Психология/Психология развития

Аға оқытушы Тукебаева С.А.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан Республикасы. Алматы қ.

 

ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТІНІ ДАМЫТУДЫҢ

ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

 

Қазіргі таңда қоғам ЖОО-ның түлегінің психологиялық толығуы-кәсіби нәтижелілік және өмірдің барлық сферасында әлеуметтік қажетсінуді қамтамасыз ететін әлеуметтік құзыреттіліктің жоғарғы деңгейін талап етуде.

Тұлғааралық мәселені шешу іскерлігін талдау барысында әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, қарым-қатынастағы құзыреттілік деген проблемалар нақтылануда.  Әлеуметтік және коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуына даралық-психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторлер әсер етеді. Олар жоғарғы жүйке жүйесі іс-әрекетімен, қажеттілікпен, қызығушылықпен, мотивациямен, қабілеттермен, даралық-типологиялық ерекшеліктермен және әлеуметтік ортада өмір сүру жағдайымен, әлеуметтік тәжірибемен айқындалған.   Ғалымдар (Дж.Гилфорд, В.Н.Куницына, А.А.Бодалев, Ю.Н.Емельянов, А.Л.Южанинова, Г.Смит) әлеуметтік интеллект, әлеуметтік құзыреттілік, әлеуметтік-перцептивтік құзыреттілік, сенситивтілік ұғымдарын зерттей келіп, әлеуметтік өзараәрекет пен шешім қабылдау, өзгеге ықпал ете білу мәселесін қарастырған.  М.Г.Ярошевский психология ғылымының категориялық негізін талдай отырып, психология пәнінің бір жағын сипаттайтын бес категорияны айқындайды: образ, әрекет, мотивация, психоәлеуметтік қатынас және триада «индивид-тұлға-даралық»[1,25]. С.Л.Рубинштейн идеяларына сүйене отырып Б.А.Ананьев (кешенді қатынас) адамды зерттеудегі қатынастарды айқындады. Қазіргі таңда тұлға психологиясында мынадай теориялар бар: К.А.Абульханова-Славская тұлға іс-әрекет субъектісі ретінде, В.С.Мерлиннің интегралды даралық теориясы, А.В.Петровскийдің персонализациясы, А.Г.Асмоловтың даралықтың қалыптасуы мен тұлғаның дамуының тарихи-эволюциялық түсінігі. Е.А.Климовтың іс-әрекеттің даралық стилі туралы идеясы т.б. Әлеуметтік психологияның теориялық-әдіснамалық мәселесінің  (Л.И.Буева, Б.Д.Парыгин, К.К.Платонов, Е.В.Шорохова), әлеуметтік перцепция мен қарым-қатынас (Г.М.Андреева, А.А.Бодолев), лидерлік (И.П.Волков, Ю.Л.Кричевский), басқару (А.И.Китов, А.М.Столяренко, А.В.Филиппов), тұлға мен тұлғааралық қатынасты коррекциялау (Б.Д.Карвасарский, В.В.Кришталь), тұлғаны көпжақты қоғамдық пайдалы іс-әрекетте қалыптастыру (Д.И.Фельдштейн), ғылыми ұжымның бағдарламалық-рөлдік тұжырымдамасы (А.В.Петровский) туралы жұмыстар айқындалуда.  Тұлға қалыптасуы күрделі үдеріс, өйткені ол өзара байланысты деңгейлерден тұрады. Адамның қалыптасуының биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық деңгейлерін айқындауға болады, әрқайсысы ерекше сипатқа ие болғанымен, олар бір-бірімен байланысты және бірыңғай бүтіндікті құрайды, сонымен қатар әр уақыт кезеңдерінде белгілі бір деңгей басым  болып табылады. Адамның дене бітімінің дамуы алғашқы адам даму кезеңінде әлеуметтік және дүниетанымдық дамуынан қарқындырақ жүреді, біртіндеп әлеуметтік және дүниетанымдық компоненттер басым бола бастайды.  Тұлға дамуы іс-әрекетте жүзеге асады. Ойын іс-әрекеті әлеуметтенудің жоғарғы деңгейін  және дүниетанымның қалыптасуын қажет  етпесе, оқу-өндірістік іс-әрекетте әлеуметтік фактордың рөлінің өсуі, ал шығармашылық  іс-әрекетте толыққанды дүниетанымның болуы маңызды.  Н.А.Бернштейн, И.П.Павлов, И.М.Сеченов идеялары мен еңбектеріне сүйене отырып, психологиялық-экологиялық, «психологиялық-танымдық» мәселелер адекватты шешімін табуда.  Тұлғааралық қарым-қатынас мәселесін айқындауда әлеуметтік интеллекті мәселесіне мән беруіміз керек.  Э.Торндайк 1920 жылы «әлеуметтік интеллект» ұғымын адамның болжаушылық және операционалдық-коммуникативтік қабілетінің тұлғааралық қатынаста көрінуі ретінде алғаш қолданған еді[2,56].

