ӘОЖ 159.93: 373

«Болашақ биолог-мұғалімдерінің өз бетінше білім алу қабілеттерін интербелсенді оқыту технологиясы арқылы дамыту ерешеліктері»

Баймаханова Алтынай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің « Биология» мамандығы магистранты

 

Еліміздегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, отандық жоғары білім беру жүйесіндегі реформалар, сонымен бірге жалпы білім беру жүйесін жетілдіру  білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлін қайта қарауды және жоғары мектеп дамуының қазіргі заманғы кезеңінде педагогтарды даярлаудың жаңа тәсілдерін дамытуды қажет етеді.

Білім беру мазмұнының жаңаруы, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің қажеттілігінің өзгеруі педагогикалық білім беру жүйесіне, бүкіл өмір бойы білімін жетілдіруге дайын, әдіснама мен әдістеменің қажетті деңгейін меңгерген, инновациялық кәсіби қызметке қабілетті жаңа буын мұғалімдерді даярлаудан тұратын  әлеуметтік талаптар қоюда[1]. Студенттердің өзбетінше білім алуының мәні, өзбетінше жұмысты жіктеу,  өзбетінше жұмысын ұйымдастыру Е.Л. Белкин, В.П. Беспалько, М.Г. Гарунов, Б.П. Есипов, И .Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.П. Стрезикозин және басқа ғалымдардың еңбегінде жан-жақты қарастырылған[2].

Өзбетінше білім алуды ұйымдастыру білімді бақылаумен тығыз байланысты болғандықтан, бұл мәселеге  Ю.К. Бабанский, Е.Л. Белкин, В.П. Беспалько, Т.А. Ильина, И.Я. Лернер, A.C. Лында, Н.Ф. Талы­зина және басқа ғалымдардың еңбектері арналған. Олар бақылаудың мәні, рөлі, қызметі, әдістері, формалары, қойылатын талаптарды талдаған[3,4]. 

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәйкес, болашақ биолог мұғалімдерінің өз бетінше білім алу қабілеттерін интербелсенді оқыту технологиясы арқылы дамыту мүмкіндігін анықтау үшін 2015-2016 жылдары  «Болашақ» университеті  5В011300- «Биология» мамандығы бойынша оқитын 51 студент қатысқан тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылды.  Тәжірибелік-эксперимент жұмысы үш кезеңді қамтыды: анықтаушы кезең, қалыптастырушы кезең және қорытындылаушы кезең. Тәжірибелік-эксперимет жұмысының анықтаушы кезеңінде жоғары оқу орындарында студенттің өздігінен орындайтын жұмысын және оқытушы қатысуымен жүргізілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне жасалған әдеби талдау негізінде болашақ мұғалімдердің өз бетінше білім алуын дамыту үшін интербелсенді оқыту технологиясын пайдаланудың болжамдық үлгісін құрастырдық (1 -сурет). Бұл үлгі бойынша биолог студенттердің өз бетінше білім алуын жетілдіру процесінде студенттермен бірге оқытушы да субъект ретінде қарастырылды. Себебі,  оқытушы студенттің өз бетінше білім алуын ұйымдастыру барысында оның білім деңгейінің жоғарлауына, дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық негізінде кері байланыс орнап, белгілі бір оқу әрекетінің белсенді түрі жетіліп, оның нәтижесі бақылау мен өзіндік бақылау арқылы бекітіледі. Содан соң болашақ биолог мұғалімдердің өз бетінше білім алу деңгейлерін анықтау үшін  сауалнама ж сауалнама жүргізілді. Сауалнама жауаптарын талдау сауалнамаға қатысқан студенттердің 96 % өз бетінше жұмыс өз бетінше білім игеруге мүмкіндік береді деп есептейтіндігін көрсетті. «Сіз өз бетінше білім алуға көңіл бөлесіз ба?» деген сұраққа қатысушылардың 82% оң жауап берген. Пәндер бойынша өзіндік жұмыстардың ұйымдастырылуын студенттердің 71% жақсы деңгейде  деп бағаласа, 13% қанағаттанарлық, 16% өте жақсы деп бағалайды екен. Өзіндік жұмыс орындауда студенттерді білімді тереңдету және толықтыру мүмкіндігі (53%) және дербестік таныту мүмкіндігі (29%) ынталандырса, студенттердің 18% баға үшін оқитындықтарын жасырмады.  Студенттердің пікірінше өзіндік жұмыстың арасында шығармалық тапсырмалар және қосымша мәліметтермен жұмыс қызықтырады (тиісінше 46% және 32%), ал рефераттар мен баяндамалар, презентациялар даярлауды студенттердің 13% таңдады, сонымен бірге қатысушылардың 9%-ы басқа пікірлер деп жауап беріп, оған ғылыми жұмыспен шұғылдануды жатқызған.  Өзіндік жұмысты ұйымдастырудағы оқытушының рөлін бағалауда білім алушылардың 27% СӨЖ орындау барысында кеңес беру деп есептесе, студенттердің 58% оқытушының рөлі жасалынған өзіндік жұмысты түзету, тексеру және бағалауда деп, ал 15%-ы  тапсырманы түсіндіру деп есептейді. Осы жерде студенттердің өз бетінше білім алуын ұйымдастыруда оқытушының рөлі жоқ деген жауапты ешкім таңдаған жоқ. Студенттердің өз бетінше білім алуын ұйымдастыруда не өзгерту керек деген сұраққа қатысушылардың 26% шығармашылық тапсырмаларды көбейтіп, түрлендіру керек деп, 51% жеке тапсырмалардың санын көбейту деп, 6% өзіндік жұмыстың көлемін азайту деп таңдаса, студенттердің 17 % басқа жауап нұсқасын таңдап, оған өзіндік жұмысты ойын түрінде ұйымдастыру деп жауап берген.

