Абдулла Улжан

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Экономика мамандығының 1 курс студенті

 

Талапбаева Гульнар Едиловна

э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а

 

Жергілікті бюджетті басқару туралы түсінік және теориялық негіздері

 

 

Қаржы қатынастарының көптеген түрлерінің ішінде оқшауланған салалар бар. Жалпы аймақтық өнімді бөлуде жергілікті басқару органдарының шаруашылық субъектілер мен халықтың арасындағы қаржылық қарым – қатынасы қалыптасады. Бұл қарым – қатынастар қаржы ресурстарын бөлу процесінде пайда болады. Бұл процестердің тікелей қатысушылары – жергілікті ақша қорларын қалыптастыру және оны пайдаланумен байланысты жергілікті басқару органдары. Бұл органның басты функциясы қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «жергілікті бюджет» деп аталатын экономикалық түсінікті береді [1].

Жергілікті бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өзінің объективті сипаттамасына ие. Оның жеке сала ретінде бөлінуі қоғамдық өндірістің өзімен объективті түрде анықталған. Ақша қаражаттарының орталықтандырылуы аймақ шаруашылығының кең ауқымда үздіксіз айналымын ұйымдастыру және оның экономикасын тұтастай қамтамасыз ету үшін қажет.

Жергілікті бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдері арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілікті бюджеттердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігін туындатады.

Жергілікті басқару органдарына орталықтандырылған ақша қаражаттары басым бағытты салаларды қаржыландыру, әлеуметтік – мәдени шараларды жүргізу, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін қажет. Сондықтан жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті бюджеттің пайда болуы жеке адамдардың тілегінен емес, ұдайы өндірістің, табиғаттан және мемлекеттің функцяларынан, сұраныстарынан пайда болды.

Аймақ экономикасының қазіргі жағдайында аймақтық орталықтандырылған қаржы ресурстары оған қажетті қарқынға жету, өндірістің тепе-теңдігін, салалар мен аймақтардың құрылымын жетілдіру, аймақтық даму бағдарламаларына қажетті ақша қаржыларын қалыптастыру, күрделі әлеуметтік қайта құруларды жүргізу үшін қажет.

Қаржы құралдарын орталықтандыру арқылы әлеуметтік–экономикалық даму мәселелерін шешу аса маңызды болып табылады. Осылайша жергілікті бюджет аймақтық сұраныстарын қанағаттандыру үшін қызмет етеді. Жергілікті бюджет қаржы қатынастарының жиынтығынан тұрады. Оның бюджет қатынастарына да бөлушілік сипаты ақшалай формада жүзеге асады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырады және пайдаланады.

Жергілікті бюджеттің келесідей ерекшеліктері бар:

-     бөлу қатынастарының экономикалық формасын білдіреді, ол жергілікті басқару органдарының аймақтық өнімнің құнын оқшаулаумен және қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты;

-     материалды өндірістің қаржыларынан айырмашылығы аймақ салаларының арасында құнды қайта бөлуге арналған.

-     тауарлық формасында аймақ өнімінің қозғалысымен тікелей байланысы жоқ құнды бөлу сатысын білдіреді [2].

Жергілікті бюджет кез келген экономикалық категория ретінде өндірістік қатынастарды білдіреді және оған сәйкес материалды–заттай формада болады: бюджеттік қатынастар аймақтық орталықтандырылған ақша құралдарында заттай күйіне енеді. Нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер жергілікті басқару органдары жинаған қаржылардың ағымы пайда болады.

Жергілікті бюджет – әкімшілік–аумақтық бірліктің ақша қорлары, ол жергілікті маслихат (аудандық, қалалық, облыстық) шешімімен бекітіледі, жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерді орындау үшін жергілікті бюджет бағдарламаларын қаржыландыру мен түсімдердің есебінен қалыптасады.

Жергілікті бюджет экономикалық категория ретінде қаржы категориясы сияқты бөлу, бақылау, орналастыру, қайта бөлу, тұрақтандыру функцияларын орындайды.

Бөлу функциясының мазмұны салалар (көлік пен байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, құрылыс), аумақтар және қоғамдық іс-әрекеттің (экономиканың өндірістік және өндірістік емес салалары) арасында қаржы ресурстарын бөлу болып табылады. Салааралық қайта бөлу бір жағынан, бюджеттің әр түрлі салалардың кәсіпорындары мен ұйымдарының төлемдеріне, екінші жағынан – арнайы мақсатты бағытталған әр түрлі бюджет қаржыларының есебінен қалыптасуға негізделген.

Қазақстан Республикасында жергілікті қаржыларды ұйымдастыру мынадай: жергілікті бюджет – аймақтық негізгі қаржы жоспары, мемлекеттің заңдары, әлеуметтік – экономикалық дамуды басқару механизмі (субъективті жағы), орталықтандырылған ақша қоры (ресурстар), экономикалық категория (қарым–қатынастар) (объективті жағы).

Жергілікті басқару органдары өздеріне жүктелген функцияларға сәйкес оларды жұмылдырады, бөледі, пайдаланады. Жергілікті қаржылар мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттің қаржы жүйесі: жергілікті бюджеттерден, арнайы бюджеттен тыс қорлардан, шаруашылық жергілікті басқару органдарының меншігіне қарайтын субъектілерінің қаржыларынан тұрады.

Жергілікті қаржылардың құрылымы мен бағыттары жергілікті билік және басқару органдарының (маслихаттардың) функцияларымен анықталады.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында жергілікті басқару органдары әлеуметтік, экономикалық, демографиялық сияқты ауқымды мәселелерді шешуде дербестік алып келе жатыр. Халыққа қызмет көрсету шараларын қаржыландыру жергілікті қаржы көздерімен жүзеге асып келеді. Басым бөлігі жергілікті қаржылардан тұратын қорлар арқылы халыққа әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылым салалары қызмет етеді [3].

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1   Макарова Н.А. Бюджет и бюджетная система Казахстана. – Астана, 2006. – С. 17.

2   Хамитов Н.Н., Шалабаева И.И. Местные бюджеты: современное состояние и перспективы: монография. – Алматы: Экономика, 2000. – С. 42.

3   Өтебаев  Б.С. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Экономика, 2006 – С47.