Үсенова С.М., Асқарбек Ж.Е.,
Сағындық Т.А.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ҰЖЫМДЫ БАСҚАРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Ұжым
өте кең де, көп қырлы ұғым. Жеке адамдар
мен топтар күнделiктi өмірде басқа да әр
түрлi топтармен, адамдармен iстес болып, өзара тығыз
қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе
оқу орнындағы сондай-ақ, өмiр сүретiн
ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкiн. Ал,
ұстаздар мен мектеп оқушылары белгiлi бiр мерзiм ішінде
мақсат-мүдделерi топтаскан ұжым құрып, ресми
топқа айналады. Бұл топтағы шәкiрттер мен
жетекшiлер топ iшiндегi әлеуметтiк-психологиялық жағдайда мақсатты
түрде iстес, пiкiрлес болып, қарым-қатынасқа
түседi. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы бiлiмдiлiк пен
дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат- әр
адамның әлеуметтiк орнын, коғамдык мәнiн бiлу. Жеке
адамның өзi де - қоғам мүшесi әлеуметтік
тұлға. Сондықтан, оның өмiр тiршiлiгiндегi
әрбiр қимыл әрекетi, iсi қоғамдық
өмiрдiң көрiнiсi болып табылады [27].
Шартты және
байланысты топтар - әлеуметтiк психологиядағы топтың
екi түрi. Шартты топқа жататындарды зерттеушi олардың белгiлi
бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл
топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшелiктерiне, жынысына,
ұлттық белгiсiне не мамандығына т.б. сәйкес
болуы мүмкiн. Оған енгiзiлген адамдардың бiр-бiрiне
және осы топқа тiкелей де, жанама да қатысы болмауы
мүмкiн. Дегенмен, олар белгiлi бiр ерекшелiктерiне орай осы топқа
қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейiнгi
балалар жатады деп есептелiп, сол жастағы бiрнеше бала iрiктеп алынып
зерттеледi. Мұндай зерттеу әлеуметтiк психологияның
объектiсiне жатады.
Байланысты топ -
белгiлi кеңістiк пен мерзім арасында
мақсат-мүдделерiнің бiрлiгiне сәйкес бiрiккен адамдар
тобы. Мәселен, бiр сыныптағы оқушылар, мектептегi
ұстаздар мен тәрбиешiлер ұжымы, жұмысшылар бригадасы,
әскери бөлiмдер. отбасының құрамы -
мұның бәрi байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтiк
психология үшiн бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы
адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан рулар
қалыптасты. Бiрлесiп еңбектену нәтижесiнде адамдар
кооперациялар кұрды. Ал, кооперациялар- адамдардың шын
мәнiсiндегi еңбек тобы болып саналады.
Байланысты
топқа адамдар белгiлi бiр жағдайда бірігiп, ресми емес топ
құрайды. Мысалы, пойыз iшiндегi бiр купеде келе жатқан
жолаушылар бiршама уақыт өткен соң өзара тiл табысып,
станцияларда бiрi қажеттi нәрселер сатып әкеледi, ендi бiрi
өзгелердi сөзге айналдырады, қалжың
әңгiмелер айтып, қасындағыларды
көңілдендіреді. Сөйтiп, кездейсоқ адамдар тобы арасында
қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз
арасындағы бiреудi басшы тұтып, қалғандары оның
айтқандарын тыңдайды. Өздерiнше iшкi топ болып бiрiгуi
олардың еркiнен тыс сыртқы факторларға байланысты.
Ұйымдасқан осындай бiр топ сыртқы нұсқау
арқылы бiрiгедi. Бұган әскери бөлiмдердi
жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми топтар бiрiн-бiрi
толықтырады. Мәселен, өнеркәсiп саласындағы
өндiрiс бригадасының ұйымдасып еңбектенуi, ресми
топтағы қожалық шаруашылығы, фермерлер, жеке меншiк
ретiнде құрылған өндiрiс бiрлестiгi осыған мысал
бола алады.
Топтар басшысыз не жетекшiсiз болмайды.
