Үсенова С.М.,Тұрғанова Ж.М., Нурпейсова А.М., Ж.Е., Сағындық Т.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ  ОҚУ-ТӘРБИЕ  ҮРДІСІН ЗАМАНАУИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

        

Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі жаһандық өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, оқытуға деген жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Солардың бір парасы ретінде шағын  жинақты  мектептердің  оқу-тәрбие үрдісін заманауи жетілдірудің психологиялық-педагогикалық  жолдары да  қарастырылуда.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады. Әрине, келешектің иесі – жастар. И.С.Конның айтуынша "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді.

Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты — адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - сапалы білімде. Өйткені сапалы білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан тұлғаны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет.

Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – оқушыға іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу. 

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық жақтары, әсіресе білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру, соның  ішінде шағын  жинақты  мектептерді осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Психология саласы мен педагогика теориясының оқу-тәрбие үрдісіндегі білім беру парадигмасы келесі өзгерістер мен шарттарды ұсынады:

-  білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің  дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;

-  ақпараттық дәстүрлі әдістер (ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс) қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

-  баланың  жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

-  мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

-  қоғамдық біліммен пара-пар психологиялық-педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.

Қазір Республика   оқу   орындарында соның  ішінде  шағын  жинақты  мектептерде,   педагогикалық ұжымдар ұсынып отырған көпнұсқалыққа байланысты, өздерінің қалауына сәйкес, кез-келген үлгі бойынша қызмет етуге мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген   жаңа   идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

ШЖМ-те оқу үрдісін жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:

-  есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді  пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

-  білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

-  оқушының орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өтуі. 

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында   ауыл мектептерінде білім берудің  жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды   жүзеге асырудың және маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландыру қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде  оқытудың түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің  есептер  шығару, Палтышевтің   физикадан есептер  шығару,   Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.т.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциациялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген ШЖМ-де қолданылып жүр.

Шағын комплектілі   мектептің өзіндік ерекшелігі бар. Осы мектепте ерекше көңіл аударатын оқу-тәрбие жұмысының бір саласы оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Мұғалім оқушылардың өздері орындайтын жұмыс түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп, күні бұрын жоспар жасап әр тақырыптың ауыр, жеңілдігіне қарап ұйымдастыруы тиіс. Сонда ғана әр сыныптағы сабақ жүйелі, ал оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы сапалы болады. Яғни мектептің бастауыш сыныптары білімнің негізгі қалануымен бірге, өзбетінше жұмыстардың өте қажетті іскерліктері де қалыптасуы қажет.

Атап айтқанда: есепті өзбетінше дұрыс талдай алу, есепке қойылған суретке түсінуі, өзбетінше шығаруы, өрнектерді түрлендіруі, теңдеулерді шешу, т.с.с. Осындай іскерлікті қалыптастыруы, оқу барысында бір мақсатқа бағытталған жүйелі жаттығулар арқылы іске асырылады. Мұндай жаттығуларды өзбетінше орындаған жөн.

Оқушының өзбетінше жұмысының негізгі ерекшелігі, оқушының берілген есепті мұғалімнің көмегінсіз өзінің шешуі. Есепті орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, оқушының біліміне, іскерлік дағдысына сүисіне отырып бақылаушылығын, ойлауын, есепті шығару жолдарын оаиқап көреді. Есепті шығаруда бір қате екінші қатеге жалғасып, нәтижесінде қате жауап алынуы мүмкін. Шығарған есебі қате болып, оқушы қиыншылыққа кездескенде мұғалім оны тоқтатып, қателерін жөндеу керек пе? Ондағы қиыншылықтарды жойып, оқушының ойлауын, ісін  дұрыс жолға бағыттау керек пе? Жоқ элде оқушының шығарған есеошщ қате екендігіне көзін жеткізіп, қателерін өзіне тапқызып, өздеріне жөндете ме? Өзбетінше жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін белгілейтін мұндай сұрақтар әр мұғалімнің алдынан шығады.

