтан жасалған әріптерден сөздер құрастыру. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткілікіз, сондықтан әрбір жеке тұлға бойында адамгершілік, ізгілік,  кішіпейілділік, қайырымдылық, батылдық, отансүйгіштік қасиеттері болуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуы тәрбиеден бастау алады және бұл мәселеге ерекше назар аудару қажет етеді. Тәрбие жемісі өзгермелi   қоғамға бейiм, өз қабiлеттерiн толық көрсете алатын, өзi үшiн де, өзгелер үшiн де құнды жеке тұлға болмақ. Мектептi бiтiрген әрбiр тұлғаның мақсаты айқын, мiндетi нақты, өзiнiң қажетiн қанағаттандыруды көздейтiн бiлiм iздеуге қабiлеттi болуға тиiс.

Әдебиеттер:

1.                 Ә.Табылдиев. «Ұлттық тәлім- тәрбие кең өріс». Мектептегі психология журналы № 5 (11), 2007 жыл.

2.                 Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.- Алматы, 1997.

3.                     Педагогика: учебное пособие дя студентов пед.институтов / Ред. Бабанский Ю.К. 2-е изд. Доп., перераб.-М.: Просвещение, 1988.-с.29.