Каримова Г.С.
PhD докторант
Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті
Алматы,
Қазақстан
Қазіргі
қазақ драматургиясын оқыту мәселелері
Сөз
өнерінің 1990 жылдардан басталатын уақыты қазақ
әдебиетінің «сан салалы,
көп мағыналы, күрделі өмір кешкен қазақ әдебиетінің
жаңа кезеңі, енді таптық әдебиет пішімін
өзгертіп, ұлттық әдебиет жалауын көтеріп, соны
өріске бет түзеген»
«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті»
деп аталады[5].
Тәуелсіздік жылдарында жазылып оқырманын
тапқан көркем шығармалардың тақырыбы, мазмұны, идеясы қазіргі
қоғам, адам, оның тіршілігі тұрғысынан заман
келбетін таныту шындығы деп қабылдаймыз. Әдебиетте
танылған тәуелсіздік кезеңінің көркем
шындығы қалың оқырманын тауып, әр қилы
әсерге бөлеуде. Адам табиғатын таныту мүмкіндігі мол
сөз өнерінің жанрлары тақырып, мазмұн жағынан
тәуелсіздік ұғымымен астасып жаңаруда. Тәрбиелеу
мүмкіндігі шексіз сөз өнерінің ерекше түрі
драматургия саласы да
әдебиеттегі терең
мазмұнды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге негізделген драмалармен
толықты. Қазіргі қазақ драматургиясын оқыту да
Тәуелсіздік кезеңі әдебиетінің оқырманына
әдеби білім беруде жаңашыл
бағыт, инновациялық
технологияларды танып-талдап, білім
мазмұнына енгізу жолдарын айқындау
талабы қоюда. Мазмұны, тақырыбы толысқан
әдебиеттің жоо-дағы оқырманы да жаңаша ойлайтын,
жаңалыққа құмар, қазіргі заман
жаңалығын бойына жинаған ерекше тұлға,
болашақ кәсіби маман.
Қазіргі
қазақ драматургиясын оқытуды әдебиетті оқыту
әдістемесі ғылымының қалыптасу, даму тарихында қарау зерттеудің басты
бағытын көрсетеді. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің даму
тарихын осы пәнді оқытатын
ЖОО-ның қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының
типтік оқу бағдарламасында үш кезеңге бөліп
қарастыру ұсынылған.
·
1917-1927 жылдар. Әдебиет
пәнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы
қоғамтану құралы ретінде оқытылуы.
·
1928-1938 жылдар. әдебиеттің
тарихи- әдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері.
·
1939-1958, 1985-1990 жылдар. Білім беру
жүйесіндегі реформалар, бұлардың әдеби білім беру ісін
жетілдіруге тигізген ықпалы. [2, 66б]
ЖОО-ның қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтарында оқытылатын «Қазіргі дәуірдегі
қазақ әдебиеті» пәнінің типтік оқу
бағдарламасында кеңестік кезең драматургиялық
шығармалары молынан енгізілген. Қазіргі дәуірдегі
қазақ әдебиеті пәнінің мазмұндық
құрылымында дараматургиялық шығармалардың берілуін қарастыратын болсақ:
1917-1940 жылдардағы әдебиетте Б. Майлин,
І.Жансүгіров, Ж.Шанин, С.Сейфуллин, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов драмаларын оқу,
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезіндегі
қазақ әдебиетінде М.Әуезов «Сын сағатта», «Намыс
гвардиясы», М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов «Қынаптағы
қылыш», Ә.Тәжібаев, Ш.Құсайынов
«Мәншүк» драмаларын оқу,
1946-1960 жылдар әдебиетінен М.Әуезов
«Қарақыпшақ Қобыланды», Ғ.Мүсірепов
«Амангелді», С.Мұқанов «Шоқан Уәлихаанов» драмаларын
оқу,
1960-1990 жылдардағы қазақ
әдебиеті Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовпен бірігіп жазған
«Көктөбедегі кездесу», Ә.Нұрпейісов «Қан мен
тер», Т.Ахтанов «Ант», «Боран», «Махаббат мұңы» драмаларын
оқу берілген.
