Үсенова С.М., Рзай А.Е., Сағындық Т.А., Қалабай Г.А.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

СУИЦИДТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА БЕЙІМДІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

Жастар – бұл кез келген заманауи мемлекеттің стратегиялық әлеуеті. Еліміздің қазіргі жастары жаңа жағдайда – тәуелсіздік алып, өсіп өркендеген, демократиялық реформалар мен нарықтық түрленуден соң тәрбиеленіп, ер жетті. Сондықтан да жастар саясатына қатысты мәселелерді шешуде мазмұны жағынан принципті түрде алғанда жаңартылған, қазіргі заманауи тәсілдерге сәйкестікті талап етеді. Мемлекеттік жастар саясаты – әрбір жастың Қазақстан Республикасының аумағында жарамды Ата Заңмен, өзге де нормативті құқықтық актілермен бекітілген, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке бас еркіндігі мен құқығын мойындауға негізделеді.

Жас ұрпаққа Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеялары және Конституцияны, өзге де заңдарды сақтап, құрметтеуге үйрету және жастар құқығы мен мүдделерін қорғау қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндейді. Жас азаматтың тұлға болып қалыптасуы үшін жағдай туғызып, білім саласында, еңбекте, жұмыспен қамтуда, әлеуметтік қорғауда кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін мемлекетіміз барлық күш-жігерін бағыттайды. Сонымен қатар, отбасы, оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес сектор – Қазақстанымызды гүлдендірудің кепілі болып табылатын жас ұрпақта отаншылдық, кәсібилік, ұқыптылық, жауапкершілік сынды қасиеттердің болуы жолында ұштасуы қажет.

Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің артуы, саналы құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын қайта қарауы кезінде, өмірлік қағидасы күшті, рухты болып бекітілуі мемлекеттік жастар саясатының алға қойған жұмысы – мемлекеттік үкіметтік органдардың және азаматтық қоғамның өзге де институттарының басым бағыттарының бірі саналады.

Кейінгі уақытта қоғамды қатты алаңдатып отырған жайт – балалар суициді. Атам қазақта болмаған сұмдықтың кең етек жаюына ең алдымен дәстүр сабақтасытығының үзілуі, салт-сананың батыстануы, адамдардың азғындануы кінәлі деп білеміз. Соңғы кездері қайда болмасын жасөспірімдердің, мектеп жасындағы балалардың өздеріне өздерінің қол көтеруі жиілеп кеткені жасырын сыр емес. Европа мен Азияны ғана емес, бүкіл әлемді кезіп жүрген осындай қайғылы оқиғалар елесі біздің елімізді де орап өткен жоқ. Өткен жылы 13 қазанда Қарағанды қаласында он төрт жасар жасөспірім асылып қалды. Арада бес күн өткеннен кейін жұртшылық Алматы облысының Тұздыбастау кентінде он бес жасар екі жасөспірімнің өздеріне өздері қол жұмсап, өмірмен қош айтысқандарын естіп, жағаларын ұстасты. 

Жасөспірім балалардың өздерін өзі өлтіруге қатысты жантүршігерлік хабарлар кімді де болсын бей-жай қалдырмауға тиіс. Он екіде бір гүлі ашылмаған, оңы мен солын танымаған, еріндеріндегі ана сүті кеуіп үлгермеген балаларымыз баудай түсіп, қыршынынан қиылып жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы елімізде 260 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсап өмірмен қош айтысқан. Жағдай өткен жылы да түзеле қойған жоқ, сөйтіп ел бойынша осындай 237 оқиға тіркелді. Бұл дегеніңіз осыншама ана қара жамылып, ботасынан айырылған бозінгендей еңіреп қалды, мыңдаған жүректерге жара түсті деген сөз.   Бір алаңдарлық жай, қайғылы оқиғалар барлық облыстарда дерлік тіркелуде. Шығыс Қазақстан облысында 30 шақты жасөспірім өмірімен қош айтысса, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының әрқайсысында 20 ның үстінде бала өздеріне өздері қол көтеріп, жас өмірлерін қиды. Соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш екі есе өскен. Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады. Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның – 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы – 261, 2006 – 274, ал 2007 – 352 суицид тіркелген. Мақсат Айтбаев, алыстағы Америкада өзіне қол салып қаза болған қазақ ұланы.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді» тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды суицидке итермелейтін негізгі себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін – ұлтаралық қатынас, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторлар аталған [28].      

     Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – көрнекі құбылыс, нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Өйткені, келесі талпынысы қазаға ұласып жатады. Балалар өз-өзін өлтірудің себебі көп деп түсіндіреді. Алайда, олардың басты проблемасы – жалғыздық. Егер мектепте қандай да бір проблема туындап жатса – ата-ана балаға көмек көрсету керек, ал отбасында проблема туындап жатса – ұстаздар балаға назар аударуы тиіс. Қазақстанда тіпті 10 жастағы балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары тіркелген.  «Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында тұратын 1997 жылы дүниеге келген Гриша К. анасы мен өгей әкесімен ұрсысып қалғандықтан, 2007 жылы өз-өзін өлтірмек болған. Мектепте 4 пен 5-ке ғана оқыған жасөспірім «кетан» таблеткаларының бірнеше қаптамасын ішіп, дәріден қатты уланған Гриша тек дәрігерлердің уақытылы көмегінің арқасында ғана аман қалған» (ҚР Бас прокуратурасының есебінен). Мамандар өлуге құмарту – психиканың проблемасы екендігін айтады. Сондықтан әрдайым жақындарыңмен бірге болып, бір-бірін бағалап, әрдайым түсіністікпен өмір сүре білу қажет дейді психолог мамандар.

Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.  Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Греция, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген. 

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған. Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.

Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.

- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жастар арасы - 17-29 жас;

- Ересектер арасы – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған. Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды. Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірел ген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшелік терін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.

Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеумет тік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидо генді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжіри бесіне, интелектісі және мінез - құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байла нысты адамдар             өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін. А.Г. Амбрумова суицидалды мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірім дерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертант ты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты.

 Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез - құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизоф рениямен ауыратын балалар құрайды деген. А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды. Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады [29].      

Шынайы суицидальді мінез-құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды.

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибеле рінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себепте ріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген [30].      

Суицидалды мінез- құлықтың 5 түрі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлы ғының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.        Суицидалды мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы ара лық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады. Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады. Суицидалды мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токси комания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өзде рінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.  Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицид те көбейе түседі.

Бүгінде ата-анасы баласы мектепке кетсе, үйге аман-есен орала ма деп, өздері жұмыста жүрсе, кешке балам алдымнан шығар ма екен деп алаңдайтын, мазасыз күй кешетін болды. Ертең мезгілсіз ажал кімнің есігін қағады, кімді зар жылатады? Бұл пәле бізге қайдан жабысты? Сырты бүтін, іші түтін балалар қайдан шығып жатыр? Балалар бесіктен белі шықпай жатып неге өмірден түңілетін болды? «Сенің табаныңа қадалған шөгір менің маңдайыма қадалсын» деп бауыр еті баласы үшін отқа да, суға да түсуге даяр ата-ананың көз жасы неге құрғамайды? Бұған мамандар не айтады? Олардың бір тобы суицид оқиғаларының жиiлеуiне әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, зорлық-зомбылық, дiни ағым дардың әрекетi, есiрткi қолдану себеп болып отырғанын алға тартады. Өзіне-өзі қол жұмсаушылардың көбеюі ең алдымен телеарналардан беріліп жатқан ұрыс-төбелеске, қантөгіске толы фильмдердің әсері, сондай-ақ, бәріне шайлығын айырамын, байлығын еселеймін деп шарқ ұрып жүрген ата-аналардың жұмысбастылығы кінәлі, олар күнкөрістің қамымен таң атқаннан күн батқанша үй қарасын көрмейді, балардың оқуына, тәрбиесіне көңіл бөле бермейді, назардан тыс қалған бала өзін керексіз сезінеді деушілер де бар. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психоло гиясына кері әсер етуде. Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема.

  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді» тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды осы жолға итермелейтін негізгі себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психоло гиялық жағдайы, одан кейін – ұлтаралық қатынас, отбасылық тұрмыс тың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторлар аталған. Дүниенің ақпараттануы, адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлі компьютерлік ойындар, көбінесе жастардың арасында суицидтің көбеюіне ықпал етіп отыр.

Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес, нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім келеді. Өзіне-өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі - еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді. Дәрігерлердің айтуынша, суицидті дəрігерлер аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі дейді.

Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар аударған австриялық психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш алу — жек көрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықпен және кінәлі сезімнің күштілігімен түсіндірген [31].      

Жоғарыда айтылған оқиғалардың барлығы бойынша дерлік қылмыстық iстер қозғалған. Бірақ, көбінің себебі ашылмай жұмбақ күйінде қалып қойған. Әдетте, жасөспірімнің неге осындай қадамға барғандығы жіті зерттелмейді, іске қатысы бар лауазымды адамдар оқыс оқиғаны тезірек ұмытуға тырысады, кінәлілерді сырттан іздейді. «Өзара түсіністік бар жерде, қандай қиыншылақтар болмасын, бала ешқашан өз-өзін өлтіру туралы ойламайды да. Егер ондай болса, онда бала мен ата-ана арасын дағы қарым-қатынаста бір кінәраттың болғаны». Бұл ұстаздың сөзі. Олардың өздерін кінәлаушылар да жоқ емес. Ата-аналар кiнәлi, мұғалiмдер кiнәлi, қоғам кiнәлi деп құр даурыққанмен мәселе шешіле ме? Жоқ. Сайып келгенде бұл жекелеген отбасының емес, қоғамның проблемасы, қоғамға төнген қауіп. Сондықтан онымен халық болып күресуіміз керек, араласуымыз керек, әр тағдырға араша түсуіміз керек.