Сарыбекова Ж.Т., Жұмаділова А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан

 

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Бүгін қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдайы арасындағы қарама-қайшылықтарды үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін барлық деңгейінде – кәсіптікке дейін, жоғарғы оқу орнындағы, жоғарғы оқу орнына кейін де жаңарту арқылы шешуге болады.

Білім беруді жаңартудың стратегиясы педагогикалық мамандарды ұйымдастыру, мазмұнын, құрылымын құрып дайындау және эксперименталды түрде қолданып  көруде.

К.Ж.Қожахметова, П.Ф.Каптерев, В.Г.Крысько,М.Х.Балтабаев өз еңбек- терінде білім берудің мазмұны, жалпы адамзаттық және ұлттық компоненттерден тұрып, көп мәдениетті сипатта болу керек деп атап көрсеткен. Педагогикалық үрдісте әр этносқа тән құндылықтардың, жалпы адамзаттық, жалпы Қазақстандық құндылықтардың сапалы үйлесімділігі орын алуы тиіс.

Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мақсаты жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің жоғарғы  сапасын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнының ұлттық моделін құру.

Инновациялық шығармашылық ойлау типті, дамыған дүниетанымдық мәдениеті бар құндылықтардың нақты жүйесін меңгерген жаңа типті педагогтар дайындауға бағытталған, педагогикалық мамандар даярлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттілігі туып отыр. Қазақстан Республикасының педагогы жоғары дүниетанымымен, Қазақстандық менталитетімен ерекшеленуі тиіс.

Демократиялық, вариативтік, ұлттық қызығушылықты ескеру, гуманизация және мобильдік принциптер білім беру жүйесін дамытудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайлары болып табылады. Болашақ мұғалімді дайындау жөніндегі ғылыми зерттеулерді талдап, бағдарламалық құжаттармен танысу Қазақстандық білім беруді жаңартудың арнасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңартуының негізгі факторы, мемлекеттік стратегияның негізі ретінде үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін дамыту концепциясын дайындау болып табылады деп болжам жасауға болады. Әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, мазмұндық-әдістемелік, ұйымдастыру-экономикалық қатынас- тардың өзгеруінен білім берудің парадигмаларының ауысуы білім беруді реформалау үрдісін актуалдандырды.

Академик В.А.Сластенин, жоғары кәсіби педагогикалық білім болашақ мұғалімді ертеңгі мектепке бағыттап, жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламалары , мектептегі білім беру жүйесінің бүгінгі қажеттілігінен 15-20 жылға озық болуы тиіс, деп атап көрсеткен [1].

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі күнгі тенденциялары және оның  әр-түрлі сатысының алдында тұрған мақсаттары жалпы үздіксіз білім беру жүйесінде жоғарғы білім берудің орны мен функциясын, ролін қайта қарастыру қажеттілігін туындатады. Ол төрт сатыдан тұрады:

1.       Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2.       Орта (жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік);

3.       Жоғары кәсіптік білім беру;

4.       Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

А.Әбілқасымова Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді дамытудың стратегиясының мақсаты, жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тәрбие бере алатын, жоғарғы білім берудің бірінші ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орнының жүйесінде жоғары оқу орнының ғылыми академиялық секторының өзара байланысының арасында алшақтық орын алатынын, әр түрлі профильдегі институттардың университеттерге бірігуі, педагогикалық мамандар даярлауға кері әсерін тигізді [2].

Жоғары оқу орнын бітіруші маңызды деп  белгіленген мақсат, міндеттерді жүзеге асыруға, жоғары оқу орны қабырғасында дайын болуға тиіс. Жоғары мектеп келесі міндеттерді шешу керек:

- оқу бағдарламаларын жетілдіру арқылы маман дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;

- мамандықтардың мемлекеттік классификаторын жетілдіру, жоғары және жоғары білім беруден кейінгі кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын дамыту және ендіру;

- барлық салада халықаралық қатынастарды кеңейту;

- педагогикалық кадрларды қайта даярлау және білімін жетілдіруді одан әрі дамыту;

- қашықтықта оқытуды және жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;

- ауылды жерге және артта қалған аудандарға жіберілген мамандарға жеңілдіктер қарастыру;

- академиялық және салалық ғылымның  жоғарғы білім беру мен әр кезеңдік интеграциялау.