Болашақ қазақ тілі мен әдебиетінің
мұғалімі қазақ драматургиясының 1917-1990 жылдар
аралығында қалыптасып дамуын аталған драмаларды оқу
арқылы танып біледі. Қазақ әдебиетінің
кеңестік кезеңіндегі білім
беру мен қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда жаңа білім
берудің арасындағы алшақтық қоғам
өзгерісімен, адамзат дамуының
ерекше сипатымен айқындалады. Қазіргі әдебиетші
мұғалім мектепке апаратын драматургиялық шығармалар
қандай және оларды оқытудың әдістемелік
ерекшелігі неде деген қисынды сұрақ өзекті әрі маңыздылығын танытады.
ЖОО-ғы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын
алушылар Тәуелсіз
Қазақстанда жаңа білім парадигмасын қалыптастыратын,
білімді, ой еркіндігі кең, шығармашыл тұлға
тәрбиелейтін кәсіп иесі. Әдебиеттің ерекше түрі
драматургияның да ұрпақ тәрбиесінде атқаратын
өзіндік миссиясы бар. Қазақ әдебиетінің 1990
жылдардан бастау алған әдеби көркем дүниесі
қазіргі заман сипатын адам, қоғам, табиғат бірлігінде
бейнелеудің ерекше үлгісі ретінде танылуы керек.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
ғылым ретінде қалыптасуын
кеңес өкіметі тұсынан бастағанымен, оның
негіздері халықтық тәлім-тәрбиеде және ХIХ ғасырдың екінші
жартысындағы Ы.Алтынсариннің
педагогикалық еңбектерінен көрінеді.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық ойларының
халыққа жетуі, ашқан мектептері, оқулықтары,
әдістемелік ой-пікірлері арқылы танылады. Қазақ
даласында тұңғыш рет қазақ баласын оқытатын
мектептер, кәсіби мектептер ашып, мұғалім мамандығын
негіздеуі, алғашқы оқулықты оқушының жасына сай, қызығушылығы
мен танымдық, тәрбиелік
мазмұнын ескере жасауы әдістеме ғылымына салған
жолы деуге болады. Оқулық жасау тарихының басы болып
есептелетін «Қазақ хрестоматиясы» сонымен бірге көркем
әдебиет оқулығының көшбасшысы. «Қазақ
хрестоматиясында»
шығармалардың,
мәтіндердің екшеліп
берілуі әдеби білім берудің әдебиеттанулық негізін
байқатады. Оқулықта берілген мәтіндерде әдебиеттің түрі, тегі
жөнінен теориялық білім қалыптаспаған уақытта да
Ы.Алтынсарин осы мәселенің басты бағдар болуын ескерген.
Әдеби білім беруде эпикалық, лирикалық, драмалық
түрдің оқытылуын заңдылық деп түсінген
ұстаз оқулықта айтыстарды енгізуімен драма тегінің де
оқытуда қажеттігін байыптаған. Халық ауыз
әдебиетінің ерекше түрі айтыстың диалогтық
үлгіде болуынан, көрермен алдында айтылуынан сахналық
өнердің, айтыс тілінің қызу тартысқа
құрылуынан драма үлгісінің негізін көруге болады.
М.Әуезов айтыс өнерінің драмаға тән ерекшелігін:
«Ақындар айтысын тыңдаушы көпшілік үшін әр кезде
театрлық, драмалық аса қызу әсері бар өнер
түріне айналдырады. Анығында ақындар айтысының
негізінде, өзгеше жанрлық бітім мазмұнында, қолдану
дәстүрінде, қазақтың халықтық
театрлық өнерінің мол белгілері бар. Халық
театрының анық, дәл ұрығы бар деуге болады»,- деп
тұжырымдайды. [3. 280б]
Әдеби білім беруде тарихын осылай бастаған
драмалық шығармалар заман, қоғам дамуымен ілесіп
өзінің адамзат тәрбиесінде құндылығымен,
ерекшелігімен әр буын оқырманын, көрерменін ойлантып келеді.
Әдебиеттің теориялық мәселелерін барлай
қарасақ, адам, қоғам, оның өмірдегі сан
қырлы орны сөз өнерінің ерекше тәсілдерімен,
әдеби түрлерімен танылады.
