Психология/Педагогическая психология

Психология магистрі, аға оқытушы Кудушева Н.А.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уиверситеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Тарих ғылымдарының канд, доцент Мұхаметжанова Н.А.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Қазақстан Республикасы, Семей қ.

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ  ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН  ЖЕТІЛДІРУ

 

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орнындағы  сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, оқытушының рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, студенттердің біліктілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы студенттерді ізгілікке, елжандыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Инновациялық әдістерді студенттің білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана студенттердің алған білімі мен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.

Оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1.   Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2.   Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3.   Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.

Студенттер электронды оқулықтарды пайдаланып, электронды оқулықтағы көрнекіліктерге, деректерге сүйене отырып студенттер интернеттен қосымша материал іздеу, алынған материалдарды саралау, талдау жасау арқылы тарихи объективизм принципін ұстанып өз бетімен ізденуге дағдыланады [1].

    Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттің өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталады.

Бүгінге дейін кеңестік дәуірдің  дәстүрлі білім беру ісі сапалы деп келгенімізді ешкімнен жасырмаймыз. Дегенмен тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары білім беру жүйесінде ірі реформалар мен өзгерістер еніп отыр. Білім сапасына қойылатын талап  күшейіп, оқытудың жаңа технологияларына бет бұрған кезде, студенттерді оқыту процесін жетілдіру, оның оқуға қызығушылықтарын арттыру мәселесі туындайды.

Осындай мәселеге қатысты мынадай сұрақтар туындайды:

1.   Бүгінгі таңда ЖОО-да  өзекті мәселе не;

2.   Студенттердың оқуға деген ынтасы қандай;

3.   Студенттерді оқуға қызықтыру үшін оқу процесін қалай ұйымдастырған жөн.

Бірінші сұрақ бойынша көптеген оқытушылар, заманның алға озуымен білімге қойылатын талаптың күшейгенін айта отырып, мақсатымыз- білім берудің нәтижелі болуына бағытталғанын, оқытушы жауапкершілігінің артқанын білдіреді. Екінші сұрақ бойынша менің ойымша қазіргі таңда біріншіден студенттің қабілетіне байланысты, екіншіден заманнның ыңғайына сай ойлау қабілеттеріне байланысты және де қазіргі заманғы студенттердің оқуға деген ынталары қанағаттанарлықсыз. Үшінші сұраққа жауап берер болсақ оқытушы шебер, жан-жақты бола білу керек. 

Алғашқы кезде оқыту процесін адамдар арасындағы әңгіме ретінде құрылған. Бұл жерде  әңгімелесушіге қатысатын адамдардың тобын таңдау ерекше мәнге ие болған. Ол кезде   адамдардың санының аздығына байланысты әрбір адамға жеке қатынас жасай алған. Ал қазіргі уақытта оқыту бұқаралық сипатқа ие. Оқу процесінің өзінің бірнеше формалары бар- лекциялық сабақ, семинарлық сабақ, лабораториялық практикум және бақылау іс-шаралары.

Дегенмен де қазіргі таңда оқытудың инновациялық  әдістерін қолдану  кеңінен өріс алуда.

Оқытуды бағдарламалау  облыстарындағы эксперименталды  алғашқы жұмыстар 60-жылдары Америкада өріс алды. Бұл жұмыстар техникалық құралдарды орта мектептерде және кәсіби училищилерде қолдану мүмкіндігін тексеруге бағытталған болды. 

  Алғашқы компьютерлердің пайда болуы оқытушыларды компьютерді, студенттерді оқыту процесін автоматтандыруды бақылау құралы ретінде пайдалануға, оқыту процесінде қолдану идеясына алып келді. Есептеуші құралдарды жетілдіру бойынша күрделі функцияларды да жүзеге асырыла бастады. Компьютер материалдарды ұсынуда кодоскоп, видеомагнитофон сияқты көмекші құрал пайда бола бастады [2].

  Қазіргі таңда педагогикалық іс-әрекет студенттер үшін оқытудың электронды құралының барлық түрін пайдалануды талап етеді. Электронды оқулықтарды пайдалану студенттерге оқытушылардың көмегімен, лекция және практикалық сабақтарды оқытушылардың жетекшілігімен жете меңгеруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты тағы бір маңызды аспект туындайды,- бұл оқылған материалдарды тексеру бағдарламасын құру. Сондықтан да қазіргі кезде бағдарламалық құралдар екі бөлімді байланыстыру керек: оқыту және өзін-өзі бақылау.

Соңғы жылдары ақпаратты компьютермен ұсынудың мүмкіндігі мәнді өсті. Ол енді әдетке айналды

Ашық білім жүйесінің дамуы, оқу процесін индивидуализациялауға мән беру, оқу мотивациясының өзгеруі оқу процесін өзгертуді талап етеді, бірінші кезекте, негізін электорнды оқулық құрайтын оқу процесін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін оқулық және ақпараттық қамтамасыз етуді кеңейтуді. Білім беретін электронды басылымдарды құру Республикадағы білім берудің барлық формалары мен деңгейлерін ақпараттантандыру бағдарламасының бір бағыты болып табылады.