Ерекше болжау қабілеті мен интерперсоналдық қатынасқа адекватты бейімделуді қамтамасыз ететін феномен ретінде зерттеген ғалымдар: Г.Оллпорт, М.Аргайл, Дж. Гилфорд, М.Салливан, М.Форд, Н.Кэнтро, Р.Итернберг. Ресей ғалымдарының ішінде «әлеуметтік интеллект» феноменін зерттеуге үлес қосқандар: К.А.Абульханова-Славская, Н.А.Аминов, Н.А.Кудрявцева, В.Н.Куницына, А.Л.Южанинова. Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында «әлеуметтік интеллект» ұғымы екі көзқараста айқындалатындығын білеміз, олар:әлеуметтік ойлау нәтижесі (әлеуметтік когнитивизм), коммуникативтік-тұлғалық әлеует (тұлғаның әлеуметтік психологиясы)

А.Адлер, К.А.Абульханова-Славская, В.Н.Куницына жұмыстарын талдау барысында әлеуметтік интеллект жалпы педагогиканың категориясы ретінде үш жазықтықтық өлшемде айқындалды[3,74]:

1.   әлеуметтік қызығушылық – тұлғаның әлеуметтік – интеллектуалдық бағыттылығының сипаттамасы ретінде тұлғаның әлеуметтік интеллектісінің негізі.

2.   әлеуметтік ойлау күрделі құрылым ретінде (проблеманы шешу, репрезентациялау, интерпретациялау) әлеуметтік интеллектінің динамикалық сипаттамасы.

3.   әлеуметтік интеллектінің технологиялық жағы - әлеуметтік-коммуникативтік құзырлылығы.

Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін әлеуметтік-бағдарлық өлшеу мектептегі білім беру үдерісіндегі тұлға әлеуметтенуіндегі кемшілікпен, тұлғааралық эгоцентризмінің қалыптасуымен және әлеуметтік дамуға кері әсер ететін, әрі тұлға ойлауының әлеуметтік шектелуіне алып келетін әлеуметтік аутизмге итермелейтіндігі зерттелген. Әлеуметтік интеллектінің жетіспеушілігін әлеуметтік-технологиялық өлшеу арқылы жалпы білім беретін мектептің оқушыларының тұлғалық әлеуметтенуінің интеракциялық механизмінің жетіспеушілігі анықталып, әлеуметтік-коммуникативтік құзырлылықтың төмендегідей көрсеткіштері нақтыланған: әлеуметтік-коммуникативтік бейімделе алмаушылық, белгісіздіктіұнатпау, конформдылыққа талпыну, сәтсіздіктен қашуға тырысу, фрустрацияға бейімділік.  

Білім беру үдерісіндегі әлеуметтену субъектісінің әлеуметтік құзырлылығының жетіспеушілігі проблемасы маңыздылығы туындауда. Е.И.Крукович әлеуметтік құзырлылық ұғымын, жан-жақты талдау негізінде үш компоненттік иерархиялық моделін ұсынды: иерархиялық модельдің бірінші деңгейі - әлеуметтік бейімделушілік, оқушы тұлғасының әлеуметтік детерменденуі және маңызды мақсаттарға жетелейтін деңгейі болып табылады, әлеуметтік құзырлылықтың иерархиялық моделінің екінші деңгейі - әлеуметтік орындау, нақты әлеуметтік жағдаятқа сәйкес тұлға реакциясының лайықтылығының көрсеткіші, үшінші деңгей - әлеуметтік дағдылар (іскерліктер), тұлғаның нақты әлеуметтік жағдаятта әрекет етуі барысында мінез-құлықтық және когнитивтік іскерліктерді айқындай білуі. Е.И.Крукович әлеуметтік құзырлылықтың жетіспеушілігін эксперименттік-педагогикалық зерттеу үшін үш түрлі қолданады, олар:

Биологиялық интеллект – мидың жарты шарларының құрылымы мен қызметіне байланысты ақпаратты өңдеуге арналған туа біткен қасиеттер. Бұл интеллектінің базалық негізгі танымдық, мінез-құлықтық генетикалық, физиологиялық, нейрологиялық, биохимиялық, гормоналдық негізін құрайды.

Психометриялық интеллект – биологиялық және әлеуметтік интеллектіні байланыстырушы әлеуметтік интеллект, ол индивидтің әлеуметтенуі мен әлеуметтік орта әсерінен туындайды. Дж. Гилфорд – 60 жылдары әлеуметтік интеллектіні өлшейтін сенімді тестіні жасаушылардың бірі, ал әлеуметтік интеллекті жалпы интеллектуалдық факторға тәуелсіз және мінез-құлыққа байланысты ақпаратты тануға арналған интеллектуалдық қабілеттер жүйесі деп айқындады. Жеткіншектің әлеуметтік интеллектісінің дамуының маңыздылығы адамның әрекетін, сөйлеу темпін, вербалдық емес құралдарын ұғынуды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік интеллект - коммуникативтік эмпатиядан кешірек дамиды, оның қалыптасуы мектептегі оқумен байланысты болып келеді. Бұл кезеңде балалардың қарым-қатынас шеңбері ұлғаяды, сензитивтілігі, әлеуметтік-перцептивтік қабілеті, өзгенің сезімін тікелей қабылдаусыз-ақ сезіну қабілеті, децентрация қабілеті (өзге адам пікірін ұғыну, өзгелер пікіріне ене білуі) дами түседі. Ж.Пиаже зерттеулері бойынша децентрация қабілетінің даму эгоцентризмді жоюға байланысты болып келеді. «танымдық эгоцентризмнен» қарым-қатынастағы децентрация шеңберіне көшу (пікірталас өнерінен алынып отыр), яғни серіктестің көзқарасына ену арқылы мәселені дәлелдей білуі болып табылады. Осы жоғарыдағы мәселелердің барлығы да мектептегі оқу кезінен әсіресе бастауыш мектеп кезінен бастап қалыптасады. Мектепте оқушының әлеуметтік дамуына, әлеуметтік тәжірибе жинақтауына әсер ете алады және қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру арқылы оның әлеуметтік интеллектісін, әлеуметтік құзырлылығын жетілдіре түседі. Балаларға деген эмпатиялық қатынас, қиын жағдайда көмекке келуге даяр болу, жүйелі, өнімді қатынасқа талпыну педагогтың тұлғалық мәдениетінің белгілері, ал бастауыш мектеп мұғалімінің маңызды қасиеттері өзге адам көңіл күйін ұғына білуі, шиеленістің алдын алуы мен шеше білуі көмектесуге даяр тұруы және қарым-қатынаста ықпал етудің адекватты тәсілін және өзараәрекетте жүзеге асыру тәсілін меңгеруі қажет. Жеткіншек тұлғалық маңызды қасиеттерді меңгеруі қажет,олар: үйірсектік, адамдармен өзара-әрекетке бағдар алуы, өз көзқарасын жақтай білуі, оптимизм, даулы жағдайлардан шыға білу іскерлігі, жүйкелік-психологиялық тұрақтылығы. Тұлғаның әлеуметтік интеллектісін дамыту үшін қарым-қатынасты игертудегі белсенді топтық әдістерді жүйелі түрде қолдануымыз қажет

         

Әдебиеттер:

1.     Ярошевский М.Г. История психологии. М.,1996.

2.      Надирашвили Ш.А.Установка и деятельность. Тбилиси.: Мецниерба,1987.-361с.

3.   Торндайк Э. Процесс учения у человека.-М.,1935