Сөз құдіретінің ерекше тәсілдері,
формалары адам, қоғам дамуымен қалыптасып, оның рухани,
көркем дамуын көрсетеді.
Әдеби бейнелеу түрлері, формалары ежелгі грек әдебиетінде
пайда болып, көркем әдебиетті үш текке бөліп эпос,
лирика, драма деп таныған. Бұл әдебиетте өмір
шындығының сөз өнерінде танылуы, адамдар
арасындағы күрделі тіршілік-құбылысты көркем бейнелеу тәсіліне
қарай бөлінуі.
Әдебиеттің әр тегінің өмір-болмысты, адамзатты
таныту әдіс-тәсілі, түрлері әрқилы. Алайда
сөз өнері әдебиеттің адам тәрбиелеу
мүмкіндігінің шексіздігі үш текке де бірдей қатысты.
Эпос, лирика, драма адамзат қоғамының тәрбие
құралы болып қала бермек. Сөз өнерінің
үш түрінің адамға берер рухани, эстетикалық
мәні, адам жанының терең толғанысының
психологиялық күйін танытуы әртүрлі. Эпоста жазушы адам
оның тағдырын, қоғаммен байланысын, тіршіліктегі оны қуантқан,
толғантқан мәселелердің барлығын шынайы көркем әрі жүйелі баяндап
бере алады, ал лирикада ақын өмір-болмысты оның кейіпкері
адам туралы өзін толғантқан ой-сезімдерін, ішкі
жан-дүниесінің сырын, түсінік-танымын жеткізуді мақсат қояды. Лирика
ақынның ішкі сезімінің толқынысы, қуанышы, мұңы,
хал-күйі, оны жеткізетін ерекше тіл болмысы. Ал драмалық бейнелеу
тәсілінің мүмкіндігі
ерекше, ол ерекшелік драманы жасауға негіз эпика мен лирикадан
алынатыны. Бұл туралы В.Г.Белинский драманың бейнелеу тәсілінде
көркем өнердің лирика мен эпиканың байланысы барын
түсіндіреді: «Драма қарама-қарсы элементтерді –
эпикалық объективтік пен лирикалық субъективті
ынтымақтастырушы нәрсе, бірақ, осылай болғанымен де ол
эпопея да, лирика да емес, алғашқы екеуінен шыққанымен
де, ол тіпті жаңа, өзімен-өзі болып жатқан бір
үшінші нәрсе»[4, 26б].Қазақ әдебиеттану
ғылымында ғалым
С.Мақпырұлы: «Драма өмір шындығы мен адам
тағдырын бейнелеудің ең күрделі тәсілі, эпос пен
лирика ерекшеліктерін қоса қамтыған синтез жанр деп те
атайды»,-деп тұжырым жасайды.
Драмадағы синтездік белгі
көркем туындының авторға тәуелсіз сыртқы дүние болуы эпоста,
кейіпкердің ішкі дүние әлемі, болмысы лирикада деп
түсіндіреді.[5,37б] Осындай ерекшелігі
бар драманың табиғатын ғалым Р. Нұрғалиев:
«Әдебиеттің ерекше бір түрі - драматургия театрды нысана
етеді, сахнаға қойылу үшін жазылады. Танымдық,
тәрбиелік мәні бар, идеялық-эстетикалық әсері
орасан күшті өнер - драматургия тоғысуы, характерлер
қақтығысы, сезімдер шайқасын көрсетіп, аса
қатал композиция талаптарын ескере отырып, ерекше көркемдік
құрал - диалоггар мен монологтар арқылы болмыстың сан
алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына баға
береді, билік айтады»,- деп айқындайды.[6,5б]
Драманың осындай теориялық мәселелерінің
күрделілігі, жанрлық ерекшелігінің молдығы
қазіргі қазақ драматургиясын оқытуда басшылыққа
алынуы тиіс. Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік
драматургия заңдылығын бойына жинаған, драманың жанрлық сипатын танытатын кемелденген
құрылымға ие. ХХ ғасыр басында қалыптасқан драматургия
тәуелсіз ел әдебиетінде жанр үлгісімен ұлтымыздың
жаңа мәдениетімен, әдебиетімен бірге өсіп, жетіліп
тырды.
