БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Шыниева Роза Туребековна

Үлгілі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Абдулллаева Нұржамал

   

         Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді.

Жаңа технологияны жүзеге асыру тиімділігіне қарай пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.

Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан 7 модульмен оқыту тиімділігі жүзеге асырылады.

Осыған орай алға қойылған мақсаттарды іске асыруда осы білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері жоғары деңгейге жетіп, кәсіби тұрғыдан  оқыту және оқу үдерістерінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін, мұғалім жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгертетіні сөзсіз.

Балаларға өздері білетін сын тұрғысынан ойлау білім деңгейін басқа топтармен ортаға салып сараптау негізінде жаңа көзқарас қалыптастыра отырып, сол ойдың аясында сыни тұрғыдан пікірін айтуды үйренді. Айтылатын пікірлері нақты фактілер мен дәлелдемелерге байланысты болғандықтан, барлық ақпарат көздерінен материал алуға рұқсат бердім. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамыту қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады: бақылау, талдау, қорытынды және интерпретация.        

Мұғалім әр сабақта студентке сын тұрғысынан ойлауды сабақта жүйелі қолданып, ойлау қабілеттерінің жақсаруын дәлелдемелермен байланыстыра білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады және сабаққа деген қызығушылығы артады, логикалық қабілеті дамиды, сын тұрғысынан ойлау арқылы логикалық дағдылары қалыптастырылады.

Менің ойымша алдымен жақсы оқытушы болу үшін баланың жүрегіне терең бойлап, оған білім алуына, талаптануына ұстаз әрқашан жағдай жасап, оның сабаққа деген қызығушылығын ашатындай, ой түрткі болатындай етіп бағыт бағдар беруі және де сабаққа өзі де күрделі дайындықпен келуі керек, сонымен қатар балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай білу, оларды ынтымақтастыққа баулып, жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп жаңа әдіс- тәсілдер арқылы сыни ойлауын дамытуда АКТ мен оқыту үшін және оқу үшін бағалауды тиімді пайдалана алуы керек.

Сабағыма жаңа әдістерді, СТО, балалардың жас ерекшелігін ескере отырып оқытуды, дарынды және талантты балалармен жұмыс, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, басқару және көшбасшылық модульдерді қолдануды жоспарладым. Балаларды топқа ұшақтар арқылы бөлуді қолдандым. Төрт топқа түрлі-түсті қағаздан ұшақтар қондырып, ұшақтардың түстеріне байланысты түсті қағазға мадақтаулар жазылған қағаздың түсі қандай болса, сол түстегі ұшаққа барып отырды, осылайша балалар топтасты. Топта жағымды психологиялық атмосфера орнады. Жұмбақтарды шешу балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал жасадым. Тақырыпты игеруге «Ыстық орындық», Блум таксономиясын қолдандым. «Ыстық орындық», Блум таксономиясын қолдану себебім талантты және дарынды балаларды оқытуда логикалық ойлау деңгейлерін, шығармашылықтарын дамытады.

«Бес саусақ», «Тепе-теңдік дөңгелегі», «Көңілді смайликтер», SWOT-талдау әдістері  арқылы бір сұрақ аясында туындайтын сұрақтарды топ болып құрастырды, олардың шешімін келесі топ шеше отырып, мағынасын ашып түсінді, талдаулар жасады, сұрақ туралы ойларын айтты. Сұрақтың шешімін табу әр топ үшін жұмыстың нәтижесі сәтті болғанын аңғартты. Осы тапсырманы өткізу кезінде балалар қиындықтармен кездесті: бағалайтын кейбір балалар алынған мәліметтің мәнін анықтай білуі қиындық туғызды.

Қорыта келгенде, қабілетті, дарынды балаларды дәл таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімдерін және пәнге деген қызығуын арттыра білуім керек. Балалардың  көшбасшылық қабілеттерін топтық жұмысқа пайдалана отырып, өзара сыйластық, бір-біріне өз пікірін дәлелдеп, түсіндіре білу дағдыларын дамытуға болатынын байқадым. Жас ерекшеліктеріне сай, қабілеттеріне қарай күрделірек тапсырмалар беруді ойластыруым керек. Бұрынғы сабақтарымда сыни ойлауға көп мән бермейтін едім, енді балаларға сыни ойлауға тапсырмаларды сабақтарымда тақырыпқа байланысты көбірек қолдануым керек екенін білдім.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

2. Шардарбекова Д.Н. Білім берудің жаңа технологиялары.А: Қазақстан мектебі № 9.

3. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003.