Жаңа Жібек жолы –
Қазақстанның жаңа экономикалық белдеуі.
Мырзалиева З.К., Илимова
А., Аманбаева М.А
М.Ауезов атындағы
ОҚМУ, Қазақстан.
e-mail:
montiko1992@mail.ru
Мақалада ХХІ ғасырдағы Ұлы Жібек
жолының жандануы, Жаңа ұлы Жібек жолының
Қазақстан мен Орта Азия үшін берер игіліктері,
республиканың транзиттік әлеуетін ашу, еліміздің
экономикалық жедел дамуындағы Ұлы Жібек жолының
жаңа бағыттарының функционльды ролі қарастырылған.
Тарихи бағытты қайта жаңғырту
туралы XX ғасырдың соңында ғана аса күрделі ауа
райы жағдайында тиімділікті сақтай отырып, үлкен
трансконтиненттік тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін технологиялар мен көлік пайда болғанда ғана айта
бастады.
Осылайша, 1990-жылдардың басында
құрамдалған Трансеуразиялық магистраль құру
жобасы белсенді талқылана бастады, ол жекелеген жерлерде ҚХР,
Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан,
Түркіменстан, Иран, Түркия және Грузия аумағы
арқылы өтіп, Ұлы Жібек жолының бағытын
қайталады. Нәтижесінде 1993 жылдың 3 мамырында Брюссельдегі
сауда және көлік министрлерінің конференциясында ТRАСЕСА -
Transport Corridor Europe – Caucasus – Asia бағытын құру
туралы декларацияға қол қойылды [1].
Орталық Азия өңірінде транзиттік
дәліздерді дамытумен қатар Қытай елдің
шығысындағы ірі порттарды батыс шекарасына өтумен байланыстыратын
заманауи көлік желісін қалыптастыра бастайды. Сары теңіз
жағалауындағы Ляньюньгань портынан бастап
Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас»
бақылау-өткізу бекетіне дейінгі Бірінші Трансқытайлық
автомагистралі 2004 жылдың 8 тамызында ашылды. Ұзындығы 4393
шақырым болатын жол 1990 жылдан бастап салынды. Жолдың
техникалық сипаттамасы сағатына 120 км орташа жылдамдықпен
жүруге мүмкіндік береді, автобан ҚХР-ның шығыс
шекарасынан бастап батыс шекарасына дейінгі жолды 15 тәуліктен 50
сағатқа дейін немесе 7,5 есеге қысқартты [2].
Жекелеген көлік дәліздерін құру
Ұлы Жібек жолы бағытын жаңғырту ретінде 2012 жылы
қалыптасты. Онда Шетел инвесторлары кеңесінің 25-ші
отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа
Жібек жолы» ауқымды жобасының бастау алғанын жариялаған
болатын [2].
Жобаның бәсекеге қабілетті
артықшылықтары ретінде Н.Назарбаев тиімді географиялық
орналасуын, жүк ағымының үнемі артуын, Кедендік
одақ елдерінің нарықтарына тікелей жету және елдегі
жағымды инвестициялық ахуалды атап өтті.
«Жаңа Жібек жолы» жобасының
артықшылығы «5С принципі – жылдамдық, сервис, баға,
сақталу және тұрақтылықты» жүзеге
асыруға негізделеді.
Қазақстан аумағындағы Жаңа Жібек жолының
негізі 2015 жылдың мамыр айында өткен Астана экономикалық
форумында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев
ұсынған Еуразиялық трансконтиненттік дәліз болды [3].
«Еуразиялық
трансконтинеттік дәліз» жаңа жоғары жылдамдықты
мультимодальді көліктік бағыт құруды ұсынамын. Ол
біздің еліміздің барлық аумағы арқылы өтіп,
Азиядан Еуропаға және кері бағытта кедергісіз жүк
транзитін іске асыруға мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев [4].
Президенттің айтуынша, аталған дәліз
елдерді өзара байланыстырып, жолдар өтетін барлық
мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын
қамтамасыз етеді.
