5В030200 – Халықаралық
құқық мамандығының
3 курс студенті Қосаман Ғалым
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Тараз, Қазақстан
КӨПТІЛДІ
БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
«Қазақстан
әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де:
қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін –
ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін
– жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің
көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан»
Қоғамның дамуында тіл мәселесі бұрынғы
заманда да маңызды рөл атқараған. Өйткені тіл
арқылы адам өз ойын жеткізіп қана қоймай, жаңа
мәліметтерді алады. Еліміздің басты заңы –
Конституциямыздың 7-бабында жазылғандай, мемлекеттік тіл
қазақ тілі болып табылады, сонымен бірге мемлекеттік органдарда
орыс тілі де қатар жүреді. Қазақстан көпұлтты
мемлекеттің бірі болғандықтан, «тіл мәселесі»
жақсы қамтамасыз етілуі керек. Тілдің арқасында
ұлттардың арасында тыныштық, бейбітшілік орнатуға
болады. Сол себептен елбасымыз мемлекетте қазақ тілімен
қатар, орыс тілінде қолдануға рұқсат беріп отыр.
Халқымыздың біртуар данышпаны Мағжан Жұмабаев:
“Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілдің
болуы.,” – деп тіл жайында терең толғаған. Еліміз
тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл
саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл
туралы оңды қоғамдық көзқарас
қалыптасып отыр. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға баса
назар аударып отыр. "Еліміздің маңызды
құндылықтарының бірі және басты
артықшылығы -көпұлттылық пен көптілділік
"-деп атап көрсеткен. "Тілдерді қолдану мен
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында көптілді білім беруді қамтамасыз
ету"деп те баса айтқан болатын. 2020- жылға қарай барша
Қазақстандықтар қазақ тілін,орыс тілін 95%
және 25% ағылшын тілін меңгеруі тиіс" делінген.[1] [4]
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында
сөйлеген сөзінде: "Қазақстандықтардың
жаңа ұрпағы ең кемі үштілді
болуы,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін еркін меңгеруі
тиіс." Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің
халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін
тұлғааралық және мәдениаралық
қарым-қатынастардың аса маңызды құралы
болып табылады. Елбасымыз жастарға осындай талаптар қою
арқылы, еліміздің биік жетістіктерге жеткенін қалап отыр.
Абай атамыз айтқандай: « ғылымды тану үшін, орыс тілін білу керек».
Бірақ қазіргі таңда ғылымды танып, зерттеп,
анықтау үшін орыс тілімен қоса, ағылшын тілін білу
қажет деп ойлаймын. Ағылшын тілі – халықаралық тіл
болғандықтан, әлемде болып жатқан
жаңалықтарды тек ағылшын тілі арқылы ғана тани
аламыз. Ағылшын тілін меңгеру – жастарға
әлем танудың кілті болмақ. Ол – жаһанданудың кепілі.[5]
Көп тілді білім – беру саясатын дамыту
мақсатында елімізде әртүрлі мемлекеттік бағдарламар
бар. Олар:
·
ҚР Президенті
2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беру жүйесін
дамыту бағдарламасы;
·
2011-2020
жылдарға арналған Тілдерді дамыту иен қолдану бағдарламасы;
·
«Тілдер
үшбірлігі» мәдени бағдарламасы;
Бұл
бағдарламалардың алға қойған мақсаттары:
·
балабақша,
мектеп, жоғары оқу орындарында көп тілді білім беру
жүйесін енгізу;
·
қазақ тілінің мәртебесін
көтеру;
·
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды
қазақ тілінде жүргізу;
·
ағылшын тілін меңгерту;
·
орыс тілін жетік білу;
·
тілді дамытуда компьютерлік техникаларды
қолдану; [2][3]
Осы мемлекетпен берілген бағдарламалар
нәтижесінде және ҚР Білім беру заңының 11 (5)
