Шетел тілін үйретудегі Интернеттің
маңызы
Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Арнайы мақсаттағы шетел тілдері
кафедрасының аға оқытушысы
Муканова
З.А.
Резюме
Интернет как
средство модернизации обучения иностранному языку в полилоге культур
В
данной статье рассматриваются преимущества применения интернета в
процессе обучения иностранного языка в полилоге культур. Так как цель иноязычного образования является
формирование субъекта межкультурной коммуникации в полилоге культур
использование информационных технологии при обучении иностранному языку
является основным
фактором повышения качестваобразования и
обучения иностранным языкам.
Ключевые слова: иноязычное образование, межкультурная коммуникация,
полилог культур, интернет.
Summary
Internet as a
mean of modernization of foreign language teaching in polylogue of cultures
This article
discusses the advantages of using the Internet in the process of learning a
foreign language in polylogueof cultures. Since the objective of foreign
language education is to form the subject of intercultural communication in
polylogue of cultures using information technology in teaching a foreign
language is a major factor in improving the quality of education and foreign
language instruction.
Keywords: foreign language education, intercultural
communication, culture polilogue, intetrnet.
Қазақстан Республикасы өз
тәуелсіздігін алғаннан бері толассыз жүріп жатқан
реформалау процесінің барысында ел экономикасы ғана емес, сонымен
бірге әлеуметтік рухани сала да өзгеріске ұшырауда.
Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау, міне
соның айғағы. Республика Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
жылсайынғы дәстүрлі жолдауларында осы заманғы білім
беруді дамыту, кадрлар біліктілігін ұдайы арттыру және
Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі
өркендеуі — Қазақстанның бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса
маңызды құралдардың бірі екендігін атап
көрсетіледі [1].
Ғаламторсыз адам өмірін
елестету өте қиын. Интернет қазіргі таңда өндіріс
саласын түрлендіреді, әлеуметтік құрылымдарды өзгертеді,
әлеуметтің бір бірімен қарым-қатынас
құралына айналды. Ғаламдық компьютерлер желісінің
пайда болуы интернет қарым-қатынастың қалыптасуына
ықпал етті. Бұл өз алдына вербальды
іс-қимылдардың қалыптасуымен сипатталып, диалогқа
қатысушалырдың ерекше нормаға сәйкес сөйлеу
мәнерін дамытуға ықпалын тигізіп отыр. Интернет тірі
ағзаға ұқсас, үнемі тұрақты
өзгерістер мен даму процестерінен өтуде.
Біздің
мемлекетте ғаламтор тұтынушылары қатарының елеулі артуы
байқалады. Айта кетерлігі еліміздің азаматтарының
көпшілігі интернетті шетел тілін меңгеру мақсатында
пайдаланады. 2014 жылдың соңына қарай Қазақстанда
интернет желісін пайдаланушылардың саны 9,966,444 млн адамды
құрады. Бұл Қазақстан халқының 54.9 %
құрайды. (www.internetworldstats.com)
Бүгінгі күндері қазақстандық интернет
желсінде көптеген шетел тілдерін үйретуге бағытталған
online оқыту курстары бар. Бұл ретте, ең танымал және
сұранысқа ие ағылшын тілін меңгерту
курстары. Осыған орай, қазір шет тілін меңгеруде
лингвомәдени әдісті қолдану жоғары
сұранысқа ие. Бұл шетел тілін меңгеру барысында
әлеуметтік және мәдени ортаны ескеру.
Ағылшын
тілін online меңгеру – үйден шықпай-ақ қосымша
білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Internet желісіне
қосылған компьютер мүмкіндіктері орасан зор. Желі
арқылы сіз виртуальды мектеп табалдырығын аттап, өз
қажеттілігінізге қарай сабақ кестесін қалыптастыра
аласыз. Ғаламтор технологияларының виртуальды ақиқаты,
шынайы класс атмосферасын үйде немесе кеңседе сезінуге
мүмкіндік береді. Өз үйінізде қолайлы уақытта
және белгіленген қарқында білім алуынызға
мүмкіндік туады. Бұндай оқыту тәсілін e-learning деп
атайды. Электронды тасымалдағыш ақпарат құралдары
көмегімен білім алу әлемде кең сұранысқа ие. Сонымен
қатар e-learning тәсілінің бірнеше елеулі
артықшылықтары бар. Атап кетсек:
ü
оқу кестесінің икемділігі;
ü
оқу ғимаратына барып жолға уақыт
жұмсау қажеттілігінің болмауы;
ü
қаржыны айтарлықтай үнемдейді,
күндізгі оқу түрімен салыстырғанда бағасы
айтарлықтай төмен;
ü
интерактивті оқыту, яғни интернет желісі
арқылы монитордың арғы жағындағы ұстазбен
немесе басқа мемлекет және ұлт өкілдерімен
халықаралық тіл арқылы қарым-қатынасқа
түсу мүмкіншілігі;
ü
әрбір студентке ерекше
қарым-қатынастың болуы.