Қазіргі
қазақ драматургиясында жанр түрлерінің қайсысы
басымдау, қай жанрда
жазылған шығармалар оқырманын, көрерменін
қызықтырады деген сауал да оны оқыту әдістемесімен
байланыста қарастырылады.
Драмалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі оны оқытуда қиындық
туғызады. Ол қиындық драманың көру және
оқу арқылы танылатын
интеграциялық тұтастығында. Осындай ерекшеліктеріне
қарай қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде
драманың мектепте, жоо-да оқытылу жайы ауқымды зерттелмеген.
Әдебиетті оқытудың мәселелерін көтерген
ғылыми зерттеулерге назар салсақ, әдебиетті пән ретінде
оқытудың алғашқы кезеңдерінен бастап
тәуелсіздікке дейінгі уақытта әдістеме мәселелерін
көтерген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде жалпы айтылып, жеке зерттеу нысанына
айналмағаны байқалды.
Өткен ғасырдың 60-90 жылдары қазақ
әдебиетін оқытудың тарихында
танымдық мәні зор зерттеу еңбектеріне толы жылдар
болды. Ғалымдар мен әдіскерлердің әдістемелік
оқулықтарында
қазақ әдебиетін оқытудың жайы жан-жақты
қарастырылды. Сондай әдістемелік оқулықтар Ә.Қоңыратбаевтың
«Әдебиетті оқыту методикасының очерктері»(1962),
«Әдебиетті оқыту методикасы»(1966),Көшімбаев
А.-әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін салушы
екендігі. «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту методикасы»(1958),Е.Дайырбаевтың
«»Мектепте шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері
(1963),
«Қазақ әдебиетін оқыту методикасы»(1969),
Ә.Дайырованың «Орта мектепте І. Жансүгіров творчествосын
оқыту»(1969), «Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа
бетбұрыс», Қ.Өмірәлиевтің «Абайдың
нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану»,
М.Мырзахметовтың «Абай шығармаларын Әуезовше оқып
үйренейік», С.Тілешованың
«IV- VII кластарға арналған қазақ
әдебиетінің жаңа программалары мен оқулықтары
жөнінде», Р. Сүлейменова «қазақ совет әдебиетін
оқыту әдістемесі»(1971), Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың
эстетикалық табиғатын
таныту», Қ.Мырзағалиевтің «Әдебиет сабағында
әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту», (1973),
Қалиев С. «Мектепте Ғ.Мүсірепов шығармаларын
оқыту»(1974), Қ.Тасболатовтың «Әдебиет сабағында
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары» (1974),
Бадырақов Қ. (Жоғары кластарда қазақ
әдебиетінен тапсырма жүйесі»(1977),C.Қирабаев «Мектеп
және қазақ әдебиеті».(1979). «Әдебиетті
жаңа программамен оқытудың кейбір мәселелері» т.б
авторлар еңбегінде
әдебиетті оқыту мәселелері мәтінмен жұмыс, әдеби талдау, көркем
шығарманы жанрлық ерекшелігімен оқыту, жазба жұмыстар
жүргізу әдістері жайында ғалымдар әдістемелік
ой-пікірлерін, тәжірибесін ортаға салды. Алайда ғалымдар
еңбектерінде драматургиялық
шығармаларды оқыту
мәселесі жеке зерттеу нысанына алынбаған. Қазақ
әдебиетін оқыту
мәселелері 1980-90 жылдардағы зерттеулерде
әдістеменің ғылым
ретінде дамығанын, жетілгенін байқатады. Әдіскер
-ғалымдар Қ.Бітібаева, С.Мақпыров, Б.Сманов,
Т.Жұмажанова Қ.Жаманбаева,
Г.Құрманбаева еңбектері әдебиетті оқытуда
тың ой-пікірлер айтуымен ерекшеленеді. Қазақ әдебиетін
оқытудың 90 жылдардан бері кезеңдері Тәуелсіз
Қазақстанның қоғамдық өзгерісіне
қарай білім беру ісіндегі ресми
құжаттарына сәйкес өз
мазмұнын, бағытын айқындады. Осы кезеңнің
басты жаңалығы болып әдебиетті негізгі және тереңдетіп оқыту деңгейі
іске асырылды. Әдеби білім
беруде халқымен қайта
қауышқан Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов
шығармаларын зерттеу, үздік үлгілерін мектеп, жоо
бағдарламаларына енгізу жұмысы қолға алынды.
