Право/13.Международное право

 

Аусагатова Г.К., Нуртай М.Н.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Халықаралық – құқықтық қатынастағы босқындардың негізгі құқықтары мен міндеттері

 

Босқындардың баспана іздеген елде өмір сүру режиміне қатысты құқықтары мен міндеттері жай және конвенциялық халықаралық құқық нормаларына сәйкес анықталады. Бұл құқықтар мен міндеттер туралы негізгі ережелер 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенцияда тұжырымдалған. Бұл ережелер осы елде тұрып жатқан шетелдіктер пайдаланатын режимге жалпы бағдары сәйкес келетін босқындар режимінің «минималды, стандартты нормасы» ретінде анықталады 1951 жылғы Конвенцияның 7 бабы конвенцияның қатысушы мемлекеттеріне барынша қолайлы құқықтық жағдай ұсынылатын кездерден басқа босқындарға «шетелдіктер қолданатын» режимді беруді жүктейді.

Мемлекет өз бетінше немесе өзара қатынас негізінде босқындардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін кеңейтуге құқылы. Мұндай кеңейту, әдетте, босқын тастап кеткен мемлекет пен оның жаңа тұратын мемлекеті арасындағы жасалған арнайы шарттар мен келісімдер негізінде жүзеге асырылады, яғни шарттық өзаратүсіністік негізінде немесе босқынның жаңадан қоныстанған мемлекетінің ішкі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, яғни заңдық өзаратүсіністік негізінде.

Конвенцияға сәйкес заңды өзаратүсіністік негізінде, жалпы, шетелдіктер пайдаланатын құқық осы мемлекеттің территориясында үш жыл ішінде тұрған босқындарға беріледі. 1951 жылғы Конвенция күшіне енген күні шетелдіктердің құқықтары мен артықшылықтарына ие болған босқындар оларды ары қарай да қолдана береді.

1951 жылғы Конвенция боқындармен қатынастың төрт режимін бекітеді:

1) ұлттық режим, яғни сәйкес мемлекеттің азаматтарына берілетін режим;

2) босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтарына берілетін режим;

3) барынша қолайлы режим, яғни шетел мемлекеттері азаматтарына берілетін барынша қолайлы режим;

4) барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда шетелдіктер қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режим.

Ұлттық режим босқындарға келесі құқықтарға қатысты беріледі: дінді пайдалану құқығы; сотқа жүгіну құқығы; ел аумағында  үш жылдан аса тұрған, сонымен қатар азаматтығы бар жұбайы,бір немесе бірнеше балалары бар босқындарға қатысты жұмысқа жалдану құқығы; тапшы өнімдерді бөлуді реттеуші сыбағалар жүйесі; бастауыш білім; мемлекеттік көмекке және қолдауға құқық; еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қамсыздандыруға; салық салуға қатысты.

Босқынның кәдімгі тұрған жері елінің азаматтары үшін орнықтырылған режим өнеркәсіптік меншікке құқықты қорғауға қатысты беріледі, олар келесідей: өнертабысқа, сызбалар мен модельдерге, тауарлық белгілерге, фирмалық атауларға және әдебиетке, көркем және ғылыми шығармаларға құқықтар; сотқа жүгіну құқығы, жекелей айтқанда, заңгерлік кеңестер мен соттық кепілзат төлеуден босатылу мәселелері (cautio judicatum solvi).

Барынша қолайлы режим саяси сипаттамалары жоқ және пайда түсіру мақсаттарын ұстанбайтын ассоциацияларды құру және оларға қатысу құқығына қатысты беріледі, сонымен қатар кәсіподақтарға қатысты; ұлттық режимді алу үшін қойылатын талаптарды босқындар қанағаттандырмаған жағдайларда жұмысқа жалдану бойынша құқық.

Барынша қолайлы режим, қалай айтқанда да, осы жағдайларда шетелдіктер қолданатын режимнен қолайлылығы кем емес режим жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді және солармен байланысты құқықтарды алуға қатысты беріледі, сонымен қатар жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге қатысты жалға беру және басқа шарттарға қатысты беріледі; өз бетінше ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіппен, қол өнері және саудамен айналысу, сондай ақ сауда және өнеркәсіптік серіктестіктерді құру құқығы; еркін кәсіптермен айналысу құқығы; тұрғын үймен қамсыздануға құқық; оқу мүмкіндігіне, шетелдік аттестаттарды, дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тануға, оқу төлемінен босатылуға, сонымен қатар степендия беруге қатысты құқық.

Жалпы құқықтардан өзге, көп жағдайларда : 

а) отандық мемлекетпен іс жүзінде және құқықтық байланысын жоғалтқан;

б) олардың жеке режимін анықтау үшін қажет құжаттары жоқ;

в) бассауғалаушы елге заңсыз әдіспен енген тұлғалар ретінде босқындардың арнайы құқықтары да болады

1951 жылғы босқындар мәртебесі туралы Конвенция босқынның жеке мәртебесі оның домицилдену елінің заңымен немесе, егер онда бар болса, оның тұрған елінің заңдарымен анықталатынын орнықтырады. Және бұл кезде, босқындардың жеке мәртебесімен байланысты, онымен ертерек алынған құқық, некеден шығатын құқық та, конвенция қатысушысы болып табылатын мемлекетпен сақталатыны көрсетіледі.

