Право/13.Международное право

 

Аусагатова Г.К., м.ю.н. Нуртай М.Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Қазақстанда экологиялық бақылаудың құқықтық негіздерін

шешу мәселері

 

Айналадағы ортаның (биосфераның) табиғи ерекшеліктері жөнінен Республика аумағының жартысынан астамы шөл және шөлейт аймақтарға жатады, ал табиғи-тарихи жағдайлары және табиғатты пайдаланудың қалыптасып отырған негізінен алғанда ресурстық-шикізаттық жүйесі жөнінен өндіруші және ұқсатушы кәсіпорындардың халық шаруашылығы кешені өнеркәсіп аймақтарының әскери объектілердің экологиялық тұрғыдан шетін табиғат жүйелеріне (биогеоценоздар) және оларда тұратын халыққа түсіретін техногендік салмағы төтенше ауыр болып отыр. Соның салдарынан елімізде қолайсыз, ал бірқатар аймақтарда дағдарысты экологиялық ахуал қалыптасып отыр.

Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылып, ластануы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, биологиялық әралуандықтың тоқтаусыз азайып, тірі табиғаттың генетиклық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, қауіпті әрі улы қалдықтардың қордалануы.

 «Қолайсыз экологиялық ахуалды еліміз қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарыс одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ушығуына итермелеп отыр, ал енді экологиядық және халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуді экономикалық қиындықтар тежеуде. Демек, экологиялық ахуалға сай келегін шаралар қолданбау халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал».

Сондықтан да экологиялық қауіпсіздіқ ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық іргелі бөліктерінің бірі және халықаралық интеграциялық процестердегі елдің мүдделері мен басымдықтарын қорғаудың аса маңызды аспекті болып табылады.

Қазақстан БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі ретінде өзі кол қойған, атап айтқанда, "айналадағы ортасы мейлінше шегін елдердің" санаты бөліп көрсетілген (6 принцип) БҰҰ-ның Айналадағы орта мен даму жөніндегі Бүкіл дүниежүзілік Рио-92 конференциясы принциптерінің БҰҰ-ның ХХІ ғасырға арналған Күн Тәртібі басымдықтарының, сондай-ақ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі, биологиялық әралуандық туралы, климаттың өзгеруі туралы халықаралық конференциялардың елімз үшін аса өзектілігін ескереді және оларды әлемдік Қауымдастық мүшелерінің сақтауының кең аукымдық, аймақтық және ұлттық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осы заманғы өркениет пен әсіресе, нарықтық экономикаға көшу сатысын басынан өткеріп отырған елдердің тұрақты дамуы үшін айрықша маңызы бар деп санайды.

Мұның өзі еліміздің аймақтық және ауқымдық жағынан алғанда экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған ұтымдылығының стратегиялық басымдықтарында табиғат пайдаланудың қалыптасқан үрдісінің табиғи-тарихи және географиялық шарттары мен ерекшеліктерін тиісінше ескеру қажеттігін негіздейді.

Мемлекетаралық деңгей көбiне саяси сипат алмақ, осыған орай бұл деңгейдегi мәселенi шешу қалпы мыналарға бағдарлануы керек:

-Орталық Азия бес елiнен ұлтаралық деңгейде құрылған көпсалалы форумы немесе орган жұмысының тиiмдiлiгiне, құрылуына, оның өз функцияларын ұтымды атқаруына және бұл құрылымның әр мемлекеттiң өз iшiнде болуына;

-Арал теңiзiне келiп түсетiн су алаптарының қорларын пайдалану бойынша көп салалы мемлекетаралық келiсiмге қол жеткiзуге;

-Экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық салдардың қайта бөлудiң мүмкiн болар нұсқалардың және су қорларын басқарудың талдануына;

-Су қорларын ұтымды пайдаланудың, оларды сақтау және сапасын жақсарту бойынша кешендi шараларды әзiрлеуге, кең ауқымды жер суару және милиоративтiк жүйелердi қайта қалпына келтiруге, су себезгiлеудiң алдыңғы қатарлы әдiстерiн енгiзуге, гидротехникалық ғимараттарды салуға.

«1998 жылғы 17 наурызда Қазақстан, Қырғызстан және ¤збекстан басшылар 5 жыл мерзiмге Сырдария өзенiнiң су энергетика қорларын пайдалану туралы келiсiмге қол қойған-ды. Ағымдағы жылда келiсiм мерзiмi бiтетiн болғандықтан, оны бұдан да ұзақ мерзiмге ұзарту қажет немесе жаңа келiсiм жасау керек».

