Экономические науки /13.Региональная экономика

Бекешева Дана Айтбаевна

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Қазақстан

Жанымбекова Жания

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің «Экономика» мамандығының магистранты

 

Көлік қызметіндегі  инновациялық қызметті басқару тиімділігі

 

Әрбір мемлекеттің ерекшелігіне қарамастан, барлық елдер үшін ғылым және технологияның өскелеңдігімен танылуы, ғылыми-техникалық революцияның жетістігін қолдану қажеттілігімен сипатталады. XX ғасырдың соңында өндірісі дамыған елдерде сыртқы және ішкі рыноктарында сұранысы бар жоғары технологиялық өнімдерді өндіру және артықшылыққа ие салаларды дамыту үшін өндірістерінде құрылымдық қайта құрылулар болды.

Өндірісі дамыған елдердің ғылыми-инновациялық даму үлгісін үш негізгі типке бөлуге болады: ғылымда жетекші орнындағы елдер, ғылыми-өндірістік цикл кезеңдерін қамтитын ірі-көлемді мақсатты жобаларды жүзеге асыру, ережеге сай  қорғаныс секторынында ғылыми-инновациялық әлеуеттің үлесі болу керек (АҚШ, Англия, Франция); жаңашылдықты енгізу мен таратуға, жағымды инновациялық ортаны құруға,  экономиканың барлық құрылымын оңтайландыруға бағытталған елдер (Германия, Швеция, Швейцария); инновациялық инфрақұрылымның дамуы арқылы жаңашылдықты ынталандыратын, әлемдік ғылыми-техникалық прогресске жетуді қамтамасыз етуші, ғылым мен технологиялар саласындағы әртүрлі секторлардың іс-әрекетін үйлестіруші мемлекеттер (Жапония, Оңтүстік Корея) [1. 102c.].

Барлық мемлекеттер ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің іс-шаралар жүйесін жүзеге асырып келеді. Инновациялық қызметті екі әдіс бойынша  ынталандырады: тікелей қолдау әдісі және жанама көмек пен жәрдем арқылы. Барлық мемлекеттерде елдің ерекшеліктері және таңдалған даму стратегиясы мен  тактикасын ескеретін, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу органдарының өзіндік жүйесі қалыптасқан.

Көптеген елдерде ХХ ғасырдың 80-ші жылдары теміржол көлігі рыноктық жағдайда реттелетін салалардың бірі болып танылды.  Мемлекеттік реттеу арқылы қоғамдық тұтыну тұжырымдамасының үстемдік етуі көліктік қызмет көрсетудегі теміржол тасымалының үлесін азайтты, теміржол көлігіндегі қаржылық жағдайды қиындатты, инновация және жаңа технологияны енгізу қысқарды, негізгі құралдардың табиғи және моральдық тозуы  нәтижесінде экономика ресурстарын тиімсіз тұтынуына әкеп соқтырды. Қорытындысында, мемлекеттік саясат пен реттеу қағидаларын және теміржол кәсіпорындары құрылымын қайта құратын теміржол саласында іргелі реформалау үдерісі басталды.

Темір жолдар жердегі басыңқы көлік түрі ретінде танылды және тұтынушының талғамына тәуелсіз қызмет көрсету түрлерін, сонымен қатар салааралық бәсекелестікке байланысты тарифтерді бағындыра білді. Рынокқа бәсекелес көлік түрлері ұсынылғанына қарамастан, тіпті сол кезде көптеген елдерде монополиялы рынок ретінде теміржол көлігі қызметін реттеуші мемлекеттік құрылымдар болды. Темір жолдардың қызмет ету өміршеңдігі тікелей мемлекеттік жәрдемге байланысты арқылы қамтамасыз етілді. Бірақ,  осы саясат саланы қайта құрудың қажеттігіне әкелді. Темір жолдар сыртқы жабдықтаушылар мен  сыртқы компанияларына  құрылыстық және инфрақұрылымның қызмет етуіне байланысты шаралар барысында, пайдалану, басқару мен тіпті жедел қызметтерді орындау мәселелерінде, экономикалық түсініктерге  негізделе отырып сенім артатын. Сонымен қатар,  басқа дамыған көліктер түрлерінің арасындағы бәсекелестілік жағдайында теміржол көлігі тұтынушылар үшін ұсынатын қызмет түрінің сапасы мен олардың құны тұрғысынан айқын артықшылыққа ие. Көптеген елдерде теміржол ұсынған қызмет көрсету тұтынушылар талаптарына сай болмауы теміржол әкімшілігінде қаржылық қиындықтарға және экономикалық тиімсіздікті көрсетіп отыр. Мысалы, көлік нарығында Германияның және Ұлыбританияның бұрынғы теміржолдары күрделі мәселелер туындатты. Көлік нарығындағы теміржол үлесінің азаюы, тапшылықтың өсуі және мемлекеттік дотацияларға қажеттіліктің күрт өсуі теміржолдарды іргелі қайта құруға және олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынасын жақсартуға қабілеттендірді [2. 103c.].

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Повышение эффективности пассажирских перевозок с учетом зарубежного опыта / Аксенов И.М. // Залізнич. трансп. Украіни. – 2005. - №2. – С.82-86, 102, 104.

2.  Баяхметова А.Т. Железнодорожный транспорт: мировой опыт, практика и перспективы: монография. – Алматы, 2002. – 103 с.