Э.ғ.к Джрауова К.С

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

         Мемлекеттің салық саясатын ойдағыдай жүргізу үшін ұйымдастырушылық шаралар жүйесі қажет. Бұл механизмнің негізгі құрастырушысы болып салықтық бақылау болып табылады. Салық Кодексіне сәйкес салықтық бақылау- салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының салық заңдылығының және басқада заңдылықтардың орындалуын жүзеге асырулары, яғни салық қызметі органдарына жүктелген бақылаудың түрі.

         Салықтық бақылаудың негізгі қағидалары:

1.     Тұрақтылық, жалпылық, әмбебаптық.

2.     Алдын алушылық.

3.     Нақтылық, жариялылық, әрекеттілігі.

4.     Бақылау органдар қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Салықтық бақылаудың негізгі міндеттері:

- мемлекет, кәсіпорын мен халық алдында қаржылық міндеттемелерді орындауды қадағалау;

- кәсіпорын қарамағындағы ақша ресурстарын дұрыс пайдалануды қадағалау;

- шаруашылық субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау, олармен есеп айырысу, қаржылық операцияларды жасаудың ережелерді сақтауды қадағалау;

- өндірістің ішкі резервтерін анықтау;

- қаржылық тәртіптің бұзылуын алдын алу және жою.

Салықтық бақылаудың мәнін екі бағытта қарастыруға болады: экономиканы мемлекеттік басқару қызметі немесе элементі ретінде және салық заңдылығын орындау бойынша ерекше іс-әрекет ретінде.

Салықтық бақылаудың субъектісі дегеніміз мемлекеттің салық қызметі, яғни тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган- мемлекеттік кірістер комитеті. Салық заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар салықтық бақылаудың объектісі болады.

Салықтық бақылау органдарының лауазымды тұлғалармен салық төлеушілерді және салық салу объектілерін есепке алу, салықтық тексерулер, салық төлеушілерге сұрақ қою, есеп пен есеп беру мәліметтерін тексеру, салық салынуға тиісті объектілерді немесе табыс алу үшін қолданылатын объектілерді айқындау үшін үй-жайларды және территорияларды қарау арқылы жүргізіледі.

Салықтық бақылаудың әр түрлі негіздерін құрап төмендегіше жіктеуге болады.

Салықтық бақылауды жүзеге асыру түрі бойынша:

-         тікелей бақылау;

-         сырттай бақылау деп бөлуге болады.

Тікелей салықтық бақылауды біріншіден, тексеру бақылау объектісінде өтетіндігінен, екіншіден, тексеруші тұлға алғашқы құжаттармен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Бұл салықтық бақылау түріне құжаттық тексеру, рейдтік тексеру, хронометраждық тексеруді жатқызуға болады.

Сырттай салықтық бақылауда бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспеуі мүмкін, яғни сырттай тексеру жүргізіле беретіндігімен сипатталады. Яғни тексеруші негізінен есептіліктермен жұмыс істейді. Бұл салықтық бақылауға камералды тексеруді жатқызуға болады.

Бақылау объектісінің мөлшері бойынша салықтық бақылау кешенді және тақырыптық болып бөлінеді.

Кешенді тексеру- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы есептелуі мен төленуі бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.

Тақырыптық тексеру кезінде белгілі бір уақыт кезеңі үшін салық органы қызметінің жекелеген мәселелері тексеріледі.

         Бақылау шараларының сипаты бойынша жоспарлы және жоспардан тыс (кенеттен) болып екіге бөлінеді.

         Салық органы жоспарлы тексеруді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы, аумақтық салық органдарының басшылары бекітетін тексерулер жоспарына сәйкес жүргізіледі.

         Салық органы жоспардан тыс (кенеттен) тексеру соңғы тексерудің жүргізілген уақытына, мәселелер тізбесіне және бұрын қамтылған кезеңге қарамастан ҚР ҚМ МК Төрағасының немесе тұрған салық органы басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

         Бақылау шараларының өткізу уақыты бойынша салықтық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі болып бөлінеді.

         Алдын ала салықтық бақылау қаржы қорларын құру, бөлу және пайдалану операцияларына дейін жүргізіледі.

         Ағымдағы салықтық бақылау қаржылық операцияның орындалу сәтінде жүргізіледі.

         Кейінгі салықтық бақылау қаржылық операция жасалғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жерде қаржылық тәртіптің жағдайы тексеріліп, оның бұзылу фактілері мен оларды алдын алуға мүмкіндігі туады.

         Құжатты тексеру әдістемесі бойынша жаппай және ішінара тексеру болып екіге бөлінеді.

         Жаппай тексеру кезінде есептіліктің барлық нысандары мен алғашқы құжаттар тексеріледі.

         Ішінара тексеру біртектес кәсіпорындарда не бірнеше министрлікте қаржы-шаруашылық қызметтің белгілі мәселелер бойынша тексеру жүргізу.

Бақылау іс-шараларын жоспарлау бақылау объектісін таңдау кезінде ҚР Бюджет Кодексінде көзделген тәуелсіздік және объективтік қағидаттарында жүзеге асырылады.

Әдебиеттер тізімі:

1.  Галеева Н, Корякина А, Глубокова Н. Налоговый менеджмент: учебное пособие- Издатель:Евразийский открытый институт, 2011

2.  Селезнева Н.Н Налоговый менеджмент: администрирование, планирование, учет: учебное пособие- Издатель: Юнити-Дана, 2015