Қазақстанға қатысты пiкiр бiлдiрсек, онда Аралды құтқарудың халықаралық қордың стратегиясын негiзге ала отырып, Арал теңiзiне құйылатын өзен-бассейндерiн келiсiп бөлу шараларын, мынадай негiзгi принциптi ұсыныстарды ескере отырып әзiрлеу қажет:

- су бөлудiң халықаралық практикасы қабылдаған әдiл су пайдалану негiзiнде су қорларын пайдалану шараларын әзiрлеуде ынтымақтастықты жүзеге асырушы және бiрлiскен әрекеттердi үйлестiрушi, қазiргi заман талаптарына сай келетiн ұйымдастыру құрылымын алу керек;

- жер суландыратын жүйенiң техникалық жағдайынының деңгейiн, су тұтыну шамасын анықтап алу, суды бөлу шарттарын әзiрлеу және әр жақ су қорларының көлемiн түзетiп айқындауы керек;

- өзен бассейндерiн жабушы буындарының жағдайының, сондай-ақ су қорларындағы сандық және сапалық өзгерiстер болжамдарын ескере отырып, экологиялық рұқсат қағаз көлемiн мөлшерлеу керек;

- су тұтыну және оның сапасы туралы халықаралық стандарттар негiзiнде су пайдаланушы барлық субúектiлер мүдделерiн ескере отырып, қаржылық қарым-қатынастарды әзiрлеп, келiсiмге келу қажет.

Америка Құрама Штаттарының Президенттерімен, жетекші экономикалық алыптармен, халықаралық ұйымдармен тікелей жеке байланысқа шығып, келіссөздер жүргізуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың еңбегі аса зор болды. 1992 жылғы 18 мамырда оның АҚШ-қа ресми сапары басталды. Бірінші кезекте ядролық қаруды бақылау мәселесі талқыланды. Себебі, Қазақстан аумағында Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ядролық қарудың айтарлықтай қоры басқару қондырғылары, уран өндірілетін және өңделетін кәсіпорындар қалды. Сонымен бірге, Қазақстанның оңтүстік шекарасы қорғаусыз ашылып қалып, нәтижесінде ядролық қару мен технологиялардың таралып кету қаупі бар еді. Америка қауіпсіздік саласында жағдайды қадағалау мүмкіндігіне ие болып, республикадан ядролық қаруды әкетуге ықпал ету жоспарын құрды. Сонымен бірге, осы қару-жарақ үшін жарылғыш материалдар өндірісі кәсіпорындарының жұмыс істеуін бақылап, сынақ полигондарының, зерттеу орталықтарының және зымыран-ғарыштық  жүйелерінің жұмыстарын қадағалауды мақсат етті.

Президент Назарбаев ядролық қарудан бас тарту мәселесіне байланысты мынаны атап көрсетті: егер АҚШ Қазақстанның аумақтық тұтастығының мүлтіксіздігіне кепілдік берсе және АҚШ, Ресей немесе Қытай тарапынан ядролық шабуылға ұрынбайтыны жөнінде кепілдік алатын болса, онда осы мәселе жөнінде өзінің оңтайлы позиция танытатындығын түсіндірді. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан парламенті ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітті. АҚШ еліміздің ядролық қаруды бөлшектеуіне 85 миллион доллар қаржы берді. Ядролық қарудың таралып кету қаупіне байланысты 1991 жылғы желтоқсанда АҚШ-та жасалған «қауіп-қатерді бірлесіп қысқарту» деп аталатын Қазақстан-американ бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның аумағында қалған ядролық, химиялық және биологиялық қарудың инфрақұрылымы мен  нысандарын жою және залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралар кешені жүргізілді.

 «Қазақстан мен АҚШ жаңа ғасырда аймақтық, сондай-ақ ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады», деп көрсетілген.

1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 46-сессиясы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше етіп қабылдады. Сол күні Қазақстан Республикасының БҰҰ  жанындағы тұңғыш тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова Н. Назарбаевтың тапсыруы бойынша БҰҰ-ның мінбесінен сөз сөйлеп, Президент атынан біздің мемлекетіміздің БҰҰ жарғысының принциптерін мойындайтынын, оның халықаралық құқықтық нормалары мен ядролық қаруды таратпау принциптерін қатаң сақтайтынын мәлімдеді.

Іле-шала Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүние жүзіндегі бірінші мемлекетке айналып, өзінің тарихи міндетін орындады. Біздің еліміздің әлемде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы тарихи үлесіне БҰҰ мен дүниежүзілікк қауымдастық зор баға берді. 1997 жылдың 16 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 52-сессиясы Семей аймағы халқының денсаулығы мен қоршаған ортасының ахуалын сауықтыруға жәрдем көрсету жөніндегі арнаулы қарарын қабылдады.

Президент Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы үшін үш шартты орындауды ұсынды, олар: ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық қарумен шабуыл жасамау туралы кепілдіктің берілуі; ракеталардағы уран құнының  Қазақстанға қайтарылуы. Қазақстан экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі келісімнің болуы. Жоғарыда айтылғандардан шығатын нәтиже, Қазақстан экологиялық дағдарыстан шығудың жолын белгілеп, дүниежүзілік экологиялық проблемаларды шешуден жалтармау керек.

Әдебиет:

1.     Говоруха   Л.С.   Основы   общей   экологии   и   международное
сотрудничество в области охраны природы. Киев, 1991 г.

2.     Сарсенбаев М. А. Международное право: учебное пособие. Алматы
1996 г.