Жоғары педагогикалық білім беру проблемасы соңғы уақытта Өкіметтің назарында. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің коллегиясында педагогикалық кадрлар дайындау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Көптеген жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларына «Мамандыққа кіріспе», «Педагогика тарихы», «Тәрбие жұмысының әдістемесі», педагогикалық мамандықтарда курстық, дипломдық жұмыстарынан бас тартуы, педагогиканың проблемалары бойынша арнаулы курстардың оқытылмауы, мамандықтың негізгі пәндерінен мемлекеттік емтихандардың болмауы ешқандай қуаттайтын жағдай емес. Болашақ педагогтар оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын қолдану дағдыларын меңгермеген, жаңа оқыту технологиялары бойынша арнаулы курстар оқытылмайды, оқу бағдарламалары жаңартылмайды. Жоғары оқу орнының оқу жоспарында педагогикалық тәжірибе аз мөлшерде жоспарланған. Болашақ педагогтар дайындығы ауылдық мектеп базасында өткізілмейді.

Осыған байланысты міндетті психологиялық-педагогикалық пәндердің тізімі анықталады: Мамандыққа кіріспе, тәрбие теориясы, тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық шеберлік негіздері, педагогика тарихы.Үздіксіз педагогикалық тәжірибе қарастырылған және мұғалім мамандығын дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының қызметін ретке келтіруге бағытталған бір қатар ескертулер жасалған.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесін жетілдіруге бағытталған тәрбиенің комплекстік бағдарламасының негізгі мақсаты:

- қазақстандық патриотизм, азаматтылық, гуманизм, жалпы-адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру;

- этномәдениеттік ерекшеліктерді ескере отырып, тәрбие бағдарламаларын жасау;

- жастардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету;

- қосымша білім беретін , мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жүйесін сақтау және дамыту;

- сынып жетекшілерін, кураторларды, білім беру мекемелерінің  қызметкерлерінің білімін жетілдіру, қайта даярлау.

Тәрбиенің мақсаты индивид деп анықталған болашақ маманның көп мәдениетті тұлға болып қалыптасуына оның өзінің мәдениеті арқылы басқа этникалық және ұлттық сана-сезімнің негізі болатын, дамыған тарихи, лингвистикалық санасы бар мәдениетті меңгеруі болып табылады. Ұлттық менталитет ұзақ жылдар бойы қалыптасып келеді. Этникалық құндылықтарды тек халық тарихы арқылы танып білуге болады. Білім берудің халықтық, ұлттық сипатын қарастырған А.Сейтешев, Н.О.Бороноев, В.Г.Павленко, Е.А.Донченко білім берудің негізгі принциптерінің бірі деп –Қазақстан мемлекетін мекендеген халықтардың тарихын білу, халық тағдырына, жер тарихына өзінің қатысы бар екенін сезіну сезімін тудырып, этностан тыс адам тұлға ретінде қалыптаса алуы мүмкін емес.

Г.К.Ахметова Қазақстан Республикасында педагог мамандардың алға негізделген дамуын анықтайтын тенденцияларды анықтады:

- мұғалімдер мамандарын дайындайтын жүйенің, қоғамдық даму динамикасының әлеуметтік-саяси және экономикалық факторларына байланысты, кәсіптік және жалпы білім беретін мектептің өзекті қажеттіліктеріне сай болуына жеткізу;

- қоғамның шаруашылық-экономикалық, мәдени және саяси дамуының белгілі бір кезеңінде үстем болып отырған идеологиялық парадигмаға мұғалімдер мамандарын даярлауды бейімдеу;

- жоғарғы педагогикалық білім беру жүйесінде педагогикалық мамандар дайындау саласындағы мақсатты—жоспарлы нұсқауларды әзірлеуде, бір сөзбен айтқанда, дайындаудың барлық формаларын қоғамда басым орын алып отырған адамгершілік, имандылық жүйелерге сүйену;

- Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беру жүйесінде мұғалімдерді даярлауда ұлттық-аумақтық этномәдениеттік факторлардың рөлін күшейту;

- мұғалімдер кадрларын даярлау ісінде ғылым, техника, өндіріс, мәдениет саласындағы бүгінгі күнгі жетістіктерді басшылыққа алу;

- мұғалімнің жалпы ғылымдық, пәндік және кәсіптік-тұлғалық дайындығының арасында икемді байланыс орнату;

- мұғалімнің жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орнындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі дайындығын білім берудің көпдеңгейлі үздіксіз бірінғай жүйесіне интеграциялау;

- мұғалім мамандарының біліктілігін арттыруда, қайта даярлау жүйесінде қосымша және альтернативтік білім алудың рөлін күшейту [3] .

Оқытуды 12 жылдық жүйеге көшірудің өмірлік қажеттілігі мен талаптарын ғылыми деңгейде танып, қоғамымыздың сан-салалы деңгейінен үйлесімді орнын қалау үшін білім беруді ұйымдастырушы басты түлға- мұғалімнің кәсіби шеберлігін алдынғы орынға қою қажеттілігі туындап отыр.

Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық даярлығының рөлін арттыру проблемасы орын алуда. Оның кемшіліктері: теорияның тәжірибеден алшақтылығында, білім беруде этномәдени компоненттерге көңіл бөлінбеуінде, дайын білім алуға ұмтылушылық, болашақ мұғалімдердің шығармашылық даралығының қалыптасуына бағытталмауында, техникалық және технологиялық артта қалушылықтарда кездеседі.

Мұғалім кадрларын дайындау жүйесі кең таралған құрылым болып, әр жеке тұлғаның қажеттілігімен, қызығушылығын, даралық ерекшеліктерін қажетті деңгей де ескеру керек, халықтың әр түрлі әлеуметтік және кәсіптік топтарының білім алу сұраныстарына тез арада құлақ асып, білім алушыларға білім беру қызметінің көлемі мен құрылымын таңдау құқығын беріп, максималдық деңгейде жалпы және арнаулы даярлықтың бірлігі принципін пайдалануы тиіс. Жаңа технологияларды кең қолдана отырып, пәнаралық көппрофильді оқытуға мүмкіндік беру  керек.

Қазақстандағы білім беру жүйесін реформалаудың ең басты міндеті балаға өмірде керек болатын білім беру, оны алдын-ала белгілі бір мамандыққа дұрыс икемдеп даярлау. Оқушының ел ертеңі үшін нағыз азамат болып тәрбиеленіп шығуы үшін мектептердегі қоғамдық пайдалы еңбектің маңызы зор. Кейбір мектептердегі шағын цехтар өнім шығарумен айналысып, өткізіп табыс табуда.

Осыған орай мектеп жасындағы балалардың еңбекке араласуы жасына қарап анықталып, арнайы бағдарлар жасауды, еңбек сабақтарын да көбейтуді керек етеді. Мектеп тек қана орта білім беру емес, сонымен қатар жасөспірімдерге арнайы еңбек дағдыларын үйретіп, кәсіптік даярлықтан өткізу керек деген идея реформалардың негізі болып отыр.

Республикамызда оқушыларға кәсіптік бағдар беру күрделі әлеуметтік-психологиялық жүйе болып табылады. Ол халық шаруашылығының дамуына техника мен өнеркәсіптің өркендеуіне, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуді талап етеді.

Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептердің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы араласуына, біртұтас еңбек политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың пайдалы қоғамдық еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.

Кәсіптік бағдар - бір-бірімен тығыз байланысты салалардан тұратын біртұтас жүйе. Атап айтсақ олар кәсіптік ағарту іс-әрекетінің саласында оқушылардың ынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік таңдау кәсіптік бейімделуді білдіретіні жайлы  Мудрик А.В. өз еңбегінде тоқталған еді [4].

а)   Кәсіптік   ағарту   -   оқушылардың   әлеуметтік-экономикалық,
психологиялық,  физиологиялық     ерекшеліктері   бар  түрлі   мамандықтар
туралы  білім  жиынтығы.   Сол   кәсіптің  біреуін  дұрыс  таңдауға  жағдай
жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын
дұрыс     тәрбиелеу     техникалық-физиологиялық     мүмкіндіктерін     және
қоғамның     әлеуметтік-экономикалық      қажеттілігін      дұрыс      түсінуін
қарастыру. 

 Оқушыларға   кәсіптік   бағдар   беруде,   олардың   әр   саладағы
кәсіптік қызметке қызығуы мен бейімделуінің сәйкес келуі үлкен орын
алады.

ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу, жеке кісіге әсер ету психологиялық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың мақсаты, ой-өрісі, мұраты пәндерді сапалы оқытуға әсерін тигізеді. Оқушылардың мамандық әлемімен, техника негізімен және өндіріс технологиясымен танысуы олардың қызығуына бейімділігіне белгілі бір жұмысқа ынталануына көмектеседі.

б)   Кәсіптік   ақыл-кеңес   беру   арқылы   оқушылардың   өздеріне   тән
ерекшеліктерін таңдаған кәсіптерінің талаптарына баса назар аударады. Бұл
төмендегідей       формада       өткізіледі:       диагностикалық       ақыл-кеңес
оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес
және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталған.

Анықтама: Ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға немесе жұмысқа қабылдау түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі дайындық мерзімі   еңбек   ақы   төлеу   жүйесі,   кәсіптік   біліктілікті   арттыру   жолы хабарланады. Қалыптастырушы ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауына басқаруды көздейді.

Ол уақытқа созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіптік таңдауға қатынассыз өзгеруіне байланысты болады.

Дәрігерлік кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психологиялық физиологиялық құрылымын таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психологиялық, физиологиялық көрсеткішін анықтайды.

Ғалым А.Н.Нысанбаев мамандық туралы кеңес беруден бұрын бастауыш сыныптардан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер, оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқудан тыс уақыттан әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болуы керектігі жайлы айтты [5].

