Психология/ психология развития
Тағаева
С.Ә.
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан
Жеткіншек шақта интеллектілік дамудың психологиялық ерекшеліктері
Елбасы Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның болашағы - дарынды балалар қолында»
деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының
арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың
ортасынан лайықты өз орнын таба білді. Тәуелсіздік
алған 25 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында
даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген
білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары
қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп
отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты
игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін білім
саласындағы мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам
құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым
мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау
ісіне зор мән беруде.
Интеллектілік міндеттерді шешуде гипотезаларды пайдалана
білу – жеткіншектің болмысқа талдау жасаудағы аса
маңызды жетістігі. Болжамдар жасап ойлау – ғылыми пайымдаудың
өзіне тән құралы. Ойлауды дамытудың бұл
деңгейіне тән ерекшелік абстракциялаудың дамуы ғана
емес, сонымен бірге жеткіншек өзінің интеллектілік операцияларына
зейін қояды, талдау жасап, баға береді. Сондықтан
мұндай ойлау рефлексиялы ойлау деп аталады.
Теориялық ойлау мектеп білімдерін игеруде ғана
қалыптасумен шектелмейді. Тұтас алғанда ойлаудың
бұл деңгейіне жеткіншектің өз интеллектілік
операцияларын ұғынып, оларды басқаруы тән. Бұл
процесс басқа психикалық функциялар үшін де тән бола
бастайды. Сөйлеуге бақылау мен басшылық жасалады, оның
үстіне өзі үшін маңызды кейбір жағдайларда
жеткіншектер дұрыс әрі әдемі сөйлеуге ерекше тырысады.
Осының бәрі – жеткіншектің дамуындағы бастауыш мектеп
оқушысымен салыстырғандағы жаңа әрі маңызды
жетістіктер.
Қай елдің болмасын
өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы
оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына,
даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы
болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп,
ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға
үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда
қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік
білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми
– ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық,
дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс
жүргізуі тиіс.
«Жалпы орта білім берудің
ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан
Республикасының әлеуметтік және саяси өміріне белсенді
қатысуға дайын, құзіретті тұлғаның
қалыптасуына ықпал ету. Жалпы орта білім берудің негізгі
міндеттерінің бірі – жеке және қоғам өміріне
қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен
жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына
оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» – деп, көрсетілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартында.
Бүгінгі жаһандану жайлап бара
жатқан қоғамның мектепке әлеуметтік
сұранысы бүгіндегі білім беру үрдісінің мақсаты
мен міндетін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Қоғамдағы
адамдар кез-келген жағдайға дайын, өзіндік пікірі
қалыптасқан проблемалық әрекеттен жол таба білетін
тұлға болуы қажет. Осы тұрғыда білім берудегі
негізгі мақсат әрбір оқушыға өзіндік
қабілетіне қарай бабын таба оқыта білу мен жеке-дара
көмек көрсету болып табылады. Қазіргі таңдағы
әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктерге
негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласына
терең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде
болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі
болмақ. Елбасы Н. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясына
«оның басты мақсаты – жаңа қалыпта
қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ
Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы
бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылаған болатын. Елбасы негізгі
үш аспектісін нақтылаған.Олар:
- білім беру үрдісіндегі
инновациялық даму;
- ақпараттық даму;
- жастарды рухани тәрбиелеу.
Білім беру
саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы
ұсынылып отырған үш аспекті негізінде дамуы білім
алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан
тұлға болып қалыптасуына жұмылдырылады.Адами
ойлау, іздемпаздық –табиғаттың адамзатқа берген
тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары
сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір
түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның
жеке қасиет.
А.Байтұрсынов: «Балам деген
жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады»
дейді. «Интеллектуалды
ұлт -2020» жобасының басты мақсаты ретінде
жастарға рухани тәлім-тәрбие беру аталғаны белгілі.
Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз
мықты ұлттық, мәдени
құндылықтарымызды, ұрпағымыздың
имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең
білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік
ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз
ұғымына сүйенбесе, рухани
құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала
алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді
әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны
интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.Сол себепті де дарынды
оқушылармен жұмыс жасай отырып, танымдық біліктілікті
арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды.
Баланың өзіндік көзқарасының қалыптасуына
әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін
тигізеді. Ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды
шәкірттің шығары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы. 2007ж.
2. ҚР мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана 2007.
3. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Интеллектуалды ұлт-2020»
ұлттық жобасы.
4. Н.Кударова. Дарынды
балалармен жұмыс істеудегі оқу-тәрбие үрдісінің рөлі.
«Бастауыш мектеп».