«Көліктік күретамыр
барлық елдерде өндірісті дамытуға серпін береді. Көлік
саласындағы бірлескен бастамалар ынтымақтастықтың
жақсы тұғырнамасы болып табылады. Ол елдердің терең
өзара іс-қимылына, ықпалдастығына, сондай-ақ
өңірлік бірлесуге бастама болуы тиіс», - деп баса айтты Мемлекет
басшысы.
Еуразиялық трансконтиненттік
дәлізін құру «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарына енгізілген [4].
«100
нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Жаңа Жібек жолын
құру бойынша ауқымды инфрақұрылымдық
жобаларды жүзеге асыру Қазақстанға
халықаралық нарықтарға қолжетімділіктің
бірегей мүмкіндіктерін беріп, өңірге инвестиция
тартудың қуатты құралына айналуда [5].
Атап айтқанда, мамандар Қытайдың
Жаңа Жібек жолы көліктік дәлізін құру туралы
Стратегиялық бастамасы қазақстандық өнімдер
үшін әлемдік нарықтарға жол ашып, және де
экономикалық зор табыс әкелетінін айтуда.
Еліміздің осы тұстағы стратегиялық мақсаты осы
өңірдегі көлік хабына айналу. ҚХР «Жібек жолының
экономикалық белдеуін» құру туралы идеясы
Қазақстан үшін аса табысты болмақ, себебі біз
инфрақұрылымдық жобаларға көп инвестициялар
тартылуда.
Көлік дәліздерінің Орталық Азия өңірі
арқылы өтетін кез-келген нұсқасында
Қазақстан транзиттік және логистикалық
үдерістердің орталығы бола алады, бұл зор
экономикалық нәтижелерге ие болуға мүмкіндік береді [5].
Ішкі континенттік дәліздердің әлеуетті
мүмкіндіктерін ескере отырып, біз 2020 жылға дейін Шығыс пен
Батыс арасындағы транзит көлемін екі есеге арттыру мақсатын
алға қоямыз. Қытайдың орталық және батыс
провинцияларынан экспортты жедел дамыту және арттыру өз мақсатымызға
жетуге септігін тигізері анық.
ЮНКТАД ұйымының мәліметтеріне сәйкес Еуразия
континентіндегі негізгі нарықтар арасында 2020 жылға сауда
көлемі 1,5 есеге - 800 млрд доллардан 2014 жылы 1,2 трлн долларға
дейін арту мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Қытай мен
Еуропалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы 615-тен 800
млрд АҚШ долларына дейін, Қытай мен Үндістан арасында 2020
жылға қарай 66-дан 92 млрд долларға дейін артады деп
күтілуде. Сонымен бірге, Азия мен Еуропа арасындағы
континентаралық жүк тасымалдарында теңіз көлігі
басымдыққа ие, оның үлесіне 98% астам тиесілі. Демек,
сарапшылардың пікірінше, ішкі континенттік дәліздерге көшу
Қазақстанға зор мүмкіндіктер береді.
Атап айтқанда, А.Мәмин жариялаған мәліметтер бойынша
Қазақстанның көлік дәліздері бойынша жүк
транзиті 2014 жылы шамамен 18 млн тоннаны құрады: темір жол
арқылы - 16,1 млн тонна, автомобиль көлігі арқылы - 1,5 млн
тонна, су көлігі арқылы - шамамен 100 мың тонна Ақтау
порты арқылы. Транзиттен түскен табыс 1 млрд АҚШ долларынан
асып түсті [6].
«Жаңа индустриаландыру: индустриаландырудың
екінші бесжылдығы және экономикалық өсім» жалпы
ұлттық телекөпірі барысында сондай-ақ елдегі
инвестициялық ахуалға трансконтиненттік транзиттік дәліздерді
құруда маңызды. «Нұрлы жол» бағдарламасының автожол
жобаларында жол-құрылыс материалдарының 97% отандық
өндірістен шығарылады. Қазіргі уақытта
жол-құрылыс жұмыстары 2000 шаршы шақырымнан астам жерде
жүргізілуде, 72 мыңнан астам адам жұмысқа
тартылған [7].