 

 

 

 

Болашақ биолог мұғалімдерінің өз бетінше білім алуын дамыту

      студент

   оқытушы

 

ынтымақтастық

Өз  бетінше білім алуды ұйымдастыру

Өз бетінше білім алуды дамыту

Мазмұндық компонент

Әдіс-тәсілдері

Ұйымдастыру формалары

Интербелсенді әдістер

 

СОӨЖ, СӨЖ

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Өз бетінше білім игеруге қабілетті, шығармашыл болашақ мұғалім

Биологияны оқыту әдістеме-сі пәні

 

 

компоненттер

Процессуалды-әрекеттік компонент

Білімді  бақылап, бағалаушы компонент

Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет. Болашақ мұғалімдердің өз бетінше білім алуын интербелсенді оқыту технологиясын пайдалану арқылы дамытудың болжамдық үлгісі

 

Қалыптастырушы кезеңде болашақ мұғалімдердің Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен өзбетінше білім алу қабілетін дамытуда интербелсенді оқыту технологиясын пайдалану әдістемелік жуйе ұсынылды. Биологияны оқыту әдістемесі пәні материалдарын жүйелілік-құрылымдау тұрғысынан қарау, «Химиялық байланыс», «Химиялық байланысты сипаттау әдістері», «Құрылысы ерекше қосылыстар» тақырыптарын оқыту мысалдарында интербелсенді жүйе негізінде әдістемелік тұрғыдан іске асырылып, университет жағдайында оны қолдану мүмкіндігі анықталды.

 

Пайдаланған әдебиет тізімдері

1Сматова К.Б «Студенттердің өзіндік тапсырмалар жүйесін орындаудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері// ҚазҰПУ Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(38), 2013,17-20 б

2Каримов А.Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ Ұлттық Университеті, 2010. – 225б.

3.      Бәшірова Ж.Р., Әлқожаева Н.С. Тұлғааралық қарым-қатынас педагогикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.-175 б.

4 Әлмұрзан Н.Г. Оқу үрдісіндегі рөлдік ұйымдастырудың тиімділігі // Қазақстан жоғарғы мектебі.2014. - №4 – 70-75 б.