Х.Досмухамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Бектеміров Ә., Ележанов Д.,
Есенаманова Ж.С.,
Есенаманова М.С., Абуова А.Е.
Облыс
климаты жергілікті ауа әрі республика аймағы шекарасы ауа
массасының әсерімен қалыптасады. Жалпы облыс климаты
салқын қысы мен ұзақ әрі
құрғақ ыссы жазымен сипатталады. Температуралық
режімнің негізгі ерекшелігі жылдық континентальды тип және
ауа температурасының тәуліктік өзгерісі жоғары
амплитудамен сипатталады.
Орташа жылдық және орташа айлық температура
солтүстіктен оңтүстікке қарай горизантальды
бағытта өзгереді.
Ауаның
жылдық температурасы оң және күн жылуының
солтүстіктен оңтүстікке қарай артады, ендік градусы
орташа 1,2ºС. Атырау облысының солтүстік ауданында бұл
мән 6,4 ºС, ал Атырау қаласының оңтүстік
ауданында 7,6 ºС.
Жылыой ауданы
еуро-азиялық континенттің ішкі қабатында орналасқан,
бұл жоғары континентті материк климатымен сипатталады: қысы –
қысқа, қары аз және өте суық; ал жазы
өте ыстық және ұзақ.
Жылыой ауданының
абсолютты максималды температурасы мен климаты арктикалық, ирандық
және тұран ауа массаларының әсерінен басымшылдық
көрсетеді. Суық жыл мезгілдерінде мұнда сібір
антициклонның батыс тарамынан келетін ауа массалары басым болады, ал жылы
мезгілде олар Орта Азия мен Иран шөлейтті зонасындағы
тропикалық массаларымен алмасады. Осындай ауа массалары әсерінен
күрт континенталды, құрғақшыл климаты
қалыптасады.
Ауа температурасы
Жылыой
ауданының күрт континенталды климаты маусымдық және
тәуліктік температураның үлкен ауытқуларымен
сипатталады.
Қаңтар
айында ауаның орташа айлық температура мәні -8-ден -130С-қа
дейін ауытқиды, түнде -20-160С
төмендейді және күндіз -40С көтеріледі.
Суық қыс мезгілдерінде аяз -36 және -400С болады, ал ыстық кездері
+5-150С дейін.
Теріс
мәндерінен оңды температураға қарқынды
көшуі наурыз айының соңында бақыланады. Сәуір айы
бойына температура көрсеткіші тез артады. Қайта қызу шарттары
мамыр айынан бастап, қазан айына дейін сақталады. Ең
ыстық айы – шілде, ауаның орташа температурасы +25-26,50С,
күндіз +30-330С көтерілсе, түнде +18-200С
төмендейді. Зерттелетін аудандағы ауаның максималды
температурасы +42-440С-қа дейін жетеді. Ауа температурасы
170-180 тәулік аралығында +100С-тан жоғары
мәнде ауытқиды[2].
Атмосфералық
жауын-шашын, ауа ылғалдылығы, булану
Ылғалдану шарты бойынша бұл
территория құрғақ және жалпы сусыз
аудандардың біріне жатады.
Жауын шашын жаңбыр түрінде болады, аралас
жауындары 12%, ал қатты күйдегі жауын 20%.
Жылыой ауданы үшін атмосфералық жауындарының
жылдық сомасы 100-ден 200мм дейін. Бір уақытта жауын мөлшері
аз күндер де белгіленеді. Бір жылдағы жауынды күндердің
саны орташа мөлшерде 50-70 құрайды, жыл маусымдары бойынша
жауындар мөлшері өзгереді (1 сурет).
Сурет 1- Климаттық зоналары бойынша орташаландырылған
маусымдық жауын шашын мөлшері (жылдық сомасынан %-бен)
Климаттың құрғақшылдығы
ауаның салыстырмалы ылғалдылық режимінен де көрініс
табады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
Жазда
мұнда ауаның ылғалдылығы жер жерде 55-60% шегінде
ауытқиды.
Салыстырмалы
ылғалдылықтың жылдық қозғалысы ауаның
жылдық температурасы мен су буының парциалдық қысымына
кері болады.
Салыстырмалы
ылғалдылық режимінің климаттық сипаттамасына
ауаның өте төмеңгі ылғалдылық күндері
(£ 30%) (құрғақ күндер) мен жоғары
ылғалдылық күндерінің (13 сағатта >80%.)
(ылғалды күндер) қайтарымдылығы жатады.
Салыстырмалы ылғалдылығы
кем дегенде 30% болатын күндер саны жылына орташа шамамен территория
бойынша кеңінен өзгереді.
Осы
аудандағы атмосфералық жауындарының сомасы жылына 170-200мм-ден
аспайды, ал кейде 100мм-ден кем, ылғалдылық тапшылығы жылына 800-ден
1000мм құрайды.
Жел
Жылыой ауданындағы атмосфера
қабатында Каспий теңізі мен оның жағалау аудандарының
жақын орналасуынан суық полярлы және жылы субтропикалық
ауа массаларының бір-бірімен байланысуы жүреді. Ауа-райы мен
климаттың сипатына келесідей синоптикалық процестер әсер
етеді: азор, скандинавиялық, кар антициклондарының әсері,
оңтүстік-батыс антициклондары, сондай-ақ циклон әсері[1].
Қыста
Каспий теңізінің сулары қырлар мен жартылай шөлейтті
жерлерге қарағанда аз салқындайды, себебі салқын ауа массасының
теңізге қарай берілуі артады.
Бұл
кезде шығыс және оңтүстік – шығыс желдер байқалады.
Осы себепті шығыс румбаларының қайталанғыштығы
көктемгі және күзгі сақталады.
Осыған байланысты Атырау
облысының территориясына негізінен құрғақ
континентальды ауа массалары енеді, ал ылғалды өзінің
ұзақ жолында бұл жерге жеткенше құрғайды, ол
әрине климаттың құрғақ болуына байланысты.
Пайдаланған
әдибиеттер
1.
Аристархова Е. В. Геоморфологический анализ при
геологических исследованиях в Прикаспийкой впадине. Москва,
2.
Геоморфологическая
карта северо-восточной части Прикаспийской низменности. КНПП «Картинформ»,