Мемлекет оның территориясына заңды түрде келген босқындарға тұратын жерді таңдау құқығын және оның территориясы шегінде еркін қозғалу мүмкіндігін беру және олардың территориясында орналасқан,жол жүру құжаты жоқ босқындарға жарамды жеке  куәлік беру міндеттемесін өзіне алады.

Мемлекет территориясына олардың өміріне немесе еркіндігіне қауіп төнген территориядан босқындардың заңсыз кірген немесе болған жағдайда, конвенция босқындарды осындай заңсыз кіру мен болу жазасынан босататын ережелерді қарастырады. Бұл құқық босқындардың өзінің заңсыз кіргені немесе келгенін қанағаттандырарлықтай негіздейтін түсініктемені билік басындағыларға беру міндетімен шартталады.

«Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік немесе қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін болмаса, олардың территориясында заңды тұратын босқындарды жер аудартпау міндеттемесін жүктейді. Мұндай жер аудару тек  сот тәртібімен шығарылған шешімді орындау үшін жүргізілуі тиіс. Осы жерде босқындарға басқа елге кіру үшін заңды құқық алуға жеткілікті мерзім берілу қажеттілігі ерекше көрсетіледі.

Конвенция босқындардың нәсіліне, дініне, азаматтығына, белгілі бір әлеуметтік топқа жатуына немесе саяси көзқарастарына қатысты өмірлеріне немесе еркіндігіне қатер төнетін елдің шекарасына оларды жіберуге немесе қайтаруға тыйым  салады.

Босқындардың міндеттері конвенцияның 2 бабында тұжырымдалған. Онда, босқындардың өздері орналасқан елдің қоғамдық тәртібін сақтау үшін қолданылатын шараларға, заңдар мен қаулыларға бағынуы керек екендігі туралы айтылған.

Босқындар басқа халықаралық келісімдердің кең шеңберінде қарастырылған қорғануды (тікелей немесе жанама) қолдана алады. Кейбір жағдайларда босқындар мен баспана іздеуші тұлғаларды қорғау үшін аз қолданылды; екінші жағдайларда, мемлекеттер адам құқығы саласындағы  міндеттеме шарттардың мемлекет ішіндегі құқыққа инкорпорациялануы бойынша нақты шаралар талап ете алатынын қазір ғана мойындайды; үшіншіден – адам құқығын қорғауға арналған ережелер баспана іздеуші тұлғаларды қорғауға сәйкес келмейтін болып табылды».

Шарттардың орындалуын қадағалайтын және бақылайтын механизмді құратын, әмбебап немесе әлуетті әмбебап сипатты құжаттар ерекше маңызға ие, мысалы 1966 жылғы Пактілер – Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт

1984 ж. Азаптауға қарсы  конвенция ; 1989 ж. Баланың құқықтары туралы конвенция; 1949 ж. Соғыс кезіндегі азаматтық халықты  қорғау туралы Женева конвенциясы және оның 1 Хаттамасы; Теңіздегі қауіпсіздік туралы Конвенциялар; Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциялары, оның ішінде № 118 Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы елдің азаматтарының және шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың тең құқықтығы туралы конвенция (1962) және № 97 Еңбек етуші – мигранттар туралы конвенция (1949).

«Босқындар проблемасының нақты аспектілері 1957 жылғы Босқын – теңізшілер туралы келісім және оның 1973 жылғы хаттамасы сияқты құжаттардың және келісім хаттамаларының, мысалы авторлық құқық туралы Дүниежүзілік конвенцияны қайта қарау туралы 1971 жылғы хаттаманың объектісі болды; мұндай хаттамалар 1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция үшін және Апатридтер мәртебесі туралы 1954 жылғы Конвенцияға ортақ болып табылатын 14 бапқа негізделген; осыған ұқсас хаттама, өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы 1883 жылғы Париж конвенциясын қайта қарау бойынша Дипломатиялық конференцияның қарауына  ұсынылған еді.

Босқындардың орын ауыстыруын және халықтың басқалай орын ауыстыруларын мемлекеттер арасындағы барлық қолданыстағы келісімдерді ескере отырып қарастыру қажет екендігі айқын, мысалы еркін сауда мен жұмыс күшінің еркін тасымалдануы туралы. Осылайша, 1992 жылғы Маастрихт шарты босқындар мен баспана беруге қатысты Европалық Одақтың саясатын сәйкестендіруге бағытталған. Өз кезегінде, 1990 жылғы Дублин конвенциясы және 1990 жылғы Шенген келісімін қолдану туралы Конвенция баспана беру туралы істерді қараудың жалпы ережелері мен тәжірибесін орнықтыруға арналған, әсіресе, өтініші қаралмаған тұлғалардың мәртебесін анықтау және тұлғаларды елден депортациялауға  қатысты».

Африкада көптеген елдер 1969 жылғы ОАЕ Конвенциясын бекітті; Латын Америкасында баспана беруге қатысты шарттар мен тәжірибелердің күрделі желісі әрекет етеді; келісімдердің көп мөлшері Еуропа Кеңесі қамқорлығымен жасалды.

 

Әдебиет:

1.     1951 жылғы Босқындар мәртебесі туралы Конвенция.

2.     1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт.