Г.Ж.Хаирлаева, А.Алдибекова
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті, Қазақстан
КӨРКЕМ
ФИЛЬМДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ АУЫЗША СӨЙЛЕУ
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Шет тілі әдістемесінің теориялық және
экспериментальді шешетін мәселелерінің ішіндегі ең
өзектісі сөйлеу құзырлығы және оны меңгеру болып табылады.
Сөйлеу құзырлығы сөзінің мағынасы
Америка ғалымы Д.Хаймздың берген түсініктемесіне сай келеді:
«Сөйлеу құзырлығы дегеніміз –сөйлеу
мәдениетін меңгеру». Сол тілде сөйлейтін мемелекетте
тұрмай, сөйлеу құзырлығын меңгеру
әрине қиын. Сондықтан, шет тілі мұғалімінің
басты міндеті- сабақта табиғи және жасанды сөйлеу
ортасын қалыптастыра білу және сол үшін көптеген
әдістер мен жұмыс істеу тәсілдерін қолдана білу. Қазіргі таңда ауызша сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруды оқытуда коммуникативті бағыт
танымал болып отыр. Сөз
әрекетінің түрлері – сөйлеу, жазу, тыңдап
түсіну, оқу – қарым-қатынас құралы болады.
Сондықтан, мақсатқа жету үшін оның белгілі
тәсілі болу керек. Қарым-қатынас ретінде сөйлеуге
үйрету тәсілі – коммуникативті тәсіл болып табылады.
Қарым-қатынас жасауға үйретпей, сөйлеуге
үйрету мүмкін емес, сондықтан, сабақта
қарым-қатынас жасау шарттарын жасау керек. Сөйлеуге
үйрету үрдісінде фильм арқылы нені өзгерту керек, не
жетіспейтінін білу үшін мұғалімнің жалпы
қарым-қатынас туралы түсінігі болу керек,
«қарым-қатынас», «сөйлеу» және «үйрету»
араларындағы байланысты түсінуі керек. Осы бағытқа сай
ағылшын тілін үйренушілер осы алғандарынан өздері
ұстанатын ережелер жүйесін қалыптастырады, кейіннен оларды
тілдік жүйеге қатысты пайдаланады. Сондықтан да,
оқушылардың жіберетін тілдік қателері сәтсіздікке
ұшырау деп қарастырылмауы керек, қайта бұдан 20 жыл
бұрынғы әдістемеден айырмаланып, ауызша сөйлеуге
үйрету тәсілі басты рөл атқаратын іс әрекетке
айналуы тиіс, бұнда енді диалогтық
қарым-қатынасқа басты назар аударылады.
Студенттердің
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын бірнеше
әдіс-тәсілдер бар. Біріншіден, оқытушы студенттің
жетістіктерін алғашқы үйрену сатыларынан бастап марапаттап,
өзінің жеке жұмыс істеу жүйесін қалыптастырып,
қарым-қатынас жасау тәжірибесінде кеңінен
қолдануы керек. Екіншіден, мұғалім студенттердің шет
тілдік білімдеріндегі ақтаңдақтарды коммуникативтік
стратегиялар арқылы ынталандырып отыруы қажет. Үшіншіден,
студенттердің білім деңгейін бағалауда және
олардың білімдерінің өрлеуінде коммуникацияның
тиімділігі негізгі басымдылық болуы тиіс.
Қазіргі заманғы
оқулықтардың жақсы жақтарының бірі
ондағы ел танымдық ақпараттардың көп болуы болып
саналады. Мәтіндердің қатарында хаттар, жарнамалық
хабарламалар, жапсырмалар, анкеталар, ұсыныстар бар. Бұл
материалдардың барлығы оқушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып таңдалған, оларды меңгеру сол елдің
мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік береді. Шет тілінде
сөйлеу дағдысын дамытуда бейнефильмдерді қолдану үшін алдымен оқушыларды
қызықтыра білу керек, одан кейінгі қадам оларға фильмнің тілін
түсіне алатындықтарын дәлелдеу болып табылады. Бұл
қанағаттандырушылыққа және өз-өзіне сенім
артуға шақырады. Фильмді көрудегі мақсат оның
мазмұнын емес, тілін түсінуге тырысу екенін ұғындыру
қажет. Бұл мақсатқа жету үшін, біріншіден
бейнефильмдерді сабақта үнемі көрсету керек, екіншіден оны
әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыра білу керек. Бейнефильмдерді
көрсету баланың назары мен есте сақтау
қабілетінің дамуына игі әсер етеді. Фильмді сыныпта
көрсету барысында бірлесе отырып түсіну қабілеті
қалыптасады, мұқият назар аудару есте сақтау
қабілетін дамытады. Ақпарат түсу көздерінің
әртүрлі жолдарын қолдану (есту, көру) елтану және
тілдік материалды дұрыс қабылдауға көмектеседі. Шет
тілі әдістемесі бойынша кез-келген мәтінмен жұмыс кезінде
негізгі
үш
саты бойынша жұмыс жасалынады: мәтінге дейінгі (pre-viewing),
мәтіндік (while viewing), мәтіннен кейінгі саты (post or
after-viewing).
