Педагогика және психология магистрі Мұсадилова Г.С., психология
магистрі Райқұлова А.Ө.
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Университеті, Қазақстан
Ата-
аналарға психологиялық кеңес беру мәселелері
Бала атаулының
бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр
өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала
тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп
көрмеген ата – аналардың үкімді де,
сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып
айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала
тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп
үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен
ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік
тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұл атап өте
алмастай ауыр күйзелістерге
апарады.
Ең бірінші
психологиялық көмектің бағдары – осындай
жағдайларға тап болған балалардың ауруға
шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Осымен
қатар, жүргізілетін екінші бағыт – тез арада ата-аналар мен
бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында
жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады.
Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр.
Үлкендерге бала психикасының мән-жайы туралы түсінік
беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы,
психологиялық тәрбиелерді үйретудің
жолдарын-кітаптардан, кино фильмдерден, арнайы жасалынған
оқулық фильмдерден-тереңдей талдап көрсету
арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен
тыйылуын талап ету. Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр
өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан
дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да
жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Жалпы бала психологиясына
белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап
өтсек: бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға
беру (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей
алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың
әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы
қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан
былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні
рас.Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп
тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс
те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына
тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен
қоса, мақтаншақсың, өтірік
мақтанасының» деудің әсерімен, баланың
бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады.
Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс
бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның
қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса,
ұстамдылығ мен парасатына қаяу түсіреді. Мұндай
әркеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден
тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиенері хақ. Оның
алдындағы армандары мен сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір
ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра
бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай
әрекеттер арқылы, баланың бойына
қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп
алғандарын да байқамай қалады. Жоғарыда
айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты
дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай
балалардың психикасын орнына келтірудің өзі қиямет
қиындықтарға соқтырады. Тіпті, ондай бала –
лардың көпшілігі неврологиялық клиникада жатып та емделеді.
Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың
жолы, қанша ауыр болғанмен де, әртүрлі әдістерді
қолданып көмекке келмей болмайды.
Сонда, ең әуелі
мұндай жағдайда не істеу керек? Бәрінен бұрын баланы
жайына қалдырған жөн. Үлкендер жағы
өзінің қателіктерін дереу мойындауымен қоса,
мұндай сәттегі тәрбие берудің әдістерін
үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан
артық шара жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі
психологиялық түзетудің пәрменді бір тетігі болып
табылады. Әрине, мұндай бетбұрыс ата-ана мен тәрбиеге
қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ,
баланың келешегі үшін ешқандай мәймөңкесіз,
дереу ұстамдылық пен мейірімділікке ауысу қажет. Ендігі
жерде, бала мен ата-анасының түсініскен достық
қатынастары ғана істің жайын аңғара алады.
Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген
жөн. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған
ата-аналар кәдімгідей-ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде,
адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің
болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қабілетіңе
қарай емес, тыныстауына қажет ауадай міндетті түрде игеруі
керек.
Әдебиеттер:
1.
Жарықбаев Қ. Жалпы психология:
Оқулық.- Алматы, 2004
2.
Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу
құралы. –Алматы: Білім, 2007
3.
Кочюнас Р. Психологическое консультирование и групповая
психотерапия.- М: Акад. проект, 2004. 3
изд.
4.
Бурачук А.Ф.,Морозов С.М. Словарь-справочник по
психологической диагностики.- Киев, 1989