Педагогика және психология магистрі Мұсадилова Г.С., психология
магистрі Райқұлова А.Ө., Оразымбекова
Ж.
М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік
Университеті, Қазақстан
Жеткіншек
өмірінде қарым-қатынастың алатын орны
Ж. Пиаже ойын
процесінде балалардың кооперациясы қалай дамитынын көрсетті:
онда индивид өзін басқалармен теңмін деп қарайды,
мұның өзі өзара
тексеру мен ережелерді сақтауға келісімге жетуге бастайды.
Нақ осының өзі болатынын бала өз тендестерімен
кооперациясына, ол ендігі жерде ересек болады деп маңызды қорытынды
жасауына негіз болуы. Психологтар мынадай
жайлар анықтайды:
Біріншіден, 3-4 сыныптардың өзінде-ақ
жолдастық нормаларын (көмек, адалдық, сыйластық)
сақтау, жолдасымен досының қасиеттерін бағалау
критериясы болады;
Екіншіден,
балалардың мазмұнды қарым-қатынасының
үлғаюы мен тереңдеуінің және олардың осы
қарым-қатынастарға қоятын талаптарының арасында
тікелей тәуелділік болады
(адамдық пен тендік нормаларының маңыздылығы артады,
осы нормалар қолданылатын жағдайтың саны көбейеді).
Қарым-қатынасты
жетілдіру тәсілдеріне көшпес бұрын,алдымен ол
жеткіншектің жеке басының қасиеттеріне байланысты екенін айта
кеткен жөн.Жеке басына тән қасиеттерге «Жеке бас» пен «Мен» ұғымдары
да кіреді.Жеткіншек өзін білген соң құрбыларына
қарағанда бәлендей тізімде
қандай өріс алатынын ойлап, қайткенде жақсы
орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың
өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы
мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі
бағасы арасында үлкен алшақтық байқалады,
өзі жөніндегі бағасы өзгелердің
(құрбыларының) бағасынан
асып кетсе, мұндай жеткіншекті мақтаншақ
деп айтады. Керісінше, оның өзі жөніндегі
бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан
төмен келсе, осындай баланы кішпейіл
дейді. Жеткіншек өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзімен
қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі
жөніндегі бағасы, әдетте, өзгелердің
бағасынан жоғарғы дәрежеде келеді
Жеткіншек
өмірінде қарым қатынастың орны өте маңызды.
Өте - мөте маңызды жай сол, бұл нормалардың
бәрі ересектердің қарым-қатынаста барынша маңызды
рөл атқарады: бүл қарым-қатынастың
практикасында ересектердің моралі
игеріледі (осы арқылы баланың әлеуметтік -моральдық
есеюі дамиды), осының өзінде бүл моральдың басты
мазмұны -теңдік пен коллегиялық нормалары бала
ересектің қарым-қатынасына арналған тіл алу моралінің нормаларына антогонистік
тұрғыда болады.
Сонымен жеткіншектік жастың басталуына қарай парадоксты
ахуал қалыптасады: баланың өз
құрбы-құрдастаымен және әсіресе достарымен қарым-қатынасы ересектердің
теңдік моралінің кейбір маңызды нормаларына негізделіп
құрылады, ал баланың ересектермен
қарым-
қатынастың негізі
баланың ерекше тіл алу моралі болып қала бареді. Бұл
ахуалдың маңызды салдары болуы мүмкін:
а) жеткіншектің жеке
басының дамуы үшін қарым-қатынаста тиімді
қарым-қатынас түрі ретіндегі ынтымақтастық
жолдастарымен қарым-қатынаста неғұлым жедел дамуы
мүмкін;
ә) жеткіншек меңгерген
ересектер моралінің нормалары, біріншіден , тіл алу моралінің
нормаларына қақтығысып қарсы келуі, екіншіден,
баланың моралі жеткіншек үшін қабылдауға
келмейтіндіктен нақ осы себепті тіл алу моралының
нормаларын жеңіп шығуы мүмкін.
Жеткіншектің автономиялы моралі және
оның ересектер қоғамының моралымен
қақтығысуы секілді шетелдік психологияда санамалық
кең тараған проблемаларды
дүрыс түсінудің кілті де міне осыда.
Жеткіншектің автономиялы моралі өкілеттікке
қарсы кілті, осы себептен де ересектердің моралымен
қақтығысқа түсетін мораль,жалған тезис:
баланың автономиялы моралі дегеніміз өз мәнінде
ересектердің жолдастық және достық
қарым-қатынастың моралі, нақ осы себептен де ол
жоғары дәрежеден әлеуметтік мораль. Ол қарама-қарсылыққа
түскенде ересектердің моралімен
емес, ересектердің балаларға арнап жасаған моралімен
қайшылыққа түседі. Жеткіншектің ересектермен
және жолдастармен қарым-қатынасының жағдайы осы
екі моральдық жағдайда үйлеспейтіндігі себепті
қақтығысу мүмкіндігі үнемі бар, әрі барынша көп болып отырады. Ересек адам тіл
алу моралімен талаптарын білдіруші және қоюшы рөлінде
шыққан кезде жеткіншек үшін ол қабылдауға
келмейтін болады, нақ осы бір ересек адамның өзі емес,
моральдың өзі қабылдауға келмейтіндіктен солай болады.
Әдебиеттер:
1.
Алферев А.Д. «Психология развития школьника», М., 2000
ж., 276 б.
2.
Жарықбаев
Қ. Жалпы психология: Оқулық.- Алматы, 2004
3.
Сейталиев
Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. –Алматы: Білім, 2007
4.
Қазақ
тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: Мектеп, 2002
5.
Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М.,1997