Мәтінге
дейінгі сатының мақсаты - білімгерлерді тапсырманы орындауға
қызықтыру және мәтіннің кейбір қиын
тұстарын оңайлату. Бұл мақсатқа жету үшін
оқытушы кәсіби шеберліктің жоғарғы
дәрежеделі сатысын меңгеруі керек екені айдан анық. Бұл
сатыда берілген тақырып бойынша білімгерлердің алған білімін
негізге ала отырып, тақырыпты талдау, мәтіннің
тақырыбын оқып, мәтіннің не туралы болатындығын
болжау,
мәтінге
берілген сұрақтар бойынша оның негізгі мазмұны мен лексикасымен танысу, мәтіннің
тақырыбымен танысқан соң берілген тақырып бойынша не
білетіні және не білгісі келетіні туралы жазу, видеофрагмент бойынша
мазмұнын болжау, кездесетін жаңа сөздердің тізіміне
қарап, мазмұнын анықтау сияқты тапсырмаларды
орындауға болады. Мәтіндік сатының мақсаты - шет
тілінде қарым-қатынасқа түсе
алу
мүмкіндігін есепке ала отырып, ары қарай тілдік, сөздік
және мәдени дамуды қамтамасыз ету. Мұнда белгілі бір
тілдік материалды (лексика, грамматика, фонетика) табуға арналған
жаттығулар жасауға болады, мысалы: бейнефрагментті көргеннен
соң, келесі қазақ тіліндегі сөздер мен сөз
тіркестерінің шет
тіліндегі
эквивалентін табыңыз немесе керісінше, бейнефрагментті көргеннен
соң, келесі шет тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің
қазақша эквивалентін табыңыз. Сонымен қатар, көп
нүктенің орнын қажетті сөздер мен сөз
тіркестерімен толтырыңдар, «...» тақырыбымен байланысты
барлық етістіктерді теріп жазыңдар, бейнені өшіріп
қойып, тек дыбысын тыңдату арқылы кейіпкерлердің
бейнесін сипаттау, оқиға болып жатқан жерді сипаттау,
кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты сипаттау,
«үзіліс» тетігін басып қойып, ары қарай не болатынын болжау,
дыбысты өшіріп қойып, кейіпкерлердің сөздерін дубляждау
(кейінірек фильмдегі
диалогтың
нұсқасымен салыстыру) сияқты тапсырмаларды орындауға
болады. Мәтіннен кейінгі
сатының мақсаты- жазба немесе ауызекі сөйлеуді
дамытудың негізі ретінде мәтіннің
түпнұсқасын пайдалану. Бұл сатыда төмендегі
тапсырмаларды орындауға болады: өз бетінше бейнесюжет
дайындауға байланысты жобалық жұмыс (қала, мектеп
туралы бейнесаяхат жасау), бейнефильмдегі сюжетке байланысты рөлдік ойын
ойнау. Шет тілін үйренуді жаңа бастағандар үшін
олардың сөздік қорының аздығы мен грамматикалық
білімінің саяздығына байланысты бейнефильмдерді
қолдануға мүмкіндік аз. Алайда бейнефильмді қолдану
сабақты түрлендіру арқылы олардың
қызығушылығын арттырады, экранға тек қадалып
қарап отырмай, онымен жұмыс істеуге үйретеді.
Тәжірибелер нәтижесі бойынша шет тілін үйренудің
бастапқы сатысында бейнемультипликациялар қолданған
дұрыс. Бейнемультипликациялар материалды қарапайым
бейнекөрнекілік көмегімен жеткізуге көмектеседі.
Бейнефильмдерді жаңа сөздерді үйрену үшін де
қолдануға болады, мысалы жануардың тек аудармасын
айтқаннан, сол жануардың зоопарктегі не еркіндікте жүрген бейнесін
көрсетсе, оқушылардың есінде жақсы сақталады. Шет тілін жақсы меңгергендер
үшін фильмге рецензия жазу, комедиялық фильмдердегі
әзіл-қалжыңдарды жазып алу, детективті фильмдердің
соңын болжау, яғни кісі өлтірушінің немесе ұрлық
жасаушының кім екенін табу сияқты тапсырмалар беруге болады.
Көркем фильмдермен қатар хабарларды да қолдануға
болады, мысалы алдымен дыбыссыз көрсетіп, не туралы хабарлап
жатқандығын болжап көруге болады. Соңынан әрине,
дыбыспен көріп, болжалдарының қаншалықты сәйкес
келгендігін тексереді. Бейнефильмдердің оқушыларға
психологиялық әсер ету ерекшеліктері оқу
үрдісінің қалыптасуына және олардың сөйлеу
құзырлығы мен қоғамдық мәдени
ортасының қалыптасуына ықпал етеді.
Катчен
өз ана тілдерінде жақсы сөйлейтін студенттердің шетел тілінде
де сөйлеу қабілеттері жоғары болатындығын атап
көрсетеді. Себебі, сөйлеу дағдылары автоматты түрде
емес, әртүрлі жаттығулардың көмегімен бірте-бірте
қалыптасатындыған айтады .
Қазіргі кезде
ауызша қарым-қатынас дағдыларын үйретуде коммуникативті тәсілдеме кең
таралған. Осы тәсілдемеге
байланысты ағылшын тілін меңгерушілер өздеріне
қажетті мағмлұматтардан белсенді түрде ережелер құрастырады,
және кейін осы ережелерді арнаулы тілдік жүйеге қатысты
қолданады. Осылайша, оқушылардың қателіктері
сәтсіздіктердің көрінісі ретінде қарастырылмауы керек.
Әдебиеттер тізімі
1.
Larsen-Freeman D. Language
Teaching Methods. Teacher’s
Handbook for the Video Series.
Washington, D.C.: Office of English Language Programs, 1990.
2.
Allen M. Techniques in Teaching
Vocabulary. Oxford: Oxford University Press,
1983