Қоңыратбай Назерке

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 1 курс студенті

 

Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

 

Логистикалық тізбек логистикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде

 

Логистикалық тізбек негізінде логистикалық жүйенің көптеген буындары қарастырылады. Анықтамаға осындай тәсілдеменің құзіреттілігі Батыстағы түсініктің бастапқы мағынасымен қолдау табады.

Демек белгілі бір реттіліктегі логистикалық жүйенің элементтері логистикалық тізбекті (тасымалдау тізбегін) құрайды. Кейде «логистикалық жүйе», «логистикалық желі», «логистикалық тізбек» және «тасымалдау тізбегі» әсірісе шетелдің логистикалық тәжірибесінде синоним ретінде қолданылады.

ANNEX сөздігінде тасымалдау тізбегі шикізатты немесе ақпаратты бастапқы алу кезінен соңғы тұтынушыға жеткенге дейін өнім немесе қызметке сұранысты қанағаттандыратын бизнес – үдерістердің барлық түрлерінің (жобалау, өндіріс, сату, қызмет көрсету, сатып алулар, дистрибьюция, ресурстарды басқару) бірігуі ретінде сипатталады.  

Осының негізінде тасымалдау тізбегі соңғы тұтынушының талаптарына сәйкес ақпараттың немесе қызметтің бастапқы туындауынан  бастап негізгі логистикалық қызметтің бірігуі ретінде түсіндіріледі.

Көптеген отандық зерттеушілердің пікірінше, логистикалық тізбек – сызықтық – реттелген бөліктердің жиынтығы. А.Н. Родникованың термин сөздігінде логистикалық тізбек өнім партиясын тұтынушыға жеткізуде үздіксіз қатысатын жеке және де заңды тұлғалардың сызықтық – реттелген жиынтығы ретінде көрсетіледі.

Логистикалық тізбекте оңтайландырылған мәсілелер шешілуі мүмкін: тасымалдаушы мен кеден делдалын таңдау, екі логистикалық делдалды бір экспедиторлық фирмамен алмастыру, тасымалдау және қоймалау шығындарын қайта бөлу және т.б.

Логистикалық тізбекте, яғни жеткізушіден тұтынушыға дейін материалдық, қаржылық және ақпараттық ағымдар өтетін тізбекте келесідей басты буындары бар:

-     материалдар, шикізаттар немесе жартылай фабрикаттар жеткізу;

-     өнімді және шикізатты сақтау;

-     тауар өндірісі;

-     бөлу (дайын өнім қоймасынан тауарларды жіберумен қоса);

-     дайын өнімді тұтыну.

Логистикалық тізбектің әрбір буынының логистиканың материалдық негізін құрайтын өзіндік элементтері бар. Логистиканың материалдық элементтеріне мыналар жатады: тасымалдау құралдары, қоймалау шаруашылығы, байланыс пен басқару құралдары. Логистикалық жүйе барлық бірізді операцияларды орындайтын кадрларды қамтиды.

Логистикалық тізбектің ұйымдастыру құрылымы әр түрлі болуы мүмкін және бұл кәсіпорынның көлеміне, оның қызметі мен басқару тұжырымдамасының, материалсыйымдылығының. Экономиканың әрбір саласының ерекшелігіне көлеміне байланысты. Осыған орай логистикалық тізбектің ұйымдастыру құрылымына келесі фактолар тобы әсер етеді:

1) логистикалық тұжырымдаманы таңдауы және оның кәсіпорын мен фирманың ұйымдастыру құрылымындағы орны,

2) логистика саласын материалдық және қызметтік бөлу,

3) фирманы материалдық – техникалық қамтамасыз етуін басқаруды ұйымдастыруының орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған формасы.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Аникин, Б.А. Логистика / Б.А. Аникин. – М.: Проспект, 2013. – 406 с.

2 Гаджинский, А. М. Логистика: учебник для высших учебных заведений по направлению подготовки "Экономика" / А. М. Гаджинский. – Москва: Дашков и Кº, 2013. – 420 с.

3 Курочкин, Д. В. Логистика: [транспортная, закупочная, производственная, распределительная, складирования, информационная]: курс лекций / Д. В. Курочкин. – Минск: ФУАинформ, 2012. – 268 с.