Егер Қазақстан үшін Жібек жолы
бағыттарын қайта жаңғырту республиканың тиімді
геосаяси орналасуын ескере отырып, ең алдымен республиканың
транзиттік әлеуетін ашу болса, көлік дәлізінің
шығыс жартысын құруға бастамашы болған ҚХР
үшін «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасы бұл
маңызды дипломатиялық қадам.
«Жібек
жолының экономикалық белдеуін» жобасы экономикалық
басымдықтарға ие болудан гөрі көбіне
өңірдегі мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси
және гуманитарлық салаларда жақын кешенді
қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі таңда Еуразия елдері ғана емес, сондай-ақ
барлық әлем Жібек жолын қайта жаңғырту жобасы
өңірдің көптеген елдері үшін перспективалы
және тағдыршешті транзиттік дәліз ретінде қарайды. Бірақ
ұзақ уақыт бойы біздің дәуірімзге дейінгі ІІ
ғасырда болған керуен жолдарына баса мән берген жоқ.
Жібек жолы таулар мен шөлдер арқылы өтіп, аса күрделі
ауа райы жағдайында жазғы және қысқы
температураның үлкен ауықтуы болғандықтан
теңіз жолы әлдеқайда тиімді болып саналды [8].
Көліктік дәлізі өтетін бірінші
бағыт – Қазақстан, Ресей Федерациясы арқылы және
одан кейін Еуропаға өтеді.
Екінші бағыт – Қазақстан аумағы
арқылы Қорғастан бастап Ақтау портына дейін
Үшінші бағыт - Каспий теңізі
арқылы Әзірбайжанға, сосын Грузия арқылы өтеді.
Қазір сарапшылар осындай
көлікті дәлізді құрудың сөзсіз
экономикалық артықшылықтарын атап өтуде. Атап
айтқанда, Қытайдың Жаңа Жібек жолы кеңістігіндегі
елдермен сауданың әлеуеттік көлемдері 2,5 трлн теңгеге
дейін жетуі мүмкін.
Қазақстан соңғы жылдары Еуропа
мен Азия арасындағы көліктік бағыттарды дамытты. Сондай-ақ,
қазіргі таңда Қорғаста көліктік-логистикалық
хаб құрылуы, бұл Қытай мен
Қазақстан арасындағы тауар айналымын арттыруға негіз
болмақ.
Ол сондай-ақ, қазақстандық көліктік және инфрақұрылымдық
жобалар айналасында жаңа кәсіпорындар көптеп пайда болуы
мүмкін, бұл өз кезегінде өңдеуші
өнеркәсіптің және жалпы ел экономикасының дамуына
алып келеді.
Сарапшылардың мәліметінше, «Жібек жолымен»
біріктірілетін елдердің ЖІӨ жалпы көлемі әлемдік
ЖІӨ жартысына дейін өсу перспективасымен әлемдік
ЖІӨ-нің шамамен үштен бір бөлігін құрайды.
Қортындылай келе Жаңа ұлы Жібек
жолының Қазақстан мен Орта Азия үшін берер игіліктерін төмендегідей
топтастыруға болады:
1. Ежелгі сауда жолдары жаңа кейіпке енеді,
яғни инфрақұрылым дамиды. Ерекше атап көрсететін
мәселе, «жаңа Жібек жолы» тек «Батыс Қытай – Батыс Еуропа»
көлік дәлізі ғана емес, жоғарыда атап
көрсеткеніміздей, осы бастама арқылы автомобиль жолдары,
теміржолдар, құбыр жолдары т.б. мейлінше жаңарады,
қайта жоспарланады.