Электронды оқулықтың қарапайым оқулықтардан:

-  білімнің мазмұнымен,

-  білім мазмұнының ұсынылуымен,

-  білім мазмұнының орналасуымен ерекшеленеді.

Электорнды оқулық Мелекеттік білім стандартына және оқытудың қазіргі технологиясына сәйкес болуы керек және оқу процесінде компьютерлік техниканы белсенді қолдану қажеттілігін ескеру керек.

Көптеген пәндерді оқу барысында гипермәтінді пайдалануға, видео және аудио қосымшаларды пайдалануға бағытталған мультимедиалық оқулықтар негізгі болып табылады.  Мультимедиақосымшалар білім беру тиімділігін максималды күшейтуге мүмкіндік береді.

Электронды оқулықтың ерекшелігі оның көмегімен студенттерде дүниеге деген көзқарас, жалпы мәдениет қалыптасады.

Электронды оқулықтарды құруда Интернет желісі үлкен мүмкіндік береді. Интернет желісі арқылы жер шарының кез-келген жеріне кез-келген ақпаратты тарата алады және сондай-ақ кез-келген ақпаратты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар студенттердің ақпаратқа деген іздеуші оқу  іс-әрекетін қалыптастыруға негіз болады.

Барлық пән бойынша электронды оқулықтар тек оқулық сияқты емес, сондай-ақ лабораториялық-практикалық сабақтар, сөздік, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларын қамтитын оқу-әдістемелік кешен ретінде құрылуы тиіс. Бұл  жердегі маңызды жағдай бір ұжымдағы авторлармен құрылған жөн.

Электронды оқулықтардың негізгі түрлері оқу процесінде олардың мәні мен орнын анықтайтындай функционалды белгісі бойынша таратылған мәтіндік басылым.

1.   Бағдарламалық - әдістемелік электронды оқулық: оқу жоспары, оқу бағдарламасы.

2.   Үйретуші электронды оқулық: мультимедиалық оқулықтар, электронды мәтіндік оқулық, электронды оқу құралы, лекциялар электронды нұсқасымен.

3.   Қосымша электронды оқулықтар: практикум, құжаттардың  және материалдардың, сөздіктердің жиынтығы

4.   Оқу-әдістемелік электронды оқулық: әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар.

5.   Бақылаушы электронды оқулық: тестілейтін бағдарлама, бақылау сұрақтарнының және тапсырмаларының бланктері.

6.   Оқу-әдістемелік материалдар оқу іс-әрекетінің барлық түрін қамтамасыз ету керек [3].

Оқу процесіне ақпараттық технологияларды енгізу студенттердің өзіндік жұмыстарын көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмысының сферасын кеңейту оның оқу процесінде үлесін ұлғайтуға алып келеді. 

Әсіресе электронды оқу басылымын ағымдық және аралық бақылауда қоладану тиімді. Электронды оқу басылымы арнайы құрылған тесттік тапсырмадан тұратын тестілеуші бағдарлама негізінде немесе мәліметтер базасында бақылаудың барлық түрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Теоретикалық материалды оқытуды ұйымдастыру үшін электронды оқулықтардың келесі түрін пайдалануға болады.

-  Бейнелікдәріс. Оқытушының лекциясы видеопленкаға жазылады. Ол мультимедиалық қосымшалармен толықтырылуы мүмкін. Мұндай толықтырулар тек лекцияның мазмұнын толықтырып қана қоймайды, сондай-ақ лекцияны студенттер үшін тартымды болып ұсынылады. Мұндай тәсілдің артықшылығы лекцияны ыңғайлы кез-келген уақытта тыңдауға мүмкіндік береді.

-  Мультимедиадәріс. Лекциялық материалдармен дербес жұмыс жасау үшін интерактивті компьютерлік оқытушы бағдарламаларды жасауға болады. Бұл, мультимедиалық құралдарды қолдану арқылы әрбір студент материалды игеруде өзіне қолайлы нұсқасын, курс бойынша ыңғайлы қарқынды және өзінің қабылдауының психофизиологиялық ерекшелігіне сәйкес келетін оқу тәсілін таңдауға болады.

Тәжірбиелік сабақтар- теоретикалық білімді сұрақтарды талқылау  және нақты тапсырмаларды шешу жолы арқылы бекітуге бағытталған, пәнді тереңдетіп оқуға, кәсіби іс-әрекет дағдысын игеруге бағытталған оқу процесінің ұйымдастыру формасы.

Сонымен білім беру саласында  электронды оқу басылымын пайдалану ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты  және білім беру процесінің интенсификациясын қабілеттендіреді, оқу процесінде өз бетінше жұмыс жасаудың рөлін ұлғайтады.

 

Әдебиеттер:

1.    Благодатских В.А., Енгиборян М.А. и др. Использование информационных технологий в учебном процнссе. -  М.: Финансы  и  статистика, 2009.

2.   Уинстон П. Перспективы развития вычислительной техники. Кн.2. Интеллектуализация ЭВМ.- М., 1999.

3.   Асқарова Н.У. Электрондық оқулықтарды оқыту процесіннде қолдану. – А., 2007