Психология/Психология развития

Пс.ғ.магистрі, оқытушы Ысқақ Г.Т. 
пс.ғ.магистрі, аға оқытушы Нуркасинова Л.М.
пс.ғ.магистрі, аға оқытушы Құлымбаева А
.К.

ҚазМемҚызПУ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

БАСТАУЫШ  СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Қоғамдағы адамзаттық қажеттіліктер артқан сайын, кез-келген өзгерістерге шығармашылық арқылы жету, мәселелерді дәстүрлі емес және сапалы шешетін, қоғамның жылдам ырғақпен  дамуына байланысты, адамдарды жағдайлары тез ауысатын өмірге дайындау қажет. Қоғамның жеке тұлғаның шығармашылық ынтасына деген қажеттілігі неғұрлым табанды болса, соғұрлым шығармашылық мәселелердің стимулын және жағдайын, оның шығу көзін теориялық тұрғыда тереңірек қарастыру қажет. 

Қазіргі білім беру стратегиясы барлық білім алушыларға өз таланттарын және шығармашылық талаптарын, жеке жоспарларын іске асыруларына мүмкіндік жасауда. Бұл позициялар Отандық мектептердің гуманистік даму тенденциясына сәйкес келеді. Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерімен педагогтар хабардар болып, оларды үздіксіз дамытып «арттырулары» қажет. Ұжымдық немесе жеке оқу түрі болсын бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеттерімен байланысты ойлау қабілеттерін дамыту өзекті мәселе.

Негізгі құндылықтарды білмей, балалар жалған, күмәнды құндылықтарды тез қабылдайды. Білім берудің негізгі мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақты болашаққа дайындау болып табылады. Шығармашылық – бұл осы мақсатты тиімді іске асырушы жол.

Шығармашылық – дамудың көрсеткіші креативтілік болып табылады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік ұғымы  индивидтің жеке және ақыл-ой ерекшеліктерін, мәселелерді дербес шеше алуға  қабілеті бір тума ойлардың туындауы және оларды шеше білу кешенімен түсіндіріледі.

Креативтілікті индивидтің жеке және тұлғалық ерекшеліктерімен көптеген тұлғаларға тән үрдіс және кешен деп қарастыру қажет.

Бастауыш сыныптық кезеңдегі балаларға талант бастапқы кезеңнен-ақ тән. Оқудың алғашқы кезеңі - әсемдікке баулудың маңызды уақыты.

Қазіргі ғылыми зерттеулер тұлғада шығармашылық  дамыту бұл жалпы дамуға қайталанбас ықпал беретінін дәлелдейді: эмоциялық сферасы қалыптасады, ойлауы жетіледі, әсемдікке, өнерде және өмірде бала сезімтал бола бастайды. Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар тұлғаның жалпы шығармашылығының дамуына, бұл өз кезеңінде қайырымдылықты, қиялды, образдық – ассосиациялық ойлауды, есті белсендіріп, байқампаздықты, интуицияны тәрбиелеп, баланың ішкі әлемін қалыптасуына себепші болады.

Шығармашылық, шығармашылық қабілеттер және олардың дамуы адамзаттың мәңгі мәселелерінің бір қатарына жатады. Ғылыми білімдердің даму тарихында бұл мәселе әртүрлі мектептердің және бағыттардың зерттеушілерінің назарын өзіне аударып келеді. Ерте кезде – ақ философтар шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты екенін анықтауға ұмтылды ( Платон, Аристотель, Ф.Аквинский, И.Кант).  Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Бердяев).

Психология ғылымындағы креативтілікке арналған талдаулар (анализдер) жеткілікті түрде қарама-қайшылықты суреттейді бірақ «креативтілік» ұғымы ғылыми айналымға механизмдерді және адамның шығармашылық әрекетінің заңдылықтарын зерттеуші термин ретінде енген. Көптеген авторларда креативтілік түсінігінің мәніне жақын келетін «шығармашылық қабілеттер», «шығармашылық белсенділік»; синоним ретінде жиі қолданылады.

Сонымен, Дж.Гилфорд, П.Порренс, К.Роджерс, Э.Фром, Э.Д.Телегина және В.А.Терехов креативтілік деп адамның ойлау таптаурындарының тәсілдерінен бас тартып және мәселені шешудің әртүрлі тәсілдерін табу, тануға және таңқалуға қабілеттілік жаңаны ашуға ұмтылу, дербестілік және белсенділік деп түсінеді. В.Н.Козленко, Г.В.Ожиганова және А.В.Гаврилин креативтілікті жеке тұлғаның ақиқаттағы қажеттіліктерін ізденістік қайта жасау қатынасы деп қарастырады. Ізденістік қайта жасау белсенділігі қоршаған ортамен белсенді әрекеттесу кезінде көрінеді. Р.Стернберг және Любата креативтілік өмірге қатынас, қабілеттілік және танымдық сфералар ғана емес, сонымен қатар өмірлік ұстаным дейді. С.Ю.Канн креативтілікті шығармашылық потенциялының шығармашылық құрылымы және жеке тұлғаның интегралды сапасы болып табылатын, құрамалы білім деп атайды. У.В.Кола және М.И.Фидельман креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық потенциялын құрайшы ой комплексі және жеке ерекшеліктері деп қарастырады.; Н.С.Лейтес және М.А.Холодная «ерекше ақыл құрылымы»; В.Н.Дружинин жалпы қабілеттердің бірі –қиялмен фантазияны қатыстыра отырып қайта жасау.