2. Қос құрлық арасындағы
түрлі байланыстар жаңа сипат алады. Ақпарат
тасқындаған қазіргі заманда елдер мен елдер арасындағы
түрлі байланыстар әлемдік қауымдастықтың
назарынан еш тыс қалып отырған жоқ. Жаңа Жібек жолы
бұл тұрғыдан алғанда экономикасы ерекше
қарқынмен дамып келе жатқан Қытайдың,
тәуелсіздік алғандарына ширек ғасыр толмаса да,
өркениет көшінен лайықты орын тапқан
Қазақстан мен Орта Азия елдерінің, өзінің саяси
және экономикалық ықпалын көршілеріне, тіпті
әлемге қалайда танытып қалуға үнемі тырысып
отырған Ресейдің, өркениет дамуының жаңа
белестеріне қол артып отырған Еуропа елдерінің ортақ
зейнеті бола алады.
3. Жаңа Жібек жолы Қазақстан мен Орта
Азияның туризм саласындағы болашағына зор серпін береді.
Ұлы Жібек жолы бойында орта ғасырларда қандай
қалалардың болғаны, ондағы отырықшылық
мәдениеттің қалай дамығаны, ұжымдасып өмір
сүрудің өзіндік сипаттары тарихтан белгілі. Бүгінгі
күні сол шаһарлардың орны мемлекет қорғауына
алынып, туристер қызыға аралайтын мекенге айналып келеді.
Көне Сауран, Отырар, Сайран, Алтынтөбе қалаларын
айтпаған күннің өзінде, Тараз шаһарының
ескілікті орны түгелдей жаңарып жатқаны да көз
алдымызда. Егер осының бәрін бүгінгі коммуникация
мүмкіндіктерін пайдалана отырып әлемге танытатын болсақ, болашақта
Орталық Азияның бұрынғы керуен жолын туристік
орталыққа айналдырудың мол перспективасы бар.
4. Жаңа Жібек жолы бойында жолаушыларға
қызмет қызмет көрсету ерекше қарқынмен дамиды.
Түрлі жол бекеттері, ас ішіп, аяқ суытатын орындар, шағын
қонақжайлар, көлікті шұғыл жөндеу
стансалары көптеп ашылып, халықтың біраз бөлігі
жұмыспен қамтылады. Жолды өз деңгейінде ұстап
тұру үшін де арнайы қызмет жасақтары құрылады.
Қорытындылай келе, бұл ең ұзын
бағыттардың бірі ретінде тауарлар мен ақпарат айналымын
қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, тарихи
дәстүр бойынша өтетін Қазақстанның
барлық аймақтарының дамуын қамтамасыз ететін экономикалық
белдеу болмақ. Оны жүзеге асыратын ХХІ ғасырдың
Жаңа Жібек жолы деп айтуға болады.
1. Байпақов
К., Нұржанов А. Ұлы жібек жолы және
ортағасырлық
Қазақстан. –Алматы, Қазақстан . 1992. -198.
2. Ортағасырлық Қазақстандағы ақша айналымы және сауда. Түркістан.
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ. 2007. -217.
3. Құсайынов Б. Қараөткел
өңірі-«Хан жолының» күре тамыры. // Астана ақшамы. 2009. 7
қазан .
4. Артықбаев
Ж. Бытығай бүккен сыр. // Астана ақшамы. 2011 жыл.
5. Мәмиев Т. Астана өңіріндегі мәдени мұралар. // Қазақстан мұрағаттары. 2012. №1. 29-33 бет.
6. Досымбаева А., Нұсқабай Ә.
Құмай түрктік археологиялық- этнографиялық кешені. –Астана. 2012.
7. Возрождение Шелкового пути для формирования евроазиатских
автотранспортных связей: Информационный документ, представленный министерством
коммуникаций Китая на Совещании министров транспорта Экономической комиссии ООН
в Азиатско-Тихоокеанском регионе (UNESCAP). -
Октябрь 2006 г., Южная Корея.
8. Отарбаева Гулжан Кобеевна. «Шелковый путь»: взаимодействие и взаимообогащение культур. 2016 г.