Кез-келген топтың сайлап алған, не
белгiлеп қойған басшысы болады. Әдетте,
топ алға қойылған мақсат-мүдделерiн жүзеге
асыру үшiн ынтымақты болып, сайланған
басшының жетекшiлiгiмен әралуан iстердi атқарады. Топ
мүшелерi iстерiнiң нәтижелi болуы жетекшiге
байланысты. Тәжiрибелi ұстаз,
тәлiмгер мен тәрбиешi сынып iшiндегi
топтарды қозғаушы күш етiп тәрбиелеп,
оларды
пайдалы
iстердi орындауға
бағдарлап отырады.
Ұжымдық
топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрi –
ұжым. Оның шығу тегi - отбасы. Отбасы - белгiлi бiр
тайпаның не рудың негiзгi бөлшегi. Адамдардың
әлеуметтiк өмiрiнің тiрегi де - осы отбасы. Ұрылар мен
гангстерлердiң бандасы да - топ. Бiрақ, олар ұжым емес.
Олардың ұйымдасуының iшкi және сыртқы
мақсаттары - жеке бастың қамы, қара ниет
құлқы мен қоғамға деген зиянкестiк
әрекеттер.
Адамдардың
ұйымдасқан тобы - ұжымның түпкi мақсаты –
адамдардың игiлiктi мұрат-мүдделерiне сәйкес iстердi
атқарып, қоғамның дамуына өз үлесiн
қосу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбiр жеке
адам өз қауымдастығында ерiктi болғанда ғана
пайдалы iстермен шұғылдана алады. Сөйтiп,
қоғамға өз пайдасын тигiзедi.
Топтағы
адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері.
Әлеуметтiк ортада тiршiлiк етушi азамат өзiнiң кiм екенiн
былайғы жұртқа өзін қоршаған орта мен
сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады.
Адамдар қарым -қатынасының сыр-сипаты
қоғамдық өмiрде, әсiресе өндiрiстiк
iстердегi әрекетiнен айқын байқалады.
Топ iшiндегi адамдардың
бiр-бiрiне тәуелдiлiгi, бағынуы, бiрлесiп атқаратын iстерi,
өзара көмектесуi -олардың нағыз топтық
тiршiлiгiнiң заңды түрде қалыптасуын көрсететiн
сипаттар. Олардың арасындағы қарым-қатынастардың
мазмұнды болуы түрлi әлеуметтiк жағдайларға
және әрбiр азаматтың даралық нақты
iс-әрекеттерiне байланысты. Мұндағы өзектi мәселе
- адамдардың қоғамдық iсiнiң нәтижелi болуы
мен әлеуметтiк мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей
қарым-қатынас бiр-бiрiн ұнатып, қолдау
нәтижесiнде өрiстесе, ал жанама қарым-қатынас
олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен бiрiнiн iсiн бiрi
бағалау нәтижесiнде қалыптасады. Мұндай қатынас
негiзiнен, ұжымдық сипат алады [7].
Психология
пәнi адамдар арасындағы жанама қатынастардың
түрлi өзгерiстерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетiп,
олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына
мән бередi: а) диффузиялык топ -бұл аралас топ деп те аталады,
мұндай топтағы адамдардың өзара
қарым-қатынасы топтың негiзгi iс-әрекетiне
байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә)ассоциация - бұл
күрделi топ, топтың iс-әрекетi әрбiр адамның
мүддесiне сай келетiн болғандықтан, топтар iшiндегi
қарым-қатынас жандана бермек; б) корпорация, мұнда да жеке
мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негiзде
дами бермек; в) ұжым топтың ең жоғары деңгейде
ұйымдасқан формасы, мұнда топ iшiндегi
қарым-қатынас жалпы мақсатты iс-әрекеттер арқылы
жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдық
мақсат-мүддесiмен ұштасып жатады. Ұжымдық қарым-қатынас
жасаудың негізгі объектісi - адамдардың ұйымшылдығы мен
бiрлiгi топтағы психологиялық ахуал, әрбiр ұжым
мүшесiнiң көңіл-күйі, сергектiгi, болашак
мақсат-мүддесi әлеуметтiк психологияда өзектi
жәйт ретiнде дара түрде қарастырылады. Бұл
мәселелердiң бәрi ұжымдьк мүдде деп саналады.
Ұжымның психологиялық табиғатын танудағы
басты нәрсе — оның даму ерекшелігін түсіну. Бірінші —
ұжымда кадрларды таңдау және орналастыру аяқталды
дейік. Бұл сатыда қызмет жоспарына байланысты барлық
нұсқаулар мен өнегелілік-тәртіби талаптар негізінен
басшы тарапынан қойылады. Екінші
— ұжымда қоғамдық басқару органы
құрылды, қоғамдық актив жұмыс істейді.