бабына сәйкес шетел тілдерін меңгерту мақсатында Қазақстан
Республикасындағы ЖОО-да көптілді білім беретін мамандықтар
қатары ашыла бастады. Бұл
арнайы топтарда оқитын білімгерлер мен оқытушылар үшін
қолайлы жағдай жасалған, оқу үдерісі
техникалық, әдістемелік тұрғыдан толық
қамтамасыз етілген. Ағылшын тілін жетілдіру мақсатында, сол
тілде жүргізілетін пәндерге арналған аудитория заманауи
сандық аудио-видео техникамен, интернет желісіне қосылған
компьютерлермен, интерактивті тақтамен және т.б. тілді жетілдіру
үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Елумуздің
университеттерінде оқытушылар құрамында үш тілде таза
сөйлейтін ұстаздар
жеткілікті. Білімді ұстаздарымыздың арқасында
көп тілде оқитын топтар өз мамандығын жетік
меңгеріп жатыр. Сонымен қатар,
оқытушылардың тілдерін жетілдіру мақсатында, шетелге
тәжірибе алмасуға жіберіп тұрса немесе шетелден
профессорларды лекция жүргізуге шақырсақ жақсы болар
еді. Білімгерлеріміздің кәсіпқой, өз ісінің
маманы болуда, оқытушылардың атқаратын рөлі өте
зор. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай: Еліміздің болашағы -
жастардың қолында. Қазіргі таңда әлемдегі
тілдердің рөлін ескере отырып, тілдерді оқыту және
көптілді білім берудің деңгейін жоғарылатудың
маңызы өте зор.[6]
Жоғарыда
атап айтылғандай, көптілді білім беру жүйесімен оқитын
студенттердің пәндері
үштілді білім беру бағдарламасына сәйкес қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мысалы: 1 семестрде 9 пән болатын болса, оның 3-еуі
қазақ тілінде, 3-еуі орыс тілінде, 3-еуі ағылшын тілінде
жүргізіледі. Нәтижесінде студенттер пәнді тек
қазақ немесе орыс тілінде түсініп қана қоймай,
сонымен қатар ағылшын тілінде де меңгереді. Болашақта
ЖОО-да тек аталған пәндерді меңгеріп қана емес,
барлық пәндерді үш тілде оқитынымызға кәміл
сенемін. Бұл дегеніміз Қазақстандағы жастардың
үш тілде таза сөйлеуі, еліміздің білім беру
жүйесінің халықаралық стандарттарға сай бола
бастауы.
Көптілді
білім беру жүйесімен білім алып жатқан студенттердің
болашақта істейтін жұмыс орны
халықаралық дәрежеде болатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда елімізге ең басты керек мамандардың бірі
ол – өз мамандығын үш тілде жүргізе білуі. Бұндай
кәсіпқой мамандар тек Қазақстанда ғана емес,
әлемнің әрбір шетінде жұмыс істей алады. Себебі,
бұл мамандық иелері болашақта еліміздің
мүддесін халықаралық
ұйымдарда, дипломатиялық қатынастарда, консулдық
қызметтерде, халықаралық соттарда қорғайды.
Көптілді
білім беру жүйесі, елімізде білім жолында көп үлесін
қосар еді. Бұндай саясатты жүргізу арқылы еліміз
халықаралық аренада өзінің орнын табады.
Ғылымның, техниканың дамуына көп пайдасы тиіп, еліміз
экономикалық жағынан алға басушылық байқалады,
яғни дамыған 30 елдің қатарына кірудегі басатын
қадамымыздың азая беруі. Қазақстанның
дамыған 30 елдің қатарына кіру - еліміз үшін басты
мақсаттардың бірі және бұл мақсаттарды
жүзеге асыру біздің яғни, жастардың қолында.
Көптілді білетін
маманды дайындау және қалыптастыру жолында жоғары оқу
орнының атқаратын рөлі зор, себебі, негізгі
құндылықтар мен өмірлік қағидалар осы
уақытта қалыптасады. Үш тілді жетік меңгерген, іскер,
шығармашыл, дүниетанымы мол, интеллектуалды тұлға,
болашақта да біліміне сай қоғамда өз орнын табады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы
2.
Қ.Р «Білім туралы» Заңы
4.
Ақиқат.
2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
5.
http://adilet.zan.kz/ Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында
мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген
тапсырмаларын іске асыру
6.
www.tarsu.kz