Кәсіптік бағдардың келесі кезеңдерінде мамандық таңдау, зерттеу, түрлі анкеталар бойынша жүргізіледі; өзін-өзі бағалау анкетасы ата-аналар үшін анкета, бейімділік картасы, оқушылардың белгілі бір мамандыққа қызығуы мен қабілеті жөнінде сынып жетекшілерінен алынған мәліметтер. Бұл мәліметтер әр оқу жылына сәйкес бөлініп, арнайы бланкілерге толтырылады.

Оқушылардың кәсіптік қабілеттерін бағалауда мұғалімдер едәуір қиналады. Себебі, ол бір жағынан мамандық таңдауды адамның психологиялық қасиеттеріне қойылатын талаптарды білуді, екінші жағынан мамандық тандаушының жеке қабілеттерін зерттеуді қажет ететін.

Мамандық туралы кеңес берудің келесі сатысы - жиналған мәліметтермен танысу және талдау жасау. Бұл жауапты кезеңде талдаудың тереңдігі мен жан-жақтылығы консультанттың алдын-ала қоятын сұрақтың нақтылығына, сапасына тікелей әсер етеді.

Оқушы туралы консультант жалпы мәліметтермен танысады, оның қабілеттерімен салыстырып оқушының болашақ. мамандық таңдау бағыты туралы пікір айтады.

 Сонан соң арнайы құрастырылған әдіс бойынша жекеше диагностикалық әңгіме өткізіледі. Онда жоғары сынып оқушыларының таңдаған мамандығына даярлық деңгейін талқылап, оның сол мамандық жөнінде ақпар жинауының керекті қабілеттері мен икемділігін дамытудың үйірмелерге факультеттерге, өнімді еңбекке қалыптасудың бағдарламасы белгіленеді.

Жеке әңгімеде жасөспірімнің белгіленген бағдарламаны іске асыру жолында кездесетін қиындықтарды анықтаудың мәні зор. Әңгімелесу кезінде оқушының өз бетінше даярлану түрлері мен жолдары оның қоғамдық маңызына, болашақта атқаратын әлеуметтік рөліне аса көңіл бөлген дұрыс. Әңгіме үстінде оқушы өзі таңдаған мамандықтың профессиограммасымен жұмыс істейді.

 Бұл оған өз күшін объективті бағалауға, мақсатына жету үшін бойындағы резервтерді анықтауға мүмкіндік   береді.    Әңгіме   аяқталған    соң   оқушы   туралы    мәліметтер

қорытылып, оған таңдаған кәсіптік бағыт пен жетілдіру жолдары туралы ұсыныс беріледі. Бұл жұмыста жоғары нәтижелерге жету үшін әр оқушыға жеке әсер ету әдісі белгіленеді және олардың негізгі мектеп пен сыныптың кәсіптік бағдары туралы жоспарларына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Жалпы және жеке оқушылармен жүргізілетін келесі оқу жылдарына арналған жұмыстардың мазмұндары анықталады. Мектеп Зерттеушілерге кәсіптік бағдар жөніндегі қабілеттері туралы өткен оқу жылдары бойы жинақталған мәліметтер ескеріліп ұсыныс мінездеме беріледі.

Сонымен көптеген дұрыс жолға қойылған кәсіптік консультация беру жұмысы барлық педагогикалық ұжымның жаппай күш жұмылдыруын талап етеді және жасөспірімдердің мамандық таңдауының баға жетпес реттеуші рөлін атқарады.

в)  Кәсіптік таңдау. Ол мектептен тыс, арнайы лабараторияда және
таңдаған    мамандығының    өзіне    тән    еңбек    жағдайына    байланысты
жүргізіледі. Кәсіптік таңдаудың мақсаты - адамның белгілі бір еңбекке
жарамдылығын  анықтау  кәсіптік таңдау  кәсіптік бағдардың  негізгі  бір
бөлігі болып саналады.

г)  Кәсіптік бейімделу жас адамның өндіріске жаңа әлеуметтік ортаға
еңбек жолдарынан және бір мамандық ерекшелігіне белсенді араласуы.

 

Әдебиет:

1.       Сластенин В.А. и др. Педагогика: Учебное пособие для педвузов /под ред. Сластенина В.А. - М.: Академия, 2002. - 567 с.

2.       Әбілқасымова А.  Мектеп білімінің базалық мазмұнын функционалдық сауаттылықты дамытуға бейімдеу/А. Әбілқасымова // Білім = Образование, 2012. т.№ 1.-С.5-6 б.

3.       Ахметова Г.К. Подготовка учительских кадров в педагогических вузах (1958-2000 г.г.): автореф. ... д.п.н. -Караганда, 2002 г. -40 с.

4.       Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. -- М.: Знание, 1997.-368с.

5.       Нысанбаев А.Н. Философия взаимопонимания. - - Алматы: Казак энциклопедиясы. - 2001. - 400 с.