Абдрақов Б.К., Қашқынбаева Л.Б.,Толтаева Б.С.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР

           

Бұдан 30-40 мың жылдай  бұрын Homo saplens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады делінеді кейбір ғылыми еңбектерде. Мұның себебі неде?-деген сұрақ туады.

            Адамның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдерінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюциясы адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шыққаннан кейін ол шешуші рөл атқармайтын болғаны сөзсіз.Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды.

            Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады [3].

            Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайы әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруының өлімі 1840ж. 1 миллион адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1 миллион адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емделуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады.Мұндай мысалдарды басқа  аурулар бойынша да келтіруге болады.

            Бүгін таңда бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал екінші жағынан мәдениетпен тұрмыс жағдайларының түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюциясында мәдени шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі генофондыны (геннің қоры) сақтауда жәнеденсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауға ғана [2,3].

            Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетикалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.

            Адамныңәлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық  табиғатында, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетінде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ой жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандай болама? –деген сұрақтар тууы мүмкін.

            Адамның дене құрылысы жағынан алып қарасақHomo saplens түрінің даму тарихы айтарлықтай жақсарғаны анық: Халықтың орташа жасы 20-22 жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа дейін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басына қарай Батыс Еуропа елдерінде орташа жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және «қалыпты» орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен. Тағы бір мысал: Социологиялық зерттеулерге сүйенсек ХХ ғасырдың 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда 6-8 см ұзын, ал 60-70жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады. Енді адамзаттың ақыл-ой қабілетінің дамуы туралы мәселені қарастырып көрелік. Езгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және жақсарту туралы теория)  деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психолого-антропологы Ф.Гальтон қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі топтарының өкілдері ақыл-ой коэффициент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол еңбекші топтарының балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой коэффициенті әлеуметтік жағдайы және балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жазған деп мойындалды [4,5].

            Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетикалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәліметтер бүгін таңда жоқ. Қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде 1400, әйелдерде 1270. Сонымен қатар адамның жеке басынан дарындылығы оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді  бола бермейді[1,2].

            Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы Homo saplens пайда болғаннан бері адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтіресе де болады.

            Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негізі жоқ.

            Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік информация келгенін атап айту қажет.

            Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі, салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануыну денгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр.

            Генетикалық ауытқуларының салаларынан кесел нәрестелердің тууынан көбеюі, ақыл-иесі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің дамуымыздың төменділігінде екендігін көрсеткенді.

 

Әдебиет:

1.    Гинтер Е.К. Популяционная генетика и медицина. Вестник РАМН-2001, №10

2.    Ордабеков С.О.,Сейтбаев К.,Сембаева Ж. Генетика негіздері, Тараз,2009-216 бет

3.    Ордабеков С.О., Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Қарағанды, Ақ Нұр,2012-332бет

4.    Ордабеков С.О., Ахауова Г.Қ. Теориялық және эволюциялық биология. Қарағанды, Ақ Нұр, 2012-214 бет

5.    Воронов Н.Н. Развитие эволюционных идей в биологии, М.,2004