Әдебиетті оқыту құжаттарының алғашқысы
«Әдеби білім тұжырымдамасы» Т.Ақшолақов,
Ә.Дайырованың дайындауымен 1991жылы жоба ретінде ұсынылды.
Бұл жоба 1997 жылға дейін білім беру саласында талқыланып,
1997 жылы жеке кітапша болып жоба түрінде басылып таратылды. Жобада әдеби білім берудің
мақсат, міндеттерін қоғам дамуымен бағдарлы
өзгереді, әдебиеттің мазмұны өнер пәні ретінде айқындалады деп
көрсетілді. Ұсынылған Жобада: «Яғни білім
нәтижесі жеке тұлға ретінде рухани дамуымен есептелуі тиіс.
Соған сәйкес білімнің де мақсаты өзгереді»,-деп
білімнің төрт бағытты көздейтін мақсаттарының
жүйесін көрсетті:
а) эстетикалық адамгершілік, азаматтық
тәрбие беру;
ә) тұрақты оқырмандық
ынта-ықыласты қалыптастыру;
б) эстетикалық қабылдауына және
бағалауына қажеті білім-білікпен
қаруландыру;
в) ойын, тіл мәдениетін, сезімін дамыту .
Әдебиеттің білім мазмұнын
құраушы аталған мақсаттары оны оқытудың да әдістемесінің
өзгеруін, жаңа білім мазмұнына лайықты болуын
көздейді. Әдеби білім берудің тұжырымдамасы жаңа
білім берудің негізгі қағидасы «жаңа білім
мазмұнын айқындаудағы жетекші методологиялық
ұстаным ұлттық таным, ұлттық рухани сана
қалыптастыру деген философиялық тұғырнамалық
жаңа көзқарасқа
сүйенуі тиіс. Бұл
позиция да қоғамдық сұраныс пен
қоғамдық және педагогикалық
ғылымдардың білім берудегі қазіргі бағыттарымен толық үндес. Осы арқылы сол
негізде басқа халықтарға бүкіл адамзатқа деген
гуманистік сана қалыптастыру қажет. Сондықтан
қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнын,
негізінен ұлттық ізгілікті
құндылықтарға негіздеу жетекші
ұстанымдардың бірі болады»,-деп ұлттық сана мен рухты
қалыптастыру мәселесін басты ұстаным ретінде
қояды[7,136].
Қазіргі қазақ драматургиясын
оқыту да осы Жобада көрсетілген
білім мазмұнын игертудегі
жүйелі мақсаттарға сәйкес құрылады. Драматургиядан
берілетін білім мазмұнын анықтауда болашақ кәсіби
маманның оқырмандық, эстетика мен мәдени қыры
дамытылуы басты бағыт болуы керек.
Әдебиеттер
тізімі:
1.Қазақ әдебиетініңтарихы. 10
том–Астана: Қазақпарат.– 2006.
2.Типтік оқу бағдаарламалары, Жоғары
кәсіптік білім, бакалавриат, 5В011700-Қазақ тілі мен
әдебиеті Алматы 2007ж. 66б
3.М.Әуезов Он
жетінші том. Мақалалар, зерттеулер Алматы «Жазушы» 1985, 280б
4. И.Г. Белинский. Шығармалары. Әдеби-сын
мақалалар. Алматы, 1987, 26б
5.Серік Мақпырұлы Әдебиеттің
тектері мен түрлері. Алматы- 1994, РБК, 37б
6.Р.Нұрғалиев. Драма өнері. Алматы:
«Санат» баспасы, 2001.-480 бет.
7. Қазақ әдебиетін оқыту
тұжырымдамасы. Жоба. Алматы, РБК,1997