Сондықтан шағын комплектілі мектепте мектеп мұғалімінен оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу талап етіледі. Шағын комплектілі мектептің оқу тәрбие жұмысында уақытты дұрыс пайдалана білуге көп көңіл бөленеді. Уақытты дұрыс пайдалана білу үшін мұғалім күні бұрын орындатылатын жұмыстардың мысалдарымен сұрақтары есептердің, жаттығулардың үлгілеріне түрлі-түсті суреттер, сызба кестелер арқылы дайындау керек.

Уақытты дұрыс пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын , қабілетін арттырады. Оқушылар өзбетінше жұмыс жүргізу үшін бір сыныпқа 5-10 минут шамасында орындалатын тапсырма беріледі. БІр сыныпта әңгіме өткізілсе, екінші сынып оқушылары өздігінен орындалатын жұмыстармен айналысады. Бұл кезде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарды қалай орындағандықтарына бақылау жасап тексеріп, бағалап отыруы қажет.

Шағын комплектілі мектептердегі сабақтың шамасы 20-25 минутында балалар мұғалімнің басшылығынсыз өзбетінше жұмыс істейді.

Бір сыныппен жұмыс істейтін мұғалім кей сабақтарында өзбетінше жұмыс өткізбеуі де мүмкін. Ал бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей, бірақ өзбетінше жұмыс көбірек істелінеді.

Шағын комплектілі мектептер жұмысының жемісті болуы сабақтардың өзбетінше жұмыстар орындауға берілген уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты.

Өзбетінше жұмысқа берілетін тапсырманың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы керек. Мұндай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр, жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына баса назар аударған дү-рыс.Өзбетінше жұмысты сабақтың кез-келген кезеңінде тапсыруға болады.

Шағын комплектілі мектептердің математика сабақтарында өзбетінше орындайтын жұмыстардың оқып үйренетін, машықтанатын, тексеретін түрлерін ұйымдастыруға болады. Бұлардың әрқайсысына тоқталып өтейік.

а) Оқып-үйренетін өз бетінше жұмыс

Егер өзбетінше жұмыстар жаңа білімді игеру қабілетімен байланысты болса, атап айтқанда: талдап қорыту, жұмыс қорытындысын тексеру, логикалық есептерді шешу, қорытындыларды салыстыру т.б. ұйымдастырылса бұл оқып-үйренетін өзбетінше жұмысқа жатады.

Өзбетінше жұмыстың бұл түрі жаңа білімді игеру барысында қандай дидактикалық мақсат алдын-ала анықталғанда, сол жаңа материалды өту үстінде жүргізіледі.

Мысалы, «қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді» деген тақырыпта I - сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады.

3+1     1+3

Бірінші қосылғыш неге аз? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге тең? Екінші өрнекте бірінші қосылғыш неге тең? Екінші қосылғыш ше? Қосындының мәні неге тең. Осыған толық жауап беріңдер. Оқушыларға өзбетінше шешуге осы тапсырманы беруге болады. Мысалы «қосуды тексеру» деген тақырыпта II - сыныптың математика оқулығында мынадай тапсырма қарастырылады. (10 бет)

Қосындының және айырманың мәндерін тауып жаз 6+3

Қосылғыштарды ата, қосындының мәнін ата, қосындының мәнінен бірінші қосылғышты азайт. Қандай сан шықты? Қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтқанда ше? Қандай қорытынды жасауға болады? Осы сұрақтарға толық жауап беріңіз. Осы тапсырманы өзбетінше беруге болады.

Барлық оқып-үйренетін өзбетінше жұмысы сияқты бұл тапсырмаға ерекше мән-мағына беру керек. Осыдан тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды оқушының өзі табуына, байқауына жол ашылады, тек сұрақтар жүйесі мұқият қарастырылуы тиіс. Соньшен бірге бұл тапсырманы орындағанда кейбір есептер әдістерін қолданамыз. Орындаған өзбетінше жұмыстарға қорытынды жасау өте мағызды.

Яғни қосындының мәнінен қосылғыштардың бірін азайтқанда, екінші қосылғыш шығады. Ендеше қосуды азайтумен тексеруге болады.

Осындай қорытынды жасау барлық мысалдарды сапалы түрде орындау үшін де және өтілген тақырыптың негізгі білімділік функциясын ашу, ондағы қорытылатын түжырымды дәлелдеу үшін де қажет.