Сол себептен бүгінгі таңда креативтілікке арналған нақты қалыптасқан анықтама жоқ. Креативтіліктің көп және әртүрлі анықтамалары, креативтілік құрылымын қарастыруға ықпал етеді (Р.Милгрэм, Н.В.Хазратова, В.С.Юркейевич, В.С.Шубинский және т.б.). Ғылыми әдебиеттерді қарау арқылы креативтіліктің мазмұнын аштық: жеке тұлғаның нақты ерешеліктері және ақыл-ойдың нақты сипаттамасы (И.Ветлугина,Л.Б.Ермолаева, Томина, В.Н.Дунчев, В.Н.Козленко, А.Н.Лук, Я.А.Понамарев, П.А. Процеский, F.Barron, D.Simonton, C.W.Toylor, E.P. Torrens және т.б.).

Тұлғаның накты ерекшеліктеріне Д.Б. Богоявленская, А.М. Матюшкин, Л.И. Новикова, Я.А.Пономарёв, Р.Стренберг, Э.Д. Телегина, В.С. Терехов сияқты зерттеушілер ең алдымен: табиғи талапты, акыл-ой және ерекше белгілерін, жас ерекшелік сипаттамасын, әлеуметтік ортаның ықпалын, ең маңызды орынға мотивациялық аспектіні жатқызды. Осы ғалымдардың атап көрсеткен мотивациялық құрылымдары: танымдық қажеттіліктер, қайта-жасау белсенділік мотиві, жетістікке жетуге ұмтылыс, белгілі бір әрекетке мотивацияның жоғарғы деңгейі.

Ақыл-ой сипаттамасы, ойдың инициативасы, шығармашылық ойлау, қабылдау жане қиял да креативтілік құрамына кіреді.

Осыған байланысты, ғылыми әдебиеттердің негізіне сүйене отырып мынандай қорытынды жасаймыз: креативтілік - бұл жеке тұлғаның сипаттамасы, күрделі шексіз білім. Креативтілік құрамын шығармашылық үрдістің іске асуына ыкпал етуші, әр түрлі қабілеттер жиынтығы анықтайды. Шығармашылықта көп көрінетін қабілеттерді бөлу үшін, және оның іске асуына көптеген деңгейлермен байланыстыру үшін, біз шығармашылық үрдістің құрамымен сипаттамасының концепциясын қарастырамыз (С.М.Василевский, А.Кистлер, А.Н.Лук, Т.Рибо, Р.Л.Солсо, Г.Уоллас, П.Ш. Якобсон, Дж.Гетцельс, Я.А.Пономорев, В.С.Шубинский).

Педагогикалық зерттеулердің көпшілігі креативтілікті зерттеуге арналған, креативтіліктің қалыптасуы қазіргі ғылыммен дәлелденген педагогикалық жағдайлардың бір қатары бөлінген. Бұл: диалогтық әрекеттестілік, әлеуметтік нығаю, креативтілік тәртіптің үлгісі эмоциялық  жағдайларды  тудыру, заттық тәртіп белгілеу,заттық-ақпараттық арту.

Қорытындылай келе, креативтілік ұғымын «шығармашылық», «креативтілік», «шығармашылық әрекет», «шығармашылық белсенділік» және ары қарай зерттеу мақсатында олардың әр қайсысын түсіндіру.

Шығармашылық - белгілі бір ерекшелігі бар, және материалдық немесе рухани аймақта объективті немесе субъективті жаңа нәрсе жасап шығаруға келтіру үрдісі.

Креативтілік - бұл жеке тұлғаның интегральді мінездемесі, жан-жақты қабілеттер жүйесі, шығармашылық әрекеттің орындалуын қамтамасыз ету және жеке тұлғаның өмірлік шығармашылық үрдісінің ескертілуі.

Шығармашылық әрекет - нәтижесінде креативтілік қалыптасып маңыздалатын адам белсенділігінің ерекше формасы.

Шығармашылық белсенділік - коршаған ортамен әрекеттестік негізінде өзіндік шығарушылық және дамытушылық.

Қорытындылай келе, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, өнертану әдебиеттерін талдау, балалардың креативтілігін дамыту, қазіргі педагогикалық тәжірибеде маңызды өзекті міндет болып табылатындығын көрсетті. Баланың шығармашылық дамуы өнермен және мектептегі сабақтармен тығыз байланыста болады. Олар балалардың әртүрлі шығармашылық іскерліктерін қабылдауды, шығарма жазуды, суырып салып айтуды, ойлануды дамытуға көмектеседі.

 

Әдебиеттер:

1.                 Виноградов Л.В. Методическое пособие для учителя М.:Ассоциация педагогов – Учебно- методический центр.2000-97с.

2.                 Горюнова Л. Развитие ребенка как его жизнетвочество. Искусство в школе. 2003. №1.

3.                 Гуревич К. Лабиринты развития таланта Искусство в школе. 2003.№1.

4.                 Давыдов В.В. Психологические проблемы процесса обучения младших школьников. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии.: Просвещение, 2001.

5.                 Дифференцированный подход в обучении творческой  деятельности учащихся младших классов. Вест.инта развития образования и воститания подрастающего покаления.- 2001. – С.222-225 (в соавт. с Ю.В.Гутровой).