Манапова Назерке
магистрант
э.ғ.к.,
Г.Е.Талапбаева
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Экономикалық
жүйені дамытуда индустрияландырудың рөлі мен негізгі
бағыттары
Нарықтық
экономика заңдылықтары өнеркәсіптің
бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуде оның
инновациялық сипатқа ие болу қағидасын сақтап
отыруды талап етеді. Жалпы табыс көлеміндегі патенттер мен ноу-хау
негізінде өндірілген өнім көлемінің үлес
салмағы және есеп жылында алынған патенттердің саны
инновациялық қағиданың орындалуын көрсетеді.
Экономикалық,
әлеуметтік және экологиялық қауіпсіздік
қағидасының орындалуы өнеркәсіп
кәсіпорындарының ішкі және сыртқы нарық
тұтынушыларының талабына сай жұмыс істеуіне,
әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық теріс нәтижелердің болмауынан
қорғануға мүмкіндік береді. Мұның өзі
көптеген терең және жан-жақты зерттеуді қажет
ететін экономикалық, әлеуметтік, экологиялық ұйымдастыру
шараларын ұтымды жүргізуді талап етеді.
Өнеркәсіпті
қайта индустрияландырудың бастапқы кезінде алдын-ала
анықталған мақсатты бағытына сәйкес оның
көптеген нұсқалары есептеліп, ішінен ұтымды
нұсқаны анықтау көптеген есеп-қисап
жүргізуді, шетелдің озық тәжірибелерін пайдалануды,
өнеркәсіп кәсіпорындарының бар мүмкіншілігі мен
резервтерін ескеруді, тіпті кейде ішкі және сыртқы орталарды
зерттеп, олардың теріс ықпалын болдырмауды талап етеді.
Өнеркәсіпті модернизациялау шараларына:
-
өнеркәсіптің
барлық
өндірістік
аппараттарын жетілдіру, яғни пайдаланатын
құралдарды
жаңарту, жаңа және
өнімділігі
жоғары техника мен
жоғары технологияны енгізу,
жаңа өнім түрлерін игеру,
ішкі және сыртқы
нарықтарға бәсекеге қабілеті жоғары
өнімдерді шығару;
-
өнеркәсіпте
құрылымдық
жаңартуларды
жүргізу, яғни жаңа
индуст-риялық экономика сипатына сәйкес келетін
құрылымды
қалыптастыру;
- әлемдік
инновациялық үрдістерге ену арқылы әлемдік
шаруашылық жүйе-сіне
және аймақтық
экономикаға
ықпалдасуды күшейту арқылы жүзеге аспақ.
Осы міндеттерді
шешкен жағдайда экономика құрылымында сапалы өзге-рістер болады
және ол Қазақстанды тұрақты экономикалық өсуге
әкеледі.
Индустриялық саясатты ұтымды жүргізу
арқылы шаралар кешенінің көмегімен мемлекет
бәсекеге
қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін
кәсіпкерлікке
қолдау
көрсетеді және қолайлы
жағдай жасайды.
Индустриялық саясаттың басты
мақсатына
Қазақстанда
өнеркәсіпті
модернизациялау және экономиканы
әртараптандыру, өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін өндіру және
экспортты арттыру арқылы ұзақ мерзімді
тұрақты
экономикалық
өсуді қамтамасыз ету
жатады.
Мемлекеттің индустриялық саясаты
маңызы үлкен келесі әлеуметтік- экономикалық міндеттерді
шешеді:
- экономиканы
индустриялық - инновациялық
даму түріне бағыттауы;
-
халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру;
-
бәсекеге қабілетті
өнеркәсіпті көтеру
және
халықаралық
экономикалық
бәсекеге белсенді түрде
қатысуы,
-
әлемдік экономикалық қауымдастыққа елімізді
таныстыра білу.
Ал,
мемлекеттік индустриялық саясат
келесі негізгі қағидаларға сүйенеді:
1.
экономиканың тиімді қызметін қамтамасыз ету
бойынша нақты міндеттерді
шешуге индустриялық саясаттың бағытталуы;
2.
индустриялық саясат, әсіресе
қаржылық
қолдау көрсетуде жариялық сипатқа ие
және ашық болуы
тиіс. Ашық
конкурстарда маңызды стратегиялық нақты
міндеттерді шешетін және
басым
бағыттардың
қатарына кіретін немесе
қолайлы және ынталандырушы
бизнес шарттарын құрайтын жобалар
инвестициялық
қолдау табады;
3.
экономиканың
өңдеу
секторының
ғылыми сыйымдылығы мен жоғары технологиялық өндірістердің басып
озуын дамытуды қамтамасыз етуге
бағыттау;
4.
өнеркәсіптегі
инновациялық белсенділікті күшейтуге индустриялық саясатты
бағыттау;
5.
шағын және орта
бизнесті дамытуды, әсіресе
инновациялық
үйлестіруде
индустриялық саясатты бейімдеу;
6. тең бәсекелестік шарттар
мен бәсекелестік орта
құруға бағыттау, экономиканың нарықтық емес секторларын қысқарту, монополияға қарсы саясат,
қатаң бюджеттік шектеу
саясатын жүргізу, барлық
жеке салықтық
және несиелік жеңілдіктерден бас тарту, соның
ішінде импорт алмастыруды жүргізу арқылы индустриялық
жаңа деңгейге көтерілу;
7.
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін
экспортқа бағыттау. Тиімді және бәсекеге
қабілетті дайын өнім өндірісін ынталандыру;
8. бәсекелестік
артықшылықты
қалыптастыруды мақсат тұту.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1 Дәуренбекова
Ә.Н. Өнеркәсіпті жаңаша индустрияландыру –
экономикалық жүйені қайта құрудың негізі.
// Қаз ҰУ Хабаршысы, Экономика сериясы. 2003, №5 (39). – 61-63 б.
2 Абдиев К.В.,
Алкиев К.Н. Формирование и развитие новых экономи-ческих районов в Казахстане.
Материалы международной научно-практичес. конф. “Индустриально-инновационное
развитие Республики Казахстан: опыт, задачи и перспективы. – Алматы:
Министерство индустрии и торговли Республики Казахстан, 2004. – С.118.