Қоғамдық актив мүшелері ұжымда
қоғамдық пікірдің қалыптасуына, жетекші
әрекетін қолдап-қуаттап отыруға үлкен ықпал
жасайды. Үшінші —
қалыптасқан сау моральдық-психологиялық атмосфера,
қоғамдық пікір ұжымның жеке қызметкерлерге
деген негізгі талаптарын білдіреді. Ұжымды басқаруда және
басқару мен алқалық басқару үйлесім табады.
Төртінші — қызметкерлер арасындағы
принципті және игі тілекті қарым-қатынас берік орнады дейік.
Мұндайда қоғамдық мүлде ұжымныңбасты
мүддесіне айналады. Жеке қызмкеткерлердің дарыны ашылып,
қабілеттері өседі және де олар қолдау тауып отырады.
Кезінде мамандар еңбек ұжымының
дамуын өзара талаптың дамуы ретінде қараған. Әлі
"бастық пен бағыныштылар" жүйесінде әлі
өзара түсінбейтін, жетіспейтін дамудың алғашқы
кезеңінде бастықтың қойған талабы негізгі
сыртқы күш ретінде қабылданады.
Ұжымның даму барысында адамдардың бірнеше тобын
байқауға болады, олар адамдардың белсенді тобы және
селқос тобы. Түрлі талаптарды жүзеге асырар кезінде
Ұжым мүшелерінің қандай екендігін байқауға
болады, олардың бірі — ол талаптарды орындау қажет деп есептейді,
ал екінші біреулері қажеті жоқ деп есептейді. Белсенді топ пен
селқос топ міне осы жерде аңғарылады. Әрине олардың
арасында айқын көзге түсетіндей шекара жоқ,
өйткені бір-бірімен араласып жатқан дүние ғой.
Бірқатар кітапханашы алғашында белсенділік көрсетті де
түрлі жағдайларға байланысты басылып қалды. Кейде
керісінше болады. Бұл заңды құбылыс. Енді бір адамдар
бірде белсенділер тобына қосылып, бірде селқостар тобына
қосылып жүрді. Басшы
қарамағындағы, әсіресе сыннан қорқатын
біреулерді орынсыз қолпаштаса, ұжым бірлігіне кері әсер
етеді. Лайықсыз мақтауға ие болған адам жұмысты
нашар істей бастайды. Бастық кезіне ілмесе белсенді адамның да іске
құлқы болмай қалады. Әділетсіздікке шыдай
алмаған ондай жандар ақырында селқостар тобына қосылып
кетеді, кейде тіпті ұжымды бұзушылар қатарына да
қосылуы мүмкін. Сондықтан да әрбір адамның
қызметіне баға беру басшы қызметіндегі күрделі
мәселеден саналады.
Әдебиет:
1.
Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында” жолдауы. А., 2012. – 35б.
2. Психология
управления персоналом: пособие для специалистов, работающих с персоналом /
ред.: А. В. Батаршев, А. С. Лукьянов. - М.: Изд-во Института психотерапии,
2005. - 624 с.: ил.
3. Кереймағамбетова Ж. Студенттік ұжымдағы
тұлғааралық қарым-қатынастың
мазмұндық ерекшелігі / Ж. Кереймағамбетова
// ХХ ғасыр мектебі. - 2009.- №2. - 7-9 б.
4. Волкогогнова
О.Д. Управленческая психология: учебник для сред.профобразования / О. Д.
Волкогогнова, А. Т. Зуб. - М.: Форум; ИНФРА-М, 2007. - 352 с.
5. Райзберг
Б.А. Психологические основы управления: учеб.пособие для студ.вузов, обуч-ся по
спец. экономики / Б. А. Райзберг, А. К. Тутунджян. - М.: ЮНИТИ, 2005. - 240 с.
6. Силин А.Н.
Социология и психология управления: учеб.пособие для студ.вузов / А.Н. Силин,
В. В. Смирнова. - Тюмень: ТюмГНГУ, 2007. - 140 с.
7. Володько
В.Ф. Основы менеджмента: учеб.пособие для вузов / В.Ф. Володько. - Минск: Адукацыя
і выхаванне, 2006. - 304 с.