Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті
Марал Марат
Инклюзивті
білім – баршаны теңестірген нұрлы білім
Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы» бойынша мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілген. Инклюзивті
оқыту барлық
балаларға тең мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
оқушылардың тең құқығын
анықтап, ұжымға белсене араласуға жағдай
туғызады. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытады. Білім берудің бұл тәсілі
балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен
сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге
талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ
беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше
қажеттіліктері бар балалардың жағдайын да өзгертеді.
Мұндай білім беру ортасын ұйымдастырудың негізгі
мақсаты, В.А.Ясвин бойынша, «әрбір оқушының
өзінің дамуы үшін қолайлы жағдайда болатын,
барлық білім беру ортасының қолайлы әсерін сезінетін
жағдайдағы оқыту үдерісін құру, модельдеу»
болып саналады. Білім беру ортасының кеңістіктік-заттық
компонентін модельдеу және ұйымдастыруға, Я.А.Коменскийдің
«Ұлы дидактика» еңбегінде зейін аударылған болатын. Онда
оқу мекемесінің кеңістіктік-заттық ортасы ең
алдымен, бала үшін тартымдылық тұрғысында
қарастырылды: «Мектептің өзі сырттай және іштей керемет
әсер қалдыратындай, жағымды орын болуы керек. Оның іші
ашық, таза, суреттермен безендірілуі керек: ұлы адамдардың
портреті, георафиялық карталар, тарихи оқиғалардың
ескерткіштері, бірқатар эмблемалар. Ал сыртқы жағында
серуендеуге және ойындарға арналған алаң болуы керек
(мұндайдан балаларды оқшаулауға болмайды), сонымен бірге,
оқушыларды анда-санда кіргізетін, оларға ағаштардың,
гүлдер мен шөптердің кереметін қызықтауға
мүмкіндік беретін саябақ болуы керек. Егер жұмыс осылай жасалатын
болса, онда балалар мектепке керемет нәрсені көруге,
тыңдауға барғысы келетіндей күйде болады». Мария
Монтессори тұлғалық дамудың тіректі факторы ретінде,
білім берудің кеңістіктік-заттық ортасын модельдеуге ерекше
назар аударды. Оның құрастырған дамытушы білім беру
үдерісінің моделінде, тәрбиешіге балалардың
кеңістіктік-заттық білім беру ортасын – Монтессори бойынша,
«дайындық ортасын» ұйымдастыру арқылы жанама басқару
жүктелген. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасына арналған
Монтессори құрастырған білім беру ортасы, баланы
өзіндік дамуының мүмкіндіктерін оның даралығына
сәйкес келетін өзіндік іс-әрекетке ынталандырды.
Балалардың өзін-өзі оқыту үдерісі
дидактикалық материалдың құрылымының
өзгешелігімен ерекшеленді: текше-астарлар, алуан түрлі
ұяшықтары бар жиектер, ұяшықты толтыруға
арналған астарлар, оқыту үшін қажетті заттармен
толтырылған суырма жәшіктер. Бұл құрылғылар
балаға өз бетімен тапсырмаларды орындаудағы
қателіктерді табуға және оларды жоюға мүмкіндік
берді. Мұндай сабақтардағы басты нәрсе ретінде,
Монтессори баланың белсенділігін дамытуды атады, ал оның барысында
белгілі бір білімді меңгеруді, жалғаспалы тапсырма ретінде
қарастырды. Монтессоридің білім беру жүйесіндегі
кеңістіктік-заттық ортаның рөлі бірінші кезекте болды,
ең алдымен, аталған жастағы балаларды оқыту негізіне
алуан түрлі сенсорлы тәжірибені меңгеру алынды, бұл
қоршаған ортаның алуан түрлі элементтерімен өзара
әрекетте жүзеге асырылды. Дайындық ортасындағы
баланың әрекетінің дербестігіне Монтессори ерекше мән
берді. Оның ойынша, бұл балаға өзінің «ішкі
күштерін» дамытуға мүмкіндік береді, бұл бірте-бірте
ересектерге тәуелді болудан қалады. Монтессоридің
балаға арналған дидактикалық материалдары - әлемге
деген өзіндік кілт, оның көмегі арқылы ол
өзінің әлем туралы әсерлерін реттейді, мәдениетке
«енеді», табиғатты түсінуді үйренеді.
Әр оқуышының білім алуда өз
ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының
эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі
екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар
оқу материалын
меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы
коррекциялық – түзету, психологиялық,
педагогикалық, әлеуметтік
қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік
дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Сөзімді
қорыта келе айтатыным, Инклюзивті оқыту- барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне
белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті
оқыту-оқушылардың тең құқығын
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға
мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті
оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын
ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын
қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті
білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті
оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген
өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді
ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы
туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту
балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай
балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке
шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық
және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау,
қоршаған ортаның
балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай
қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған
тиімді саясат.
Қорыта
айтқанда,қазіргі таңда
әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап,
саналы тәрбие сапалы білім беру
өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім -барлығы үшін»деген ұстанымды қолдаймын.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
«Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылға
арналған Мемлекеттік
бағдарламасы» Астана, 2010 ж
2. А. А.
Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы»
Алматы, 2008 ж
3. Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық
түзету арқылы қолдау
туралы. ҚР 2002ж №343
заңы