Интернет арқылы жүзеге асырылатын виртуальды
мектепте әрбір шетел тілі сабағы әр түрлі
мәдениет өкілдерінің бір мақсатта,
халықаралық тілді меңгеру мақсатында, бір
кеңістікте шоғырландырады. Бұндай виртуальды сабақ
барысында мәдениетаралық коммуникация жүріп отырады,
өйткені әрбір шет тіліндегі сөз шетел әлемі мен шетел
мәдениетін, шетел өкілдерінің ұлттық менталитетін
байқатады. Әрбір сөздің мағынасында белгілі бір
ұлттық сана мен қоршаған орта жайлы түсінік
жатыр.
Интернет қолданысының дамуы сабақ
өткізуге – қашықтан оқу формасын кіргізуге
мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының оқу
уақыты мен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік жасайды,
екіншіден, дәстүрлі білім алу мүмкіншілігінен айырылған
адамдарға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, жаңа
ақпараттың оқуға кеткен шығынды азайтады [2].
Ереже бойынша, шетел тілін оқытудың интернет
формасында электронды оқулықтар қолданылады. Бұл
оқулықтардың тиімділігі, біздің ойымызша: біріншіден,
олардың мобильдігі, екіншіден, компьютер желілерінің дамуына
байланысты кез-келген жерде қолдану мүмкіндігінің болуы.
Электронды оқулықтардың жасау ақпарат материалдарын
үнемі жаңартып тұруға мүмкіндік жасайды.
Электронды оқулықтарда жаттығулар мен мысалдар түрлері
көптеп қарастырылады (беріледі). Сонымен қатар, электронды
оқулықтар көмегімен білімді бақылау – компьютер
арқылы тестілеу жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда дүние жүзілік
мәдениеттің дамуы, халықтың сана-сезімінің
өсуі, дүниежүзілік қауымдастыққа кіруі
бұрыннан сіресіп қалған пікірлер мен қағидаларды
сын көзбен қарап, жаңаша әдістемелік қатынас
тұрғысынан ойлау мен жан-жақты әрекетімізді
ұйымдастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес
өзекті мәселесіне айналып отыр. Мұндай жағдайда
ұлтаралық мәдениеттің, коммуникативтік қарым-
қатынастың күшеюі табиғи нәрсе.
Еліміздегі білім берудің барлық сатыларында
халықаралық қатынас тілдеріне үйретуде коммуникативтік
әдіс-тәсілді қолдану кеңінен қанат жаюда.
Бұл реттегі оқыту мазмұнында тілді
нақты бір жағдайларға байланысты қолдануды
анықтап, себепші болатын, сондай-ақ,оқушының немесе
студенттің басқа тілдегі коммуникативтік хабардарлығына
әсер ететін фактор ретінде әлеуметтік мәдени компонентке
басты назар аударылады.
Аталмыш мақалада шетел тіліне оқытуда
әлеуметтік мәдени компонентті қолданудың
маңыздылығы, бұл компоненттің мүмкін деген
мазмұны және оқытылатын тіл елінің мәдени
аясындағы мәселелерді интернет арқылы шешу
қарастырылады [3].
Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге аутентті мәтіндерді
қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен
қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер
береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Ағылшын тілі сабағында интернетті
мәдениеттер полилогында оқытуда қолдану мәтіндер мен
ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын
оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады,
өйткені кейбір жағдайларда интернет білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.Назарбаев
Н.Ә. Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ // Қазақстан Республикасының Президенті
–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы. Астана,2014.
2.Bachman
L. Fundamental Considerations in Language Testing.-Oxford University
Press,1990.
3.Мильруд Р.П. Навыки и умения в обучении иноязычному говорению // Иностр. языки в школе, 1999, №1.